Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 15481
  • Автор: janar
  • Дата: 25-08-2012, 07:01
  • 0
25-08-2012, 07:01

конституция күнімен құттықтаулар

Категория: Конституция күні, Соңғы қосылған дүниелер

 

Құрметті шығысқазақстандықтар ! /ШҚО әкімінің құттықтауы

Сейсенбі, Тамыз 30th, 2011

Сіздерді Конституция күнімен құттықтаймын.
Ұлтымыздың ұлан-ғайыр тарихында Қасым ханның «Қасқа жолынан» бастау алған бүгінгі Конституциямыз – Елбасы ұсынып, халық қолдаған, елімізді биік белеске шығарған, тарихи маңызы аса зор құжат.
Ата Заңды ардақтау – келешекке керуен тартқан мемлекетіміздегі әрбір азаматтың асыл парызы.
Облыс экономикасының қазіргі даму деңгейі Елбасының алдымызға қойған міндеттерді кезең-кезеңімен шешуімізге мүмкіндік беріп отыр. Бұл тарапта шығысқазақстандық әрбір белсенді азаматтың еңбегі бар деп айтуға болады.
Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!

Информация к новости
  • Просмотров: 10375
  • Автор: janar
  • Дата: 6-03-2012, 22:15
  • 0
6-03-2012, 22:15

8 наурызға арналған құттықтау/Бүркітбай Жағыпарұлы/

Категория: 8 наурыз, Соңғы қосылған дүниелер

  


8 наурызға арналған құттықтау/Бүркітбай Жағыпарұлы/

Жақсылықтың нышанындай,

жаның сүйген адамның жып-жылы құшағындай,

саф алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін,

жайма шуақ сәулелерін төгетін,

көңілдерге қуаныштар егетін,

имандылық пен пәк қыздардың мінезіндей ибалылық себетін

көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі,

той атаулының қызығы мен берекесі –

8 НАУРЫЗ келді ортамызға!

 

Осы мерекенің иелері,

бар адамзаттың табынары мен киелері,

қуанғанда қасыңнан табылып, қиналғанда сүйенері,

мейірімділік пен тыныштықтың жаршылары,

адамдық пен адамшылықтың мөп-мөлдір тамшылары,

сүйкімді қылығымен сағындырған,

қажет десе аһ ұрғызып сабылдырған,

әсем көркімен, жүрегінің өртімен

небір дана мен данышпандарды табындырған,

сүйсе құлай сүйетін,

нақсүйеріне жанашыр болып, бірге күйетін

аяулы да асыл қыздар, сүйкімді келіншектер,

мерекелеріңіз құтты болсын!

 

Әрқашан отбасыларыңыздың ажары,

жүрген орталарыңыздың базары болыңыздар!

Пәле-жала, жамандық атаулы келмеске кетсін,

асыл да таза махаббат жүректеріңізден мәңгілік орын тепсін!

Сүйікті жар, ардақты ана болыңыздар,

дәулет, береке, байлық ауылына қоңсы қоныңыздар.

Сіздерге дүниедегі барлық бақытты тілейміз!

 

БҮРКІТБАЙ ЖАҒЫПАРҰЛЫ

Информация к новости
  • Просмотров: 47926
  • Автор: janar
  • Дата: 10-01-2012, 08:36
  • 0
10-01-2012, 08:36

8 наурызға әзіл тілек

Категория: 8 наурыз, Әзіл тілектер

сықақшы Ермахан Шайыхұлының әзіл тілегі

 

Армысыздар ақ жаулықты аналар!
Бармысыздар ақтамақты арулар!
Қайдасыздар, қымбатты да сымбатты қыз-қырқындар!

Информация к новости
  • Просмотров: 5972
  • Автор: janar
  • Дата: 6-09-2011, 14:47
6-09-2011, 14:47

Қасиетті Рамазан мүбәрақ болсын!

Категория: Ресми мерекелерге » Ораза айт / Құрбан айт

Шейх Әбсаттар қажы ДЕРБІСӘЛІ,
Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы мен Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфтиі

 

Құрметті мұсылман бауырлар, қымбатты отандастар!
Баршаңызды мүбарак Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! 

Информация к новости
  • Просмотров: 21351
  • Автор: janar
  • Дата: 22-06-2011, 14:49
  • 0
22-06-2011, 14:49

Астана күніне құттықтаулар

Категория: Астана күні, Соңғы қосылған дүниелер

Тамаша мереке – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

         Біз Астананың қалыптасуының куәгерлері және осы ауқымды зор жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін көзбен көру бақытына ие болып келеміз.

