Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 3521
  • Автор: janar
  • Дата: 9-01-2011, 15:47
9-01-2011, 15:47

Нарболат Мұрсәлімбаев Семейден

Категория: Ресми мерекелерге » Жеңіс күні

Жан әке, Асыл әке, Ардақты әке,

Тірі болсаң жүрер едің 85-те.

Қан майданда, қан кешіп күткен күннің

Келе жатыр 65 жылдық мерекең де.

 

Сұм соғыстан аман кеп, марқұм әке,

Ажал сені әкетті-ау  жайлы өмірде.

Бұл қызықты көретін елмен бірге

Тағдыр шіркін өзіңе көпсінді ме.

 

З0-жыл өтті, міне, содан бері

Еске аламыз өзіңді Жеңіс күні.

Сол жеңістің көрсеткен бұл жемісі

Ұрпағыңның есінде қалар мәңгі.

************

Информация к новости
  • Просмотров: 2534
  • Автор: janar
  • Дата: 30-04-2014, 13:41
  • 0
30-04-2014, 13:41

Жеңіс туралы өлең /қосқан Ғабиден Қожахмет

Категория: Ресми мерекелерге » Жеңіс күні

Жеңіс

Сәулесін шашып түнекке,
Ысырып жауды жер-көктен.
Қасірет тұнған жүрекке
Жеңіс боп келді сол көктем
Информация к новости
  • Просмотров: 3887
  • Автор: janar
  • Дата: 17-06-2013, 20:25
  • 0
17-06-2013, 20:25

Соғысты көрген тағдырлар\қосқан Ғабиден Қызылордадан\

Категория: Жеңіс күні, Өлең - сөздің патшасы, Тәрбие сағаттарына материалдар, Соңғы қосылған дүниелер

Соғысты көрген тағдырлар

Қиындық кезең сындары,
Ерліктің отын маздаттың.
Соғыстың сұрапыл жылдары,
Тағдыры талай боздақтың.
Аттанып ердің дүрмегі,
Отан деп келді сөз басы.
Соғыстың күңгірт күндері,
Жесірдің ащы көз жасы.
Алыстап жылдар барады,
Білініп уақыт бағасы.
Соғыстың зарлы заманы,

Информация к новости
  • Просмотров: 36927
  • Автор: janar
  • Дата: 8-05-2012, 02:59
  • 0
8-05-2012, 02:59

9 мамыр Жеңіс күнімен құттықтау

Категория: Ресми мерекелерге » Жеңіс күні

ресми құттықтаулар

Мемлекет басшысы, облыс, аудан әкімдерінің, түрлі деңгейдегі басшылардың Жеңіс күніне арналған құтықтау сөздері

***

Мемлекет басшысының құттықтауы.

Қымбатты ардагерлер, мен сіздерді бүгінгі қасиетті де қас­терлі мереке – Жеңіс күнімен құттықтау үшін Астанадан Алма­тыға арнайы келдім. Сұ­ра­пыл соғыстың біткеніне, міне, 66 жыл болды, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы да жақындап келеді. «Кеңес Одағы» деген үлкен мем­лекеттің миллиондаған халқымен бірге, Қазақстан да бұл сұрапыл соғыстағы жеңіске өзінің үлкен үлесін қосты. Қасиетті де қас­тер­лі Отан үшін жан беріп, жанын пида еткен шейіттерді жыл сай­ын еске алып, олардың рухына тағзым ету – біздің, кейінгі ұр­пақ­тың ең басты парызы. Егер де ойлап қарасақ, халқымыздың басына түскен 30-шы жыл­дар­дағы зұлматтан кейінгі қазақтың басына түскен екінші бір сұра­пыл қырғын Ұлы Отан соғысы болғандығы ақиқат. Бұл соғыста біздің азаматтары­мыз ерлік пен қаһармандықтың ең жоғары деңгейдегі үлгісін көр­сетті.

