Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 25681
  • Автор: janar
  • Дата: 11-08-2011, 17:53
  • 0
11-08-2011, 17:53

Жастар тілегі Төлебаев Бағдәулет құрастырған "Ақ тілек" кітабынан

Категория: Туған күнге тілектер » Жас дәурен (13-25)

Деніңіз сау болсын, аспаныңыз ашық болсын. Өмір деген үлкен белестің тайғақ жерден таймай, сулы жеріне батпай, отты жеріне жанбай, соқпағына соқтықпай, көздеген арман-мұраттарыңызға жете берулеріңізге тілектеспіз.

***

Жүзіңізден шаттық пен күлкі үйіріліп, көл бетіне өрнек салған аққудай  бақыт бесігінде қуанышты серік етіп, тербеле бер деп тілеймін!

***

Өзеннің ағысындай, тұлпардың шабысындай, толқынның жарысындай  өтіп жатқан әр жылыңыз жақсылыққа толсын.

***

Информация к новости
  • Просмотров: 13156
  • Автор: Дана
  • Дата: 10-05-2011, 12:37
  • 0
10-05-2011, 12:37

Туған күнге тілек

Категория: Туған күнге тілектер, Жас дәурен (13-25), Соңғы қосылған дүниелер

Саған айтар тілек
Таусылма еш жүдеп
Қиналсаң — төз
Жарыссаң — оз
Ойнасаң — ұт
Күрессең — жық
Ешкімді басынба
Басыңнан асырма
Табысқа тасыма
Намысқа жасыма
Ешкімді күндеме
Ешкімді тілдеме
Сөзіңнен танба
Қатарыңнан қалма
Біреуді даттама
Ешқашан кек сақтама
Біреуді сыртынан айдама
Өсекті тыңдама
Шынығып шыңдал
Жақсыдан үлгі ал!

Метки к статье: туған күнге тілек

Информация к новости
  • Просмотров: 8970
  • Автор: janar
  • Дата: 21-02-2011, 12:42
  • 0
21-02-2011, 12:42

Он сегіз жас

Категория: Жас дәурен (13-25), Өлең - сөздің патшасы, Соңғы қосылған дүниелер

Он сегіз мың ғаламды табындырған он сегіз,

Үлкендерге жас күнін сағындырған он сегіз,

Бәрін - бәрін сезімге бағындырған он сегіз,

Сенің үнің құралған арын жырдан, он сегіз.

 

Жапырақ мінез, жел қөңіл, алып ұшпа он сегіз,

Информация к новости
  • Просмотров: 7347
  • Автор: janar
  • Дата: 12-02-2011, 14:48
  • 0
12-02-2011, 14:48

Жиырма бес

Категория: Жас дәурен (13-25), Соңғы қосылған дүниелер

Жиырма бес

Жиырма бес деген – жалынды дәурен шырыны,

Жиырма бес деген – дүниенің дүрмек қызығы.

Бойдақтығың да қала алмас бойың тасалап,

Құрық боп түсер арудың бұлғақ бұрымы.

 

Жиырма бес деген – жөңкілген толқын, тәтті арман,


Информация к новости
  • Просмотров: 9771
  • Автор: janar
  • Дата: 12-02-2011, 14:38
  • 0
12-02-2011, 14:38

Қарындас, туған күнің құтты болсын

Категория: Жас дәурен (13-25), Соңғы қосылған дүниелер

Бойжеткенді құттықтау

Ару қыз!

Уылжыған алмадайын,

Қызыл гүл,

Аппақ тілек бар маңайын.

Құлаш ұр арманыңның асқарына,

Құс болып алтын қанат самға дәйім.

 

Көркіңе таңдай қалып, көл дір еткен,

Информация к новости
  • Просмотров: 11000
  • Автор: janar
  • Дата: 4-12-2010, 18:39
  • 0
4-12-2010, 18:39

Жас дәурен

Категория: Туған күнге тілектер » Жас дәурен (13-25)

Жас дәурен
Көлдей көңіл тілеймін таусылмайтын,

өзендей өмір болсын сарқылмайтын.

