» » "Әлемге әйгілі Әуезов "Мұхтар Әуезов туралы шығарма
Информация к новости
  • Просмотров: 978
  • Автор: janar
  • Дата: 29-06-2016, 07:24
  • 0
29-06-2016, 07:24

"Әлемге әйгілі Әуезов "Мұхтар Әуезов туралы шығарма

Категория: Шығармалар

ЖМИ НИЖЕ ССЫЛКУ, ЧТОБ УВИДЕТЬ ВЕСЬ ТЕКСТ ПОЗДРАВЛЕНИЙ!
Әлемге әйгілі Әуезов

Туған халқын төрткүл әлемге танытқан, дүниеге қазақ баласы болып кіріп, адамзат баласы болып кеткен Мұхтар Омарханұлы Әуезов – әдебиеттің бар саласында қалам тартқан ұлы суреткер.
Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы – қазақ өнерінің ұлттық сипатын айрықша терең танытатын ғажап құбылыс. Кемеңгер ұлы жазушының шығармашылығы қазақ халқының әлемдік мәні бар асыл туындылар бере алатынын алғаш жария еткен рухани дәулет.
Егер данышпан Абай қазақ халқының рухани шындалуын мұрат тұтса, ұлы Әуезов сол ұлттық құндылықтарды адамзат мәдениетінің асқарлы шыңдарына жалғастырған алтын көпір болып тарихта мәңгі қалды. Олай болса, Әуезовті тану ұлтты тану деген ұғыммен ұштасады. Ал ұлтты тану – ұлттық дамудың негізгі шарты.
Кез-келген дана – өз ұлтының зердесінің перзенті. Даналардың тағдырын – елінен, ал елдің тағдырын даналардан ажырату мүмкін емес. Қазақ қауымы үшін, оның ішінде иісі түркі тектес халық үшін Мұхтар да сондай дара тұлға.
Мұхтардың алғашқы туындысы – «Еңлік-Кебек» пьесасы. Шығармада екі жастың махаббаты жыр етіледі, Кебек пен Еңліктің табысуын бір-бірімен өштескен екі елдің билеушілері кешірмейді. Осының нәтижесінде үлкен дау-жанжал, ерегіс туып, соңында ғашықтар ат құйрығына байланып, өлтіріледі. 
Сол заманның кейпін шынайы жеткізген «Еңлік-Кебек» арқылы жиырма жастағы Мұхтар шырқау биікке көтерілді.
Мұхтар өнердің ішіндегі трагедия жанрын таңдады. Ел өміріндегі өксікті оқиғаларды баяндады. «Қорғансыздың күні», «Жетім», «Қаралы сұлу», «Қаракөз» атты шығармаларындағы трагедиялық көріністер мен көркемдік шешімдер автордың көңіл-күйіне айналды. Бұл шығармашылық сарын «Қараш-Қараш оқиғасы», «Көксерек», «Қилы заман», «Хан Кене» арқылы өрнектеліп, қазақ әдебиетінде бұрын-соңды болмаған тың сүрлеу салды.
Мұхтардың өмірінің басты кітабы – «Абай жолы» эпопеясы. Туынды Абай бейнесін көркем бейнелеуге арналды. Бұл эпопея арқылы Әуезов халықтың тарихи зердесін қалпына келтіріп, көшпелі жұрттың тірлігін көрсетті. Қазақ халқын, оның салт-санасы, дәстүрін, қазақ қоғамын барлық жағынан энциклопедиялық түрде суреттеді. Роман сан қырлы көріністер, құбылыстар, тұлғалар, мінездер галереясына айналды. Франция жазушысы Луи Арагон «Абай жолын» «ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» деп бағалады.
Эпопея дүние жүзі халықтарының  жүз он алты тіліне аударылып, миллиондаған оқырманды сусындатып, оларға ұлы Абайды, Абай арқылы қазақ халқын паш етті.
Таланттар тарихы мен тағдырына қарап отырсақ, кез-келген жазушы ғұмыр бойы өзінің бас кітабын жазу  мақсатында әрекет еткен және солардың талайы жазып үлгіре алмай кеткен. Туған халқына мәңгілік мұра болғандай ғасырлық туынды сыйлау тек ұлылардың ғана үлесіне тиген.
Мұхтар Әуезов –  әрі жазушы, әрі ғалым, әрі ұстаз. Ол жазушы ретінде эпос пен драманың шағын түрлерінен бастап кең құлашты эпопеяға дейін қалам тартқан сөз зергері.  Ғалым ретінде бүкіл дүние жүзілік әдебиетті зерттеп, қазақ сөз өнерін қадағалап, жете талдаған әділ сарапшы. Ұстаз ретінде сан мың шәкіртті аузына қаратып, энциклопедиялық біліміне кенелткен тамаша тәрбиеші бола білді.
Біртуар таланттың табиғатын терең түсінген Шыңғыс Айтматов орыс мәдениеті үшін Пушкин қандай болса, шығыс халықтарының мәдениеті үшін Әуезов сондай деп дәл айтқан. Ұлы жазушы үшін бұдан артық бағаның бола қоюы да қиын.
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Для зарегистрированных пользователей реклама отключена.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Вопрос:
Адам болсаң "қазақ" деп жауап жаз!
Ответ:*
Введите два слова, показанных на изображении: *
^