Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 17285
  • Автор: janar
  • Дата: 3-04-2012, 06:50
  • 0
3-04-2012, 06:50

НАҒАШЫМА

Категория: Нағашы-жиен-бөлеге, Соңғы қосылған дүниелер

Үш жұрттың ұлығы деп, ұлысы деп,

Сөзінің бұрынғының дұрысы көп.

Мен сені жақсы көрем, нағашыжан,

Ардақты анашымның туысы деп.

Аяулы інісі деп ақ мамамның,

Информация к новости
  • Просмотров: 26898
  • Автор: janar
  • Дата: 27-12-2011, 22:07
  • 0
27-12-2011, 22:07

Туған күнге тілек

Категория: Аға-апайларға, Жезде-балдыздарға, Жеңге-қайындарға, Бажа-абысындарға, Құда-жекжаттарға, Қайын жұртқа, Нағашы-жиен-бөлеге, Досыма, Көршіме

Ашып өмір есігін нұрланды күн,

Шашу шаштық сол үшін жырдан бүгін.

Өзіңе де, өзгеге шуақ сыйлар,

Құтты болсын, ..., туғанкүнің!

 

Бақытты отбасының кеш ғұмырын,

Өмір өзі жазады отты жырын.

... дәм-тұзың құп жарасып,

Ақ сүтіңді ақтасын құлындарың.

Информация к новости
  • Просмотров: 4759
  • Автор: janar
  • Дата: 22-06-2011, 13:29
22-06-2011, 13:29

Нағашының батасы

Категория: Нағашы-жиен-бөлеге, Бата-тілектер, Соңғы қосылған дүниелер

Бөлінбейді бөлелер, тату - тәтті саналар,

Бөлінсеңдер бөрі жер, дұшпандарың табалар.

Мен нағашы білсеңдер, сендер маған жиенсің,

Жақсы  болсаң жиендер, нағашыны сүйерсің,

Суығына қалтырап, ыстығына күйерсің,

Мағынасын түсінсең, бәрің  ойлап білерсің.

Еңбек етсең ерінбей бақытты болып жүрерсің,

Менің айтқан  ақылым, туған – туыс жақыным,

Түсінбесең сөзіме, жетпегені ақылым.

Бала – шаға, жастарым  өсе берсін бақтарың,

Береке, бірлік етіңдер, көбейе берсін достарың.

 Мырзаханның Ақылбайы

 Семей қаласы Мұқыр ауылы

Информация к новости
  • Просмотров: 5613
  • Автор: janar
  • Дата: 4-02-2011, 19:54
  • 0
4-02-2011, 19:54

Нағашыларға Мағжан Жұмабаев

Категория: Нағашы-жиен-бөлеге, Өлең - сөздің патшасы, Шығармалар

Нағашыларға

Сол екеуден жеті-сегіз біз бармыз

Бәрі жиен, бәрі сізге бөтен бе?!

Бәрі жиен, бәрі сіздің қаныңыз,

Бәрі сіздің шашқан тұқым-тарыңыз.

 

Информация к новости
  • Просмотров: 7501
  • Автор: janar
  • Дата: 25-01-2011, 20:34
25-01-2011, 20:34

Той-қазына кітабынан Нағашыларға

Категория: Туыстарға » Нағашы-жиен-бөлеге

Нағашыларға

Қымбат болар туған жердің ағашы да,

Әркімнің жету керек бағасына.

Анамның ақ сүті үшін өмір бойы,

Бәріміз борыштымыз нағашыға!

                                       *****

Нағашыға

Алыс ауыл арасын

Жақын қылған нағашым,

Ақ көңілді баласын

Ақын қылған нағашым,

Нағашымның жаңасын

Іздесең қайдан табасың?

********

 Жиенге

Өсіп-өнер жұртыма,

Өріс болған жиенім.

Айқасқанда жауымен,

Жеңісті алған жиенім.

Елдігін де білемін,

Кеңдігін де білемін,

Тайма осы қалпыңнан

Өзіңе айтар тілегім.


Информация к новости
  • Просмотров: 10388
  • Автор: janar
  • Дата: 14-01-2011, 20:23
14-01-2011, 20:23

Кемел Кеніш Нағашыға-жиенге тілек

Категория: Туыстарға » Нағашы-жиен-бөлеге

О, Нағашым,

Бәйтерегім, жемісім,

Құрған өмір кілемінде желімің!

Ортақ болған шаттығым мен қайғыма,

Өзің қамқор, батагөйсің мен үшін!

 

Сауап, ізет нұрландырып санасын,

Әлпештеген апасын да, анасын,

Құтты болсын жасап жатқан тойыңыз,

Дана орнына дана болған нағашым!

 

Қоныстанып қаласын да, даласын,

Жетілдірген тоғыз ұл-қыз баласын,

Құтты болсын бүгінгі алтын тойыңыз,

Аға орнына аға болған нағашым!

Оңнан туып Күніңіз бен Айыңыз,

Тұлпар болды сіз баптаған тайыңыз.

Бар тілегі – біздей ақын жиеннің,

Құтты болсын бүгінгі нұр тойыңыз!

*************

ЖИЕНДЕРІМ,

Тойыңа арнап мен келдім,

Қыз дегенің – жат жұрттық,

адамы деп өзге елдің.

Армысыңдар, жиналған жұрттары апамның,

Қалып кеткен көздері менің асыл жездемнің.

 

Ата дәстүр бойынша сатпайды қыз сүйгенін,

Апам үшін мақтанам – жақсы болды  жиенім!

Құтты болсын тойларың .......... әулеті,

Барлығыңды кеудеме басып, қысып сүйемін.

 

Сендерсіңдер тірліктің желкілдеген құрағы,

Апам, жездем арманын өздеріңе ұлады!

Тойға ұлыссын тойларың – ту қадаңдар биікке,

Жақсы туған жігітке жат жұрт келіп тұрады.

***********
^