» » » 8 наурызға арналған құттықтау/Бүркітбай Жағыпарұлы/
Информация к новости
  • Просмотров: 9889
  • Автор: janar
  • Дата: 6-03-2012, 22:15
  • 0
6-03-2012, 22:15

8 наурызға арналған құттықтау/Бүркітбай Жағыпарұлы/

Категория: 8 наурыз, Соңғы қосылған дүниелер

ЖМИ НИЖЕ ССЫЛКУ, ЧТОБ УВИДЕТЬ ВЕСЬ ТЕКСТ ПОЗДРАВЛЕНИЙ!

8 наурызға арналған  құттықтау/Бүркітбай Жағыпарұлы/

 

Жақсылықтың нышанындай,

жаның сүйген адамның жып-жылы құшағындай,

саф алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін,

жайма шуақ сәулелерін төгетін,

көңілдерге қуаныштар егетін,

имандылық пен пәк қыздардың мінезіндей ибалылық себетін

көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі,

той атаулының қызығы мен берекесі –

8 НАУРЫЗ келді ортамызға!

 

Осы мерекенің иелері,

бар адамзаттың табынары мен киелері,

қуанғанда қасыңнан табылып, қиналғанда сүйенері,

мейірімділік пен тыныштықтың жаршылары,

адамдық пен адамшылықтың мөп-мөлдір тамшылары,

сүйкімді қылығымен сағындырған,

қажет десе аһ ұрғызып сабылдырған,

әсем көркімен, жүрегінің өртімен

небір дана мен данышпандарды табындырған,

сүйсе құлай сүйетін,

нақсүйеріне жанашыр болып, бірге күйетін

аяулы да асыл қыздар, сүйкімді келіншектер,

мерекелеріңіз құтты болсын!

 

Әрқашан отбасыларыңыздың ажары,

жүрген орталарыңыздың базары болыңыздар!

Пәле-жала, жамандық атаулы келмеске кетсін,

асыл да таза махаббат жүректеріңізден мәңгілік орын тепсін!

Сүйікті жар, ардақты ана болыңыздар,

дәулет, береке, байлық ауылына қоңсы қоныңыздар.

Сіздерге дүниедегі барлық бақытты тілейміз!

 

БҮРКІТБАЙ ЖАҒЫПАРҰЛЫ


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Для зарегистрированных пользователей реклама отключена.
<
janar

20 марта 2014 18:03

Информация к комментарию
  • Группа: Администраторы
  • ICQ:
  • Регистрация: 23.10.2013
  • Статус: Пользователь offline
  • Публикаций: 83
  • Комментариев: 54
Құрметті қыз-келіншектер!
Сіздерді төл меркелеріңізбен құттықтап, денсаулық, бақыт, сұлулық бақыт, қуаныш тілейміз!
Әрқаша мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғандарың үшін ризамыз! Біз үшін қашан да сыйлы, сүйікті, қадірлі екендеріңізді, Сіздерсіз мына дүние бос екенін ұмытпаңыздар!
<
janar

7 марта 2014 13:17

Информация к комментарию
  • Группа: Администраторы
  • ICQ:
  • Регистрация: 23.10.2013
  • Статус: Пользователь offline
  • Публикаций: 83
  • Комментариев: 54
Ардақты арулар!
Көгілдір көктемнің ару мерекесі - 8 Наурыз құтты болсын!
Түн ұйқысын төрт бөліп, салқын бесік жастанып, әлемді қолымен тербеткен, заманауи технологияларды меңгеріп, ойымен ғаламды шарлаған, сөйте тұра нәзіктігімен мыңды жеңе білген, сұлулыққа құштарлығын жоғалтпаған арулар - менің замандастарым, Сіздерге тәнті боламын, таң қаламын, бас иемін! Баршаңызға осынау дүниенің бар жақсылығын тілеймін! Жүректеріңіз нұрға, құшақтарыңыз гүлге, отбасыларыңыз бақытқа толсын!

Құрметпен, Оразова Б.Қ.
<
janar

7 марта 2014 13:16

Информация к комментарию
  • Группа: Администраторы
  • ICQ:
  • Регистрация: 23.10.2013
  • Статус: Пользователь offline
  • Публикаций: 83
  • Комментариев: 54
Аяулы да ардақты арулар!!!

Құлпыра жеткен көктемнің ең алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен құттықтаймын.
Ана қуанышы, әйел қуанышы – әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі.
Осынау жарқын мереке күнінде мына өлең жолдарын Сіздерге арнаймын:

Келер болса көктемнің бір хабары,
Сезім гүлі қайта бүршік жарады.
Нәзіктік пен әсем саз бар үніңізде
Қызғалдақтай құлпырыңыз көктемде.

Жүріңіздер аман боп алдымызда,
Табылып әрбір үйдің тек төрінен.
Керегеңіз кеңінен қанат жайып,
Тарқалмасын әрдайым мерекеңіз.

Әрдайым дендеріңізге саулық, мәңгілік жастық, төзімділік пен сүйіспеншілік тілеймін. Мерейлеріңіз әрқашан үстем, көңілдеріңіз әманда ашық болсын!!!





Құрметпен,

Аманкүл Шамұратқызы Тұрсынбекова
<
nurbike

8 марта 2013 06:09

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
For you!!!

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Вопрос:
Адам болсаң "қазақ" деп жауап жаз!
Ответ:*
Введите два слова, показанных на изображении: *
^