Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 3186
  • Автор: janar
  • Дата: 26-12-2010, 14:59
  • 0
26-12-2010, 14:59

Сауыққанға тілек

Категория: Дәстүрлі тойларға » Той иесінің сөзі

Бажа, балдыз, күйеулер, туыстарым

Бақытты бол келешекте осы бәрің.

Дәм татсын деп бәріңді шақырып ем,

Жуайын деп жұбайымның жазылғанын.

Жанашырым жалғыз ұл, сүйген жарым,

Кім ойлаған бұлай боп ауырарын.

Жаның қалмай бәрің де жүгірдіңдер,

Осы отырған туыстар барлықтарың.

 

Ал айтарым тыңдасаң саған, жарым,

Ең керегі адамға зор денсаулық.

Жалғызыңның қызығын көрем десең

Алаңдамай еш нәрсеге жаныңды күт.

*************

Информация к новости
  • Просмотров: 7344
  • Автор: janar
  • Дата: 14-12-2010, 17:35
  • 0
14-12-2010, 17:35

той иесінің сөзі

Категория: Дәстүрлі тойларға » Той иесінің сөзі

                Ардақты ағайын! Көппен көргеннің арманы жоқ, ел қариясы – ел қазынасы деген. Қарты бар үйдің құты бар дейді. Бүгін аяулы әкеміздің Пайғамбар жасы – 63 жылдық мерей тойын Сіздермен бірге атап өтіп отырғанымызға қуаныштымыз. Ата-анамыздың, олардың қатарының өмір жолы қайсарлардың заманы болды. Бізді бүгінгі күнге жеткізген осы әкелеріміз бен аналарымыздың еңбегі. Әкеміз анамызбен екеуі қатарымыздан қалдырмай өсіре білгеніне ризашылықпен басымызды иеміз.

                 Осы орайда замандастарын, ағайын-туыстарды жиып, әкеміздің 63 жасқа келуін тойлап, мерейін көтеруге ұйғардық. Ең жақсы құрмет олардың адал атына кір келтірмеу деп ойлаймыз. Адалдық, адамгершілік, алдымен өзіңе талапшыл болу – ата-анамыздың көрсеткен өнегесі.

               Қадірлі ағайын! Бәріңізге де осындай қуаныш тілейміз, әкеміздің жасына жетіңіздер. Ал ата-анамызға ұзақ ғұмыр, денсаулық тілейміз. Әкеміз – асқар тауымыз. Біз есейіп кетсек те, панамыз. Ата-ананың қадірін балалы болғанда білесің демекші, бұл күнде өзіміз ата-ана болған кезде олардың еңбегін толық түсініп отырмыз. Біздің көз алдымызда өмірге қуанып жүре берулерін Алладан тілейміз.  

            Менің атыма да айтқан тілектеріңізге мың да бір рахмет.

            Көргеніміз үнемі той болсын, тойда жолығып жүрейік ағайын!

 

************************

Информация к новости
  • Просмотров: 7701
  • Автор: janar
  • Дата: 6-12-2010, 16:52
  • 0
6-12-2010, 16:52

той бастар сөз

Категория: Дәстүрлі тойларға » Той иесінің сөзі

 

Той бастар сөз

 

Құрметті ағайын! Тойымызға келгендеріңізге көп рахмет! Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер деген. Балаларым менің 80 жылдық тойымды жасап отыр. Сіздермен бірге өткізгеніме разымын.

Бір күн дәмдеске қырық күн сәлем деген. Заманында қызмет еттік, баларымызды өсірдік. Енді соның жемісін көріп отырмыз. Ақсақалдың батасын алған, Құдайдың рахметіне жолығар деген ұлағатты сөз бар. Балаларымыз көзімізге әлі кішкентай көрінгенімен, бұлар да үлкен азамат болып, біздің атымызға кір келтірмей еңбек етіп келеді. Өміріміздің жалғасы – балаларымыз, оларға Алла біздің жасымызды берсін, өмірлері ұзақ, дендері сау болсын деп тілейік. Ертең өздерінің балалары да бұлардың тойларын жасап жүрсін.

Өзімнің замандастарыма да осындай жақсылық тілеймін. Бала-шағаларыңыздың рахатын көріңіздер. Көргеніміз той болсын. Басымыз тойда жиналып жүрсін. Рахмет. 

 

******************************

 

Информация к новости
  • Просмотров: 7479
  • Автор: janar
  • Дата: 5-12-2010, 18:31
  • 0
5-12-2010, 18:31

той иесінің сөзі

Категория: Дәстүрлі тойларға » Той иесінің сөзі

Құрметті ханымдар мен мырзалар, мына жиналған туған-туысқан, дос-жаран! Сіздерге айтарым, тойымызға келгендеріңізге көп рахмет. Тойда жақсы, көңілді отырдыңыздар. Соның арқасында тойымыз жақсы өтті деп ойлаймыз. Осы қуанышымызбен ортақтасып, ыстық лебіздеріңізді білдіріп, қаншама тамаша тілектер айттыңыздар. Бәрі де қабыл болсын және өздеріңізге жұғысты болсын, Сіздерге де игі тілектер тілейміз. Алда әлі той көп. Басымыз үнемі тойда қосылып жүрсін. Рахмет.

 

********************************

^