Өз қаласына ерекше сүйіспеншілікпен қарайтын адамдар – елордасының басты байлығы, олар күнбе-күн өз жұмыстарын атқара отырып, Астананың қалыптасуына орасан зор үлес қосуда.

         Астана күні мерекесінде сіздерге және отбасыларыңызға шын жүректен зор денсаулық, игілік, табыс және бақыт тілейміз.

*********

         Бүгін – Астана күні. Жас елорданың мерекесі 

Информация к новости
  • Просмотров: 126871
  • Автор: janar
  • Дата: 5-04-2011, 15:25
  • 0
5-04-2011, 15:25

1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған құттықтау күніне тілектер

Категория: 1 мамыр, Соңғы қосылған дүниелер

           "Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, 

Информация к новости
  • Просмотров: 20880
  • Автор: janar
  • Дата: 7-03-2011, 19:22
  • 0
7-03-2011, 19:22

8 наурызға құттықтаулар

Категория: 8 наурыз, Соңғы қосылған дүниелер

Құрметті   әріптестер!

 Сіздерді ару көктемнің алғашқы мерекесі 8 – наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіздер. Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, от басыларыңызға құт-береке, ауызбірлік пен тыныштық тілеймін.

*********

Қымбатты ханымдар!

8-Наурыз мерекесі құтты болсын! Баршаңызға асыл армандардың орындалуын, жан жадыратар қуаныштың мол болуын, отбасы бақыты мен берекесі сарқылмауын, денсаулықтың мұқалмауын тілеймін!

********

         Сіздерді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әйел-Ана - өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. Еліміздің сән-салтанаты мен Елордамыздың мерейінің үстем болуында да қашанда нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатыр. Олай болса, көктемнің осынау шуақты мерекесі көңілдеріңізді нұрға, жүректеріңізді жырға бөлесін.

********

Информация к новости
  • Просмотров: 77258
  • Автор: janar
  • Дата: 21-02-2011, 12:52
  • 0
21-02-2011, 12:52

наурызға тілек

Категория: Ресми мерекелерге » Наурыз » Наурыз құттықтаулар

наурызға тілек
Кең болсын қазағымның керегесі, кетпесін Алла берген берекесі,

Алаштың баласына нәсіп болған, Құтты болсын НАУРЫЗ мерекесі!

***

Ақтың молаятын, Жарықтың ұзаратын, Нұрдың молығатын, Тіршіліктің жаңаратын, Өмірдің жаңғыратын, Пейілдің түзелетін, Көңілдің кеңитін кезеңі - наурыз мейрамы құтты болсын!

****

Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен

тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың  бастауы,

ырыc  пен берекенің арқауы деп бағалаған.

         Олай болса, Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін.  Қоян жылы ел тыныш, туған жер аман болып, әр отбасында шат көңіл,

бақыт және береке салтанат құрсын!

***

Наурыз көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамы ретінде бағзы замандардан тойланып келеді . Бұл мерекенің дінге, не болмаса жекелеген ұлттарға еш қатысы жоқ. 

Адамзат өзін табиғаттың төл перзенті деп санайды. Табиғаттан  құдіретті не бар дейсің . Адамдар табиғатқа тәуелді. Біздерге жарық күн, кең дала, асқар тау, жасыл орман, айдын көл... сыйлағаны үшін де оның алдында қарыздармыз.

Сол жарықтық табиғаттың түлеп, жаңаратын шағы – осы Наурыз. Жер-ананың тоң кеудесі жібіп, тас емшегі ииді. Аспан денелері ең бастапқы нүктелерінде тоғысады. Күн мен түн теңеледі. Жан-жануарлар төлдерін өргізеді. Жер үстіне тілмен айтып жеткізгісіз керемет бір шаттық орнай қалады. Наурыз деп отырғанымыз, Жаңа күн деп жар салатын қуанышымыз – осы.

Өзіңіз ойлаңызшы, баршамызды бауырына басып, сұлулыққа, көркемділікке, тазалыққа ұмтылдырып отырған Табиғатымыз жаңарған, жайнаған, нұрланған сәттен артық Ұлы күн, аяулы күн бар ма екен, сірә?!

Наурыз – жылдың алғашқы  күні. Түптен келгенде, біздің нағыз Жаңа жылымыз осы Наурыз болуы қажет...  Түбінде осы мерекеге келуіміз керек. Бұл халқымыздың, тәуелсіздігіміздің ең негізгі тамырының бірі болып саналады.