558 қазақстандық Кеңес Ода­ғы­ның Батыры атанды, ал оның ішінде қазақ азаматтар да аз емес еді. Уақыт өткен сайын аға тол­қын – сіздердің қол жеткізген ауқымды жетістіктеріңіздің, ірі табыстарыңыздың маңызы артып келеді. Соғыстан кейінгі күйре­ 

Информация к новости
  • Просмотров: 100514
  • Автор: janar
  • Дата: 11-04-2011, 16:20
  • 0
11-04-2011, 16:20

Жеңіс күніне арналған өлеңдер

Категория: Жеңіс күні, Тәрбие сағаттарына материалдар

 Жеңіс күніне арналған өлеңдер топтамасы


Информация к новости
  • Просмотров: 30900
  • Автор: janar
  • Дата: 8-04-2011, 20:55
  • 0
8-04-2011, 20:55

Жеңіс күніне арналған тілектер

Категория: Жеңіс күні, Соңғы қосылған дүниелер

Туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жанын қиған боздақтарымызды мәңгі есте сақтаймыз!

         Отан үшін отқа түсіп, қан майданнан аман оралған қандастарымыздың алдында бас иеміз!

         Құрметті Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлері! Ауыр күндердегі адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін бас иіп алғыс білдіреміз!

         Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, ұзақ ғұмыр тілеміз!

********

         Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталғанына 66 жыл өтіпті. Зарықтырып жеткен Жеңіс күнінің қадірі бәріміз үшін тым қымбат. Сұрапыл соғыс адамзаттың жүрегіне өшпес жара салды. Ауылда қалған кемпір-шал, бала-шаға зуылдаған оқ пен лапылдаған от-жалынның арасында жүрген бауырына, әкесіне, ағасына сеп болсын деп, бар күш қайратын жұмсады. Тылдағы әрбір күн соғысқа тең еді. Ардагер көрген зұлматты сен көрген жоқсың замандас, сол үшін оны құрметте!

*******

         Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келді. Әуеде ұшқыш, жерде танкист, теңізде – теңізші, окопта әскер, блиндажда байланысшы және тылда еңбеккер – бәрі де Ұлы Жеңіс үшін қараниет арам пиғылды фашист оғына өз кеудесін тосты. «Отан» атты ыстық ұғым, тәтті сөз қарсы келген дұшпанға қаймықпай қарауға жігер берді.

         Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында!

********

         Бүгінгі мерекенің еліміздің өмірінде алатын орны өзгеше. Осыдан 66 жыл бұрын бүкіл әлемге қайғы мен қуаныш жасын қоса жұтқызған ерекше күн еді бұл. Ізгі ниетпен адамзат баласы мерекелейтін осы күннің тууына еліміздің айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.

         Ұлы Жеңісті жақындатуға абзал арыстандарымыздың майдан даласында, отандастарымыздың тылда қосқан еңбегі өлшеусіз. Ағалардың ардақты ісін бүгінгі күні кейінгі ұрпақ лайықты табыстармен жалғастырып келеді.

********

         Уақыт өткен сайын кешегі күндей күркіреп өткен сұрапыл соғыстың дүрбелең оқиғалары да арасын аулақ салып, алыстап барады. Бірақ қаншалықты алыстағанмен ол көңілден кетіп, жүректерден өшпек емес. Өйткені ол соғыс қаншама ұрпақты қайғы-қасіретке душар етіп, өмірін өксітіп кетті. Сол соғысты майданның алдыңғы шебінде жүріп басынан өткергендер де, солардың тілеуін тілеп, тылдағы бар ауыртпалықты иығымен көтерген ардагерлер де, соғыста ата-анасынан айырылып, жетімдік тауқыметін тартып өскендер де бүгінде арамызда жүр.

         Сондықтан да жыл сайын мамыр айының 9 жұлдызында сол сұрапыл соғыстағы Жеңіс күні айрықша атап өтіледі. Және ол жалпыға бірдей халықтық мереке болғанымен, бұл күні әсіресе, кешегі соғыста Жеңіс үшін қолдарына қару алып, майданның алдыңғы шебінде қанқұйлы жаумен шайқасқа түскен соғыс ардагерлеріне көрсетілер құрмет айрықша.

********

         Сіздердің біздің Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін шайқастардағы теңдессіз ерліктеріңіз бен табандылықтарыңыз ғасырлар бойы жасай береді. Өйткені Сіздер кейінгі ұрпақтың жарқын болашағын қорғап қалу арқылы өздеріңіздің азаматтық және патриоттық парыздарыңызды абыроймен орындап шықтыңыздар.Сіздердің қайыспас қайсарлықтарыңыз бен Отанға шынайы берілгендіктеріңіз қазақстандықтардың жас ұрпақтары үшін өнегесі мол тамаша үлгі.

