» » » Анаға тілек (қызының анасына құттықтау тілегі)
Информация к новости
  • Просмотров: 12444
  • Автор: janar
  • Дата: 16-07-2014, 04:51
  • 0
16-07-2014, 04:51

Анаға тілек (қызының анасына құттықтау тілегі)

Категория: Туыстарға » Анама

ЖМИ НИЖЕ ССЫЛКУ, ЧТОБ УВИДЕТЬ ВЕСЬ ТЕКСТ ПОЗДРАВЛЕНИЙ!
Анаға тілек
(Қызының анасына құттықтау тілегі)

Шаттық күлкі жүзде ойнап тұрған күн
Қуандың да,сол шаттықпен нұрландың.
Мама,өйткені бүгінгі күн сен үшін
Ақ тілектер тасқындайтын туған күн.
Шын көңілмен сол тілекті қостадың,
Боп тұрсыншы әр кез ашық аспаның!
Құттықтайды сені барлық жақының,
Құттықтайды сені бүгін достарың.
Мағынасы болып таң мен кешіңнің
Бізді аялап мәпеледің,өсірдің.
Ер жеткенбіз саясында алаңсыз
АНА деген құдіретті есімнің.
Ыстықсың сен бізге де,елге-қауымға,
Сен екенсің байлығым да,барым да!
Самайыңда бар ғой менің "үлесім",
Өтінемін,мама,ешқашан ауырма.
Тіл жетпейтін біздерге асыл,бағаң дүр,
Бар көңілің балаң үшін алаң бір.
Шамшырағым болдың мына тірлікте,
Қуанышқа жанды бөлеп аман жүр.
Өтеуіндей алаң көңіл жылдардың,
Жанарыңда бүгін шаттық тұнған күн.
Қуанатын ұл мен қызың сен үшін
Мама,саған құтты болсын туған күн!
Өзіңменен перзентіңнің бағы бар,
Келер күндер үміт болып жағылар.
Қуанышты,толқынысты сәтіңде
Қызыңның да ақ тілегін қабыл ал!

Авторы:

Ғабиден ҚОЖАХМЕТ
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Для зарегистрированных пользователей реклама отключена.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Вопрос:
Қазақстанның астанасы -
Ответ:*
Введите два слова, показанных на изображении: *
^