Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 27526
  • Автор: janar
  • Дата: 19-06-2011, 09:26
  • 0
19-06-2011, 09:26

Медицина қызметкерлері күніне құттықтаулар

Категория: Медицина қызметкерлеріне, Соңғы қосылған дүниелер

Әр адам өз өмір жолында  ақ халатты абзал жандармен кездесіп, олардың ыстық ықыласы мен алақандарын сезінеді. Бұның бәрін медицина қызметкерлері ғана бере алады. Олардың көмегімен тоқтаған жүрек қайта соғып, үмітімізді жалғап сыздаған балтырымызды тоқтатады. Осы ақ халатты абзал жандарды төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!

*******

            “Денсаулық - адам үшін баға жетпес байлық. Бұл күн құрмет пен алғысқа бөленген, Гиппократ антын қабылдап, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті сақтайтын, асқан шеберліктің иесі ақ халатты абзал жандардың мерекесі”. “Медицина кәсібі- адамгершіліктің асылы” сондықтан барлық медицина қызметкерлеріне бақыт, еңбекте табыс, төзімділік пен күш қайрат және отбасыларына береке тілейміз.

*******

           Жас пен кәріге, жалпы адамзаттың бәріне көмек қолын созып, жанын қоярға жер таптырмай азаптаған ауруынан айықтырып, ақ халатты періштедей көз алдында көлбеңдей жүріп, жанына дауа, тәніне шипа болардай ем беріп, сөзінің тәттісімен, көзінің жақсысымен науқастың көңілін көтеріп, өмірге деген құлшынысын арттырып,ертелі-кеш ерінбей, ел үшін еңбек етіп, халықтың алғыс-сауабын арқалаған ақ халатты абзал жандар.

*******

Әлемде бірнеше ардақты да құрметті мамандықтар бар. Соның бірі – дәрігерлер. Оларды “ақ желеңді абзал жандар, адам жанының арашашысы” деп жатамыз. Қалай атасақ та артықтық етпейді. Дәрігерді ұлығылау, құрметтеу – әр пенденің азаматтық борышы. Ауырсақ, сырқаттансақ бірден осы адамдарға жүгіреміз. Алдына барған бізге мейірім төге қарап, емдеп, ақыл-кеңестерін береді. Күн демей, түн демей қажет кезде жанымыздан табылады. Осындай абзал жандарды мерекелерімен құттықтаймыз.

********

Ақ халатты абзал жандар болмаса, жер бетінде тіршілік болар ма? Бас ауырып, балтырымыз сыздаса дәрігерлердің көмегімен ғана жанымызға жай табатынымыз шындық.

********

Операция үстелі - өмір мен өлімнің арпалысқан мекені. Осы жерде дәрігерлер адам өміріне тіршілік нәрін беремін деп жанталасып жатады. Солардың шипалы қолдарының арқасында өмірден күдерін үзген науқас адамдар аман-есен жарық дүниеге қайта оралады. Осындай бақытты жандардың атынан барлық медицина қызметкерлеріне ризашылығымызды білдіріп, еңбектеріне сәттілік тілейміз.

********

 Мансаптың да, қызметтiң де, атақтың да, байлықтың да дәрiгер үшiн құны көктиын. Дәрiгерге ең қажетi - адамның денсаулығы, оның тағдыры. Науқас адам жанына дәру iздеп, дәрiгерге барары хақ. Үмiтке үмiт жалғап, ғұмырдың ұзақтығын сабақтастырып жататын да осы ақ халатты абзал жандар. Осындай бiлiм мен мейiрiмдiлiктi ұштастыра бiлген ақ халатты абзал жандарды төл мерекесімен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына бірлік, береке тілейміз.

********

 

Ақ халатты абзал жандар ретінде әр науқастың жанына желеу болып, ауруға қарсы тұрып, саулығын қалыптастырып қана қоймай, адам бойына өмірлік күш-қуат беріп,«Гиппократ антын» өзінің өмірлік кредосы ретінде қабылдап, қоғамның басты байлығы саналатын адам өмірінің сақшысы бола білген ақ халатты абзал жандардың ерен еңбегі, атқарған істері, әрқашанда халықтың көңілінен шығады.

********

Ойланып қарасаң, күллі байлықтың жиынтығы не ақша, не болмаса таудай үйілген алтын емес, деннің саулығы ғана. Сол себептен, басымыз ауырып, балтырымыз сыздай қалса ем іздеп, бәріміз алдына баратын дәрігерлер қауымының қоғамдағы орны ерекше. Олардың әр еңбегін бағалап отыру, оларға деген құрметімізді көрсетеді. Ақ халатты абзал жандардың еңбектерi қандай марапатқа болса да лайық. Ақ халатты абзал жандар да аянбай тер төгіп, әр адамның өмірі үшін қолдан келгенін аянар емес.

*******

Өз істеріне тиянақты, жылы сөз, ізгі лебіздерімен адам жанын жадыратады. Әрі жасаған ем-домдары да көңілге қонымды.Әрбір маман емделуші адамдардың жағдайын жасап, олардың тез жазылуына ықпал етеді. Осындай абзал мамандардан ем алып, сырқатымыздан айығамыз. Барлық жаны таза, абзал ақ халатты мамандар мен медбикелерді шын көңілден төл мерекелерімен құттықтаймын.

***********

Ардақты ақ халатты абзал жандар!

 Сіздерді  кәсіптік мерекелеріңіз - медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
 Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. 

Адам өміріне арашашы абзал жандарды төл мерекелерімен құттықтай отырып, отбасыларына амандық, дендеріне саулық тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деген тілегімді білдіремін.

**********

Сіздер қайырымдылық пен мейірімділіктің, ізгіліктің жаршысы іспеттісіздер! Сондықтан да медицина салас ықызметкерлері күнінің бүкілхалықтық мерекеге айналуы заңды құбылыс екені даусыз.
Қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту - еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға замануи, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүміндікті жасауда. және сіздердің де кәсіби біліктіліктеріңіз, медицинаға деген адал сенімдеріңіхз осы саладағы өзекті мәселелерді шешуге жол ашып келеді.
Құрметті достар! сіздердің ерен еңбетеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Сіздердің жұмыстарыңыз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін.
Сіздерге мықты денсаулық, күш-жігер, баянды бақыт және жаңа табыстар тілейміз!


^