Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 4699
  • Автор: janar
  • Дата: 9-09-2011, 09:24
9-09-2011, 09:24

Зейнеп Ахметова Әжелер - тәлім-тәрбиенің қайнар көзі

Категория: Салт-дәстүрлер, Әдет-ғұрыптар, Соңғы қосылған дүниелер

Зейнеп АХМЕТОВА: Әжелер – тәлім-тәрбиенің қайнар көзі Печать

Қазақтың өзіне ғана тән салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы жылдар бойы халықпен бірге жасасып келеді. Біз өткен нөмірлерімізде келінін қамқорлығына алатын енелердің берер тәлімі мен үлгі-өнегесі жайлы айтқан едік. Әңгіме барысында Зейнеп апайдан өз келінін қалай күткендігін, жалпы, өзі жиі әңгімелейтін салт-дәстүрді өзі қаншалықты ұстанатынын сұрағанбыз...
Өзім білмейтін нәрсеге жоламаймын

Қазақ халқының бала дүниеге келгеннен кейінгі атқаратын жөн-жоралғысының барлығы - жеке адамның басына тиесілі нәрсе емес, бұл ұлттың келешегіне байланысты өнеге. Бұған немқұрайды қарауға болмайды. Мұның барлығы жиналып келіп ұлттық қадір-қасиетті құрайды. Ал ол қасиетті кейінгі ұрпаққа жалғайтын - бүгінгі біз емес пе? Алайда біз не көріп жүрміз? Не білгеніміз бар? Білмегенімізді үйретер кім бар? Алдыңғы буын әдет-ғұрып, салт-дәстүрді ұстана ма? Кейінгілерге қандай үлгі көрсетіп жүр? 

Информация к новости
  • Просмотров: 3417
  • Автор: janar
  • Дата: 8-09-2011, 13:27
8-09-2011, 13:27

Зейнеп Ахметова Жолаушыны құрметтеген халықпыз

Категория: Салт-дәстүрлер, Әдет-ғұрыптар

Зейнеп АХМЕТОВА: АТАМ САЛТ-ДӘСТҮРДІ ЖЕТІК БІЛЕТІН... ("Айқын" газетінен) Печать


Осыған дейін қазақтың салт-дәстүрі, яғни халқымыздың өзіне ғана тән әдет-ғұрпы туралы кеңінен түсіндіріп айтып келеміз. Ұлттық ерекшелікті айқындай түсетін белгінің бірі - ғасырлар бойына қалыптасқан әдет-ғұрыптары екені де белгілі.
"Мен тек атамның келінімін. Тұла бойы қайшылықтарға тұнып тұрған қайталанбас адамның биік шаңырағының кең дастарқанын ұстаған, шамам келгенше иіліп қызмет істеп, өнегелі өсиетін де, өңменімнен тесіп өтер айқайын да естіген маңдайлы келінімін. Атам деген - тірі тарих, шексіз шежіре еді... Ол - өз өмірінде сый-құрметке, қошеметке бөленген адам. Бірақ халқымыздың жақсы салттарын сақтап, әдеп пен ізет көрсетуім тіпті ұнап-ақ тұратынын білетін едім..." - дейді Зейнеп апай атасы жайлы жазылған "Шуақты күндер" атты кітабында. Ал бүгінгі "жолашар" мен "тоқымқағар" дәстүріне қатысты әңгімені Ұлы Отан соғысының даңқты қаһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атамыз келіні Зейнеп апайға айтып берген екен. Бұл - жауына - сес, еліне ес болған біртуар ерен тұлғаның туған халқының болмысы, оның құндылықтары жайлы айтқан көп ұлағаттарының бір кішкентай үзігі ғана.
Жолаушыны ҚҰрметтеген халыҚпыз 
"Жолашар", "жолаяқ" дегеннің не екенін мәңгүрт болып кеткендер болмаса, былайғы қазақтың білмейтіні кемде-кем болар. Ол - сапарға аттанып бара жатқан жолаушыға ақ жол тілейтін дәстүр. Ал мұның негізгі мән-мағынасын бүгінде 100 жылдық ғасыр тойы тойланып жатқан батыр ата маған былай түсіндіріп еді... 
Информация к новости
  • Просмотров: 3446
  • Автор: janar
  • Дата: 6-06-2011, 11:09
6-06-2011, 11:09

Түйемұрындық

Категория: Үйлену салт-дәстүрлері, Әдет-ғұрыптар, Соңғы қосылған дүниелер

         Ұзатылып жатқан жас келіншек көшінің жолында отырған ауылдың адамдары (жастары, әйелдері) керуен атының ноқтасынан, не түйесінің бұйдасынан ұстап тұрып сұрайтын кәдесі. Қыз анасы оларға кәдесін жасайды, кәде алған риза болып, бақыт тілеп батасын беріп, жол болсын айтады.

