Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 8057
  • Автор: janar
  • Дата: 29-01-2011, 22:07
29-01-2011, 22:07

Анаға тілек

Категория: Туыстарға » Анама

Батыр да туған анадан, ақын да туған анадан,

Ананың биік тұғыры – анадан туған бар адам.

Пайғамбарымыз Мұхаммед ананы құрмет санаған,

Анаға мәңгі борыштар елдегі барлық дана адам

                                ******

Ақ сүтін беріп өсірген, бұзық болсам - кешірген,

Тілін алсам – айналған, күнәм болса - өшірген,

Ақ анашым, анашым, саған тәнті бала шын!

Мөлдір, кәусар бұлақсың, мен сүрінсем – жылапсың,

Шыңға шықсам – қуанып, мен құласам – құлапсың,

Ақ анашым, анашым, сендей бар ма жанашыр?

****

Информация к новости
  • Просмотров: 11037
  • Автор: janar
  • Дата: 15-01-2011, 23:11
  • 0
15-01-2011, 23:11

Тұманбай Молдағалиев Ана

Категория: Анама, Өлең - сөздің патшасы, Шығармалар

Құлайын деп бара жатам құлдырап,

Көңілім жүдеп, көзім алды бұлдырап,

Сол кезде бір ән естимін жақыннан,

Аққан бұлақ секілденген сылдырап.

Есім жиып, өз бойымды тік ұстап,

Тіршіліктің әуенімен тыныстап,

Сергимін де, сезім гүлін құлпыртам,

Кел дегендей болады бір күміс бақ..

                                             *****************

Информация к новости
  • Просмотров: 51206
  • Автор: janar
  • Дата: 15-01-2011, 23:08
  • 0
15-01-2011, 23:08

Қадыр Мырзалиев Ана

Категория: Анама, Өлең - сөздің патшасы, Шығармалар

Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.

Қуандым ба,

Өзің бар деп қуандым.

Жыладым ба,

Өзің жоқ деп жас тамды.

************

Информация к новости
  • Просмотров: 4094
  • Автор: janar
  • Дата: 7-01-2011, 22:05
7-01-2011, 22:05

анамның 50 жасына

Категория: Туыстарға » Анама

Елу жасқа толыпсың анам бүгін,

Түрлендірсін ақ тілек өмір гүлін.

Құтты болсын дүниеге есік ашып,

Алғаш рет сәби боп келген күнің.

 

Орындалсын, анажан, басты арманың,

Жалындатсын нұрыңыз жастар жанын.

Ұлы тойға ұлассын туған күнің,

Жақсылыққа жайылып дастарханың.

 

Жеміс берсін тер төккен еңбегіңіз,

Бақыт болсын әрдайым көргеніңіз.

Жүзге жетіп баянды ғұмыр кешіп,

Арта берсін абырой беделіңіз.

********

Информация к новости
  • Просмотров: 7224
  • Автор: janar
  • Дата: 27-12-2010, 21:23
27-12-2010, 21:23

Кемел Кеніштің Анаға арнаған тілектері

Категория: Туыстарға » Анама

Перзентке жұмсаған бұла күшін,

Ана – ырыс, бақ – дәулет,

Жұбанышың.

Көкбөрінің тегінен тарағандар,

Құтты болсын бүгінгі қуанышың!

 

Тал бесікке тірлікті ілмектеген,

Мадақтауға Ананы тіл жетпеген.

Алатаудың шыңына ту тігеді,

Анасына той жасап, құрметтеген.

***************

      Анаға арналған әндер, жырлар, ізгі тілектер, жылы лебіздер қаншама! Халық арасында «Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген қанатты сөз бар.

 

   Ендеше Анаға арналған жырымыз, әніміз, тілегіміз ешқашан таусылмауға тиісті, таусылмайды да.

   Өз бақытын, қуанышын өзі өмірге әкелген перзенттерінің қылығынан, қызығынан іздейтін аяулы Анам менің! Саған әлемдегі бар жақсы тілекті үйіп-төксем де аз. Алла сізге ең алдымен мықты денсаулық берсін!

   Әрқашан жүзіңізден мейірім нышаны кетпей, айналаңызға нұрыңызды шашып, Аналық бақытқа кенеліп жүре беріңіз!

*************

   Бүкіл өмірін балаларына арнап, өмірлік серігіне адал жар, ардақты ана бола білген, бүгінде қызын -қияға, ұлын – ұяға қондырып, немерелерінің сүйікті Әжесі болып отырған асыл Анамыз, сізді бүгінгі мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

   «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген сөз бар.

   Ардақты ана, сізге қажымас қайрат, зор денсаулық тілей отырып, айналаңызға шуағыңызды шашып ұзақ өмір сүріңіз демекпіз!

