» » "Мәңгілік Ел" ұлттық идеясы - халқымыздың ұлы мұраты
Информация к новости
  • Просмотров: 1393
  • Автор: janar
  • Дата: 29-06-2016, 07:17
  • 0
29-06-2016, 07:17

"Мәңгілік Ел" ұлттық идеясы - халқымыздың ұлы мұраты

Категория: Шығармалар

ЖМИ НИЖЕ ССЫЛКУ, ЧТОБ УВИДЕТЬ ВЕСЬ ТЕКСТ ПОЗДРАВЛЕНИЙ!
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы – халқымыздың ұлы мұраты

Арман шыңындағы Қазақстан.
Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға.
                    М. Шаханов.

     Әлсіз бөлтіріктен азулы бөрі болу қатал табиғатта тектілік пен айбынды күшті қажет етеді. Өмір заңдылықтарымен ілгері жылжыған мына заман да қазақ халқы үшін оңай болмақ емес. Ілгері басқан көштің соңында жүру – өткеннің ісі. Ал жаңа ғасыр табалдырықтан аттағанда ендігі кезекте елмен қатар көш бастау – болашаққа сеніммен қадам басу деген сөз. Ел мен ел, білім мен білім, адам мен адам бәсекеге түскен шақта бәсекеге қабілетті болу – біз үшін міндет. Ал ондай дәрежеге жете алмау, мүмкіндік бола тұра биікке ұмтылмау – тексіздіктің белгісі. Ал біз – текті халықпыз. Оған дәлел, біздің ата-бабаларымыз елінің келешегі үшін қасық қаны қалғанша күрескен батыр, дұшпанға қатал, досына адал, рухы биік, арманы асқақ халық болған. Ертеңгі күні қыздарының қайсар мінезді, ұлдарының ауыздықпен алысқан айбынды боларына сенген.
Қандай да бір қоғам, қандай да бір ел нендей мұрат-мақсаттарды жүзеге асырғысы келсе, алдына белгілі іс-жоспар қоятындығы түсінікті. Өз жұртының бойынан келешекке деген үміт пен құлшынысты тудыруға қасиетті күш керек. Ондай күшті Елбасымыз қозғап отыр. Нұрсұлтан Назарбаев – елім деп еңіреген, халқым деп жан ұшырған, Ресей бодандығынан құтылып, жетім қозыдай жамыраған елді жетелеп, бүгінгі таңда болашаққа сеніммен қадам басуға мүмкіндік жасап отырған ел ағасы. Елінің әлемдегі жарқын бейнесін көрегендікпен болжап, Қазақстанның алға қарыштап самғауын жан-тәнімен қалаған тұлғаға барлық халық сеніммен қарайды.
Өткен жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты халыққа Жолдауында «Мәңгілік Ел» идеясын ұсынды. Бұл идеяны жұрт қызу қуаттап әкетті.
Халқымыздың тарихына қарап отырсақ, ұлтымыз мәңгілік ел болу идеясын әу бастан армандағаны байқалады. Бұл тіпті көне түркілік кезеңге де тән. Түрік қағанатын құрып, іргесін бекіткен ұлы жұрт та кезінде осы мәңгілік идеясын ұстанғанын тарихшыларымыз атап айтады.
Қазақ хандығы тұсындағы ата-бабаларымыздың арманы да осыған саяды. Елдің бірігіп, бір тудың астына жиналып ұлыс, мемлекет құру мақсаты болды. Алаш азаматтарының да басты мұраты – ел болып жұмылу, қазақтың дербес мемлекетін құру болғандығы белгілі.
Міне, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы тарих толқынындағы ұлы мұрат-мақсаттарды XXI ғасырда замана көшіне ілескен қазақ ұлтының алдына жаңа заманға сай жаңғыртып қайта қойғандай болды.
Елбасы «Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болу керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы»  деп Жолдауда атап көрсеткен еді.
«Мәңгілік Ел» – ұлттық   идея. Зерттеушілер «ұлт» сөзін екі мағынада алып қарастырады. Бірі – этникалық қауымдастық, екіншісі – мемлекеттің  барша халқы мағынасында. «Мәңгілік Ел» идеясы – осы  екі ұғымға да ортақ идея. Бұл – қазақ  халқының ұлттық мұраты, сонымен бірге осында тұратын түрлі ұлт өкілдерінің басын біріктіріп, бір мақсат, бір мүдде, бір болашаққа жетелейтін идея.
Біздің алдымыздағы болашақта ұстанатын ортақ құндылықтарымыз бар. Олар – тәуелсіздік, ұлттық бірлік, зайырлы қоғам, экономикалық өсім, ұлттық қауіпсіздік.
Біз бейбітшілік пен келісімге келіп, күн санап әлемдегі өз атымызды алтын әріппен жазар дәрежеге жетіп келеміз. Біз көшбасшымызға, ол бізге сенеді. Мақсатымыз – айқын, келешегіміз – жарқын. Мақсат орындалса, Елбасы сомдаған, қазақ халқы аңсаған арман шындыққа айналмақ. Ендеше, білім шаһарында зерделі, әлемдік бәсекеде қабілетті, азулы додада жеңіске жетеріміз анық.
Мен де «Мәңгілік Ел» идеясын қолдап, оны жүзеге асыруға өз үлесімді қосқым келеді. Осы жалынды додада өз күшімді, білімімді сынауға міндеттімін. Менің қалауым – шет елдің біліміне, технологиясына, сондай-ақ ғылымы мен өнеркәсібіне тәуелді немесе зәру болу емес. Менің қалауым Елбасының интерактивті сабақта баса айтқан мәселелерімен ұштасады. Шет мемлекеттер біздің қызметке мүдделі болса, бізді қажетсінсе деймін. Мен елімнің өз алдына дамыған, әлемді өзіне қарататын ел болуын армандаймын. Мүмкін мен қызғанармын, өзгелерге қызығармын. Әйтеуір мен өзімді өзгелермен салыстыру арқылы жеңіске жетемін.





Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Для зарегистрированных пользователей реклама отключена.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Вопрос:
Адам болсаң "қазақ" деп жауап жаз!
Ответ:*
Введите два слова, показанных на изображении: *
^