» » » Құрылысшылар күніне арналған құттықтаулар
Информация к новости
  • Просмотров: 9057
  • Автор: janar
  • Дата: 25-11-2011, 09:40
  • 0
25-11-2011, 09:40

Құрылысшылар күніне арналған құттықтаулар

Категория: Құрылысшыларға , Соңғы қосылған дүниелер

ЖМИ НИЖЕ ССЫЛКУ, ЧТОБ УВИДЕТЬ ВЕСЬ ТЕКСТ ПОЗДРАВЛЕНИЙ!

Құрметті _____________________!
Сізді және Сіз басқарып отырған ұжымды төл мерекелеріңіз Құрылысшылар күнімен құттықтаймыз!

Экономиканың жаңа серпін алып отырған маңызды саласының өкілі – құрылысшылардың ерен еңбегінің арқасында ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, небір зәулім ғимараттар бой көтеруде. 

Елбасы басымдық сипатын айқындаған «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасының іске асуы да кемел ойлы осы мамандық иелеріне тікелей байланысты екені сөзсіз. 

Сіздердің өз істеріңізге деген адалдықтарыңыздың, ұдайы өзгеріп отыратын нарыққа бейімделе білу қабілеттеріңіздің нәтижесінде Қазақ елінде құрылыс жанданып, халық жаңа стандарттар мен заманауи дизайнға бой үйретуде. 

Еліміздің ажарын ашатын, айбарын асқақтататын келісті келбетінің көркеюіне қосқан үлестеріңіз көз сүйсінтерлік. Алдағы уақытта да өркениетті еліміздің өсіп, өркендеуі жолында толағай табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз. Бойларыңызға сарқылмас күш-қуат, еңбектеріңізге таусылмас жетістік, отбасыларыңызға ортаймас бақ-ырыс тілейміз!

 

Астана құрылысшылары мен сәулеткерлеріне

 

Бүгінде Арқа өсін айқара қамтыған Есілдің екі қанаты - ертегідегі самұрықтың кереге қанатындай көшқұлаш.

Астананың айбары да, қарымы да, қарқыны да қайта оралып ат ізін салғанша Айды аспанға шығарғандай шұғыл дамып жатыр. Елордада әрбір жаңалық әр күнгі атқан таңмен бірге жететін жақсы дәстүр қалыптасты. Жыл он екі ай айналып үлгерген деген не, бір күнде бір айға татитын жақсылық орнайды. Осы күні қызу жұмыстың ен ортасындағы сәулет саласының өкілдеріне Елорданың ажарын ашатын, айбарын асқақтататын құрылыстар мен ғимараттар көбейе берсін, талаптарыңа нұр жаусын дегіміз келеді.

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Для зарегистрированных пользователей реклама отключена.
Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
рахмет

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Вопрос:
Қазақстанның астанасы -
Ответ:*
Введите два слова, показанных на изображении: *
^