Төбесі көрініп тұрған жақсылықты лайықты қарсы алу, осыған мәз-мейрам әзірленудің өзі ғанибет. Тойдың болғанынан боладысы қызық. Той болғандай қандай той – Наурыз тойы!

Санаулы күндерден кейін Әз Наурыз дүние есігін ашады. Тарих қойнауына тағы бір жылымыз жол тартып, тағы бір жыл табалдырықтан аттайды. Жаңа күн төңірекке нұр-шапағатын төгеді. Жер бетіне жақсылық ұялаған күнді қарсы алайық.

*******наурызға тілек

Жер-жаһанды сері самалға өткізіп, жұрттың аузын аққа жеткізіп, нұр тамшыларын аямай төккізіп, қиындықтың бәрін келер жылға өткізіп, Самарқанның көк тасын ерітіп, алтынкүрекпен жер жүзін жібітіп, тас жүректерді мейіріммен үгітіп, жеті қат жер астына дейін балқытып, жыл құстарының әнін шалқытып, Жетісуға жасылдан көйлек кигізіп, Сарыарқаны самал желге сүйгізіп, Алатаудың төбесінен көкке тигізіп, Қаратауға құт-берекені үйгізіп, жеттің бе, әз-Наурыз!

         Ақ бұлақтарды ақтартып, шың-құздарды шаттанып, тізбектеп тырналарды, сүйгізіп сырғаларды, шоршытып балықтарды, шапшытып арықтарды, тербелтіп наз қайыңдарды, төгілтіп жаз жайында әнді, қаздарды қаңқылдатып, найзағай жарқылдатып, айтып ертегіңді, жайып желкеніңді, жеттің бе, әз-Наурыз!!!

*****

         Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

         Наурыз - жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің. Тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.

         Әр жыл сайын жасампаздығы мен қуаты артып келе жатқан Елордамыздың ажары мен айбыны да осындай игі дәстүрлерімізбен асқақтай бермек. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасылыраңызға амандық, ырыс пен ынтымақ тілеймін!

*******.

         Бұл күн тіршіліктің, дәстүрлі құндылықтар аясында бірігіп, игілікті жаңа бастауларға ниет білдірудің нышаны. Күннің алғашқы нұры әрбір шаңыраққа бақ береке, өзара түсіністік пен болашаққа деген сенімділік әкелсін!

         Құрметті қазақстандықтар, дендеріңізге саулық, мол бақыт және жаңа жеңістер тілейміз!

         Ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасы гүлдене берсін!

*****

         Күн мен түн теңеліп, көктем күшін асырған Ұлы күннің жеріме, күнім көктей жайнаған! Орманда құс сайрады жалындаған жастықтай Жаса Наурыз мейрамы!

         Ақ тілек бейбітшілік аман болсын!

         Елім, жұртым қадірлі аман болсын!

         Туғандай бір анадан жамағаттар

         Достыққа берік, мықты адал болсын!

         Наурыз мейрамы құтты болсын!

         Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

Қайда барсақ жол болсын!

Ұлы халқым тоқ болсын!

Қайғы уайымы жоқ болсын!

Қуаныштары көп болсын!

*****

        наурызға тілек

Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге Наурыз мейрамы барлық қазақстандықтар үшін жалпы халықтық сүйікті мерекеге айналды. Көктемнің осы бір шағында табиғат қана түлеп қоймай, қоғамның ынтымағы мен бірлігін, бейбітшілігі мен түсіністігін нығайтатын адам даласының да жан-дүниесі жаңғыра түседі.

         Наурыз – бұл тек көктемнің ғана емес, бұл ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Ұлыстың осы бір ұлы күні жер бетіндегі қанды соғыстар, дау-жанжалдар тоқтатылып, адамдар бір-біріне деген өкпе-реніштерін ұмытып, кешірімге келіп, татуласып, табыса білген. Халқымыз мол дастарқанын жайып, ақ жарқын көңілмен жүздесіп, дәм татысып, өткен-кеткеннен сыр тартып, барша адам баласына жақсылық, аманшылық тілеп, жастарға ақ баталарын берген.

         Қазақстандағы жүздеген ұлт пен ұлыстардың өкілдері бір-бірімен тату-тәтті, берекелі өмір сүріп жатыр. Әз Наурыздың адам баласын ізгілік пен сыйластыққа, ынтымаққа тәрбиелейтін тереңнен тартар ежелгі қасиетін біз барлық қазақстандықтардың бойына дарытуға, оны өз өміріміздің салтына айналдыруға міндеттіміз.

