» » Адамзат тудырған алып тұлға (Абай туралы)
Информация к новости
  • Просмотров: 3105
  • Автор: janar
  • Дата: 29-06-2016, 07:11
  • 0
29-06-2016, 07:11

Адамзат тудырған алып тұлға (Абай туралы)

Категория: Шығармалар

ЖМИ НИЖЕ ССЫЛКУ, ЧТОБ УВИДЕТЬ ВЕСЬ ТЕКСТ ПОЗДРАВЛЕНИЙ!
Адамзат тудырған алып тұлға.

Тау алыстаған сайын биіктей береді дейді. Осындай тауға теңер, таудай алып тұлғалар әр ғасырларда, әр халық тарихында кездесері сөзсіз. Мен үшін алыстаған сайын ұлылығы биіктей түсетін, әр оқыған сайын терең толғаныс тудыратын, әр шығармасынан толастамас шабыт алатын тұлға – Абай. Абай сынды алып тұлғаның кемел ойларының мәңгілік құндылығы – қазақ қоғамының кешегі, бүгінгі және ертеңгі күнінің өзекті мәселелерімен сабақтастығында. Түптеп келгенде, Абайды тану – қазақ әлемін тану, қазақ халқының адамзаттық өркениеттегі орнын анықтау, тұғырын айқындау.
Абай шығармашылығының мақсат-мұраты – М.Әуезов атап өткеніндей: «Халыққа қызмет ету, адамды қайта тәрбиелейтін және қоғамды қайта қарауға көмегі тиетін жаңалыққа шақыру деп біледі». Осы жағынан алғанда, А.Байтұрсынұлының «Абай сөздері дүнияда қалғаны – қазаққа зор бақ», деуі заңды.
Абайдың ағартушылық ойлары ұлттық мүддемен біте қайнасқан. Ол біріншіден, өркениет деген ұғымның аясы тек бір ғана Батыс әлемімен шектелмейтін ұғындырды, екіншіден, Шығыс пен Батыс өркениетін тоғыстырып, сол арқылы қазақтың өзіндік тұғырын айқындай түсті.
Абай бойындағы адамгершілік қасиет пен өнерге құштарлықтың бастауы – оның екі анасы: әжесі Зере мен анасы Ұлжанның тәрбие-өнегесінде жатыр. Алдынан кесе кісі өтпейтін, қаһарлы Құнанбайдың өзі қаймығатын ел анасы Зере, өз анасы, байсалды парасат иесі Ұлжан екеуі – қазақтың түрлі аңыз, ертегілерін бала Абайға талай жырлаған көкірегі шежіре жандар еді. Бұл Абайдың алғашқы өнеге мектебі болатын. Осы өнеге-мектептен бастау алған құштарлық оны әдебиет шыңына шығарды.
Ауыл молдасынан дәстүрлі дәріс алып, тіл сындырған Абайды Құнанбай Семейдегі Ахмет Риза медресесіне жіберген. Бұл Абайдың болашаққа, әдебиет болашағына басқан алғашқы қадамы болды. Мұнда Абай Шығыс ақындарына қол созады, олардың шығармаларын құмарта оқиды, әдебиетке, поэзияға деген құштарлығы оянады. Оқыған шығармаларының әсерімен қанаттанып, өзі де өлең жазуға талпынады. Осы талпыныс оны әрі қарай алға жетелейді. 13 жасынан әке жанында жүріп, ел ішіндегі бітпейтін дау-шараларға араласу, елдің тауқіметті тіршілігін көру – бала Абайды тез есейтеді. Осының барлығы Абайдың өмірден басты бағыт – әділдік жолын іздеуіне әкеледі. Бұл кез Абай үшін үлкен өмір мектебі, азаматтыққа бет алу кезеңі еді.
Абай мұрасының басым көпшілігі – лирикалық өлеңдер. Ол өлеңдерінде өз заманының қасіретін, білім, өнер іздемей, байлық пен мансап қуған замандастарының кейпін, қарапайым халықтың ауыр тағдырын, «ел ағаларының» болмысын шынайы бейнеледі.
Абай лирикасы – ақынның «қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп ел қамын ойлаған азаматтың асыл жүрегінің күйінуі.
Абай ақындық өнері арқылы халықтың көкірегін ашып, оны дұрыс жолға салудың құралы ретінде қарастырды. Ол өлеңдерінде халықты азғындаудан сақтандырады, жаман әдеттен жиренуге, жақсылықты үйренуге үндейді, адамгершілікке шақырады. Ол өз өлеңдері арқылы халықтың қамқоршысына айналды, алайда ел озбырлары оны аяғынан шалып, көп мүмкіндік бере қоймайды. Осыған налыған Абай «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?» атты туындысында былай деп ой тербейді: «Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым, Етек басты көп көрдім елден бірақ».
