Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 4399
  • Автор: janar
  • Дата: 9-09-2011, 09:28
9-09-2011, 09:28

Нұрболат Аманжол Бір жасыңмен, қазақ!

Категория: Ресми мерекелерге » Наурыз » Наурыз туралы

Бiр жасыңмен, қазақ! /"Айқын" газетінен/ Печать

Үш күннен соң қазақ халқы бір-бірімен көрісе бастайды. Жасы кішілер үлкендердің үйін аралап, қол алысып, төс қағысып, амандасып көріседі. Бұл - халық дәстүрінде тоғыз күн тойланатын наурызнаманың белгісі. Әйткенмен еліміздің басым өңірлерінде санадан сызылып кеткен бұл салт тек батыс аймақта ғана сақталып қалған. Оның өзінде Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстары мен Ақтөбе аймағының Байғанин, Темір аудандарында, сондай-ақ Астрахань, Самара, Волгоград және Түрікменстан қазақтарында ғана қолданысқа ие. 
Көрісу - ынтымақ-бірлікке бас­тайтын жақсы дәстүр. Жыл сайын 14 наурызда батыстықтар «Бір жасыңмен!» десіп, көрісіп жа­тады. Бұл күннен бастап олар­дың үйлерінің есік ілгешегі са­лын­байды. Қайта жасы кішілер үлкен­дердің үйін жағалап, сәлем беріп қалуға тырысады. Әйтпесе кө­ріспеген адамымен жол-жө­не­кей кездесіп қалатын болса, бұл әбес­тік, үлкенді сыйламау болып есеп­теледі. Дегенмен төс түйіс­тіріп көріспейтін жандар да бар. Мәселен, келіндер қайын ата, аға, апа-жезделерімен көріспейді, тек қана тізе бүгіп, сәлем жасай­ды. 
Информация к новости
  • Просмотров: 4072
  • Автор: janar
  • Дата: 9-09-2011, 09:21
9-09-2011, 09:21

Зейнеп Ахметова Наурыз күні мал соймайды, қан шығармайды

Категория: Ресми мерекелерге » Наурыз » Наурыз туралы

Зейнеп АХМЕТОВА: Наурыз күні мал соймайды, қан шығармайды...

- Зейнеп апай, бүгінгі әңгімемізді тек Наурыз мерекесіне арнасақ... Бала күніңізде Ұлыстың ұлы күні қалай тойланушы еді, есіңізде ме? 
- «Үлкеннен - үлгі, ағадан - өнеге, атадан - ақыл» дейді көнелер сөзі. Менің де азды-көпті айтып жүргендерім - ақ сақалды аталар мен ақ шашты әжелерден естігендерім мен көзбен көріп, көкейге түйгендерім. Қалай десек те, қазіргі бүлдіршіндерге қарағанда, біздің балалық шағымыз, тәрбие алған ортамыз басқашалау болды. Өз басым басқа ұлт араласпаған түкпірдегі таза қазақ ауылында өстім. Ол кезде тумысынан көкірек көзі ашық ақылгөй аталар мен әдеп-инабаттың кеніндей текті әжелер көп секілді еді. Халқымыздың талай салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары үкісі қисаймай, күнделікті тіршілікте табиғи түрде өз жөнімен өтіп жататын. «Бала жасындағысын ұмытпайды» демекші, балауса шақтағы көптеген көркем көріністер көз алдыңда моншақтай тізіліп қалып қояды екен. Бұл күнде өзімнен кейінгі жасы кіші жас ұрпаққа алдымда өтіп кеткен шежіре қариялардың үлгі-өнегесін, тіршілік тұжырымдарын, дүниетанымын айта жүруді өзіме міндет санаймын... 

Информация к новости
  • Просмотров: 4614
  • Автор: janar
  • Дата: 11-03-2011, 11:44
11-03-2011, 11:44

Наурыз

Категория: Ресми мерекелерге » Наурыз » Наурыз туралы

         Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін Табиғат мерекесі;

Наурыз - адамдардың қыс қыспағынан, жұт апатынан аман қалып, малы төлдеп, аузы аққа жаритын Шаруа мерекесі;

 Наурыз - әрбір шаңыраққа шыраққа шырақ жағылып, «Қызыр түнін» күтіп, жақсылық құт-береке тілеп, ертеңгі күнге зор үмітпен қарайтын Сенім мерекесі;

Наурыз – жеті дәмнен Наурызкөже жасап, адамдардың бір-біріне дәм татқызып, дастарқан басында бірге отыратын Ынтымақ-бірлік мерекесі;

Наурыз – жыл бойы өткен-кеткен ренішті кедергісіз кешіріп, ән-күймен, ойын-сауықпен жанды жадыратып, сананы серпілтетін Көңіл мерекесі.

*****

Информация к новости
  • Просмотров: 32295
  • Автор: janar
  • Дата: 11-03-2011, 06:46
11-03-2011, 06:46

Наурыз көже неге жеті түрлі дәмнен жасалады

Категория: Ресми мерекелерге » Наурыз » Наурыз туралы

Наурыз көжеге дәнді дақыл пайдаланатыны – бір тамырдан өсіп-өнген күріштей ұрпағымыз көп болсын деген тілек болса керек. Наурызда берілетін бата нышаны осы Наурыз көжеде де сайрап тұр.

         Сондықтан да Наурыз көжені наурыз айында кедейлерге тарататын тағам түрінде емес, арнайы ырымдап жасайтын болған. Дәнді-дақыл пайдалы, сабағынан дәні мәуелеп, төгіліп тұратын құтты, ырысты өсімдік. Наурыз пайдалы да құтты, ырысты болсын, өскін мол болсын деген қазақ тілегінің, ырымының басты көзі Наурыз көже болса керек. 

Информация к новости
  • Просмотров: 17615
  • Автор: janar
  • Дата: 11-03-2011, 06:42
11-03-2011, 06:42

Көрісу

Категория: Ресми мерекелерге » Наурыз » Наурыз туралы

     Жыл сайын наурыздың 14-інен бастап жазылмаған заң бойынша жасы кішілер үлкендерге көрісе барып, батасын алады. Бұл әркімнің өз үйінен басталады. Таңертең тұра салып, әке-шешеңе, үйдегі өзіңнен үлкен адамдарға қол беріп амандасасың. Олар: «Жас қайырлы болсын, өмірің ұзақ болсып, әлі талай көрісуге жазсын!» - деп бата береді. Бұл дәстүрлі көрісу, яғни жыл жаңарғандағы бірінші кездесу, адамдардың былтырдан бергі бірінші көріскен күні. Осы күннен бастап былтырдан бері көріспеген адамдар бір-бірімен қол беріп, үлкен адамдар құшақтасып, төс түйістіріп,

^