» » Бейімбет Майлин - көркем әңгіме шебері
Информация к новости
  • Просмотров: 1097
  • Автор: janar
  • Дата: 29-06-2016, 07:19
  • 0
29-06-2016, 07:19

Бейімбет Майлин - көркем әңгіме шебері

Категория: Шығармалар

ЖМИ НИЖЕ ССЫЛКУ, ЧТОБ УВИДЕТЬ ВЕСЬ ТЕКСТ ПОЗДРАВЛЕНИЙ!
Бейімбет Майлин – көркем әңгіме шебері (туғанына 120 жыл)

Бейімбет Майлин – әрі теңдесі жоқ әңгімеші ретінде де, әрі прозадағы сүйекті шығармаларды жасаушы ретінде де біздің тұңғыш зергер прозашымыз»
Ғ.Мүсірепов

Аса көрнекті жазушы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Бейімбет Майлиннің туғанына биыл 120 жыл толады. Ол 1894 жылы қараша айында Қостанай облысында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Екі жасында әкеден жетім қалып, байдың сауыншысы болған анасының қолында тәрбиеленеді. Жеті жасында өзі де сол байдың қозысын бағуға жалданады. Сөйтіп Бейімбет бейнет пен жоқшылықты ерте сезініп өседі. Алғаш ауыл молдасынан сауатын ашқан ол бірнеше мектептен оқып білім алып, мұғалім болады. Кейін жазушылықпен шұғылдана бастайды. Оның алғаш туындылары «Қазақ» газетінің, «Садақ», «Айқап» журналдарының беттеріне шыққан. Әуелде шығармашылығын поэзиядан бастаған ол соңынан проза, драматургия салаларында өнімді еңбек етті. Небәрі 43 жыл ғұмыр кешкен қазақтың зерделі перзенті артына баға жетпес мол мұра қалдырды.
Бейімбет Майлиннің әдеби мұрасының шұрайы да, тартымдысы да  оның прозалық шығармаларында, әсіресе көркем әңгіме жанрында жатыр. Ол әңгіме жанрын ерекше әрлеп, классикалық биікке көтерген қаламгер.
Жазушының проза саласындағы тұңғыш еңбегі – 1915 жылы жазылған «Шұғаның белгісі». Әңгіменің тақырыбы, көтерген мәселесі, тіл көркемдігі, жазылу шеберлігі тұрғысынан бағалағанда, қазақ әдебиеті тарихындағы шоқтығы биік шығармалардың бірі саналады.
Әңгіме желісі былайша өрбиді. Кедейден шыққан Әбдірахман деген мұғалім жігіт Есімбек деген байдың қызы Шұғаға ғашық болады. Қыз да жігітке сүйіспеншілік танытады. Бұл жағдайды байлар құптамайды. Олар жігітке жазықсыздан жазықсыз жала жауып, оны айдатып жібереді. Қатты қапаланған Шұға айықпас дертке ұшырайды. Қызының мүшкіл халіне қиналған Есімбек болысқа айтып, Әбдірахманды абақтыдан амалсыз шығартып алады. Әбдірахман сүйікті Шұғасын көруге асығып жетсе, қайран ару о дүниелік болыпты. Жігіт ғашығының  соңғы хатын оқып, көз жасы көл болады.
Оқушыны бірден баурап әкететін әдемі де әсерлі, шебер қолдан шыққан сыршыл да шыншыл әңгіме. Жүрегіңнің түкпіріне орнығып, ұмытылмастай жадыңа қонатын кейіпкерлер.
Шығармада адал махаббатты аңсап, қиянатқа төзе алмай, қайғы уынан құса болып, қазаға ұшыраған, ақжарқын ару Шұға, өз заманының көзі ашық, көкірегі ояу, оқыған азамат Әбдірахман, өз қызын саудаға салып, ел алдында абыройлы Әбдірахманды өз дегеніне көндіру мақсатымен сан қырлы өсек таратып, қисынсыз жаламен түрмеге жаптырған Айнабай, алғашында өсекке алданып, кейін ізгі мінез танытқан қыздың әкесі Есімбек, Шұға жайындағы әңгімені баяндаған «сирек сақал, қара бұжыр кісінің» образдары дараланып берілген, әсерлі жеткізілген. Көлемі шағын ғана туындыға қаншалық мол тіршілік, мінездер, іс-әрекеттер, тағдырлар, тартыс, зор шындық сыйып кеткен. Бұл – қаламгердің сөз зергерлігінің айғағы.
