» » » Байлық пен кедейлік туралы тәмсіл /аударған Амангелді Маукенов/
Информация к новости
  • Просмотров: 10124
  • Автор: janar
  • Дата: 17-07-2012, 03:52
  • 0
17-07-2012, 03:52

Байлық пен кедейлік туралы тәмсіл /аударған Амангелді Маукенов/

Категория: Өсиет, Соңғы қосылған дүниелер

ЖМИ НИЖЕ ССЫЛКУ, ЧТОБ УВИДЕТЬ ВЕСЬ ТЕКСТ ПОЗДРАВЛЕНИЙ!

Байлық пен кедейлік туралы тәмсіл

Бірде ауқатты отбасының отағасы кішкентай ұлын ауылға, малшылардың ортасына ала барыпты. Адамдардың тұрмысының қаншалықты кедей екендігін өз көзімен көрсін деген ойы болған.  Олар өте кедей тұратын отбасында бір күн және бір түн болыпты. Үйіне оралғасын әке баласына мынадай сұрақ қойыпты:

- Қалай, саған сапарымыз ұнады ма?

- Әке, бұл бір ғажап болды!

- Адамдардың қаншалықты кедей болатынын өз көзіңмен көрдің бе? – деп сұрапты әкесі.

- Иә, көрдім.

- Ал осыған қарап не ұқтың?

Ұлының жауабы:

- Біздің үйде бір итіміз болса, олардың төрт төбеті бар екен. Бақтың ортасында біздің хауызымыз болса, олардың ол шеті мен бұл шетіне көз жетпейтін шексіз, шетсіз теңіз айлағы бар екен.  Бақшамызда шам жағамыз, ал олар жарықты жұлдыздардан алады. Біздің ауланың сыртында патио бар,  ал оларда – керілген көкжиек.

Ұлының жауабын естіген әкенің тілі байланып қалыпты. Ал ұлы сөзін былай жалғапты:

- Әке, көп рахмет, сен маған біздің қаншалықты кедей екендігімізді көрсеттің.

Бәрі де мына жарық дүниеге қандай қырынан қарауыңа байланысты болып отыр ғой. Шынайы сүйіспеншілігі, достары, отбасы, денсаулығы, жақсы көңіл күйі мен өмірге құштарлығы бар адамда бәрі де болады!

Алайда жоғарыда көрсетілгеннің ешқайсысын да ақшаға сатып ала алмайсың. Ойыңа келген материалдық игіліктердің кез келгенін сатып алуға болады, тіпті келешекке қор жасау мүмкіндігі де бар. Бірақ көңілің тоқ  болмаса, жан-дүниең қаңыраған бос болса, бұның бәрі бекер, құр әурешілік, өзің де қуыс дөңбексің! Сенен не үміт, не қайыр?!

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Для зарегистрированных пользователей реклама отключена.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Вопрос:
Қазақстанның астанасы -
Ответ:*
Введите два слова, показанных на изображении: *
^