Главная > Құрылысшыларға , Соңғы қосылған дүниелер > Құрылысшылар күніне арналған құттықтаулар
Құрылысшылар күніне арналған құттықтаулар25-11-2011, 09:40. Разместил: janar |
Құрметті _____________________!
Астана құрылысшылары мен сәулеткерлеріне
Бүгінде Арқа өсін айқара қамтыған Есілдің екі қанаты - ертегідегі самұрықтың кереге қанатындай көшқұлаш. Астананың айбары да, қарымы да, қарқыны да қайта оралып ат ізін салғанша Айды аспанға шығарғандай шұғыл дамып жатыр. Елордада әрбір жаңалық әр күнгі атқан таңмен бірге жететін жақсы дәстүр қалыптасты. Жыл он екі ай айналып үлгерген деген не, бір күнде бір айға татитын жақсылық орнайды. Осы күні қызу жұмыстың ен ортасындағы сәулет саласының өкілдеріне Елорданың ажарын ашатын, айбарын асқақтататын құрылыстар мен ғимараттар көбейе берсін, талаптарыңа нұр жаусын дегіміз келеді. Вернуться назад |