» » » Астана күніне құттықтаулар
Информация к новости
  • Просмотров: 21223
  • Автор: janar
  • Дата: 22-06-2011, 14:49
  • 0
22-06-2011, 14:49

Астана күніне құттықтаулар

Категория: Астана күні, Соңғы қосылған дүниелер

ЖМИ НИЖЕ ССЫЛКУ, ЧТОБ УВИДЕТЬ ВЕСЬ ТЕКСТ ПОЗДРАВЛЕНИЙ!

Тамаша мереке – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

         Біз Астананың қалыптасуының куәгерлері және осы ауқымды зор жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін көзбен көру бақытына ие болып келеміз.

Өз қаласына ерекше сүйіспеншілікпен қарайтын адамдар – елордасының басты байлығы, олар күнбе-күн өз жұмыстарын атқара отырып, Астананың қалыптасуына орасан зор үлес қосуда.

         Астана күні мерекесінде сіздерге және отбасыларыңызға шын жүректен зор денсаулық, игілік, табыс және бақыт тілейміз.

*********

         Бүгін – Астана күні. Жас елорданың мерекесі әрбір астаналықтың жүрегіне қуаныш ұялатып, ертеңге деген сенімді шындай түсуде. Қарыштап дамыған жаңа Астананың бүгінгі келбетіне сүйсінбейтін жан жоқ.

*******

         Жас елорданың көз сүріндірер келісті келбеті күн санап жасарып, көркейіп, гүлдене түсуде. Ол жаңаша қарқын алған құрылысымен ғана емес, соңғы технологиялар негізінде салынып жатқан гүлзарларымен, аллеяларымен сырттан келушілердің назарына ілініп, шетелдіктерді таң қалдыруда. Сайын Сарыарқаның төсінде тотыдайын таранған әз Астанамыз жылдар келе, алып Азия мен Еуропаның шоқтығы биік қалаларының біріне айналатынына, алдағы ғасыр үлесінен орын алып, батыл үмітпен нық сенімнің тұлғалы тірегі боларына сенімдіміз.

******

         Қазақстанның жас елордасы, бүгінгі Астана – қарыштап дамыған мемлекеттің, мәңгілік достықтың символы. Қаланың әлем халықтарына мақтана көрсетер жетістіктері аз емес.Астана - болашағы жарқын қала. Сондықтан да Қазақстанның жүрегі мәңгі соғып, бас қаласы одан әрі гүлдене берсін!

********

         Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы Астананың әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуіне қосқан қомақты үлестеріңізге, ерен еңбектеріңізге, азаматтық қоғам құруға белсене қатысқандарыңызға, бейбітшілік пен келісімді сақтауға ат салысқандарыңызға алғысымызды білдіреміз.

         Сіздерге бақытты да баянды өмір, зор денсаулық, қажымас қайрат, жемісті еңбек, шаңырақтарыңызға шаттық пен қуаныш, құт-береке тілеймін. Сүйікті қаламыз – ару Астана көркейе берсін!

********

 «XXI ғасырдың табалдырығында біз өз таңдауымыз – көне Сарыарқаның киелі аспаны астында қоныс тепкен жаңа астанамыз туралы мәлімдейміз. Бұл таңдау астарында еліміздің қазіргі басшылығының айқындамасы ғана тұрған жоқ. Бұл таңдауда Тәукенің көрегендігі мен Абылайдың ұлылығы, есімдері аңызға айналған билердің даналығы мен 1986 жылдың желтоқсанында ұлттық қадір-қасиет дегеннің не екенін күллі әлемге паш еткен сол бір жас жүректердің қаһармандығы тоғысып жатыр. Бұл таңдауда өз тағдырының қожасы болу құқығы үшін өмірін қиған миллиондаған қандастарымыздың ерік-жігері бар. Осы таңдауға дәйім лайық болайық»

Нұрсұлтан Назарбаев

*******

         Астананың қазіргі күн санап биіктей түскен еңсесінен тәуелсіздігіміздің тегеурінін, еліміздің елдік қасиетін, жасампаздықтың жаңғырығын айқын байқағандайсың. Ерке Есілдің жағасында жаңаша сәулеттік нақышпен бой түзеп жатқан әсем қаланың сұлу бейнесі алыстан көз тартып, көңіл баурайды. Сондықтан, оның ертеңіне де барлық қазақстандықтар үлкен үмітпен қарап, бүкіл әлем  қызыға көз тігуде.

Қазірдің өзінде көптеген саяси және экономикалық маңызды оқиғалардың орталығына айналып отырған оның ертеңгі болашағының да зор болары күмәнсіз.

