» » Сөз жауһары - мақал-мәтелдер
Информация к новости
  • Просмотров: 609
  • Автор: janar
  • Дата: 29-06-2016, 07:14
  • 0
29-06-2016, 07:14

Сөз жауһары - мақал-мәтелдер

Категория: Шығармалар

ЖМИ НИЖЕ ССЫЛКУ, ЧТОБ УВИДЕТЬ ВЕСЬ ТЕКСТ ПОЗДРАВЛЕНИЙ!
Сөз жауһары
(мақал-мәтелдер туралы)

Мақал-мәтелдер – халық даналығы, сөз маржаны.
М.Әлімбаев

Жоспар:
І. Ұрпақтан-ұрпаққа жеткен ұлағатты сөз
ІІ. Зерделілер зерттеуі
Өмірді сан қырынан өрнектеген өнер

Тынысы кең, тылсым сөз

ІІІ. Мақал-мәтел – халық даналығы, сөз маржаны

Қазақ – жаратылысынан өрелі халық. Тумысы бөлек. Өмірі – өнеге, бесігі – жыр. Табиғат халқынан сыйын аямаған. Сөздің сүбелісі, жырдың сыралғысы, ойдың тұнығы – бәрі-бәрі қазақта. Тарихын тасқа жазған текті халықтың ғасырлардан келе жатқан рухани мұралары телегей теңіз. Тағылымды мақалы, ғибратты жыр-термесі, жалықтырмас ертегісі, ән-күйі, ғашықтың дастандары, батырлық жыры, шешендік ой-толғаулары, айтыстары т.б. ғасырдан-ғасырға жалғасып, бабадан қалған қасиетті тұмардай халық жадында сақталып келеді. Сондай рухани мұрасының бірі – мақал-мәтелдер.
Мақал-мәтелдер – ғасырлар шежіресі. Онда халықтың басынан кешкен тарихы, өмірден түйген тәлімі, өмір сүру дағдысы, көзқарасы, ақыл-өнегесі көрініс тапқан.
Қазақ халқы мақал-мәтелдерге ерекше мән берген.
Өмірден түйген ақыл-парасатын, өнеге-үлгісін мақал-мәтелдер арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. Мақал-мәтелдерге халықтың ұлы зиялылары да ерекше мән беріп, сөздің маржаны, жауһары ретінде қастерлей білген. Себебі, мақал-мәтелдер аз сөзге көп мағына сыйғызып, айтар ойды ұтқыр да тиянақты жеткізе білетін қабілетімен ерекшеленеді.
«Мақал да тақпаққа жақын салт-санасына сәйкес айтылатын пікірлер. Тақпақтан гөрі мақал маңызды, шыны келеді»,  -деп  А.Байтұрсынұлы мақал-мәтелдердің қазақ халқы үшін маңызды екенін ашып көрсеткен.
Мақал-мәтелдердің өмірдегі қолданыс аясы өте кең, соған орай олардың тақырыптары да әр алуан. Ол халықтың әлеуметтік-саяси, тұрмыстық-шаруашылық, рухани өмірін түгел қамтиды. Мақал-мәтелдердің басты-басты тақырыптары – Отан, атамекен, туған жерге байланысты. Еліне емірене сүйген халық Отанын шексіз сүюді ұрпағына өсиет еткен.
«Өз елің – алтың бесік», «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас», «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі» деген мақал-мәтелдерде халықтың туған жеріне, Атамекеніне, еліне деген сүйіспеншілік терең түйінделген.
Мақал-мәтелдердің үлкен бір саласы еңбекке арналған. Халық еңбекті әрдайым ардақтап, барлық ырыс пен игіліктің көзі деп білген. Бұл «Еңбек түбі – береке, көптің түбі – мереке», «Ер дәулеті – еңбек», «Бейнет, бейнет түбі – зейнет» деген мақалдардан айқын аңғарылады. Халық еңбек пен бақытты егіз деп қараған. Адамды адам атандырып, құрмет-қуанышқа қол жеткізетін – еңбек  деп білген. «Еңбегіне қарай – құрмет, жасына қарай – ізет», «Еңбек – ерлікке жеткізер, ерлік – елдікке жеткізер», «Бір еңбектің – бір рақаты бар» деп, қазақ халқы еңбекті мейлінше дәріптеген.
