» » Үш бақытым (ана тілі, туған жер, асыл халқым)
Информация к новости
  • Просмотров: 794
  • Автор: janar
  • Дата: 29-06-2016, 07:13
  • 0
29-06-2016, 07:13

Үш бақытым (ана тілі, туған жер, асыл халқым)

Категория: Шығармалар

ЖМИ НИЖЕ ССЫЛКУ, ЧТОБ УВИДЕТЬ ВЕСЬ ТЕКСТ ПОЗДРАВЛЕНИЙ!
Менің үш бақытым (ана тілі, туған жер, асыл халқым)


Ең бірінші бақытым – Халқым менің, 
Ал екінші бақытым – Тілім менің, 
Бақытым бар үшінші – Отан деген. 

Үш бірдей бақытым бар алақанда, 
(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!) 
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан, 
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!
М.Мақатаев

Халқымыздың бойында жинақталған асыл мұраларымызды еске алып отырсақ, олардың бізге қымбат әрі қастерлі екендігін ұға түскендей боламыз. Сондай қасиетті ұғымдар, ол – өз халқыңның тілі, тарихы, салт-дәстүрі тағы басқалар болмақ.
Менің ана тілім – қазақ тілі. Оның ғасырдан ғасырларға жасап келе жатқан бай мұрасы бар екендігі бізге белгілі. Халқымыз ертеден-ақ тіл өнеріне аса ден қойған халық. Халқымыз «Өнер алды –  қызыл тіл»  деп, тіл өнерін аса жоғары бағалады. Сондықтан да сол кезеңде тіл өнерін биік меңгерген адамдарды шешен адам деп құрметтеген еді. Тарихымызда мұндай би-шешен тұлғаларымыз аз болмады.
XIX ғасырда қазақ тұрмыс-тіршілігі мен салт-санасын көп зерттеген орыс оқымыстылары қазақ арасындағы би-шешендік өнерді өз көздерімен көріп, қатты таң қалады және халқымызды осыған орай биік мәдениетті халық ретінде алып қарайды.
Тіліміздің тарихына көз салып отырсаңыз, оның тереңдігіне көзіңіз жете түскендей сезінер едіңіз. Көптеген тілдерді салыстырып қарай отырғанда, тіл зерттеуші ғалымдарымыз қазақ тілінің бай, таза сақталған тіл екендігін сан мәрте жазған да болатын. Бір ғана ана тілімізде жазылған шығарма –  Мұхтар Әуезовтің  «Абай жолы»  роман-эпопеясының тілін зерттегенде де ғалым-зерттеушілер осындай тұжырымға келеді.
Тіл өнерін аса жоғары бағалаған халықтың ауыз әдебиетіне қарап отырсаңыз, одан кейінгі ұрпаққа жеткен бай мұраны пайымдап, байқайсыз. Ертегілер, батырлар жыры, аңыз әңгімелер, жұмбақтар, жаңылтпаштар сияқты ауыз әдебиетінің түрлерінде халқымыздың асыл мұрасы –  тіл байлығының кемел күш-қуаты жатыр.
Әрбір адамның ана тілімен қатар туған жері, туған ұясы болады. Туған жер ұғымын екі тұрғыда қарастыруға болады. Біріншісі, адамның өзінің кіндік қаны тамған жері, екіншісі Отан деген қасиетті сөз мағынасында қарастырылады. Бірақ екеуі де бір-біріне жақын, сабақтас ұғымдар. Анығында адамның Отанға деген махаббаты өзінің кішкентай ғана шағын елді мекенінен бастау алып жатуы әбден мүмкін. Адам сол туған жерін сүю арқылы Отанын сүюді үйренеді.
Менің Отаным –  Қазақстан. Бірнеше мемлекеттермен шектесіп жатқан ұлан-байтақ жерінде қазақ халқымен бірге сандаған ұлттың өкілдері тату-тәтті тіршілік етуде. Қазақстан бұл күнде әлемге танылған мемлекеттердің қатарынан саналады. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей бастамасымен Есілдің жағасынан жаңа қала –  жас қала бой түзеді. Ол менің Отанымның қазіргі орталығы –  Астана қаласы. Астана тек әкімшілік басқару орталығы емес, сандаған мәдениет түрінің тоғысқан жері.
Менің туған елім –  жерасты және жерүсті табиғат байлықтарына бай ел. Мұнда тіпті әлемнің ешбір елінде кездеспейтін сирек металл өнімдері де өндіріледі.
