» » Дулат Бабатайұлының асыл мұрасы
Информация к новости
  • Просмотров: 1051
  • Автор: janar
  • Дата: 29-06-2016, 07:27
  • 0
29-06-2016, 07:27

Дулат Бабатайұлының асыл мұрасы

Категория: Шығармалар

ЖМИ НИЖЕ ССЫЛКУ, ЧТОБ УВИДЕТЬ ВЕСЬ ТЕКСТ ПОЗДРАВЛЕНИЙ!
«Сорғалаған нөсердей жырын тыңда Дулаттың...»
(Дулат Бабатайұлының асыл мұрасы)

«Дулат жырларының күш-құдіреті оның көркемдік
қуаты, мазмұн байлығымен қатар, замана келбетін
барынша көрсете білген шыншылдығында»
(М. Мағауин)

Жоспар:
І.Ел үмітін арқалаған күрескер ақын
ІІ. Негізігі бөлім
Дулат шығармалары – ұлт құндылығы.

Ақын шығармашылығындағы маңызды мәселелер

«Еспенбет» дастаны

ІІІ. Қорытынды бөлім


    Дулат Бабатайұлы жасынан ауыз әдебиетінің тұнығынан сусындап, өзіне дейінгі ақын-жыраулар шығармашылығымен де таныс болып, Ақтайлақ би, Ақтамберді жырау мектебінен үлгі алып өседі.
    Ол  халықтың хал-ахуалын, мұңы мен зарын, ауыр халін суреттеп, оны өз өлеңдері мен толғауларына арқау еткен. Шығармасында түрлі тұжырымдар мен ой-пікірлер кездеседі.
Ақын:
    Кеудемде қайғы толған соң,
    Тұнық жырмен жуынам... – деп жырлап, қазақ елінің ауыртпалығын өз қайғысы ретінде санап, шығармашылығының басты тақырыбы ретінде таңдаған. Сол қайғыны тұнық жырымен жуа отырып, ұлт бойына патриоттық сезім ұялатқан.
    Ақынның әрбір жырында елдің жан сыры, арман-аңсары, мұң-шері арқау болған. Шынында да, ақын өз заманының данасы болды. Оның өмір сүрген уақыты қазақ халқы үшін ең  қиын кезең болған еді. Сондықтан ол шаттыққа, қуанышқа толы өлең емес, зарлы өлеңдер жазған.
    Ақынның, «Ақтанға» деген өлеңінің сипаты мүлдем өзгеше, ақын Жетім бала Ақтанның болашағына зор үміт артып, оның ел тілегін арқалайтын, халыққа еркін дәуренді оралтар ер азамат болатындығын жырлап, қайсар батырды көргісі келетіндігін шумақпен жеткізеді.
О, Ақтан жас, Ақтан жас,
Сен ержетер ме екенсің,
Жетімдіктің белінен
Асып өтер ме екенсің?..
Бадан көз тоғыз тор
Сауыт киер ме екенсің?
Білтеліні тұтатып,  
Түтінін  үзбей оқ атып,
Жау қашырар ма екенсің? – деп армандаған. Ақын өлеңінің әр жолында бір терең ой жатыр. Айта кететін болсақ, ақын «жетімдіктің белі» деген сөзге Ақтанның жетімдігін ғана емес, қазақ жастарының белгілі бір өмірінің өлшеміне, олардың алдарынан шығатын қиындықтарға қолданып тұрған теңеу сөзі. Ал, «жау қашырар ма екенсің» деген жолында, әлі де қазақ жастарының ішінен ел бастайтын, халықтың мұңың түсінетін патриот жастардың шығатынына сенгенін көрсетеді.
   Иә, ақын өз жырларымен халықты қанаттандырған, оларға күш беріп, жырларымен демеп, қоштаған.  Еркіндігі шектелген халықтың елдігі мен бірлігінің кеміген сайын берекелі болмайтынын сезген ақын:
Елдігің кетіп ыдырап,
Бәйгені өсек-сыбыр ап.
Алтын жағаң сөгіліп,
Абыройың төгіліп, - деп жырларына, мұңды, түйінді ой толғамдарын қоса отырып, ел, жер, азаттық үшін жан аямай күреске шақыру идеясын да қозғаған.
Ақын ел-жер тағдырын, халқының тәуелсіз, дербес өмірін, ата-қоныс жайын, дәулетіне сәулеті сай тұрмыс-тіршілігін армандағаны белгілі. Сондықтан да ол халқының үміт артар ақылшысы, рухани жетекшісі болған.
       Ақын алашым деп аласұрып, халықтың ауызбірлігінің, елдік қасиетінің азайғанын, ел тізгінін ұстаған жуандардың озбырлығын сезіп, ашынып, торығады.
Ақынның өлеңдері ойлы, керемет суреттелген, әрі дәл тиерлік өткір болған. Ол өз өлеңдерінде жастарға үлгі боларлық ер азаматтарды, кең пейіл жомарттарды ардақтап, олардың ізін жалғастырар жандардың боларына сенген.
Ақын көркем сөздің құдіретіне, күшіне, рухани тәлімдік мәніне аса назар аударған. Ақынның өз сөзімен айтсақ,  ол сусағандарға сусын, шаршағандарға қуат берер өлеңдерімен-ақ, халықтың жүрегіне жол тапқан.
Ақын шығармаларының ең биік белесі – «Еспенбет» дастаны.
Ер Еспенбет кешегі
Ерекше ер деседі,
Тіл біткеннің шешені,
Топта бермес есені,
Үлгі айтса-көшелі,
Жауға шапса көсемі – деп басталатын дастан, ел қорғаны болар ер туар деген идеяны ел зердесіне құю үшін жазылған. Әрине, «Еспенбет» дастанының бар ерекшелігі де осында, ақын  Еспенбет батырдың тұлғасын ғана емес жыр жолдарында халық  бейнесін де  суреттеген.
Дастанда қазақ батырларының қалмақта кеткен кегін қайтаруға аттанған кезі қазақ халқының біресе жүйткіген желге, кейде құлпыра толған гүлге, енді бірде жауын күйретпей қоймайтын екпінді селге ұқсайтындығын суреттеген.
Жырда жаудың күшін ақын былайша сомдайды, яғни олардың да осал емес екенін мына жолдарда айқын көрсеткен:
Кір басқан құлаш айдары
Аждаһадан кем емес,
Аузын ашқан айбары.
Жау қолын аждаһаға теңеген ақын, қазақ батырларын бейнелегенде орынды теңеулер тауып, тіл майын ағызады.
«Еспенбет» дастаны қазақ халқының психологиясын, салт-дәстүрін, тәрбие-өнегесін айқын көрсететін шығарма. Дастан желісі халық мұңына үн қосып, бойына қуат, ойына қанат бітіруге, рухтануға шақырады.
Ақын шығармалары қазақ әдебиетінің қалыптасуына үлкен үлес қосты. Ол отаршылдыққа қарсы алғаш үн қатқан ақын. Отаршылдықты, жергілікті әкімдердің жағымсыз қылықтарын, парақорлықты, жемқорлықты әшкерелейтін өлеңдер жазды.
Ақын – суырып-салма дәстүрлі қазақ поэзиясын жазба поэзияға жалғаған ақындарының бірі, қазақ өлеңінің зергері.
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Для зарегистрированных пользователей реклама отключена.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Вопрос:
Адам болсаң "қазақ" деп жауап жаз!
Ответ:*
Введите два слова, показанных на изображении: *
^