Войти
Закрыть

Сайтқа арнау /Ғабиден Қожахмет

Мерекелік күнтізбе » Мерекелік күнтізбе

Сайтқа арнау

Жүректерді ізгілікке елең ғып,
Сонда айтылар әсем ән мен өлеңді ұқ.
Салтанат па,мереке ме,мейрам ба,
Бір-біріне "Құтты болсын!" деген жұрт.
Шын жүректен сөз арнады егіліп,
Сол сөзінен сергек көңіл,сенім ұқ.
Туған күн бе,мерейтой ма,кештер ме,
"Қуанышың құтты болсын!" деді жұрт.
Сол ортада болмас көңіл тек мұңды,
Кеуделерге шаттық лебі кеп кірді.
Бір-біріне шын көңілмен көпшілік
"Құтты болсын!", "Құтты болсын!" деп тұрды.
Сауықты ұғар әуел бастан мына жұрт,
Кездесетін тойда басы құралып.
Сол тойларда "Құтты болсын!" деп тұрды
Бірі үшін бірі елдің қуанып.
Армандарға ақ тілектен жақшы үміт,
Саған тәнті болып отырсын көпшілік.
"Құтты болсын!" айт селкеусіз көңілмен,
Сол сөзіңде жатсын барлық жақсылық.
Біріңді,дос,бірің келіп ескергін,
Шаттық барда көңілдерден көшкен мұң.
Қуанышына ел мен жұрттың арналған
"Құтты болсын" сайтына қош келдің!   Ғабиден Қожахмет

Құрметті сайт қонақтары! :: Уважаемые гости сайта!

---

 «Қонақ келсе,  құт келер» деген ұстаныммен өмір сүретін қазақ халқы үшін қонақ күтудің, қонақ болып барудың өзіндік дайындығы, тіпті қағидасы бар. Той-томалаққа барушының "қандай тілек айтсам екен" деген ойы көп ізденушілікке жетелейтіні жасырын емес. Салтанатты жиындарда, мерейтойларда, дәстүрлі басқосуларда, кішігірім отырыстарда сөз қадірін түсінетін әрбір қазақ айтар тілегіне  іштей дайындалып (тіпті кейде күні бұрын ізденіп),  жүректен шыққан тілекті сөзбен әсемдеп жеткізуге тырысады. Қазіргі таңда үлкен тұсаукесерлерде  де азаматтарымыз бен ханымдарымыз өз тілектерін қазақ тілінің көркем сөзімен бастауды мақсат тұтып келеді. Бұл әрине қуанарлық жайт. Қазақша тілек айту – үлкен өнер. Бұл ретте, біз әрбір шаңыраққа, Сіз үшін қымбат жандарға арналған тілектердің топтамаларын ұсынуды жөн көріп отырмыз. Көш жүре түзелер дегендей, алып-қосар пікірлеріңіз болса, төмендегі пошталарға хабарласуларыңызға болады: [email protected] немесе [email protected]
В кругу родных и знакомых на различных торжествах по случаю именин, свадеб и других традиционных мероприятий всегда хочется отличиться красноречием.  На нашем сайте Вы найдете необычные поздравления на казахском языке, пожелания с днем рождения в стихах и прозе, бата. В круг тем для поздравлений вошли также национальные и государственные праздники Республики Казахстан и традиционные семейные обряды и торжества. На страницах сайта размещены задушевные песни казахского народа, стихи поэтов, способные украсить любое торжество, подборка наиболее часто употребляемых пословиц и поговорок и метких выражений, игры, анекдоты.

Беташардың мағынасы мен маңызы туралы

Салт-дәстүрлер » Үйлену салт-дәстүрлері

А. Байтұрсынов беташардың мағынасы мен маңызы жайлы

«…Беташар өлеңінің не мақсаттан туып, не үшін айтылатынын тексерсең, мұнда үлкен мағына бар екенін айыру қиын емес. 

Зар заман поэзиясы туралы шығарма

Шығармалар

Майлықожа Сұлтанқожа, Қашаған Күржіманұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Нарманбет Орманбетұлы поэзиясында халық өмірінің жырлануы.

Жоспар:
І. Заман – біреу, Зар – ортақ,
ІІ. Негізгі бөлім.
«Әр сөзі көріпкелдің болжамындай .  Майлықожа Сұлтанқожа шығармашылығы.

