» Ана тілі туралы шығарма
Информация к новости
  • Просмотров: 4658
  • Автор: janar
  • Дата: 28-01-2014, 18:23
  • 0
28-01-2014, 18:23

Ана тілі туралы шығарма

Категория: ---

ЖМИ НИЖЕ ССЫЛКУ, ЧТОБ УВИДЕТЬ ВЕСЬ ТЕКСТ ПОЗДРАВЛЕНИЙ!
АНА ТІЛІНЕ АДАЛ БОЛАЙЫҚ!
17.09.2013 18:19 Бауыржан Оңғарбаев, «Алпамыс батыр» қоғамдық қорының президенті
0673


Қазақ тілі жайлы қанатты сөз көп-ақ. Ал ресми анықтамаға көз жүгіртіп көріңізші: Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі. 
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.Қазақ тілі –  қазақтың ұлттық  тұтастығы мен бірлігін нығайтып, ұлтты ұйыстырып отырған тіл.
Қазақ тілі – республика көлемінде шоғырланған ұлттар мен диаспоралардың рухани ынтымағын жарастырып, гуманизм мен прогреске жетелеп келе жатқан тілі.
Қазақ тілі – Абай мен Махамбеттің тілі.
Қазақ тілі – «Алпамыс батыр» эпосы мен «Қыз Жібек» лиро-эпостық жырының тілі.
Қазақ тілі – ішкі әлеуеттік мүмкіндіктері мол тіл.
Осы тұстан тоқтайын. Қазақ тілі жайлы мақтанышпен, ұлы махаббатпен, кеуде керіп айтатын бұдан басқа да тегеурінді сөздерімді тізе берсем, толып жатыр. Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі қарсаңында туған тіл туралы сөз қозғауымыздың себебі де жоқ емес.
Қазақ тілі – Қазақстан ұлыстары тілдерінің эпицентрі, ұйытқысы. Мемлекетімізді мекендеген өзге ұлт өкілдері осы орталықтың шуағына бөленіп, нәр алып, еңбек етіп, рухани өсіп-жетіліп, тұрақтылықтың дәм-тұзын татып отыр. Қазақ тілі керегесін кеңге жайған мемлекетіміздің қара шаңырағы болса, басқа ұлт пен диаспора тілдері сол шаңыраққа шаншылған уық іспетті. Уықты бөліп-жармай, біртұтас біріктіріп отырған алтын шаңырағымыз әманда биікте болсын дегім келеді. Шаңырақтан жоғары көк аспан ғой. «Шаңырақ – әкең, уық – шешең, кереге – балаларың» дейді қазақ.
Қазақстан Республикасын әлем таныған тәуелсіз мемлекет тұғырына қондырған тарихи тұлға Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әр жылдары айтқан ойлары мен пікірлері жалпыадамзаттық құндылықтарға қосқан үлкен үлес болып табылады. Елбасы ойларының алтын арқауы – тіл туралы қандай тамаша айталған.
Мысал келтірейк пе, мінекейіңіз:
«Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы.
Ұлттық сана ұлттық тілмен қалыптасады.
Ұлтты күшейтудің бірінші тетігі – тіл.
Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде». Бұл сөздер – ананың әлдиімен бойына таралып, ананың бал сүтімен сүйегіне сіңген, ана тілін аялаған Елбасы ой-қазынасының бір парасы ғана. Қазақстанның болашағын жарқын етуде, қазақ ұлтын күшейтуде тілдің атқарар рөліне аса мән берген Елбасының аталы сөзін – атаның ақылы  мен даналығына суарылған сөз деп қарауымыз керек.
Президент айтқандай, халқымыздың мерейін тасытып, мәртебесін асқақтатуға, ұлт бірлігін нығайтып, халықтар достығын шыңдауға, тәуелсіздігіміздің тұғырын биіктетуге, қазақ елін бүкіл әлемге паш етуге, ұлт потенциалын мейлінше көтеруге қазақ тілінің құдіреті жетеді. Қазақ тілі басшы, өзге ұлттар мен диаспоралар тілі қосшы болғанда, мәңгілік елге айналамыз. Қазақ тіліне құрмет көрсетіп, қадірлеу, қастерлеп, қамқор болу –әрбір қазақтың, әрбір қазақстандықтың төл міндеті. Ғабит Мүсіреповше айтсақ: «Ана тілін құрметтемеу – ештемені сыйламау деген сөз».