Аспаның айлы түндей ашық болсын,

Дұшпаның бір өзіңнен қашық болсын.

Айта берсек тілек көп таусылмайтын,

Жаза берсек, қалам көп майыспайтын.

Жүректегі тілекті өлеңменен

Жеткіземін мен саған шын көңілмен!!!

 *******************

 Өмірде үш бақыт құсы бар: Көгершін, Қарлығаш, Аққу.

Көгершіннің мейірімділігін, Қарлығаштың қайырымдылығын,

Аққудың ақ махаббатын тілеймін.

 *************************************

 Өткенге өкінбе, Болашақты болжама, осы шақты бағала.

 ***********************

 Өмір  – теңіз, жүзе біл, махаббат келсе күте біл.

Өмір – асқар асулар, тек сүрінбей өте біл.

 ************************

 Өзендей өмір, көлдей көңіл тілеймін.

 ************************

 Шаттыққа толы  күндер,

Думанға толы кештер,

Ыстық құшаққа толы  түндер тілеймін.

 **********************

Арманың биік болсын,

Қиялың жүйрік болсын.

 **********************

 Қыстай қатты денсаулық,

көктемдей көңілді өмір,

жаздай ыстық махаббат,

күздей мол табыс тілеймін

 ********************

Арманың алдамасын,

Өмірің өкіндірмесін.

Махаббатың мұңайтпасын.

 *******************

 Жеңілі мен ауыры, шуағы мен дауылы қатар жүретін

Өмір атты ұзақ жолдың аяғы талмас жолаушысы бол!

Өмір қуанышын сыйлаған ата-анаң мен жанашыр бауырларыңның көз қуанышы, сүйіктіңнің аяулысы, достарыңның қалаулысы бол!

Арайлап атқан әрбір таң мен нұрлана батқан әрбір кеш бақыт сыйласын!

 *******************

 Өмір атты теңізде Бақыт атты кемемен жүзіп өтуіңе тілектеспін!

 ********************

Ана құшағындай жылулық,

Көктем гүліндей сұлулық,

Атар таңның шапағатын,

Қос  аққудың махаббатын,

Аспандарың  ашық болсын,

Әрбір  басқан  қадамың сәтті болсын!!!

 *******************

Мейірлі жүзің болсын,

Дархан пейілің болсын.

Қайсар жігерің,

Бауырмал  мінезің болсын!

 **********************

Әрдайым Алланың назарында, бақыттың базарында жүр.

 ***********************

Бүркіттің жүрегін, нағыз достың ниетін тілеймін.

Мәңгі бақи ажырамас шын ғашықтың білегін тілеймін.

 ********************

 Әрбір атқан таңың ажарлы, тірлігің базарлы болсын.

 *************

Жанарың әрдайым нұр шашып,

жүзің күндей күлімдеп,

жүрегің жаздай жайнап,

көңілің көктемдей жадырасын.

 *************

Қуаныш пен шаттық, махаббат пен әсемдік, жеміс пен жеңіс тілеймін.

 *************

 Еңбек жолыңа шалқар шабыт, тартулы табыстар тілеймін.

 *************

 Бастарыңыздан бақ, дастархандарыңыздан береке кетпесін!

 *************

 Шаңырағыңыздан шаттық, босағаңыздан қызық-қуаныш кетпесін!

 ***********

Жүзің нұрлы болсын,

Жүрегің сырлы болсын,

Тілің жырлы болсын.

 *******************************

Өзіңе арманның аяулысын,

бақыттың баяндысын,

жолдардың сәттісін,

махаббаттың тәттісін тілеймін

 *******************************

Көңiлiң ақ болсын. Басыңа қонган бақ болсын. Отырған орның тақ болсын. Достарың саған жақ болсын. Дұшпандарың жоқ болсын. Жолдастарың көп болсын. Ата-анаңның аяулысы, достарыңның қалаулысы, суйгенiңнiң сүйiктiсi бол. Әрқашан ашық жарқын, кешiрiмдi бол. Езуiңнен күлкi кетпесiн. ДЕНСАУЛЫғЫң мықты болсын. Бай қуатты бол.

^