» » "Мәңгілік Ел" идеясы - халқымыздың ұлы мұраты
Информация к новости
  • Просмотров: 263
  • Автор: janar
  • Дата: 29-06-2016, 07:16
  • 0
29-06-2016, 07:16

"Мәңгілік Ел" идеясы - халқымыздың ұлы мұраты

Категория: Шығармалар

ЖМИ НИЖЕ ССЫЛКУ, ЧТОБ УВИДЕТЬ ВЕСЬ ТЕКСТ ПОЗДРАВЛЕНИЙ!
"Мәңгілік Ел" ұлттық идеясы-халқымыздың ұлы мұраты
"Мәңгілік Ел" ұлттық идеясы-халқымыздың ұлы мұраты

1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ ұлты өзінің көптен күткен,ғасырдан ғасырларға арман боп ұласқан тәуелсіздігін жариялаған болатын.Дәл осы кезеңнен,осы уақыттан бастап Қазақстан әлемдік кеңістікте өзіндік орнын айқындаған,ішкі,сыртқы саясатын дербес жүргізетін,егемен мемлекет ретінде орнығып дүние жүзіне танылды.
Осынау қуаныштан сәл ғана бұрын байтақ елде халықты шаттықпен елеңдеткен ұлы оқиға болды.Ол бүгінгі Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің сайланған күні еді.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып соған дейін де қазақ халқына танымал тұлға,көрнекті саясаткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бірауыздан сайланды.
Халықтың ақ батасын алған ұлықтау рәсімінен кейін,Елбасымыз,мінеки,күні бүгінге дейін де мемлекетімізді басқарып,әлемге танылған саясаткер ретінде өз бағасын алып келеді.
Осынау жиырма жылдан астам уақыт ішінде біздің жас мемлекетіміз әр түрлі қиындықтарды артқа қалдыра отырып,дамып,жетіле түссе,соның барлығында да тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі жатыр.
Сол 90-жылдар кезеңінде Қазақстан мемлекеттік рәміздерін қабылдады,сонымен қатар өзінің ұлттық валютасы-теңгені айналымға енгізді.
1995 жылы Қазақстан Республикасының осы күнгі қолданыстағы Ата Заңы-Конституциясы қабылданды.Қазақстан Конституциямыз бойынша Президенттік Республика болып танылады.
"Әуелі экономика,сосын саясат" қағидасын ұстанған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің халқы сеніп жүктеген міндеттерін дәйектілікпен,зор абыроймен атқара білді және атқарып келе жатыр.
Кеңестік басқару жүйесі мен кеңестік экономикаға негізделген елімізді нарықтық қарым-қатынастарға тез әрі жедел түрде бейімдей алған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ең алдымен халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуды ойлады,бұл үшін аса маңызды боп саналатын шағын және орта бизнесті өрістетті,кәсіпкерлікке және кәсіпкерлерге айрықша қолдау жасалды.Жұмыссыздықпен күрес жолға қойылды.Дамыған елдерден инвестиция тарту көлемі арта түсті.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев,әсіресе,әлеуметтік салаларға ұдайы көңіл бөліп отыруды басты саясат ретінде ұстанды.Себебі Қазақстан Республикасы Конституция бойынша өзін әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады.Әр кезеңде де тұрмысы төмен азаматтарға әлеуметтік тұрғыдан қолдау білдіріліп отырды.Зейнетақы және жәрдемақы көлемінің нарықтық талаптарға сай артып отырылуы көзделді.
Білім және денсаулық сақтау саласына айрықша мемлекеттік тұрғыдан көңіл бөлінді.
Мектепке дейінгі білім және тәрбие беру мекемелерінің,сонымен қатар мектептердің саны артты.Халықты білім берумен қамтамасыз етудің құқықтық негіздері жасала отырып,білім жүйесін жаңа заманға лайықтау міндеттері алда тұрды.Педагог кадрлардың білім сапасын арттыру,оларды жаңа заманға сай қайта даярлау қажеттілігі сезіле түсті.Осыған орай,білім беру саласы қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы ұдайы басты назарда ұсталды.Мұғалім кадрлардың айлық жалақысы арттырылып отырды.
Денсаулық сақтау саласы жөнінде де осыны айтуға болады.Алыс ауылдық елді мекендерде тұратын халықтың денсаулық жағдайына айрықша көңіл бөлінді.Білікті дәрігерлердің саны арттырылды.Емханалар мен ауруханалар жұмысының емдік сапасына ден қойылды,олардың саны жыл санап көбейтілді және заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы да халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту міндеттерінен туындаған жұмыстар болса,осы жұмыстардың барлығы да Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей басшылығымен жүзеге асырылып жатты.
Қандай да бір қоғам,қандай да бір ел нендей мұрат-мақсаттарды жүзеге асырмақ болса да,алдына белгілі іс-жоспар қоятындығы түсінікті.
Аталған міндеттерді жүзеге асыруда елімізде кезең-кезеңімен іске асатын әр түрлі бағдарламалар қабылданатын болса,сол бағдарламалар ең әуелі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайын халыққа тікелей теледидар арқылы жолданатын Жолдауынан туындап жатушы еді.
1997 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жолдаған "Қазақстан-2030" Стратегиялық бағдарламасы қабылданған болатын.Бұл Жолдау аса айрықша маңызға ие мемлекетіміздегі тарихи-саяси мәні бар құнды құжат болып есептеледі.
Елбасымыздың дәл сондай Стратегиялық маңызға ие Жолдауы өткен жылы қабылданған "Қазақстан-2050" Стратегиялық бағдарламасы болып табылады.
Ал,Елбасымыздың биылғы үстіміздегі жылы қабылданған Жолдауы сол өткен жылғы қабылданған Стратегиялық құжаттан туындайтын жоба.
"Қазақстан жолы-2050: бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ" атты Жолдаудағы басты бір жаңалық-Елбасымыздың халыққа "Мәңгілік Ел" идеясын ұсынғандығы болды.Бұл ел көптен күткен,ортақ бірлікке шақыратын "Мәңгілік Ел" идеясын жұрт қызу-қуаттап әкетті.Жолдау жер-жерде-ауыл-аймақтарда,оқу орындарында,халықтың ортасында қызу талқыға түсе бастады.Осыған байланысты жер-жерге Жолдаудың мәні мен маңызын түсіндіру үшін ақпараттық-насихаттық топтар аттандырыла бастады.Олар халықпен кездесулер өткізіп,Елбасы саясатының негізгі бағыт-бағдарын халыққа түсіндірді.
"Мәңгілік Ел" идеясының мән-маңызын ұғындырды.
Халқымыздың тарихына қарап отырсақ,айта кетерлік бір жағдай,ұлтымыз мәңгілік ел болу идеясын әу бастан армандағаны байқалады.Бұл тіпті көне түркілік кезеңге де тән.Түрік қағанатын құрып,іргесін бекіткен ұлы жұрт та кезінде осы мәңгілік идеясын ұстанғандығын тарихшыларымыз атап айтады.
Қазақ хандығы тұсындағы ата-бабаларымыздың арманы да осыған саяды.Елдің бірігіп,бір тудың астына жиналып ұлыс,мемлекет құру мақсаты болды.
Алаш азаматтарының да басты мұраты-ел болып жұмылу,қазақтың дербес мемлекетін құру болғандығы белгілі.
Міне,Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы тарих толқынындағы ұлы мұрат-мақсаттарды XXI ғасырда замана көшіне ілескен қазақ ұлтының алдына жаңа заманға сай жаңғыртып қайта қойғандай болды.
Елбасы "Мен қоғамда "Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болу керек?" деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін.Біз үшін болашағымызға бағдар ететін,ұлтты ұйыстырып,ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар.Ол-Мәңгілік Ел идеясы" деп Жолдауда атап көрсеткен еді.
"Мәңгілік Ел" -ұлттық идея.Зерттеушілер ұлт сөзін екі мағынада алып қарастырады.Бірі этникалық қауымдастық,екіншісі-мемлекеттің барша халқы мағынасында. "Мәңгілік Ел" идеясы-осы екі ұғымға да ортақ идея.Бұл-қазақ халқының ұлттық мұраты,сонымен бірге осында тұратын түрлі ұлт өкілдерінің басын біріктіріп,бір мақсат,бір мүдде,бір болашаққа жетелейтін идея.
Біздің алдымыздағы болашақта ұстанатын ортақ құндылықтарымыз бар.Олар:

