Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 5044
  • Автор: janar
  • Дата: 16-01-2015, 05:36
  • 0
16-01-2015, 05:36

Арудың сарбазға хаты /Өтінішпен жазылған Ғабиден Қожахмет

Категория: Ғашығыма, Отан қорғаушылар күні

Арудың солдатқа хаты
 (Өтінішпен жазылған өлең,жазған Ғ.Қожахмет)

Әскердесің,
Сенсіз жалғыз жүргенім
болмаса тек,
Сеніменен біргемін.
Сүйген жүрек күн санайды осында,
Келді ме 
Информация к новости
  • 0
4-10-2014, 04:23

Көрші қыз. Erkosh Slamgaliev

Категория: Аралас » Ғашығыма

Таң атқанда жүгіретін, күшігімен көрші қыз,
Атын танып білмеуші едім,
бірақ, біздер көршіміз!
Терезеден сығалаған - мені байқап қоятын,
Сезімімді сезбеуші едің,
Әттең, әттең, көрші қыз!

Суреттедім,
ұйықтап жатып түсімде,
Сурет па едің,
ғажап па әлде, мүсін бе?
Терезеден сығалаған – маған қарап жымидың,
Бұл не пәле?
жоқ, сиқырлы күшің бе?

Көңілімде көктем орнап кететін де тұратын,
Сені көріп, арнасынан тасып жатты қуатым.
Өзгерісін сезесің бе, көрші қыз-ау, сезімнің
Қылқаламын қолына ап, жиі шабыт тұнатын?

Тіл қатамын саған қарап,
бірақ, әйнек артында.
Сұлулығың сақтала ма өмір бойы қалпында?
Сеніменен шектеп қойған ылғи шыны болатын,
Сен деп жүрмін менің жұбым, менің жұбым, жартым да.

Жүгіресің, күшігіңді ойнақтатып жаныңда,
Боп тұрасың айналардай гүл бейнеңмен сағымға.
Сені көріп, сырға батып, түйінімді түсіндім,
Шектеудің жоқ екендігін сезім дейтін ағынға.

Шыны артында әлі жүрмін тіл қатуға бата алмай,
Терезеде әлі тұрмын, ілмекті ұстап аша алмай.
Сені көріп, күтіп алып, сезсем бе деп қолыңды
Есікті ашам, іркілемін, тысқа қадам баса алмай.

Сол бір түні мен өзімде батылдықты ашқанмын
Ал, таңертең жүгіретін – сені күтіп тосқанмын
Бұрылыстан сені көріп қуанған ем,
Қап! Әттең!
Күшігің жоқ,
Қолын ұстап келе жаттың басқаның.

Ғашық болған жүрегіме жоқ ешқашан кешірім,
Тимегені дұрыс болды менің саған кесірім.
Саған қарап сығалайтын әйнектегі жақтауда
Қалып қойды суретің мен «Көрші қыз» деп есімің.
Е. Сламғалиев.
Информация к новости
  • Просмотров: 6104
  • Автор: janar
  • Дата: 18-08-2013, 14:30
  • 0
18-08-2013, 14:30

Махаббат күніне арналған өлеңдер

Категория: Ғашығыма, Соңғы қосылған дүниелер

Келді бүгін бар сырын қозғағалы
  (Махаббат күніне орай өтінішпен жазылған жырлар)

Жігіт сөзі:
Жан сырымды көзімнен жалықпай ұқ,
Бөтен мінез ешқашан танытпайық.
Сынарына сыр ашқан қос аққудай,
Махаббаттың көгінде қалықтайық.
Бір өзіңді ойлаудан тасынғаным,
Тәубе дейік жолыққан ғасырға мың.
Қанатыңмен жебеген,ақ періштем,
Сенсің енді таң жұлдыз,асыл бағым!
Тек сен жайлы жайлы жүректен тарасын ән,
Қымбат дер ем өзіңді бар асылдан.
Көрдім сені,ұнатып сүйдім сені,
Таңдап алып көп қыздың арасынан.
Сені көрдім-басқаны елемедім,
Жүрегімді жауладың неге менің?!
Сен бола алсаң айнымас Қыз-Жібегім,
Мен болайын мәңгілік Төлегенің!
Бергеннен соң тәңірім ердің жүгін,
Қыздар жақтан сезімнің тердім гүлін.
Бір өзіңді көрдім де,содан бері,
Махаббаттың барына сендім бүгін.
Жан екенсің жырдағы Баяндайын,
Енді,жаным,несіне алаңдайын.
Баян болып сен менің бағымды ашсаң,
Қозың болып қалайша жаралмайын.
Таптым сені аралап қыздар бағын,
Теңемеймін өзіңді қыздарға мың.
Сені ойлайын,сәт сайын,сағат сайын,
Көшесінде жүргенде Қызылорданың.
Махаббаттың бағында егіз жанбыз,
Шуақ шашқан,гүл атқан кезің,бал қыз.
Біз бір қайың жарасып қатар өскен,
Жүрек жалғыз,сен жалғыз,сезім жалғыз!

