» » Ахмет Байтұрсынұлының өмірлік мұраты
Информация к новости
  • Просмотров: 250
  • Автор: janar
  • Дата: 29-06-2016, 07:03
  • 0
29-06-2016, 07:03

Ахмет Байтұрсынұлының өмірлік мұраты

Категория: Шығармалар

ЖМИ НИЖЕ ССЫЛКУ, ЧТОБ УВИДЕТЬ ВЕСЬ ТЕКСТ ПОЗДРАВЛЕНИЙ!
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім
(А. Байтұрсынұлының өмірлік мұраты)

Жоспар:
І. Әке жолымен
ІІ. Негізгі бөлім.
Ағартушылық – ең қажетті, ең игілікті іс.

Ой түсірген – «Қазақ» газеті

Ақын шығармалары.

ІІ. Қорытынды.

Тән көмілер, көмілмес еткен ісім, Ойлайтындай мен емес бір күнгісін, Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын; Ел – бүгіншіл, менікі – ертең үшін.
А.Байтұрсынов

Ахмет Байтұрсынұлы жас кезінен жоқшылық, зорлық-зомбылық, қиыншылық көріп өскен. Патша үкіметінің әділетсіз іс-әрекеттерін өз басынан кешірген. Ақын өз әкесінен он үш жасында ажырайды. Ахметтің әкесі Байтұрсын қарапайым шаруа адам болғанымен, жаратылысынан қажырлы, намысқой, еңбекқор, әділ, ер мінезді адам болған. Ол жергілікті әкімдермен көп сиыспай, олармен жиі сөз таластыратын болған. Осы мінезі арқылы ел билеушілерінің зорлық-зомбылығына, қанауына көнбейтіндігін көрсеткен. Дәл осындай өршіл мінез ақынның бойына да сіңген екен.
Ақынның артында мол әдеби мұрасы мен ғылыми еңбектері қалды. Ол өз заманында әрі ақын, әрі аудармашы, әрі ғалым, әрі ағартушы ретінде танылған. Оның өлеңдері азаттыққа, еркін өмірге шақырады. Ақын барша қазақ халқының қолдаушысы, әрі демеушісі болған. Ол өз Отанын биікке жетелеген нағыз қазақ патриоты болған.
Рымғали Нұрғалиев атамыз айтқандай: «Ахмет Байтұрсынұлының ақын, публицист, қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа сенген үміт-арманы – баршасы осы ұлы миссияны орындауға, туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтқысыз қызмет етуге арналған». Иә, қарап отырсақ расында да, кез келген көзі ашық, көкірегі ояу адам дәл осындай жанға таңдай қағары анық.
Ахмет 1895 жылдан бастап ағартушылық яғни мұғалімдік қызметін бастайды. Ол осы уақыт аралығында халық аузынан естіген өлеңдері мен оқиғаларды қағаз бетіне түсіріп, балаларға оқыта бастайды. Мұғалім болғанына қарамастан ол әлеуметтік істерден де құр қалмай, соларға үңіледі. Халыққа білім берудің жаңа жолдарын іздестіре отырып, қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің мәселелерін зерттеу мүмкіндіктерін қарастырады. Көптеген кітаптар оқып, өз бетінше ізденеді. Өлең жырларын жаза бастайды. Өз білімімен, ақыл-парасатымен елге танылады. Бостандық аңсаған, күреске шақыратын өлеңдер жазады. Соның салдарынан елден қуылып, Орынбор қаласына кетеді.
1913 жылғы 2 ақпанда қазақ даласында тарихи маңызы зор, сілкіністі оқиға болды. Дәл осы күні Алаштың алдаспанына айналған, оның жоқтаушысы «Қазақ» газеті дүниеге келді. Бар үмітін үзген халыққа дем берген де дәл осы газет болатын. Бар үмітін үзіп елдік қасиетінен айрыла бастаған Алаш жұрты бір күнде қанаттанып, еңсесі көтерілді.
Дәл сол тұста зиялы қауым өкілдері халықтың өркениетті елдердей дамыған әрі сауатты болғанын тілей отырып, ең бастысы ұйқыға кеткен қазақ жұртының саяси сауатын ашуға талпынған болатын. Осы бағытта ұлттың жоғын жоқтайтын, саяси сауаттылыққа үйрететін, бостандық пен бірлікті насихаттайтын газеттің орны ерекше болды.