«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңінде ақын халқына арнай сөйлеп, елінің бойындағы бар жағымсыз қасиеттерді күйіне, ашына сынайды. Елдің бірлік ынтымағын емес, өз жәйін күйттеген замандастарын сынға алады. Елінің надандық құшағында, айтыс-тартыста қор болып өтіп жатқан сүреңсіз тірлігіне осындай «бас-басына би болған өңшең қиқымдар» кінәлі деп анықтайды. Бұл – елін сүйген, сол үшін жаны күйзелген, «қалың елі - қазағын» береке-бірлікке шақырған азаматтың үні.
Надандықты жоюдың жолы ретінде Абай ғылым-білімді үйренуді, оқуды айтады. «Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз» деп жастарды ғылым мен өнерді игеруге шақырады, өзінің «жасында ғылым бар деп ескермегенін», яғни жас кезінде ізденіп, білім, ғылым қуа алмағанын, өкінішін «Қолымды дөп сермесем өстер ме едім» деген жолдармен білдіреді. Оқудағы, білім алудағы мақсат «қызмет қылып, шен алу» емес, халыққа өнер-білім арнауға үндейді. Ғылым мен өнерді игеруге талаптанған жастарға ақын «адам болам десеңіз, бес асыл істі серік ет, бес дұшпаннан аулақ бол» деп үйретеді.
«Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ» дегендегі Абайдың мақсаты «ойлы жастарға үлгі болу», ақындық арқылы тәрбиеге шақыру. Ақындықтың атқаратын қоғамдық қызметі туралы Абайдың ойы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңінде берілген. Өлеңнің атауының өзінде – Абайдың ақындық та, азаматтық мұраты да көрініс тапқан. «Көкірегі сезімді, тілі орамды, Жаздым үлгі жастарға бермек үшін» деген жолдарда ұлы жүрек сөзі жатыр.
Абай мұрасының қомақты бір саласын оның 90-жылдарда жазған қара сөздері құрайды. Өмірден көрген-білгені, көңілге түйгені көп Абай өзінің осы даналық тағылымын жұртымен бөлісу мақсатымен жазған.  Қара сөздерінде ақын қоғам өміріндегі, адам тіршілігіндегі маңызды әлеуметтік мәселелерді көтереді.
Абай екінші, үшінші, он бірінші, жиырма екінші, қырық екінші қара сөздерінде қазақтың жалқау, арызқой, берекесіз тірлігі мен жаман әдет-салтын сынай отырып, «мұның бәрі төрт аяқты малды көбейтеміннен басқа ойының жоқтығынан, өзге: егін, сауда, өнер, ғылым – солар секілді нәрселерге салынса, бұлай болмас еді» деп түсіндіреді. Бұл ойлар ақынның саяси-әлеуметтік тақырыптағы көптеген өлеңдерінде де «Жігіттер, ойын – арзан, күлкі – қымбат», «Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ», «Сегіз аяқ» алтын арқау болып тартылғаны мәлім.
Он тоғызыншы сөзінде Абай тәрбие мәселесін, баланың білімді, парасатты адам болып жетілуі жайына тоқтала отырып, «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі есті болады» дейді.
Қорыта келгенде, Абайдың шығармашылық қызметінің басты мұраты – адам тәрбиесі, ұлттық мінез-құлық, әдеп, ар-ождан сияқты мәңгілік мәселелер болып табылады. Сондықтан Абайдың асыл мұрасы асқақтап, әлемге жол тартқан. «Қазақтың бас ақыны» Абай адамзат ақыны биігіне көтерілгенін мақтанышпен айтып марқаямыз.

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Для зарегистрированных пользователей реклама отключена.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Вопрос:
Қазақстанның астанасы -
Ответ:*
Введите два слова, показанных на изображении: *
^