************

Информация к новости
  • Просмотров: 6482
  • Автор: janar
  • Дата: 24-12-2010, 21:22
24-12-2010, 21:22

анаға тілек

Категория: Туыстарға » Анама

Қымбатты мама!

Бұл күнде сізге перзенттік махаббатымыз жүрек түпкірінде әрдайым тербетіп жүретін ең ізгі де ыстық сезімімізді білдіргіміз келеді. Тағдырдың жазуымен бұйырған бес тал гүліңізді бір өзіңіз аялап, бізді жеткізсем деп талай күндеріңіз бен түндеріңізді күлкісіз де ұйқысыз өткізгеніңіздің қандайлық азап екенін алдымыз балалы болып, соңымыз сізге күйеу бала мен немере қуанышын сыйласақ деген ойда жүргенде жете түсінгендейміз. Содан да болар, жан-жаққа тарап кетсек те есіл-дертіміз өзіңіз жылытып отырған алтын ұямызда, «алтындарымның бірі келіп қалар ма екен», деп үлкен жолға үнемі көз тігіп жүретін өзіңізде. Торыққанда – ақылшымыз, жабыққанда – сағынышымыз, өзіңізсіз. Мынау өмір сіз арқылы қызық, мағыналы, қымбат. Құдай сізге алдағы кезде тек бақытты ғұмырын бергей.

***************

 

Әлпештеген, аялап асыраған,

Аяулы ана, ақ ниет асыл адам.

Ұрпақ үшін тірлікке нұрын төккен,

Қиын-қыстау күнде де жасымаған.

Сыздағасыз,

Сан рет мұздағасыз,

Шәкіртке де,

Бізге де ізгі анасыз.

Бағымыздың бұлбұлын сайрататын,

Жанымыздың жайлауы Сіз ғанасыз.

Лаулаймыз да, Сіз барда жанамыз да,

Қосып сізді сан әнге, сан аңызға.

Аялаған аққуын айдындай боп

Асыл Ана, жүре бер арамызда!

******************

Информация к новости
  • Просмотров: 2715
  • Автор: janar
  • Дата: 14-12-2010, 17:45
14-12-2010, 17:45

Ана

Категория: Туыстарға » Анама

Сіз жасаған қызметті

Күн мен Жұлдыз, Ай көрген

Анаңдай азиз мейірбан

Табылар саған қай жерден?

 

Ыңылдап даусың шыққанда

Көзінен ұйқы ашылған

Мейіріңді суға қандырған

Мейірбан бар ма осыдан?!

Көзінен ұйқы тараған

Қабағыңа қараған

Анаңдай қамқор бар ма екен!


**********

Информация к новости
  • Просмотров: 4044
  • Автор: janar
  • Дата: 5-12-2010, 17:48
5-12-2010, 17:48

анамыздың 60 жылдығына

Категория: Туыстарға » Анама

Баршамызға бақытты өмір беріп,

Бойымызға орнаттың сенім берік.

Қашан болсын орын ап төрімізден

Отыра бер көркейіп, көңілденіп.

 

Көсегеміз көгеріп бір өзіңмен,

Жылылықты сеземіз гүл өңіңнен.

Отбасыңа мейірбан бола білдің,

Нұр сәулелі нәп-нәзік жүрегіңмен.

 

Құтты болсын бүгінгі мерекеңіз,

Сіз бар кезде асқармен теңесеміз.

Алшаң басып жүре бер арамызда,

Тарқамасын әрдайым берекеңіз.

 

************

Бүгінде Сіз ұл мен қыз тәрбиелеп өсіріп,

бір отбасының береке-бірлігін кіргізіп отырған ана,

еріңіздің абыройына абырой қосып отырған асыл жар,

 

**************************************

Жүрегімді жарып шыққан бар ізгі тілектерім өмірдегі ең қымбатты да ардақты жан – ана, өзіңе арналады. Бізді өмірге әкеліп, ақ сүт беріп, аялап өсіріп, тұмсықтыға шоқтырмай, осы күнге жеткізгенің үшін алдыңда мәңгі қарыздармыз. Мейірім мен махаббаттан жаралған кең жүрегіңізден, қызуы тұла бойымызды жылытқан ыстық алақаныңыздан, айналайын деп маңдайымыздан емірене сүйіп, еркелеткен үніңізден артық біз үшін ешнәрсе жоқ. Анашым, жүзіңізден шуақ кетпей, біздің ортамызда күліп-ойнап, шаттыққа кенеліп, бақытқа бөленіп жүре беріңіз.

********************************

 

Назад Вперед
^