         Бәріңізді көктемнің жарқын мерекесі Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.

         Наурыз күні ойға алған барлық арман-мұраттарыңыз орындалып, үміттеріңіз ақталуға жазсын!

         Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

******

         Көне заманнан бері Наурыз сұлулық пен жасампаздықтың, бейбітшілік пен келісімнің символы болып табылады.

         Көпұлтты Қазақстан халқының өз мүмкіндіктеріне деген сенімдері арта түсіп, бай рухани мұралары жарқын болашақ жолындағы жарқын істеріне қуат берсін.

         Қазақстандықтар үшін Наурыз - айрықша мейрам. Бұл күн қыстың сәті аяқталып, барша еліміз жаңаша кейіпке енетін көгілдір көктемнің келгенін білдіреді.

Жаңару мен жасару күні Сіздерге бақ-береке, ырыс-ынтымақ әкелсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, көркейе берейік!

******

         Төрлет, Ұлыстың күні - әз-Наурыз! Өзіңді асыға күткен барша халық ниет-пейілін жақсылыққа бағыштай отырып, бақытты болашаққа нық қадам басуда. Нұрлы Наурыз келгенде Самарқанның көк тасы еріп, көктемнің жылы шуағымен туған жер төсінде әуелеп ұшқан құстар әуені Ұлыстың Ұлы күнін паш етіп, жер дүниеге бейбітшілік дарытып, құт-береке әкеледі. Осындай даналықтың ұлы мейрамы әз-Наурыз алты Алаштың ақ ордасы – Астананы да мерейлендіреді.

         Төрлет, жоғары шық, бейбітшілік пен достықтың бастауы болған әз-Наурыз!

*****

         Азаматтың ақ таңы атқаннан бері қаймана қазақтың қай баласы болсын, Наурыз мейрамының қадір-қасиетін жете түсінуде. Жалпы тепе-теңдік, ізгілік пен жаңару үйлесім тапқанда ғана құт қонып, береке орнайды. Сондықтан да Наурыз табиғат пен қоғамның, адам мен адамның, ел мен елдің ара-қатынасындағы тепе-теңдік заңын сақтайтын бастау бұлақтар мен таланттардың қайнар көздерінің ашылуына мүмкіндік туғызатын сән-салтанатты мәнді де сәнді және мағыналы мереке.

         Тамашаға толтырып тұнық төрді,

         Жетті, Наурыз, үкілеп үміттерді,

         Барша үйге бақыт боп, береке боп,

         Жанарынан нұр шашып күліп келді.

*****

         Адамдарға арман мен адалдық, ал жастарға құштарлық пен сұлулық сыйлаған Наурыз мейрамы, міне, әр үйдің төріне бақыт құсы болып қонды.

         Наурыз – барша қазақстандықтардың ортақ той-думаны. Наурыз – достық пен еркіндіктің мерекесі. Наурыз – салауатты өмірдің салтанаты. Наурыз – қаңқылдап қаздар келетін, қырларда қызғалдақ бүршік атып, Табиғат-Ана гүл көрпеге оранатын көктем айы.

         Ендеше, төрлет, елімізге құт дарытатын Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз!

*****

Информация к новости
  • Просмотров: 261426
  • Автор: janar
  • Дата: 12-02-2011, 17:36
  • 0
12-02-2011, 17:36

8 наурызға құттықтаулар

Категория: Ресми мерекелерге » 8 наурыз

Сүйікті жарым!

Өзіңді көгілдір көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтаймын. Осынау жарқын мереке күні мәңгілік жастық алауын, адал махаббат жылуын, шынайы сүйіспеншілік шуағын тілеймін.

Ізгі тілекпен, жан жарың……..

******

Қызым!

Арулар күніне арналған жылы лебізімді қабыл ал. Тал бойыңа ажарына ақылы сай, нәзік те биязы, көрікті де келбетті қазақ қыздарының жан сұлулығын тілеймін. Жанарың әрдайым нұр шашып, жүзің күндей күлімдеп, көңілің көктемдей көрікті болсын!

Ізгі тілекпен, жан әкең ………………!

****

Құрметті апа!

Сізге 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтауымды жолдаймын. Әйел барлық қиындықты жеңе білетін сарқылмайтын күш, тірліктің қайнар бұлағы.