Мұхтар Әуезов: «Қазақ» газеті – ел дертінің себебін ұғып, емін біліп, енді қазақты оятып, күшін бірге жинап, патша саясатына қарсылық ойлап, құрғақ уайымнан да, бос сөзден де іске қарай аяқ басамыз деп талап қыла бастаған уақытқа тура келді. Бұл тұтынған жолда «Қазақ» газеті өз міндетін дөп атқарды», - деп жазады. Расымен де, Алаш аспанында дүниеге тұңғыш ұлт идеясын қолдайтын, оның қайғы-қасіретін басатын, оған күш беретін басылым шықты.
Ақын шығармашылығының негізі өлең жазудан басталған. Өз өлеңдеріне ол халықтың арман-тілегін, мұң-мұқтажын арқау тұтып, халықты әділдікке, адамгершілікке тәрбиелеген. Ақынның алғашқы өлеңдер жинағы «Қырық мысал» атты аудармалары. Осы кітабы арқылы Ахмет қазақ жұртын қалың ұйқыдан ояту мақсатында өлең жолдарына азулы тіркестерін қосқан. Бұл халықты оятып қана қоймай, елге күш-жігер берген.
Ахметтің «Қазақ қалпы» деп аталатын өлеңінің мағынасы өте терең. Онда ақын халықты ескексіз қайыққа теңейді. Шындығын айта кететін болсақ, ақын мұнда халық жайын дөп басып айтқан. Ескексіз қайық ол амалы қалмаған ел қамын көрсетеді, қай жақтан демеу мен көмек күтерін білмеген Алаш жұртының жайы.
Бұл күйге бүгін емес, көптен кірдік,
Алды-артын аңдамаған бетпен кірдік.
Шығармай бір жеңнен қол, бір жерден сөз,
Алалық алтыбақан дертпен кірдік.
Ақынның екінші кітабы – «Маса». Бұл кітапта орын алған өлеңдердің басты тақырыбы - ащы сын. Ахметтің «Аққу, шортан һәм шаян» атты өлеңінде:
Жігіттер мұнан ғибрат алмай болмас,
Әуелі бірлік керек, болсаң жолдас.
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас. – дей келе ақын барша жұртты ынтымаққа, бірлікке шақырады.
Ал, «Екі шыбын» атты өлеңінде:
Кейбіреу көтереді мұрнын көкке,
Өз әлін өзі білген адам көп пе?
Мақтанып, бәрін де өзім еттім дейді,
Біреудің шылауында жүріп текке.
Мұнда ақын адал еңбек ету керек екендігін, біреудің қайраты мен дәулетін өзімсінбеу керек екендігін айтады. Байқайтын болсақ, Ахмет Байтұрсынұлы әр мысал соңында өлең жолдарымен өз пікірін айтып өтеді. Яғни, ақын мысал соңына пікір қосу арқылы халыққа оның мазмұнының тез жетуін, ұғымды болуын қамтамасыз етеді.
Ақынның ғибратты ойларға жетелейтін бірнеше өлеңдері бар: «Ала қойлар», «Қартайған арыстан», «Өгіз бен бақа», «Қарға мен түлкі» тағы да басқалары.
Ақын өлеңдері көне дәстүрлі қазақ поэзиясының жалғасы. Оның өлеңдері барша қазақтың тірегі, тілегі іспеттес. Дәлірек айтқанда, ол қазақ жұртының арманын, мұратын өлеңдерімен жалғаған нағыз ұлт көшбасшысы, қоғам қайраткері, ағартушы ұстаз, азулы ақын.
«Тән көмілер, көмілмес еткен ісім, ойлайтындай мен емес бір күнгісін, жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын; ел – бүгіншіл, менікі – ертең үшін» дейтін азаткер азамат Ахмет Байтұрсыновты кейінгі ұрпақ істеген істері  және таңдаған саяси жолына адалдығы үшін, «Қазақ» газетінің қазақтарға жасаған игілігі үшін, қазақ мектептерін ашқаны үшін, ана тіліне деген шексіз ықыласы үшін, әдеби мұрасы үшін ұмытпақ емес.

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Для зарегистрированных пользователей реклама отключена.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Вопрос:
Қазақстанның астанасы -
Ответ:*
Введите два слова, показанных на изображении: *
^