Қыз сөзі:
Үмітімді дегенде үзді ме мұң?
Әкелер деп қорқып ем күзгі лебін.
Серілердің сырынан күдер үзіп,
Жүргенімде сен ұқтың қыз-жүрегін.
Ермеп едім ешкімнің ырқына әлі,
Енді көңіл өзің деп ұмтылады.
Менің нәзік жүрегім сырға толы,
Тек сені ойлап,сені ойлап бұлқынады.
Қуат жатар жігіттің сөзінде бір,
Ұнатасың-бар сырың көзіңде тұр.
Алып-ұшып барады қыз-көңілім,
Қыз-жүрегім өртенді сезімге бір.
***
Армандар боп жүректен озған әні,
Келді бүгін бар сырын қозғағалы.
Ерке-елік бойжеткен,ұғын да оны,
Кеудесінен итерме бозбаланы.
Айтылмасын тағдырдың ызғар әні,
Сүйеді ару,сондықтан қызғанады.
Сенім артты ол бүгін махаббатқа,
Жетелетіп арманы қыз баланы.
Бейтаныстар болса егер-танысыңдар,
Күтіп тұрған тағдырдан тағы сын бар.
Сыңар жүрек жандарға мүмкіндік мол,
Ғашық жандар,осы күн табысыңдар!
Сезім жыры болмаса ән келмейді,
Ыстық көңіл жарасып,жан тербейді.
Бар болса егер өмірде ғашық жандар,
Ізгіліктің рухы мәңгі өлмейді!

              Қыз сыры
    (өтінішпен жазылған)

Махаббат көліне арайлы аққуы қонған күні,
Сенім биігінде алаулы үміттің жанған күні,
Аққу-сезімімнің ән боп самғаған арман күні-
Жолықтым саған.
Көңіліңнің толқыны сайтан сезімге ерген күні,
Мынау ұлы далаға бір жаңа леп келген түні,
Менің нәзік жүрегім махаббат дүниесіне сенген күні-
Біз түсінік таппадык.
Қыз-намысым абырой биігінен көрінгені үшін,
Қыз-жүрегім махаббат тазалығына берілгені үшін,
Ар-намысым жеңіл ләззаттан жерінгені үшін-
Кінәладың мені.
Сенің жігіттік биігіңе сенгенім үшін,
Сене тұрып,соңыңнан ергенім үшін,
Сені бар жігіттен артық көргенім үшін-
Мен кінәлі емеспін.
Бір сені ессіз көбелектей сүйгенім үшін,
Жүректе ойнаған сезім атты күйлерім үшін,
Сенің алдыңда қыз-тәкаппарлығымды игенім үшін-
Кінәла мені.
Сен жайлы құрбыға айтқан мақтаным үшін,
Түн қойнында сені ғана ойлап жатқаным үшін,
Бір сен деп көз ілмеген ақ таңым үшін-
Кінәла мені.
Саған деген тазалықтан өзге айдында жүзбегенім үшін,
Көкіректегі "менімді" жоғалтып,"БІЗ" дегенім үшін,
Өмір толқынынан тек сені іздегенім үшін-
Кінәла мені.
Өзгелер үшін Махаббат деп аталатынымыз үшін,
Өзге жұптарға тигізер шапағатымыз үшін,
Көз жасы киелі махаббатымыз үшін-
Түсін мені!

Өлеңдердің авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы
Информация к новости
  • Просмотров: 4911
  • Автор: janar
  • Дата: 28-06-2013, 15:53
  • 0
28-06-2013, 15:53

Махаббат туралы үш өлең /қосқан Ғабиден Қожахмет Қызылордадан

Категория: Ғашығыма, Өлең - сөздің патшасы, Соңғы қосылған дүниелер

ЖІГІТ БОЛЫП СҮЙГЕН БІР КЕЗ ӘКЕЛЕР,
БОЙЖЕТКЕН БОП АНАЛАР ДА СЕРТ БЕРГЕН.

               Сезім-жыр

          Махаббат-әзіл

  Өкпелесіп қалып еді қос ғашық

Информация к новости
  • Просмотров: 4690
  • Автор: janar
  • Дата: 20-06-2013, 16:51
  • 0
20-06-2013, 16:51

Сезім әуендері /қосқан Ғабиден Қожахмет Қызыордадан

Категория: SMS хаттар, Әзіл тілектер, Ән - көңілдің ажары, Соңғы қосылған дүниелер

Сезiм әуендерi

Естiледi дара даусы тұлпардың,
Көкжиектен сенiммен қол бұлғар күн.
Өшпес мұра болып қалды-ау әндерi,
Алпысыншы-жетпiсiншi жылдардың.
Сезiледi сол жылдардың 
...............