Барша туған-туыстарыңызды жылы жүрегіңіздің мейірімділігі мен ыстық ықыласына бөлей беріңіз.

Ізгі тілекпен, бауырыңыз ...............

*****

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.

Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі.

Деніңізге саулық, отбасыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілей отырып, мына өлең жолдарын Сіздерге арнаймын:

 

Гүлдей болсын өміріңіз,

Нұрға толсын көңіліңіз.

Биік боп жұлдызыңыз

Көктемдей құлпырыңыз.

Бақыт қонсын басыңызға

Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!

******

Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын.

Әрқашан шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйіңізден жылылық кетпесін. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға береке-бірлік тілейміз!

****

Бар тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған аналар, мейірімді әжелер, әдемі арулар!

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймыз!

Әрқашанда шаңырақтарыңыздың берекесі болып, жүздеріңізден нұр шашып жүре беріңіздер. Сіздерге зор денсаулық пен баянды бақыт тілейміз!

******

8 Наурыз – халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтай отырып, шынайы көңілден шыққан ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз.

Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге – аналарымыз бен апа-қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық

құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз.

         Сіздерге шынайы көңілден зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс тілейміз!

*******

         Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты.

         Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі.

                 Қымбатты ханымдар! Сіздердің атыңызға айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта толастамасын. Көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл-күй Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Сіздерге және отбасылыраңызға әрқашан бақыт және сәттіліктер тілеймін!

*****

         Жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілеймін.

         Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі – көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер!

*****

         8 наурыз – ер азаматтардың назарынан тыс қалмайтын мерекелердің бірі. Осы күнді ақ шашты қариядан бастап жас жеткіншектерге дейін асыға күтеді. Бұл күн – отбасы берекесі мен ұйытқысы болып табылатын біздің аналарымыз, жарымыз, әпкелеріміз бен қыздарымызға жарқын көңіл мен жақсылық тілейтін күн. Сіздер өздеріңіздің ізеттіліктеріңізбен, сыпайлықтарыңызбен өмірді шуақтандырып, жақындарыңыз бен туыстарыңызға жылу сыйлайсыздар.

         Әлемде нәрестеге өмір сыйлап, оны алғашқы қадам басуға үйрететін қасиеттеріңізге тең келер нәрсе жоқ. Сіздердің төзімділіктеріңіз бен махаббаттарыңызға алғысымыз шексіз!

Сіздерге сәттілік пен шаттық көңіл серік болсын. ер азаматтардың сыйластығы мен құрметіне бөлене беріңіздер.

         Көктемгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, әрдайым әдемі, жылы жүректі аналық абыройлы атақтарыңыз биіктей берсін. Зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық тілеймін!

******

Қазақ әйелі бағзыдан даланы қорғаған, ерлермен бірге ерлік жасаған. Қазақ әйелі тек қана ошақ басының емес, бүкіл өмірін, ұрпағын сақтаған, ерліктің үлгісін көрсеткен.

         Бесік тербейтін, батырды өсіретін, ұлтымызды сақтайтын, ертеңгі ерлерді өсіретін әйел, келін, ана.

*****

         Ақ жаулықты апаларымыз бен аналарымыздың, сіңлілеріміздің төл мерекесі.

         Отан отбасынан басталады деген ұғымға сәйкес, әйелдің қоғамдағы рөлі ерекше. Өйткені отбасының құты болған әйел Отанға да адал қызмет  етеді.

******

                  8- наурыз Халықаралық әйелдер мейрамымен шын жүректен құттықтап, әрқашан толысқан айдай ажарланып, күлімдеген күндей нұрланып, шаттық пен қуанышқа бөленіп, береке-бірліктің бастаушысы, игі істердің қостаушысы болып жүре беріңіздер.

******

         Әйел затының міндеті – сырттай қарағанда «от басы, ошақ қасы» секілді қарапайым көрінгенімен, нақтырақ зер салсақ, үй ішінің шаруасы-кәсібімен айналысып, бала-шағаны бағып-қағу, өсіру, ағайын жұрттың береке-бірлігіне ұйытқу болу сияқты негізінен үйелменнің құт-берекесін арттыратын ең бір маңызды істер әйелге жүктеліп, әр шаңырақтың тұрмыс-тіршілігі, хал-ахуалы да осы үйдегі ақ жаулықты аналарымыз болып келеді.

******

         Жақсы сөз – жарым ырыс демекші, қуаныштан жүздері балбұл жанған ақжаулықты аналардың алдында барша азамат мәңгі қарыздар екеніне тоқталып, шын көңілден құттықтаймыз.