         Бүгінгідей айтулы мереке күні өздеріңізге зор денсаулық, жарасты көңіл-күй, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік тілейміз!

********

         Жер-дүниені дір сілкінткен соғыс өртінің сөнгеніне биыл 66 жыл толып отыр. Елімізге зор ауыртпалықтар әкелген Ұлы Отан соғысының зардабы тимеген шаңырақ жоқ десе де болады.

         Бұл соғыстағы жеңісте қазақ халқы талай боздақтарынан айырылды. Әкелеріміз бен ағаларымыз қан майданда толарсақтан саз кешіп, жанкешті қаһармандылығымен басқа ұлттар алдында өздерінің ерлігін көрсете білді.

         Соғыстың алғашқы сәттерінен-ақ, қазақстандық жауынгерлер Бөгенбай мен Қабанбайдың, Наурызбай мен Райымбектің, Махамбет пен Исатайдың ұрпақтарына лайық ұрыс салды. Ажалда қасқайып қарсы тұрған қаһармандарды басқалар еріксіз мойындауға мәжбүр болды. Бауыржан мен Төлеген, Нүркен мен Талғат, Рақымжан мен Қасым, шығыстың қос жұлдыздары Әлия мен Мәншүк сынды ерлер халқының батыр екендігін дәлелдеді.

         Соғыс зардабы туралы сөз етсек, өрімдей он сегіз бен қылшылдаған қырықтың арасындағы азаматтардың Отан үшін арпалысқаны түскені еске түскенде, жаныңды қоярға жер таба алмайсың. Үйлі-баранды болып, бала сүйетін шақтарында арманда кеткен боздақтар көп болғандығы өкінішті-ақ.

         Жыл өткен сайын соғыс ардагерлерінің саны азайғанмен олардың жасаған ерлігі бүгінгі ұрпақ санасында мәңгі қалмақ.

*******

         Жеңіс! Осынау жалғыз ауыз сөзде қаншама терең мағына жатыр. Кез келген істің, қандай күрестің де басты мақсаты жеңіске жету болғанымен, кешегі Ұлы Отан соғысындағы үлкен Жеңістің орны айрықша бөлек. Оған жету үшін қаншама халық жан алып, жан беріскен шайқастарға толы ұзақ та ауыр жолдан өтіп келді. Зарықтырып, сағынтып жеткен ол Жеңісті жақындата түсуге майданның алдыңғы шебінде от пен оқтың ортасында болған майдангерлермен бірге тыл еңбеккерлері де, майдан даласынан шалғайдағы қарттар мен әйелдер де, буыны бекіп, бұғанасы қатпаған балалар да үлес қосқан. Ол сонысымен де қастерлі, қасиетті саналады. Биыл міне, сол Жеңіс күні елімізде алпыс алтыншы рет атап өтілгелі отыр.

*********

         - Жер әлемді сілкінткен соғыс өртінің жеңіспен тұншықтырылғанына да міне, 66 жыл болды. Елімізге орасан зор ауыртпалықтар әкелген Ұлы Отан соғысының от шарпуы тимеген шаңырақ жоқ шығар. Бұл соғыстағы жеңіс қазақ халқы үшін төрт жүз мыңға жуық құрбандыққа түсті. Ол соғыста қазақстандық майдангерлер жанкешті қаһармандықтарымен басқа европалық ұлттардың алдында өздерінің ешкімнен кем емес, қандай істе де, кіммен болса да терезесі тең екенін дәлелдеп шықты.

*******

         Сұрапыл соғыстың қиямет-қайым ауыртпалықтары оқ пен оттың ортасында жүрген  майдангерлердің ғана емес, алыс тылдағы барша халықтың қабырғасына батқан сол жылдар санадан әлі ұмытылған жоқ. Елде қалған қарттар мен әйелдер де, тіпті буыны қатып, бұғанасы бекімеген жас балалар да көп бейнет көрді. Еңіреген етегі жасқа толған елді, әсіресе ойын балаларының нағыз бұла өсетін шағында бәрінен жұрдай болып, жұмысқа жегілді.

