» » » Ана /Ғабиден Қожахмет
Информация к новости
  • Просмотров: 6401
  • Автор: janar
  • Дата: 15-01-2015, 01:48
  • 0
15-01-2015, 01:48

Ана /Ғабиден Қожахмет

Категория: Анама, Өлең - сөздің патшасы

ЖМИ НИЖЕ ССЫЛКУ, ЧТОБ УВИДЕТЬ ВЕСЬ ТЕКСТ ПОЗДРАВЛЕНИЙ!
АНА

Уайым жеп біз үшін алаңдады,
Болсын дейді өмірде саған бәрі.
Сенде болсын дейді ол бар жақсылық,
Қандай жақсы өмірде анаң бары.

Мейірімі оның ұқсайды таң нұрына,
Ерітетін әлдиі жанды мына.
Күлкісінде шаттық бар сәби көрсең,
Қуан,Адам,анасы барлығына.

Анасы бар сәбидің "ұлым!" дейтін,
Соны ойласа,жанары күлімдейтін.
Отыратын жан ғой ол тәлім айтып,
Бесіктен-ақ соны өзің ұғын дейтін.

Анасы бар сәбидің "қызым!" дейтін,
Бақыты да сонымен үзілмейтін.
Бір кездегі болмысын содан көріп,
Жымиятын,сол үшін көз ілмейтін.

Анаң бары жақсы ғой "балам" дейтін,
Қолда бардың барлығы саған дейтін.
Хабарыңды беріп тұр,қарашығым,
Сені ойласам-көңілім алаң дейтін.

Анаң бары жақсы ғой "ботам" дейтін,
Көз ілсем де,сені ойлап жатам дейтін.
Сен ауырсаң,құлыным,бұл тірліктің
Кермек дәмін алдымен татам дейтін.

Баланы ойлап,тілейтін соның бағын,
Соның бағы шырақ боп жағылғанын
Қалайтұғын ана ғой қашанда да,
Перзент үшін жақсы екен Сенің барың.

Тіршіліктің таратып содан бәрін,
Мына өмірдің сіңірді саған нәрін.
Ол күн сайын сен жайлы мың толғанар,
Сен де ойлай жүр күніге анаң барын.

Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Для зарегистрированных пользователей реклама отключена.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Вопрос:
Адам болсаң "қазақ" деп жауап жаз!
Ответ:*
Введите два слова, показанных на изображении: *
^