   Агент-әуен.Әзiл

(Ш.Қалдәяқовтың "Сыр сұлуы" әнімен)
Mail-дан почта ашылушы еді,
Есімде пароль сөздері.
Бір ару соған асығушы еді,
...................
***
(М.Шахановтың "Гүлдәурен" әнімен)
Агенттің арнасында,
Шалқып мөлдір сезімменен.
Сол бір айдың ортасында,
Танысып ем өзіңменен.
Қ-сы: Көңіл,шіркін,құлады да,
Сездім махаббатымды.
Агенттің блогына,
Жаздым талай атыңды.
..............................
***

авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы

Метки к статье: агент туралы әзіл өлеңдер

Информация к новости
  • Просмотров: 9047
  • Автор: aksana
  • Дата: 6-01-2013, 11:39
  • 0
6-01-2013, 11:39

Махаббат мұңы \сайт оқырманы Аксана қосқан\

Категория: Ғашығыма, Соңғы қосылған дүниелер

Көңілім саған деген суыды жаным,
Сезімімді сен менің ойламадың.
Кешіре алмадым оныңды, кешірмеймін,
Бір айтарым мәңгі мені ұмыт деймін.

Ақымақтық бопты саған сенгенім,
"Жаным" деген сөздеріңе көнгенім.
Үздің ғой сол бір нәзік 

Информация к новости
  • Просмотров: 5775
  • Автор: janar
  • Дата: 6-06-2012, 09:16
  • 0
6-06-2012, 09:16

Жаныма үндеу /Мейрам Ахметов қосқан өлең/

Категория: Ғашығыма, Соңғы қосылған дүниелер

Мейрам Ахметов қосқан өлең 
Мәні кетті.
Сәні кетті.
Өмірім босқа өтуде.
Үндемейсің.
Сөйлемейсің.

Информация к новости
  • Просмотров: 2643
  • Автор: Venera
  • Дата: 2-05-2012, 05:08
  • 0
2-05-2012, 05:08

Ұмыт болармын тарағаннан соң мастығың /қосқан Венера/

Категория: Аралас

Өтеді жылдар ,өтеді бір күн жастығым,
Жолыңа әлі қарайлап жүрмін әс-күнім!
Хабарласасың,сағынып,бәлкім,ерігіп.....
Ұмыт болармын,тарағаннан соң мастығың?!

Күрмеліп тілің, былдырлап сәби баладай
Қуанды жаным ,есіз күйіңе қарамай,
әрбір минутты тілдескен жаным өзіңмен
бақытқа балап , шынайы шаттық сезінгем

Сүйемін сені,бәлкім тек қана жүрекпен
Қолымды создым ,қарсы алар деген ниетпен
Ал сенде үн жоқ,жоқ сенде тіпті байланыс!
Телефоныңды сөндіре бердің неліктен?!

Метки к статье: vvv

Информация к новости
  • Просмотров: 2761
  • Автор: Venera
  • Дата: 2-05-2012, 04:57
  • 0
2-05-2012, 04:57

Сезімнің жетегінде /қосқан Венера/

Категория: Аралас

Кімді алдағам?! Тек қана өз-өзімді,
Жандырып жанып біткен күл сезімді,
Аялап солып қалған гүл сезімді
Тоздырып бойымдағы бар төзімді

Кімді алдағам:?!Өзімнің жүрегімді,
алдамшы үміт силап аямастан ,
Білсемде жылап тұрып ,күлерімді,
Ұмтылдым ,ешнәрсеге қарамастан...

Бәріне төтеп беріп жалғыз өзім,
Уақыт та дәл мен үшін түк еместей!
Ал сенің керек еді жалғыз сөзің
сен болсаң жүре бердің құр елестей.

Метки к статье: незнаю

Информация к новости
  • Просмотров: 10482
  • Автор: janar
  • Дата: 28-12-2011, 04:13
  • 0
28-12-2011, 04:13

сыныптас досымның 70 жасқа толуымен құттықтау

Категория: Аталық (61-73), Досыма

Темірше Сарыбайұлы

Аш қасқырдай бізді қамап бар кемдік,

От та жақтық, су да әкелдік, нан көмдік.

Мына өмірге көнтерідей көндігіп,

Келе-келе, бара-бара әлдендік.

 

Қарынымыз қампимай-ақ қойды асқа,

Күнкөрістен болған да емес ой басқа.

Назад Вперед
^