» » Ұлы Абайдың рухани асыл мұрасы
Информация к новости
  • Просмотров: 323
  • Автор: janar
  • Дата: 29-06-2016, 07:09
  • 0
29-06-2016, 07:09

Ұлы Абайдың рухани асыл мұрасы

Категория: Шығармалар

ЖМИ НИЖЕ ССЫЛКУ, ЧТОБ УВИДЕТЬ ВЕСЬ ТЕКСТ ПОЗДРАВЛЕНИЙ!
Адамзат тудырған алып тұлға
(Ұлы Абайдың рухани асыл мұрасы)

                                                               Абай поэзиясы өзі айтқандай кең байтақ
                                                               өмір базары... «Әркімнің өз іздеген
                                                               нәрсесі бар, - сомалап ақшасына сонан
                                                               алар»,  - дегендей іздеген оқушы өз
                                                               мұқтажын осы қазынадан таба бермек.
                                                                                                            М. Әуезов.
Жоспар:
І. Абай Құнанбаев  - қазақ ақыны
ІІ. Негізгі бөлім.
Ақын өлеңдеріне талдау

Абайдың қара сөздері

Ақынның поэмалары мен композиторлық еңбектері

ІІІ. Қорытынды.

Кезінде Ахмет Байтұрсынов Абай жайлы «Қазақтың бас ақыны» мақаласында: «Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек, ұнамды , орынды болуына сыншылық керек, мағыналы, маңызды болуына білім керек» - деп жазған.  Атаспен би болатын заманға қарсы туған Абай жұрт алдында малын емес, білімін салған адам болған.
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым - кінә қойма.
Өсер ұрпақ, келер дәурен, туар тарих қауымына ақын арнап кеткен мұңлы сырлы бір сәлем, наз сәлем осы еді. Шөл ғасырлардың қу медиен құла түзінен болар заманға, жақын заманға қарай жалғыз аяқ жол тартқан ақын Абай сахараны басқан қара түнекті қақ жарып, қолына жалынды жалғыз шырақ ұстап, халқына өріс атап, бет нұсқап, жол көрсеткен-ді. Рас, қытымыр заманы мен надан қауымға ол жұмбақ болды. Алайда, біз Абайды қазақ әдебиетінің жұмбағы емес, мол бір игі нұры деп санаймыз.
Ақынның өлеңдерін оқығанда өзіміз ой түйеміз.
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкірегінде болсын көз, – дей отырып, ақын көкірегі ояу, көңілі пәк қазақ жастарына өз ақылын өлең жолдары арқылы жеткізген.
«Өзгеге көңілім тоярсың» деген өлеңінде:
Өзгеге көңілім тоярсың,
Өлеңді қайтып қоярсың.
Оны айтқанда толғанып,
Іштегі дертті жоярсың», -
деп өлеңді құлақ күйі, жан тынысы етіп сай-сүйегі сырқырағандай жазады. Өзінің ой мұнарасына ұқсас адам таба алмағандықтан, өлеңді сырласы етіп мұңдасады.
Ақын бала жайын да жырға қосады. Білім ізде, адамгершілікке қол соз, бала атаның баласы емес, халықтың баласы болу керек деген танымды қағиданы ұстанады.
Абай – өзінің заманымен нық байланысты болған адам. Өткенге бой ұрмаған. Ендігі кезекте ол өлеңдеріндегі пікірін, ойын енді жаңа сипатта, қарасөз түрімен әңгімелеуге кіріседі. Ақын екінші қарасөзінде  халықтар туралы пікірін ортаға салады. Үшінші қарасөзінде оқудың мәнін ашып айта отырып, оқудың маңыздылығын көрсетеді. Он жетінші қарасөзінде ақыл, қайрат, жүрек турасында. Осы үшеуі адамның адамшылық қасиетін құрайтындығын айта отырып, осы үш қасиетті бірге ұстану керектігін айтады. Қырық екінші қарасөзінде жалқаулық пен жатыпішерлік туралы, қарыны тоқтық адамды аздыратыны жөнінде айтады. Абай қарасөздерінің ауқымы кең, айтары мол, қамтыған тақырыптарының да әр алуандылығы мен адам баласы бойында кездесетін кемшіліктер мен хам-харекеттердің еріншектік, жалқаулық, көрсеқызарлық пен қайырымсыздық секілді жағымсыз әрекеттерге жақын жүргеннен пайда болатындығы туралы айтқаны. Сонымен қатар одан құтылудың да жолдарын көрсете білген.
Абайдың үш поэмасы бар «Масғұт», «Ескендір» және «Әзім». «Масғұт»  - Бағдат қаласында болған уақиға. Жігіттің – достық, әділдік, адамгершілік, қанағат мінезі қалыптасқан бейнесін көрсетеді.
«Ескендір» - шығыста да, батыста да мәлім Александр Македонский туралы әңгімелерден туған. Абай поэмада Ескендірдің қанша атақты, мықты патша болғанымен ақылының кемдігін көрсеткен. Ол мықтылықтың адамгершіліктен асып кете алмайтынын да айтқан.
«Әзім» - «Мың бір түн» әңгімесінің негізімен жазылған. Жастардың өмір соққысын көре отырып, тәлім – тәрбие алып өскенін көрсеткен.
Ақынның  Лермонтовтан аударған «Вадим» атты поэмасы да бар. Онда Пугачев бастаған көтеріліс туралы баяндалған.
Ақын жазған төрт поэманың өзара байланысы бар. Олардың ішкі ойы бір-біріне ұқсас. Бұл поэмаларға басты тақырып адамгершілік, батырлық, батылдық мінездері арқау болған.

Қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаған Абайдың музыкалық мұрасы да ұлттық мәдениетімізді байытты. Абайдың әндері халыққа кең тараған. Оның өлеңдерін тыңдай отырып, біз бір рахат сезімге берілеміз. Ақынның «Желсіз түнде жарық ай», «Әсетке», «Сегіз аяқ», «Сен мені не етесің», «Көзімнің қарасы», «Сүйсіне алмадым, сүймедім», «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын», «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма» тағы да басқа әндері бар.
Орыс зиялы қауымы өкілдерімен, атап айтқанда Михаэлис, Леонтьев, Долгополовтармен  жақын араласуының нәтижесінде Абай орыс классиктері Пушкин мен Лермонтовтың шығармаларын қазақша сөйлетіп, жеткізіп кеткен. Бұл қазақ ақынының талғампаздығы мен ой тереңдігінен сыр береді.
Уақыт өте келе, Абайды әлем тани бастады. Бұл күндері оның шығармалары әлем тілдеріне аударылуда. Сөйтіп, Абайдың әдеби мұрасы бүкіл адамзаттың рухани қазынасы айналды.
Шығарманы қорытындылай келе, біз Абай Құнанбаевтың ұлы адам болғанын, оның барша қазақ халқына үлгі боларлық жан екенін білеміз. Ақынның даралығы, даналығы оның әр өлең жолдарында көрсетілген. Біз қазақ жастары ақынның өлеңдерімен сусындап, Абай секілді ұлы адам болуға тырысуымыз керек. Яғни бұл біздің алға қоярлық мақсатымыз болмақ. Ақынның философиялық ой тұжырымдарын өз бойымызға сіңіріп еліміздің бетке ұстар азаматтарына айналуымыз қажет.
Пірім  - Абай!
Абайдан жыр таныдым.
Ұлы Абай деп биікке шырқар үнім,
Қара өлеңді қастерлеп келе жатқан,
Қасиетті қазақтың ұрпағымын.

Үлгі тұтып Абайды ән танып ем,
Жырды сүйем Абайдай жан-тәніммен.
Абай болса шырағы Шыңғыстаудың,
Мен – бір сәуле жалт еткен Хантәңірден!
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Для зарегистрированных пользователей реклама отключена.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Вопрос:
Қазақстанның астанасы -
Ответ:*
Введите два слова, показанных на изображении: *
^