«Сұпының сөзін кек көрдім» Қашаған Күржіманұлы шығармашылығы.

Мұрат Мөңкеұлының ақындық мұрасы.

Нарманбет Орманбетұлы – Арқаның ақиық ақыны.

ІІІ. Қорытынды.

Дулат Бабатайұлының асыл мұрасы

Шығармалар

«Сорғалаған нөсердей жырын тыңда Дулаттың...»
(Дулат Бабатайұлының асыл мұрасы)

«Дулат жырларының күш-құдіреті оның көркемдік
қуаты, мазмұн байлығымен қатар, замана келбетін
барынша көрсете білген шыншылдығында»
(М. Мағауин)

Жоспар:
І.Ел үмітін арқалаған күрескер ақын
ІІ. Негізігі бөлім
Дулат шығармалары – ұлт құндылығы.

Ақын шығармашылығындағы маңызды мәселелер

«Еспенбет» дастаны

ІІІ. Қорытынды бөлім


     

"Адамзат болу - міндетің" тақырыбына шығарма)

Шығармалар

Азамат болу – міндетің

Халқымыздың тілінде «азамат» ұғымы екі түрлі мағынада қолданылатыны белгілі. Екеуі де – қастерлі, екеуі де – қасиетті ұғым.
Бірі – адамның өз мемлекетіне қатынасын айшықтайтын ұғым болса, екіншісі – адамның ішкі қадір-қасиетінің өлшемін бағалайтын ұғым.
Осы екі ұғым мағыналық тұрғыдан алуан түрлі болып көрінетін болса да, ішкі ой-таным тұрғысынан алғанда, бір-біріне тіпті жақындай түсетін секілді.
Себебі белгілі. Бірінші ұғымда «Отан» деген қасиетті сөзді еске алсақ, ал екінші ұғымда – адамның ар-ожданы, ұят-иманы, сана мен жан-дүниенің асқақтығы тілге оралады. Жоғарыда айтылған қастерлі сөздердің бәрі айналып келгенде біз үшін рухани тұрғыдан нәр аларлық мағынасы бар дүниелер емес пе?!
Әйтсе де 

"Әлемге әйгілі Әуезов "Мұхтар Әуезов туралы шығарма

Шығармалар

Әлемге әйгілі Әуезов

Туған халқын төрткүл әлемге танытқан, дүниеге қазақ баласы болып кіріп, адамзат баласы болып кеткен Мұхтар Омарханұлы Әуезов – әдебиеттің бар саласында қалам тартқан ұлы суреткер.
Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы – 

"Ел құтқарар еді едім..." Махамбет Өтемісұлы туралы шығарма

Шығармалар

«Ел құтқарар ер едім...»
(Махамбет Өтемісұлының туғанына – 210 жыл)

... Боз ағаштан биік мен едім,
Бұлтқа жетпей шарт сынбан.
Ел құтқарар ер едім, -
Жандаспай ақыры бір тынбан.

Махамбет

Жоспар:
І. Абыз-тарих тағылымы
ІІ. Тектінің жалғасы
«Еңіреп жүрген ер едім...»

«Еділдің бойы ен тоғай, Ел қондырсам деп едім».

«Қорлықта жүрген халқыма Бостандық алып берем деп»

ІІІ. Жебелі жырдың мәңгілік рухы

Сәкен Сейфуллиннің "Көкшетау" поэмасының тақырыбы мен композициялық құрылымы

Шығармалар

Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасының тақырыбы мен композициялық құрылымы


Сәкен Сейфуллин – қазақ поэзиясындағы көрнекті лирик ақын. Сәкен лирикасы әр алуан тақырыпты қамтиды. 

Бейімбет Майлин - көркем әңгіме шебері

Шығармалар

Бейімбет Майлин – көркем әңгіме шебері (туғанына 120 жыл)

Бейімбет Майлин – әрі теңдесі жоқ әңгімеші ретінде де, әрі прозадағы сүйекті шығармаларды жасаушы ретінде де біздің тұңғыш зергер прозашымыз»
Ғ.Мүсірепов

Аса көрнекті жазушы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Бейімбет Майлиннің туғанына биыл 120 жыл толады. Ол 1894 жылы қараша айында Қостанай облысында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. 
В будущее В прошлое

Навигация