Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 1787
  • Автор: Gauhar Nurlankyzy
  • Дата: 4-05-2015, 23:33
  • 0
4-05-2015, 23:33

алтын таққа лайықты жан жайында

Категория: Туыстарға » Анама

Алтын таққа лайықты жан жайында! (26.04.2015 жыл 01:30)

Жақын жүрек, жақын лүпіл жаныма,
жақын адам тегіме де бағыма
тумағанда мені тұрар ма едім,
желдей есіп, бүгін жетер ме едім?!
Лайықтауға ақ ананы тағына.

Даралайық, даналайық ананы.
Тізейікші қасиетін манағы.
Алтын таққа лайықты жан жайында
толғансам ба, осы көктем айында?»
Басы әне, төмен қарай санағы.

Ана өсіріп, ана баққан өзімді!
Аналардай көрмедім-ау төзімді!
«Шынымен бе, қалай өсіп кеткем?»-деп
сұрай берем жас баладай елпеңдеп
іштілерге көп шала мен көзімді.

Ойлап айтты, байлап айтты көп сөзді.
Ескермедік, тексермедік жыл озды.
Асыққандай Тынықтың тереңіне!
Малта тастай бір екі секірене
батып кетті тойдыра алмай бұл көзді.

Сол сөздері, «Еркем -деді, әлпешті».
Баз бір жерде «Көркем -деді, әлпетті».
Тына қалсам, ана үні құлаққа,
мына дархан, беу дәрия дүнияда,
сырлы дыбыс, нұрлы әуен әспетті.

Жан анамнан бесік бөлеу де естігем,
әлі күнге сол әуенді ес көрем.
Бал бөбегі бөлекше бөленген де,
төл бесігін тербетсе өлеңмен де,
бақ екенін әлі күнге ескерем.

Ана жаны, ана жаны балаға
асқар шыңы сірәдағы бола ма?
Күнім шығар? Биігінде болмаса,
өкпелесе, көңілі сәл толмаса
қалықтаған ақша бұлтқа балама.

Ана сондай! Ана деген аяулы.
Қылма алмадым мен қабағын қаяулы.
Керек етпей аналар асыл тақты
әлпештейді шикі өкпе баланы,
білмейді ол ақ сүтін де аяуды! Авторы: Тынысбек Гауһар Нұрланқызы

Метки к статье: ана

Информация к новости
  • Просмотров: 6922
  • Автор: janar
  • Дата: 15-01-2015, 01:48
  • 0
15-01-2015, 01:48

Ана /Ғабиден Қожахмет

Категория: Анама, Өлең - сөздің патшасы

АНА

Уайым жеп біз үшін алаңдады,
Болсын дейді өмірде саған бәрі.
Сенде болсын дейді ол бар жақсылық,
Қандай жақсы өмірде анаң бары.

Мейірімі оның ұқсайды таң нұрына,
Ерітетін әлдиі жанды мына.
Күлкісінде 
Информация к новости
  • Просмотров: 13892
  • Автор: janar
  • Дата: 16-07-2014, 04:51
  • 0
16-07-2014, 04:51

Анаға тілек (қызының анасына құттықтау тілегі)

Категория: Туыстарға » Анама

Анаға тілек
(Қызының анасының туған күніне құттықтау тілегі) 
 
авторы Ғабиден ҚОЖАХМЕТ

Шаттық күлкі жүзде ойнап тұрған күн
Қуандың да,сол шаттықпен нұрландың.
Мама,өйткені бүгінгі күн сен үшін
Ақ тілектер 

Информация к новости
  • Просмотров: 7382
  • Автор: janar
  • Дата: 15-05-2014, 17:00
  • 0
15-05-2014, 17:00

Әке-Ана. Перзент тілегі /Ғабиден Қожахмет/

Категория: Анама, Әкеме

Әке-Ана.Перзент тілегі
 (өтінішпен жазылған өлең)

Уыздай перзент атты гүл-шыбықтың
Үнінен уілдеген бір сыр ұқтың.
Мына өмір,мына әлемде Сендер барда
Бағасын білдім ғажап 
Информация к новости
  • Просмотров: 6603
  • Автор: janar
  • Дата: 26-02-2014, 15:29
  • 0
26-02-2014, 15:29

Әйел-ана / Ғабиден Қожахмет

Категория: Анама, 8 наурыз, Өлең - сөздің патшасы

Әйел-Ана

Болмысың,бар тілегің елің үшін,
Әйел-жар,отбасының сенімісің!
Тәлімін Ару-ғұмыр күннен алған
Сен бүгін бір әулеттің келінісің.
Шыдаумен өмір-жолда сынақтарға,
Информация к новости
  • Просмотров: 87953
  • Автор: janar
  • Дата: 7-03-2012, 01:23
  • 0
7-03-2012, 01:23

Аналарға арнау /Естеу Нүсіпбеков/

Категория: Анама, 8 наурыз, Соңғы қосылған дүниелер

Аналарға арнау

Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар -
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.

Информация к новости
  • Просмотров: 19671
  • Автор: janar
  • Дата: 28-12-2011, 02:54
  • 0
28-12-2011, 02:54

Ата-ананың мерейтойына арналған тілектер

Категория: Анама, Әкеме

Сіздерсіз ұйытқысы шаңырақты,
Түлетіп ұл-қызыңды жамыраттың.
Шаттықтың шалқар әні шалқи берсін,

Информация к новости
  • Просмотров: 17767
  • Автор: janar
  • Дата: 22-12-2011, 23:32
  • 0
22-12-2011, 23:32

Анамды құттықтау

Категория: Туыстарға » Анама

Айка Ыдырыс http://aika-1992.yvision.kz

 

Аяулы анамның туған күні!!!

Өз бақытын, қуанышын өзі өмірге әкелген перзенттерінің қылығынан, қызығынан іздейтін аяулы Анам менің! Сіз

Информация к новости
  • Просмотров: 7810
  • Автор: janar
  • Дата: 27-11-2011, 16:15
  • 0
27-11-2011, 16:15

Оқырман Бектемірова Салтанат қосқан өлеңдер.

Категория: Анама, Өлең - сөздің патшасы, Шығармалар, Соңғы қосылған дүниелер

Ана деген – ұлы есім!

О, Ана!

Неткен ұлы есім ең!

Тұрса да қажып тағдыры,

Бар шаттығым – бала деп,

Тәнін торлап таң нұры,

Мін бақпай ұрпақ өсірген.

Бар қатені кешірген,

Информация к новости
  • Просмотров: 9302
  • Автор: janar
  • Дата: 7-09-2011, 07:30
7-09-2011, 07:30

Тойға тарту жыр

Категория: Анама, Соңғы қосылған дүниелер

Тойға тарту жыр

Анамыздың 70 жасына толған мерейтойымен құттықтаймыз!

 

Сіз біздің Күнімізсіз жарқыраған,

Анадан қуат алған жарты ғалам.

Құны мен қасиеті тозбайтұғын

Біз үшін Ана деген алтын адам.

 

Анажан, көп көрдіңіз қасіретті,

 

Назад Вперед
^