» » Зар заман поэзиясы туралы шығарма
Информация к новости
  • Просмотров: 1430
  • Автор: janar
  • Дата: 29-06-2016, 07:28
  • 0
29-06-2016, 07:28

Зар заман поэзиясы туралы шығарма

Категория: Шығармалар

ЖМИ НИЖЕ ССЫЛКУ, ЧТОБ УВИДЕТЬ ВЕСЬ ТЕКСТ ПОЗДРАВЛЕНИЙ!
Майлықожа Сұлтанқожа, Қашаған Күржіманұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Нарманбет Орманбетұлы поэзиясында халық өмірінің жырлануы.

Жоспар:
І. Заман – біреу, Зар – ортақ,
ІІ. Негізгі бөлім.
«Әр сөзі көріпкелдің болжамындай .  Майлықожа Сұлтанқожа шығармашылығы.

«Сұпының сөзін кек көрдім» Қашаған Күржіманұлы шығармашылығы.

Мұрат Мөңкеұлының ақындық мұрасы.

Нарманбет Орманбетұлы – Арқаның ақиық ақыны.

ІІІ. Қорытынды.

Зар заман – қазақ әдебиеті тарихындағы елеулі ағым. Ресей империясының отаршылдық саясаты туғызған бағыт. Зар заман – қазақ әдебиетінің ауызшадан жазбашаға ойысқан өтпелі кезеңінің әдебиеті.
Арғы түбі ақырзамандық сарындар мен болжал өлеңдерден бастау алатын зар заман жырларының көп таралған кезі – отаршылдық дәуірі. Асан қайғы «Мұнан соң қилы-қилы заман болар, Заман азып, заң тозып, жаман болар» дегендей, сол дәуір ақындарының тақырыбы өзінен-өзі зар заман ағымына ойысқан.
Солардың көрнекті өкілдерінің бірі Майлықожа – орыс отаршылдығы тұсында қазақ қоғамына кірген әлеуметтік өзгерістердің сырын терең ашып бейнелеген суреткер. Қазақ даласына қоғамның бай мен кедей болып жіктелуі, өкімдікке талас пен сол кезеңдегі даулар ақын өлеңдерінде әсерлі суреттеледі.
Бейбақтардың басына бақ қонып жүр,
Арам жеңіп, адалды жоқ қылып жүр.
Ақша беріп билерді атқа салсаң,
Мөрін басып, қара істі – ақ қылып жүр, -
деп ол елдің бас көтерер азаматтарының байлыққа құнығуын, қанаудың күшейгенін сынға алады. Болыс, билердің өз жайларынан басқаны ойламай, халықты аяусыз қанап, елдің берекесін кетіріп жатқанын батыл сынайды.
Ел билерінің осындай жұғымсыз қылықтарын, пасықтығын шынайылықпен көрсете келіп, ақын елді адамгершілікке, әділеттілікке үндейді.
Ақынның үміт артары – өз заманындағы алдыңғы қатарлы, парасатты азаматтар. Олар – оқығаны да, өмірден тоқығаны да мол, елі үшін еңбек етуден тартынбайтын адамдар. Заманның жақсылары – білімді, парасатты дана адамдар, ел қамын жеген ерлер, өзі секілді өнер иелері, береке-бірлікті ұстанған жандар.
Зар заман ақындарының қатарын толтыратын тұлғалардың  бірі  - Қашаған Күржіманұлы. Ол – өз кезеңінің белді ақыны, сол дәуірдің әлеуметтік мәселелеріне үн қоса білген кең тынысты ақын.
Ақын өлеңдерінде надан, дінбұзар, дүмше молдалар мен сараң байларды аяусыз әшкерелеп, адамгершілік, ізгілік қасиеттерді дәріптейді, ерлік пен елдікті, халық мұратын жырлайды.
Жаз болса, мен осы үйге қонбас едім,
Өлеңім, он төрт жастан жолдас едің.
Бай, сұпы, хан-хәкімнен ығар болсаң,
Сен – өлең, мен – Қашаған болмас едім.
Осы үйге қона алмасам, маған сын,
Сұпыны шаға алмасам, саған сын, – деп, қолында билігі бар  адамдардың іс-әрекетін, оның жағымсыз қылықтарын өз жырына қосады.