         Ананы сыйлаған, имандылыққа ұйыған халқымызда «Ананың сүйген жері – отқа күймейді, оқ та тимейді» деген тәмсілге сай олардың жүзін мұң шалмауы үшін бар жақсылықтың жалғасатыны анық.

         Жер бетіндегі жақсылық атаулы аналардың үлкен жүрегімен әрленеді десек, жылына бір тойланатын мерекеде олардың еңбектерін бағалап, сый құрмет көрсету парызымыз.

******

         Бұл күн  ізгіліктің, мейірімділіктің, әдеміліктің нышаны.

Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын. Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!

*****

         Міне, 8 Наурыз – халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Мейрам! Маған басқа мейрамдардың бәрі осы ғажайып мейрамнан шашыраған ұшқындар ғана, осы алтын мейрамның күннен шашыраған алтын жіп тәріздес сәулелері ғана сияқты көрінеді. Осындай керемет мейрам күні барлық әйелдерге зор денсаулық, баянды махаббат, жанұяларыңызға бақыт тілеймін!

******

         - Ең күшті нәрсе не? – десе,

         - Әйелдің әмірі! – дер едім.

         Әйелдердің барлығын

         Жердегі Тәңірі! – дер едім.

         Өз басым әйелді осылай деп бағалаймын. Өйткені, адамзатты жарататын - әйел, ұлтын көбейтетін - әйел, ұрпақты ұластыратын - әйел, еркекті Ер ететін - әйел. Бір сөзбен айтқанда, дүниенің тірегі -әйел. Махаббаттың асыл нұры - әйел. Өмір деген алтын сарай есігінің күміс кілті - әйел махаббаты.

********

8  наурыз – біздің жүрегімізді шуаққа бөлейтін ананың алақаны сияқты көктемнің алғашқы мерекесі. Табиғаттың оянуы осынау шуақты мерекеден бастау алатыны тегін болмаса керек.

Азаматтың әдемі сыңарына арналған аруларымыздың жүздерінен әдеміліктің нұры таймасын, ішкі байлықтары бен жүректерінің мәрттігі сөнбесін!

Баршаңызға көктемнің осы күнгі мерекесінде махаббат, денсаулық, бақыт және амандық, туған-туыстарыңызға игілік тілейміз!

****

       Көктемгі күннің көзіңдей жылы жүзді, тұла бойына сұлулық тұнған, арқаның ажарындай нұрлы келбетті, қызғалдақтай алаулаған аруларымызды көктемнің күлім қаққан шұғылалы мерекесі – 8 наурыз мейрамымен құттықтаймыз!

****

       Тамылжыған көктемнің арайлы шуаққа толы 8 наурызы да келіп жетті. Осынау көктем мерекесі күнімен ардақты апалар мен аяулы қарындастарымызды шын жүректен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ырысты береке, баянды бақыт тілеймін!

******

        Көктемнің осы бір ең жарқын мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз!

        Әйелдер, Сіздер – адамзаттың ең бір асыл перзенттері ғана емессіздер, сонымен бірге табиғат бойларыңызға ақыл мен төзім, іскерлік те дарытқан абзал да ізгі жансыздар!

         Баршаңызға мол бақыт, істеріңіздің сәтті болуын, қазақ еліндегі бейбіт пен тыныш өмірдің шырқы бұзылмауын тілейміз!

         Әр шаңырақтың ырысы ортаймасын, балаларыңыз бен жақын-жұрағаттарыңыздың барлығы да аман-сау, денсаулықтары мықты болып, Сіздердің әрқайсыңыздың жан-жүректеріңізден ертеңгі күнге деген сенім мәңгілік айнымасын!

 *********

         Қымбатты әйелдер!

         8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне байланысты шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар.

         Әйел әрқашан халықтың ар-ожданы, ізгіліктің, нәзіктіктің және және дархан көңілдің көрінісі болып келді және болып қалмақ, бүгінгі мереке оларға деген шынайы құрмет белгісі.

         Әйел өзінің табиғатынан-ақ кішіпейілділіктің, жоғары адамгершіліктің және мейірімділіктің айнасы. Сондықтан, ол бүкіл қоғамның арқауы ретінде келісім мен тұрақтылықтың нығаюына ықпал етеді.