********

         Астана.

         Бұл сөзге қазақ түгіл, төрт-күл әлемнің еті үйренгендей.

         Астана сөзі тілге оралғанда шаһар ретінде жаңа-жаңа бойын тіктеп, еңсе көтеріп келе жатқан Елордасы көз алдымызға келе қалады.

         Ол – жай қала ғана емес. Елорда. Кеше ғана Тәуелсіздігін алып, буыны енді қатайып келе жатқан Қазақ мемлекетінің астанасы.

         Астана қазіргі күні көздің жауын алады . Қарап тұрып сүйсінесің . сүйсініп тұрып , шүкіршілік етесің .

          Астана – бұл қазақтың, мерейі, мәртебесі. «Мерейіміз таси бергей, Астанамыз ажарына ажар қосып, сұлулығынан танбағай» деген шынайы көңіл тұла бойды кернейді.

          Астана дүниежүзіне мәлім. Мұнда әлемнің талай мемлекеттерінің серкелері бас қосып, пікір алмасып, маңызды шешімдер қабылдап жүр.

          Астана – ел мақтанышы. Мұнда қызмет ету де, білім алу да – бақыт.

          Астана – жаңа қала, жаңа шаһар. Ол келешекте бүгінгіден де құлпырып, көркейе беретіндігіне сенім.

*******

Бүгінгі заманның талабына сай сәні мен салтанаты келісіп, бірлігі мен ынтымағы жарасып, көкке самғаған зәулім биік ғимараттары бар, Есілге қонған аққудай, бұл әлемде ең жас Астанадай көркем қала бар ма?

Бұл – жеңістің кілтін достықпен тапқан нартәуекелдің қаласы. Арманы асқақ, асуы биік жандардың салған қаласы. Елінің бір күндігін емес, халқының 100 ғасырлық бірлігін ойлап, Елбасының салған қаласы. Еуразия кіндігіне орналасқан алты Алаштың бас қосқан қасиетті мекені, кемел келешегі бар жаңа Астана бүгінде әлемдік саясатта ықпал жасайтын, Қазақстан жайында түсінік қалыптастыратын, қазіргі заманның ең ірі геосаяси жобаларының бірі. 

Халықаралық дәрежедегі спорттық ойындар мен әлемдік ауқымдағы басқосулар өтетін, сәні мен салтанаты келіскен, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ХХІ ғасырдың көркем сәулетті қаласы – Астана арман емес, ақиқатқа айналған, қиял емес, азғана уақыт аралығында қолымыз жеткен шынайы тарихи жетістік. 
Кең болсын Қазағымның керегесі, 
Кетпесін Алла берген берекесі.
Алаштың баласына нәсіп болған
Құтты болсын, Астана мерекесі.

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Для зарегистрированных пользователей реклама отключена.
<
Өміржан

8 июля 2014 00:13

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Астана туралы толғау
Астананың бұрынғы орны қамыс пен ши,
Жоқ еді ғой көтерген бір еңселі үй.
Жаңа қаланың өзіндік тарихы бар,
Тыңдаушы мұны мықтап есіңе түй.

Желі көп Астананың, жері тастақ,
Қиын ғой ондай жерде алға баспақ.
Сыңсыған қалың қамыс, су жағасы,
Ол қалай сазы құрғап алға баспақ.

Деушілер де болған еді өз кезінде,
Салумен сары уайым күнде қақсап.
Уақыт өте берді зырлап алға.
Қажетсіз ондай ойды тыңдаған ба?

Ал, қазір сендірудің өзі қиын,
Сондай сөз болғанына бір заманда.
Басталды осылайша алғашқы айқас,
Таусырап тұнып жатқан тың далада.

Мен қалай дәл танымай жаңыламын,
Ерлердің, шеберлердің бәрі мәлім.
Қаласып өз қолымен іргетасын,
Көтерген Астананың шаңырағын.

Қарашы Астананың бүгін қандай,
Боласың өмір мәнін ұғынғандай.
Сәнді үйлер сап түзеген аққу бейне,
Есілдің айдынына шомылғандай.

Мектебім, әсем сәнді емханам да,
Бөлеген айналасы бақша-бауға.
Сәулетті мәдениет сарайым бар,
Күллі әлем ат басын бұратын да.

Ерлікті жырға қосып айтып жүрміз,
Болашақ ұрпақтарға қалсын бұл іс.
Ел басқарған ел басының,
Сүйіп тұрсын көкірегін алтын жұлдыз.