Мақал-мәтелдердің ені бір саласы ерлікке, батырлыққа байланысты туған. Қазақ халқы ерлік пен елдікті бірдей көрген. «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар», «Ер – елімен жақсы», «Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі», Елі жоқ жер – жетім, ері жоқ ел – жетім» деп ел қорғаны батырларды мадақтаған. Мақал-мәтелдерде ер мен ез, батыр мен қорқақ қатар айтылады. Сөйтіп, елден туған ерді үлгі-өнеге етеді, қоян жүрек қорқақты сынайды, жастарды ерлікке баулуды мақсат етеді.
Мақал-мәтелдердің бір Алуаны достыққа, жолдастыққа арналған. «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды», «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады», «Ағаш тамырымен, адам досымен мықты», «Жолдасы жақсы – жолды болар, жолдасы жаман – қолды болар» деп, достық пен дұшпандықты, жақсы жолдас пен жаман жолдасты салыстыра отырып, адал досты, жақсы жолдасты үлгі етеді.
Мақал-мәтелдерде өнер-білім, оқу, ғылым дәріптеледі. Қазақ халқы олардың қоғамдық өмірдегі орнын ерекше бағалаған. Адамзат баласының дүние тіршілігіндегі қол жеткен табыстары адам еңбегінің, ғылым-білімінің жемісі. Сондықтан халық: «Білімді өлмес – қағазда аты қалар, ұста өлмес – істеген заты қалар», «Кітап оқығандікі, білім тоқығандікі», Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деп өнер-білімге үндеген.
Өнер ішінде халық шешендікті, сөз өнерін жоғары бағалаған. «Өнер алды – қызыл тіл», «Тіл қылыштан өткір», «Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады», «Шешеннің тілі – семсердің жүзі»  деп, ақыл сөздің асыл қасиетін қастерлеген.
Мақал-мәтелдер – өмірді сан қырынан өрнектей білетін ұлы өнер, сөз сарасы.
Мақал-мәтел – сөз мәйегі, асылы, саф алтыны. Олар сөз дәлдігімен, мағынасының тереңдігімен, айтуға жеңіл ықшамдылығымен ерекшеленеді. Мақал-мәтелдерде көбіне нақыл сөз, ғибрат-өнеге айтылады. Мақал-мәтел қара сөз үлгісіне және поэзияға тән ырғақ, үйлесім түрінде келеді. Мақал-мәтелдер дыбыс үндестігі мен ұйқас түрлеріне құрылып, айтылуға жеңіл және жаттауға ыңғайлы болып келеді. Мысалы, «Ісі  кенеулінің – есімі елеулі», «Жау жоқ деме, жар астында», «Берекесіздің ауылы мерекесіз» деген мақалдарда бір дыбыстар бірнеше рет қайталанып, мақалдың саздылығын ұлғайтады. Сонымен қатар мақал-мәтелдерде ұйқас сөздер, қайталама сөздер, мәндес сөздер, қарсы мәндес сөздер  жиі кездесіп, ойды күшейтеді. Яғни мақал-мәтелдер өзіне тән ерекшеліктері, өзіне тән тылсым сырлары, өзіне тән табиғаты бар ерекше тілдік бірліктер болып табылады.
Халқымыздың көрнекті ақын-жазушылары өз шығармаларында осынау даналықтарды қолдану арқылы, оқиғаның, іс-әрекеттердің, құбылыстардың, мінез-қасиеттердің бейнесін көркем жеткізе білген. Олардың ішінде Абай, Ыбырай, кейін С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, бертін келе Қ.Мырзалиев, М.Әлімбаев сынды қаламгерлерді және т.б. айтамыз.
Мақал-мәтелдер – халық даналығы, халықтық танымның, қоғамдық ой-сананың даму биігін көрсететін, ғибратқа, нақылға, ақыл-парасатқа негізделген сөз маржаны, сөздің сарасы.
Мақал-мәтелдер – ғасырлар шежіресі, халықтың даналық ой-маржаны, сөз жауһары.
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Для зарегистрированных пользователей реклама отключена.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Вопрос:
Адам болсаң "қазақ" деп жауап жаз!
Ответ:*
Введите два слова, показанных на изображении: *
^