 *********

         Шығыста: «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», дейді. Тәуелсіз еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, азаматтарға сенімді тірек болып, қоғам ісіне білек сыбана кірісіп, қиын қыстау кезде демеу болып жүргендеріңіз үшін әйел қауымына алғыс айтамын.

 *********

         Көктемде арулар қоса құлпырады. Бізге оны көрсін деп көз, сүйсін деп жүрек беріпті. Құдай шебер осынша көл-көсір сұлулықты көз алдымызға үйіп-төккен. Осының бәрі Алла нұрының Жер бетіне түскен тек жүзден бір ғана Нығметі дейді. Бір-ақ пайыз! Соның өзі-ақ Жер бетіндегі тіршілік отын жағуға жетіп жатыр. Сол бір пайыз нұр арқасында Жер бетінде өмір шеруі тоқтаусыз, толассыз салдыртып келеді. Сол шеру сәнді-салтанатты болсын деп, Алла тағала Хауа анамызды жаратқанда оның дидарына нәзік нұр сүйкепті. Содан Хауа ана сұлулығына Адам атамыздан бастап адам назары сұқтанумен келеді.

 *******

         Көктемдегі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен әр шаңырақты шаттыққа бөлейтін аналар мен қыз-келіншектердің қуанышына ортақпыз.

         «Ер елдің иесі, әйел – үйдің киесі» дегендей отбасындағы береке-бірлікке, өмірдегі әсемдік пен нәзіктікке жолбасшы бола жүріп, айналасына инабаттылықтың нұрын сепкен аналарымыз бен қыз-келіншектерімізді шын жүректен құттықтаймыз.

 ********

         Құрметті арулар!

         Сіздер бір отбасын емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер. Тәуелсіз Қазақстанымыздағы бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да өздеріңіз.

         Бүгінгі мерекелеріңізбен тағы да бір мәрте құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, ырыс-құт тілейміз. Әр таңдарыңыз арайлап атып, күндеріңіз нұрға толсын!

******

Көк желекті көктеммен бірге қуаныш сыйлай келетін аяулы аналарымыздың, әпкелеріміздің, қарындастарымыздың төл мерекесі -  8 наурыз

Мейрамын бәріміз асыға күтеміз. Ер азаматтар бұл күні гүл, сыйлық дайындап, анасының, қарындастарының,сүйіктісінің жүрегіне қуаныш сыйлауға асығады.

   Құрметті қыз-келіншектер! Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, денсаулық, сұлулық, бақыт, қуаныш тілеймін!

   Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғандарыңыз үшін Сіздер қашанда өздеріңіздің сыйлы, сүйікті қадірлі екендеріңізді, Сіздерсіз мына дүние бос екенін ұмытпаңыздар!

*********

Жалғыз жүріп жол табам деу далбаса,

Жігіт болсаң жар табуға қам жаса!

Ол бар жерде сен өзіңді зор сана,

Ол бар жерде басқа бақыт аңсама!

-        деп Тұманбай ақын жырлағандай мынау бүгінгі  8 наурыз халықаралық қыз-келіншектер мерекесінің ұйтқысы қадірлі біздің гүлдеріміз!

   Құстың қос қанаты бар, адамның екі жанары бар. Күн мен түн бар, Ай мен Күн бар. Сіздерсіз жігіт жүрегі  -  жетім. Бүгінгі сіздердің мерекелеріңіз өз сыңарын іздеген «жетім» - жүрек жігіттер бақытының бастауы болса екен!

   Мереке соңы тойға ұлассын!

********

 Бүгін сіздердің мерекелеріңіз. Ер – азаматыңыз сіздерді қандай еркеліктеріңіз болса да көтеруге міндетті. Дегенмен қыз-келіншектерге айтарым: жүректерінің біздің жаман жақтарымызды емес, тек қана жақсы қасиеттерімізді сақтап, қашанда айдай сұлу, күндей жылы жүздеріңізден нұр төгіліп, сүйікті де сүйкімді болып жүре беріңіздер!

Қара жерге қар жауар,

Қарды көр де етім көр.

Қар үстіне қан тамар,

Қанды көр де бетім көр.

-        деп ақылды ару Ақжүніс апамыз тап басып айтқан

қазақтың ақманар тәнді, ақ мамық мінезді, қарлығаш қанатты қаракөз қыздарының бақытты болуы үшін, отанымыздың гүлі, жүрегіміздің жыры, ежелгі заманда «Қыпшақ аруы кім?» дегенде, «Міне! деп әлем халықтарына мақтанышымызды паш етіп көрсеткен сұлулардың жалғасы – қадірлі қыздар, сіздердің осынау мерекелеріңіз үшін осындағы жігіттер қолындағы қымыздың бір тамшысын қалдырмай алып тастайды.