         Ел тілегі ақталды, ақ түйенің қарыны жарылған күнде жетті.

*********

         Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, ал Сіздердің өздеріңіз, құрметті ардагерлер, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қоғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала бересіздер.

         Сіздердің қан майданның алдыңғы шебіндегі ерліктеріңіздің, тылдағы ерен еңбектеріңіздің арқасында қазақстандықтардың бүгінгі ұрпағы келісіммен бейбіт өмір сүруде.

         Сіздердің ерен ерліктеріңіз, қажырлы еңбектеріңіз бен табандылықтарыңыз үшін , құрметті ардагерлер, Сіздердің алдарыңызда бас иеміз.

*******

         Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке. Бұл тек, сол соғыста жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес. Ол – сол соғыста Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан оралмай, еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды еске алатын күн.

*********

         9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күні деп тойласақ та, оның салмағының ауыр болғанын  бүгінгі ұрпақ ешқашан да ұмытпауы тиіс. Омырауларында жарқыраған орден-медальдарын тағып анадайдан көзге оттай басылатын ардагер ағаларымыз бұл күнді асыға күтеді. Бұл күн – Жеңіс күні болуымен қатар соғыстан оралмаған үзеңгілес қатарларын еске алып, жанарларынан тамған жас тамшылары өткен күннен белгі беріп тұрғандай. Жүздеріңді мұң шалмасын, көңілдеріңе кірбің түспесін, қатарларың азаймасын, ардагер ағалар!

********

         Ел басына күн туған кешегі соғыс кезінде ер-азаматтар қолдарына қару алып, ел қорғауға аттанған. Талай қанды қырғынды бастарынан кешіріп, жеңісті жақындатқан майдангер батыр аталарымыз.

         «Елдің көркі ерімен, Отан көркі жерімен» дегендей, ел басына қатер төнген жылдары кеудедегі шыбын жаны шыққанша жаумен жаға жыртысқан батыр аталарымыз аз емес. Олар ең алдымен ұлты үшін, халық үшін жанын құрбан еткен жандар.  Жыл өткен сайын қатары азайып бара жатқан майдангер аталарымыздың есімдері ұмытылмай, келер ұрпақтың есімдері ұмытылмай, келер ұрпақтың есінде жатталып қалуы керек.

********

         Сен құрметте оны,

         Түсіндің бе, қарағым,

         Ол ақшаға сатқан жоқ,

         Тізеден кесіп аяғын,

         Кеше елге қатер төнгенде,

         Ол жауға қарсы шапты,

         Жалмамақ болған біздерді

         Өр кеудесімен жапты....

*******

Жастық шақтың жалындаған шағын толарсақтан саз кеше жүріп, Отан деген ұлы сезім үшін кеуделерін оққа төсеп, Жеңіс күнін жақындатуға жұмсаған Ұлы Отан соғысының жауынгерлері үшін мамырдың 9-ы өліп-тірілген күнмен бірдей. Қаншама боздақ бұған жете алмай, қыршынынан қиылды. Жеткендерінің алды бүгін тоқсаннан асқан, соңы сексеннің сеңгіріне шыққан ақ жаулықты әжелер мен аталар.

         Жас ұрпақ сіздердің алдарыңызда борышты. Олар сіздер қасық қандарыңыз қалғанша күресіп, жаудан аман-есен қалған бейбітшілік құнының баға жеткізгісіз қымбат екендігін біліп, оның өмір бойы аялап өтеді.

*********

         Жеңістен соң қаншама арман мен үміт ұрыс даласында жер бауырлап қалды. Әр жеңістен соң ананың көзінен аққан гауһар тамшы омырауда қақ болып қатты. Жеңіс осылай келгендігі, қырманға суырылған әр дән аталардың жауға қарсы кезенген қаруына оқ болып енгені, бәрі де қымбат. Кейінгі ұрпаққа қолмен нұсқап, «әне, Отан үшін от кешкен аталар, соған ұқсап бақ!» деп айта алатын кезеңдеміз. Сол үшін де бақыттымыз!

*********

^