Көркем прозадағы тұңғыш туындысының өзі бірден классикалық үлгіге айналған Бейімбет Майлин өзіне туа біткен суреткерлік құдіретін негізінен ауыл өміріне арнады. Жазушының басты кейіпкері – кедей, негізгі тақырыбы – кедей тағдыры.
«Айт күндері» әңгімесінде Бейімбет өмірдің қысқа-қысқа суреттерімен халық тұрмысын ашады. Кәрі-құртаңдардың шүкіршілігі, боз қасқа шалып жатқан бай, тоқтыңды сат деп өтінген Уәли, қайыр сұрап қайтқан еркек пен әйел, аштан өлген Бәкен мен Зейнеп – бәрі ауылдың айт күнгі шынайы көріністерін бейнелейді. Жазушы аз сөзбен көп жайтты аңғартады. Бейімбет шеберлігінің сыры осында.
Суреткердің бірқатар туындылары әйел теңдігі тақырыбына арналған. «Раушан – коммунист», «Берен», «Күлтай болыс», және т.б. әңгімелерінде қазақ қызының тағдыры мен талайы туралы, әйелдің отбасындағы, өмірдегі орны мен рөлі хақында жазды. «Раушан – коммунист» әңгімесінде кедей шаруаның әйелі Раушанның өсу жолы, оның күйеуі Бекеннің ескіліктің шырмауынан шыға алмай адасуы өте дәлелді суреттелген.  «Күлтай болыс» әңгімесінде бұрын от басы, ошақ қасынан шығамын деп ойламаған Күлтайдың болыс болып сайлануы, оның әуелде жасқанып, кейін төселе келе мәселені әділ шешетін қызметкер болып шығуы әңгімеленеді.
Б.Майлин – ірі байларды тәркілеу, кедей шаруаны ұжымдастыру шаралары кезінде тарихи оқиғаның ізін суытпай, оларды көркем шығармаға арқау ете білген жазушы. «Ұлбосын», Сот алдында», «Дайрабайдың көк сиыры» туындылары осыған дәлел. «Сары ала тон» әңгімесінде тәркілеу хабарын естіген байдың үйінің қасіретті халі суреттелсе, «Арыстанбайдың Мұқышы» әңгімесінде ұжымдастырудың алғашқы жылдарындағы жалған белсенділердің образы беріледі.
Ал «Күлпәш» әңгімесі -  ел басына түскен ашаршылықтың шындығын көрсеткен шығармалардың бірі. Онда аштық алдындағы дәрменсіздік, ұлы мен күйеуінің аштықтан аман қалуы үшін Күлпәштың ойда жоқ әрекетке баруы, яғни басқа ерге шығуы әңгімеленеді.
Сөйтіп, аштық туралы да, ашаршылыққа апара жатқан істерді де Майлин көркем тілмен жазып кеткен. Бейімбеттің әңгімелері қазақ тарихының бейнелі көріністері іспеттес. Оның шығармаларын оқи отырып, жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақтың басынан өткен оқиғалардың куәсі болғандай әсер аласыз. Өйткені Бейімбет адам кескінін де, заман келбетін де ғажайып көркемдік күшпен танытып кеткен.
Майлиннің шеберлігі жөнінде Сәбит Мұқанов былай деген: «Оның стилінде ашық түсінік, ойлаулы сөз, дәлдік ұғым бар». Қазақ әңгімесінің хас шебері Бейімбет Майлин әрі қысқа, әрі нұсқа туындылары арқылы қазақ ауылының өткен ғасырдың басындағы көркем шежіресін жасауымен ғана емес, әдеби шеберліктің мектебін ашып, шынайы таза үлгісін көрсеткен классик суреткер.

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Для зарегистрированных пользователей реклама отключена.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Вопрос:
Қазақстанның астанасы -
Ответ:*
Введите два слова, показанных на изображении: *
^