Ақын ба мұндай кезде шын қызбаған,
Өзінше өлеңдерді туғызбаған.
Астана шаңырағын көтеріскен,
Құрметті демалыста қаншама адам.

Көркейсе көріктеніп ел менен жер,
Шаттықпен мол қуаныш бойды кернер.
Қаласқан Астананың ірге тасын,
Алда жүр аты әйгілі ардагерлер.

Осынау кең сәулетті сарайымда,
Сүйсінем жан-жағыма қараймын да.
Гүл көркін Астанамның мақтан етем,
Алыстан келген қонақ ағайынға.

Астанамның жасампаз түлегіне,
Осында жемістелген гүл өміріне,
Даңқты Астананың аясында,
Шашамын жырды шашу ретінде.

Жастыққа сирек қойып жар құлағын,
Даңққа бөлеушілер Астананы.
Арнадым өздеріңе отты жырды,
Өлеңмен қандыруға жан құмарын.

Дос тұрмақ мойындайды дұшпаным да,
Ешкімнен кенде емеспіз күш жалынға.
Астана гүлдей бермек жылдан-жылға,
Жігерлі басшылардың нұсқауында.

Жазған: Базархан Құдабаев
атынан жолдаушылар ұрпақтары
<
janar

22 января 2014 16:48

Информация к комментарию
  • Группа: Администраторы
  • ICQ:
  • Регистрация: 23.10.2013
  • Статус: Пользователь offline
  • Публикаций: 83
  • Комментариев: 54
"Адам сияқты, шаһардың да тамырын жалғаған қаны, бойына біткен жаны болады. Тек оның тәнін тірі қылатын да, шаруасын ірі қылатын да - шаһар халқы" ғұлама Әл-Фарабидің айтқаны
<
janar

20 августа 2012 00:13

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Құрметті достар, қадірлі әріптестер!
Сіздерді шын жүректен Астана күнімен құттықтаймын.
Бүгінгі таңда елдің төрі - елордамыз барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан бірлік мекеніне айналды. Астана - қарыштап дамыған мемлекеттің нышаны, әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеудің айқын дәлелі. Сарыарқа төсінде қоныс тепкен алып шаһарда әлем елдерінің көшбасшылары бас қосып, пікір алмасады, тарихи маңызы зор шешімдерді қабылдайды. Елдің мақтанышы саналатын көкке ұмтылған бірегей, зәулім ғимараттар жүрегімізді тебірентеді, мерейімізді тасытады. Елорданың заманауи келбетіне шетелдік қонақтар таңданыспен қарауда. Астана ТМД бойынша ең қолайлы, ғажайып қала ретінде танылды. Бұл біздің ортақ жетістігіміз.
Жарқын қаламыз одан әрі өркендей берсін, біз ол үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет. қуанышқа толы мереке күні Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, бастамаларыңызға сәттілік тілейміз.
<
janar

17 февраля 2012 03:02

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
ШАБЛОНДАР:
Астана – ғасырлар тоғысында жұлдызы жанған шаһар.
- даңқы алысқа кеткен,
- күн санап көркейген көрікті шаһар,
- керегесі кеңейсін,
- гүлденсін, өркені өсіп, мәртебесі артсын.
- Елдіктің берік іргетасы,
- Елдің төрі – Елорда,
- Елдіктің бейнесі,
- Ғасырлар толғағының ғаламат туындысы, Бұл шаһар елбасының көрегендігі мен қарапайым еңбек адамдарының арқасында бой көтерді.
- Көкпен таласқан зәулім ғимараттар,
- Түрлі ұлттар мен ұлыстардың, қиян өркениеттің жетістіктерін бойына дарытып, қазақтың мәңгілік арманын үйлесімділікпен арқалайтын жасампаз шаһарға айналмақ.
- Сарыарқа төсінде қоныс тепкен,
- Мерей тасытарлық, жүрек тебірентерлік,
- Мемлекетіміздің жүрегі,
- Барша ұлт пен ұлысты бауырына басқан бақ пен бейбітшіліктің жерұйығы болудан танбасын.
- Керемет сымбатты,
- Құлпырған,
- Көне Есіл жағасында келешекке ұмтылған,
- Тамырын тереңге жіберіп, өркенін молынан жайған әдемі де еңселі,
- Бұраң бел Есілдің құтты қойнауынан жайлы орын тапқан,
- Ерке Есіл,
- Бүгінгі күні байтақ Қазақтанның өркендеуіне соны сипат пен серпін беріп отырған
- Шарықтап өсуде,

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Вопрос:
Адам болсаң "қазақ" деп жауап жаз!
Ответ:*
Введите два слова, показанных на изображении: *
^