*******

Информация к новости
  • Просмотров: 47157
  • Автор: janar
  • Дата: 12-02-2011, 17:33
  • 0
12-02-2011, 17:33

8 наурызға арналған ресми құттықтаулар

Категория: 8 наурыз, Соңғы қосылған дүниелер

Ерекше төзімді кәдімгі қазақтың Ұлт аналарына деген құрметімді білдіріп, қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып, иіліп тәжім етеміз.

Сабыр мен төзімнен жаралған Ұлт аналары – аяулы әжелер, асыл аналар, көктемдей құлпырған қыз-келіншектер, мерекелеріңізбен!

****

Жылы шырайлы көктемнің алғашқы бір күндері барша азаматтың көңілін жадырата келген 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен барлық қыз-келіншектерді шын жүректен құттықтаймыз.

Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, әлем таныған абыроймен жетулеріне асыл аналарымыз, ардақты жеңешелеріміз бен апа-әпке, сіңлілеріміздің өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат. Отбасының күнбе-күнгі шаруасын, бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп әйел заты біздің қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде шешуші рөл атқарып келеді.

Баршаңызға мереке қайырлы, құтты болсын! Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт, отбасының аманшылығын, еліміздің өсіп-өркендей беруін тілейміз. Өмірдегі әйел жаққан шырақ сөнбесін!

*****

Әйелдер қауымын кім-кімді де әдемі әсерге бөлей келетін көктемнің жарқын да шуақты мерекесімен құттықтаймыз! Әр отбасының береке-бірлігін қалыптастырып, халқымыздың дәстүрі мен салтын, оның мәдениеті мен тарихын, тілін қадірлеуді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан Сіздерге шынайы ризашылық сезімімізді білдіреміз.

Сіздерге  зор денсаулық, әрі сұлулық, нәрлі күш-қуат тілейміз!

Көңілдеріңіз көктемдей көрікті болсын.

Әркез Сіздермен бірге жеке сүйіспеншілік, көктемнің шырайлы шуағы бола берсін. Әр күн Сіздерге көктемгі сезімнің жылуын, қуанышын, бақыты мен махаббатын сыйласын!

******

            Алаштың ұлтжанды азаматтары, ұлттың да, ұрпақтың да бесігін түзейтін, тілімізді де, дінімізді де ділімізді де ана сүтімен санаға сіңіретін, қазақты тәрбиелейтін қыздарымыз. "Бәрі де адамның өз қолында, ал адам әйелдің алақанында" деген сөз әлемді билейтін де, тербейтін де әйел екенін білдіреді.

******

Сіздерді жыл басы көктемнің айтулы мерекесі 8 – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтау тілегімді қабыл алыңыздар! Бүгінгі бар тіршілік, жарық дүние, бақытты өмір әйел-ананың аяулы алақанында. Азамат баласына тән қасиетті, сүйіспеншілік пен іңкәрлік, сұсулық пен махаббат, қайырымдылық пен ақылдылықтың бар болмысын шынайы рухта бір бойына сіңіре білген ақ пейілді дархан жүректі нәзік жандарға дүниедегі бар жақсылық атаулыны тілеймін.

******

Құрметті ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар, қаракөз қарындастар! Сіздерді ............... ұжымының атынан жыл мезгілінің ең көрікті де қуанышты мезгілі көктемнің алғашқы мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Отбасыларыңыз бен өздеріңізге амандық, дендеріңізге саулық, ұзақ әрі шаттыққа толы ғұмыр, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін. Өңір халқының әл-ауқатын жақсарту жолында атқарып жатқан еңбектеріңізде табыстарға жетіп, үлкен биiктерден көрiнулерiңiзге шын жүректен тілектеспін. 
«Күннің шуағы – жылы, 
Ананың құшағы – жылы», – дегендей, 
дүниеде ананың балаға және барша азамзатқа деген мейірімі мен махаббатынан асқан құдірет жоқ. Ананың аялы алақаны мен жылы құшағын сезініп өскен сәбидің арманы не?! 
Сіздерге биылғы жылы да қуанышы мен қызығын ала келген төл мерекелеріңізді шадыман көңіл күймен қарсы алып, құшақтарыңыз гүлге толсын деген ақжарылған тілегімді білдіремін.

********

Назад Вперед
^