Информация к новости
  • Просмотров: 3177
  • Автор: janar
  • Дата: 6-06-2011, 10:41
6-06-2011, 10:41

Туған жерге аунату

Категория: Әдет-ғұрыптар, Соңғы қосылған дүниелер

Туған жерге аунату

         Әдетте, басқа жақта тұратын ер-азаматтарды туған жеріне келгенде оны сол жерге аунатып алатын жақсы дәстүр бар. Мұның мән мағынасы көп. Біріншіден, «сен осы жерде тудың, ұмытпа, перзенттік парызыңды өте» деген мағынада. Екінші, «туған жер – ата-анаң, Отаның, оның жақсы қасиеттері бойыңда, ойыңда жүрсін» деген тәлім жатыр. Қалай дегенмен де, халықтың осы әдемі дәстүрінде «Бәрібір сен туған жерге баласың» деген ұлы ұғымды білдіретін, оның отаншылдық сезім - сенімін арттыратын тәрбиелік қызметі өте зор екендігін көру қиын емес.

******

Информация к новости
  • Просмотров: 2912
  • Автор: janar
  • Дата: 3-06-2011, 06:56
3-06-2011, 06:56

Әмеңгерлік

Категория: Үйлену салт-дәстүрлері, Әдет-ғұрыптар, Соңғы қосылған дүниелер

          Халқымыздың бұрынғы салты бойынша күйеуі қайтыс болғанда оның жесірі жас болса «ерден кетсе де елден кетпек жоқ», «аға өлсе іні мұра» деген қағидамен, әмеңгерлік жолмен күйеуінің  аға не інісінің біреуіне өзінің таңдауы бойынша тұрмысқа шығады. Бұл дін жолымен әлеуметтік маңызы бар. Біріншіден, әйел де, оның балалары да туыс-туғанынан бөлінбейді, ру, ел қауымдастығында бірге  тәрбие алады. Өмірде, тұрмыста қағажу, қиындық көрмейді. Екіншіден, жесірдің кетуі сол елге үлкен мін саналған. Егер әйел тиісті әмеңгеріне шықпай, басқа біреуге шығатын болса, бұрынғы күйеуінің мал-мүлкінен үлес ала алмайды, өз төркінінен келген мүлкімен ғана кете алады . Мұны қазақша «іргеден шығару» дейді. 

Информация к новости
  • Просмотров: 3454
  • Автор: janar
  • Дата: 3-06-2011, 06:51
3-06-2011, 06:51

Аяғына жығылу

Категория: Үйлену салт-дәстүрлері, Әдет-ғұрыптар, Соңғы қосылған дүниелер

 

            Кешірім сұраудың ең үлкен және кішіреюдің ең ауыр түрі «аяғына жығылу» деп аталады. Мұнда айыпты адам жанына  беделді адамдарды ертіп, кінәлі адамынан жұрт алдында кешірім сұрайды, күнәсі тым ауыр болған жағдайда аяғына жығылады. «Алдыңа келсе атаңның құнын кеш» дегендей мұндайда кешірім етіледі. «Аяғына жығылу» да жазамен бірдей болып есептеледі. Аяққа жығылудың екінші бір түрі екі жастың көңіл қосу кезінде ата-ана келісімін аттау барысында қолданылады. Кейде бірін-бірі ұнатқан жігіт пен қыз ата-ананың келісіміне қарамастан (әсіресе қазіргі кезде) бас қосады, отау құрады. Мұндайда «қызды қашып кетті» дейді. Қыздың әке-шешесі ренжіп, кейде қатты ашуға басады, көрместей болады. Осы кезде жігіт жағынан жігіт әкесі бас болып «елшілер» келіп, құдаларының «аяғына жығылады», яғни кешірім өтінеді, бітім сұрайды. Оның аяғы татулыққа ұласады.