Халқымыздың даңқты батыры, ұлы қолбасшы Бауыржан Момышұлы өткен ғасырдың 40-жылдары тіл мәселесі туралы: «Мен әскери адаммын. Тіл туралы араласарлық жөнім жоқ сияқты, бірақ та айтылған мәселелер халқымызың жауынгерлік мінез-құлқын тәрбиелеу, салт-сана, ел намысы, ер намысы, адамгершілік арына, жауынгерлік мұра-дәстүріне ерекше байланысты болғандықтан, көріп, біліп, сезіп тұрып айтпағанымды өзіме үлкен ар, кешпес күнә деп түсінгендігімнен жазып отырмын» депті.
Халық батыры айтса, қалт айтпапты. Біздің әрбіріміз батыр Бауыржаннан өнеге алып, тіл байлығына, тіл тазалығына, тіл мәдениетіне бей-жай қарамауымыз керек. Біздің әрбіріміз бәрінен де қымбат қазақ тілінің саламаттығын қалыптастыруды қолға алуымыз керек.
Мен – кәсіпкер адаммын. Менің туған тіл туралы толғанысым біреулерге біртүрлі болып көрінуі әбден мүмкін. Бірақ ұлттық тіліміздің ұпайын түгендеуді өзімнің азаматтық міндетім санаймын. Өйткені өз болашағымды ұлтымыздың анасы – ана тілінен іздеймін. Қазақ тілінің мерейі – менің мерейім.
Ана тілін сүймеу мүмкін бе? Халықтың тағдыры тіліне байланысты. Мені мұратқа жеткізетін-ана тілі деп білемін.
Бүгінгі күннің биігінен қарасақ, мемлекеттік тіл мәртебесіне ие ұлттық ұлы тіліміздің алдында ұяттымыз. Туған тіліміз биік тұғырда берік отыр деп айта алмаймыз. Тілге қамқорлық бар болғанымен, оның асқақтап кетуінен қорқып, аяқтан шалушылар көп. «Шала қазақтар» мен «космополит» қандастар көбейіп тұр. Бірақ менің ойымша, уақыт бәрін өз орнына қояды. Бірақ қазақ тіліне деген қамқорлық пен қырағылық, құрмет пен қошемет бір сәт те толастамауы тиіс.
Қазақ тіліінің құдіреті, байлығы, нәзіктігі, бейнелілігі, тереңдігі, ойнақылығы туралы ғажап пікірлер мен ой-орамдарына мән беріп көрейікші. Қазақ деген қабілетті халықтың тіліне В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский, Н.И.Ильминский, АЯнушкевич сияқты зерттеушілер аса зор баға берсе, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов сияқты алыптарымыз ана  тілін аяқасты етпеуді, тілге ізгілік тұрғысынан қарауды өсиет еткен.
Ендеше,  аталар өсиетіне адал болайық!
Қазақстандағы ұлт пен ұлыстар ана тіліміздің аясында кең қанат жая берсін.
Ойымызды қорытындылап, өлең сөздерімен өрнектесек:
Туған тілім қандай әсем –
Тас бұлақтай тазалығың.
Естіледі құлағыма,
Сыңғырлаған ғажап үнің.
Сені сүйіп, сағынатын
Мен даланың қазағымын.
Сенсіз өмір сүре алмаймын,
Мен осыны анық білдім.
Сен қиянат көрмесін деп,
Жігерімді жанып жүрмін.
Асқақтай бер, Ана тілім,
Ұйытқысы боп барлық тілдің.
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Для зарегистрированных пользователей реклама отключена.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Вопрос:
Қазақстанның астанасы -
Ответ:*
Введите два слова, показанных на изображении: *
^