Ақын «Бұл дүниеде не жетім?»  атты өлеңінде өзінің дүниетанымын, көзқарасын білдіреді. Расында, табиғаттың жанды, жансыз дүниесінің қажетсіз болып қалуы әбден мүмкін.   Осы орайда біз ақынның өз Отанына, халқына деген махаббатын анық көре аламыз.
Қашаған ақынның кейбір өлеңдері мазмұны жағынан Мұрат Мөңкеұлының шығармаларымен тұспа-тұс келеді. Айта кететін болсақ, Мұрат өмір сүрген уақыт патшалық отаршылдықтың мейлінше дәуірлеп, қазақ жерінің және халқының талауға, зорлық-зомбылыққа душар болған кезі.
Ақынның заманға, отаршылдыққа наразылықтан туған жырлары  - батырлыққа, ерлікке, ізгілікке үндейді.  Оның «Үш қиян», «Сарыарқа» дастандарындағы атамекен зары, елден, жерден айрылу сарыны оның патриоттық сезімінің биіктігі.
Ақын ата-бабаларымыздың қасық қаны қалғанша қорғаған жерін отарлаушылардың табан астында таптатқысы келмеді. Сондықтан да ол өзінің өршіл жырларымен халық жанына сенім мен күш ұялатты. Ұлан-ғайыр далаға патша үкіметінің өктемдікпен тап беруіне төзе алмаған ақын халқының ыза-кегін осылайша оятты.
Еділді алса, елді алар,
Енді алмаған нең қалар.
Жайықты алса, жанды алар,
Жанды алған соң нең қалар?..
Жырдың тілі әсерлі, көркем суреттерге бай. Мұраттың арнау өлеңдері ел тізгінін ұстаған нақыл адамдарға арналған. Дәл осындай өлеңдерді біз Нарманбет Орманбетұлы поэзиясынан да көре аламыз.
Нарманбет ақынның «Ғылым туралы» атты өлеңінде біз оның бала тәрбиесіне зор көңіл бөлгенін байқаймыз. Яғни ақын келешек ұрпақтың білімді де кең ауқымды, жан-жақты болуын қалай отырып, оны өз өлең жолдарына кіргізген.
Жігіттер, сүндет сондай, парыз қандай,
Егер де төлемесең қарыз қандай?
Баланы оқытпағың – парыз – қарыз,
Жалқаулық жаман мінез сары із қандай, – деп ақын сүндет қандай парыз болса, баланы оқыту да сондай парыз деген. Иә, оқыған баланы ақын  сұңқарға, жүзден жүйрік тұлпарға теңеген.
Ақын өз кезеңінде ақындығымен қоса от ауызды, орақ тілді дарынды, шыншыл, әрі әділ би болғанын сол заман жазбаларынан оқи аламыз. Халықтың «Қалдау қасқыры – Орманбет, ақыл дариясы – Нарманбет» деуі тегін болмаса керек.
Айтып өткен төрт ақынның барлығы өз заманының көсемі, ел тірегі болғанын білеміз. Олар өз жырларымен халық жағдайын сипаттап, ел тізгінін ұстаған жандарға жеткізе білген.
Олар өле-өлгенше қазақ халқына күш беріп, орыс отаршылдығы тұсында қаламын қару еткен жандар.  Олар адасып жүрген халқының теңіз іспетті буырқанған  заман толқындарынан аман-есен өтіп, азаттықтың жағалауында қоныс тепкенін көргісі келген. Талай ауыл, талай елдер өзінің атамекенінен қоныс аударып, құба жон, қу тақыр, шөл далаға қуылады. Расында да, өз жерінен көшкен қазақтардың  аянышты халін ақындар күңірене баяндаған. Олар «Ақ туын пайғамбардың жықпай тәңірім, Жалғыз-ақ өзің сақта орыстықтан», - деген ұлы тілектерін келешек ұрпаққа аманат етіп қалдырды.
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Для зарегистрированных пользователей реклама отключена.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Вопрос:
Қазақстанның астанасы -
Ответ:*
Введите два слова, показанных на изображении: *
^