Халық пен мемлекеттің байлығы тек табиғат байлықтарымен өлшенбейді. Менің елім сонымен қатар тарихи-мәдени мұра байлығымыздың да мол көрініс тапқан жері. Тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта Қазақстан әлемге өнерімен де, спортымен де танылып келе жатыр. Осының бәрі бізге мақтаныш туғызады.
Менің елімде алуан түрлі ұлт өкілдері мекендейді. Олар бір бірімен тату-тәтті тірлік кешуде. Әрбір ұлт өкілі өзінің ұлттық құндылықтарына орай сол халықтың перзенті екенін мақтаныш ететін болса, мен де өзімнің қазақ екеніме мақтанамын.
Иә, менің халқым –  қазақ халқы. Жан-дүниесі бай, жомарт, кеңпейіл, дархан, қонақжай халық. Қажет кезінде жауына қатал, ал досына мейрімді халық.
Біздің халқымыздың арғы тегі сақ, ғұн, түріктерден бастау алады.  «Бүкіл түрік енші алып тарасқанда, қазаққа қара шаңырақ қалған жоқ па?»  – деп, Мағжан атамыз жырлағандай бабалардан қалған туған даланың бүгінгі иесі де, киесі де –  осы менің халқым.
Соншама кең байтақ жерді тұрақ еткен халық әлемде жер көлемі жағынан, яғни,жер көлемі тұрғысынан алғанда тоғызыншы орынды иемденеді. Жеріне сай пейілі де кең.
Ал рухани байлығы - мұрасы жағынан алғанда талай зерттеушілерді таң қалдырған. Әлемдегі бірден-бір ғашықтық жыры –   «Қыз-Жібек»  жырын туғыза алған халық, ол –  қазақ халқы. Мұндай жырды тек сүйе білетін және махаббатты ардақтай алатын халық қана тудыра алмақ.
Білім жайлы мол нақыл сөздерді ұрпағына мұра етіп қалдырды. Осы сөздері арқылы білім-ғылымды аса құрмет тұтқандығы байқалады. Әрісі әл Фараби, берісі Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты алыптарды туғызды. Тәуелсіз, дербес ұлттық-демократиялық мемлекет құрамыз деп өз бастарын бәйгеге тіккен кешегі алаш ұлдарының ұшан-теңіз, жан-жақты білім иесі болғандығын еске алсақ, олар бүгінгі жас ұрпаққа да бірден-бір білім, мәдениет, өз ұлтына сүйіспеншілік тұрғысынан алғанда үлгі бола алатын зиялы қауым өкілдері.
«Найзаға үкі таққан»  ел  «елінің шетін жау баспасын»  деп  «ат үстінде күн көрді». Үш жүзге ұран салдырған талай-талай батырларды тудырған халық. Кесімді сөз айта алған билерді, дәулескер күйшілерді, арқалы әншілерді, табан астында суырып салар ақындарды туғызған халық, ол –  осы менің халқым.
Әлемнің бірден бір балуаны жауырынын жерге тигізе алмаған күш атасы Қажымұқанды, 51 пұт кірдің тасын көтерген Балуан Шолақтай алыптарды, Әлжандай тұңғыш олимпиада чемпионын, Жақсылықтай, Шәмілдей балуандарды туғызған халық.
Тәуелсіздік үшін үш жүздей көтеріліс жасап, азаттық үшін бұлқынып, Хан Кенедей қайталанбас ұл тудырған ұлт, ол –  қазақ ұлты.
Кеңестік империяның тағын шайқалтты. 1986 жыл, 16-18 желтоқсанда күллі әлемді дүр сілкіндірген, ол –  қазақтың қайсар қыз-жігіттері.
Егемендік алғаннан бергі уақытта әлемге танылып жатырмыз. Жаңа толқын, жаңа серпілістер пайда бола бастады. Ендігі жерде білімге сүйенген қазақтың ұл-қыздары ата-баба аңсаған армандарға қол жеткізе бермек.
Ана тілімнің асқақ үнінен қуат алып, туған жерімнің тұғырында тіктеліп, өз халқымның асыл қасиеттерін мақтаныш етумен замана көшіне ілескім келеді.

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Для зарегистрированных пользователей реклама отключена.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Вопрос:
Адам болсаң "қазақ" деп жауап жаз!
Ответ:*
Введите два слова, показанных на изображении: *
^