 

Информация к новости
  • Просмотров: 4422
  • Автор: janar
  • Дата: 3-06-2011, 06:40
3-06-2011, 06:40

Ауылдың алты ауызы

Категория: Салт-дәстүрлер » Әдет-ғұрыптар

         Тойда, ойын-сауықта, қонақ кәде сұрағанда, көбінесе, алыстан келгендер «ауылдың алты ауызы» болмайтын ба еді,» әуелі өздеріңіз бастаңыздар» деп қалатын әдеті бар. Демек, бұл «жол өздеріңізден,өнер,өлең ауылдан басталсын» деген сөз. Сөйтіп өлең ауыл өнерпаздарыңыздан басталады. «Ауылдың алты ауызы» дегеніміз осы. Бұл өлең табан астында суырып салып айтылуы немесе бұрыннан таныс өлең, жыр түрінде орындалуы мүмкін. Мұның ән, әуені де әр түрлі болады.ауылдың алты ауызы өнерлі жастарды топ алдына шығаруға, олардың халыққа танымал болуына игі әсер еткен.

Информация к новости
  • Просмотров: 5054
  • Автор: janar
  • Дата: 30-05-2011, 12:16
30-05-2011, 12:16

Табақ тарта білейік

Категория: Салт-дәстүрлер, Үйлену салт-дәстүрлері, Әдет-ғұрыптар

Сый табақ - бас, жамбас, қазы-қарта, жал-жая, құйрық, сүбе.

Құда табақ - бас, жамбас, қазы-қарта, жал-жая, құйрық бауыр.

Құдағи табақ - жақ, қазы-қарта, қарын, тоқ ішек, асықты жілік.

Жеңге табақ - асықты жілік, сүбе, қабырға, мойын омыртқа, құйрық, өкпе, ұлтабар.

Беташар табақ - сүбе, төс еті, қарын, ащы шек, құйымшақ, мойын омыртқа.

Күйеу табақ - төс, тоқпан жілік, қабырға, омыртқа еті, қазы-қарта, жауырын, қойдың.

Қыз табақ - құйымшақ, боқпан жілік, бел омыртқа, құйрық, қабырға.

Құрдас табақ - тоқпан жілік, омыртқа, сүбе қабырға, қазы, құйрық.

Бала табақ - бел омыртқа, қабырға, бүйрек, бақай, асықты жілік.

Мурсалімбаев Нарболат жіберген

Семей қаласы

Информация к новости
  • Просмотров: 3069
  • Автор: janar
  • Дата: 23-05-2011, 20:05
23-05-2011, 20:05

Ауыз тию

Категория: Салт-дәстүрлер » Әдет-ғұрыптар

         Алыс сапарға, емделуге шыққан адам ауылдың үлкен үйінен дәм татып аттанатын ырым бар. Бұл сол «қарашаңырақтың» киесі қолдасын деген сенімнен шыққан. Сондай-ақ дастарқан үстіне келген адам міндетті түрде ауыз тиюге тиіс. Ал таңертеңгі астан міндетті түрде ауыз тиеді. Мұндайда әйел болса «күйеуің тастап кетеді», еркек болса «әйелің тастап кетеді» деп әзіл айтады. «Таңертеңгі асты тастама, кешкі асты бақпа» деген мәтел бар. Қазақтың дәстүрі бойынша үйіне келген адамға дәм ауыз тигізбей шығармауы керек. халықта «қуыс үйден құр шықпа» деген сөз бар. Мұның бәрі қонаққа ерекше ықыласты көзқарастың белгісі.

*********

Информация к новости
  • Просмотров: 2350
  • Автор: janar
  • Дата: 23-05-2011, 14:36
23-05-2011, 14:36

Ауызбастырық

Категория: Салт-дәстүрлер » Әдет-ғұрыптар

         Біреуді сөзбен жығып, ұстап оны орнынан тұрмастай етіп өлең шығарғанда, әзіл тастағанда (немесе ұятты іс істегенде) ұтылған адам өзінше әлгі сөзді басқа адамға таратпау үшін «ауызбастырық» береді. Ол бұл сөзді ешкімге айтпаңыз деген жалынуы, кешірім сұрауы болып табылады. Ауызбастырық алған адам әлгі сөзді ешкімге айтпауы керек. ауызбастырық серттің бір түрі болып табылады.

******

Назад Вперед
^