1.Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы.

2.Қоғамымыздағы ұлттық бірлік,бейбітшілік пен келісім.

3.Зайырлы қоғам және жоғары руханият.

4.Индустрияландыру мен иновацияларға негізделген экономикалық өсім.

5.Жалпыға ортақ еңбек қоғамы.

6.Тарихтың,мәдениет пен тілдің ортақтығы.

7.Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіл әлемдік өңірлік мәселелерді шешуге
жаһандық тұрғыдан қатысуы.

"Мәңгілік Ел" ұлттық идеясын жүзеге асыруда алдымызға қойылар мақсаттар бар.Ол дені сау және білімді ұрпақ тәрбиелеп шығару.Ол Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы,ересектердің сауаттылығы және балалардың мектепке дейінгі біліммен және мектеппен қамтамасыз етілуі,сонымен қатар ішкі жалпы өнім көлемінің жан басына шаққандағы көлемін арттыру.
Осыған орай,50-жылдарға дейін Қазақстанда ішкі жалпы өнім көлемін жан басына шаққанда 13000 доллардан 60000 долларға дейін өсіру көзделуде,ал өмір сүру ұзақтығын 69 жастан 80 жасқа дейін жеткізуге жоспарлануда.
Сонымен "Мәңгілік Ел" идеясы бұл бабалардан арман болып келе жатырған ұлы мақсат-мұраттарды XXI ғасырдың жаңа заман қоятын талаптарына сай жүзеге асыру.
"Мәңгілік Ел" тұтас Қазақстандықтардың бірлігі,ортақ мақсат жолында жұмылуы,ортақ Қазақстандық патриотизм,ортақ жетістіктермен даму жолы.
Біз ендігі жерде ата-баба аңсаған ұлы мұраттарды Елбасымыздың болашаққа көз жіберген көреген саясатын басшылыққа ала отырып,жүзеге асыра бермекпіз.
Бүгінгі таңда болашаққа жолдама алып отырған біздер де осынау ұлы мұраттарды іске асыруда атсалыса беретінімізге сенімдімін.

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Для зарегистрированных пользователей реклама отключена.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Вопрос:
Қазақстанның астанасы -
Ответ:*
Введите два слова, показанных на изображении: *
^