Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 7963
  • Автор: janar
  • Дата: 23-05-2011, 13:10
23-05-2011, 13:10

Ала жіпті аттамау

Категория: Тұсау кесу, Әдет-ғұрыптар, Соңғы қосылған дүниелер

         Қазақ дүниетанымында ала жіп туралы әр түрлі ұғымдар мен түсініктер бар. Мысалы, баланың тұсауын кескенде, адамдар қатты ренжіскенде тағы басқа әдет ғұрып қағидаларында «ала жіп» бейнесі қолданылады. соның бірі – «ала жіп аттамау» деп аталады және ол адалдыққа, адамгершілікке сай қолданылатын теңеудің бір саласы десе де болады. Бұл теңеу «ешкімге қиянат жасама, біреудің малын ұрлама» деген терең мағынаны білдіреді. Біреудің «мен ешкімнің ала жібін аттаған жоқпын» деген сөзі оның ақ-адалдығын сездіреді.

*******

Информация к новости
  • Просмотров: 16697
  • Автор: janar
  • Дата: 10-05-2011, 19:29
10-05-2011, 19:29

Зейнеп Ахметова Қайшымен тұсау кеспеген

Категория: Салт-дәстүрлер » Балаға қатысты салт-дәстүрлер » Тұсау кесу

Бала өміріндегі тағы бір ерекше аталып өтілетін, үлкен той қылып өткізетін салттардың бірі – тұсаукесер. Тұсаукесер бала өміріндегі үлкен белестің бірі. Өйткені баланың бауырын жазып, қаз-қаз тұрып, бір аттап, екі аттаған кезде тұсауын кеседі. Өзге ұлттың баласының тұсауын кеспесе де жүгіріп кетеді, ал біздің қазақтың баласы тұсауы кесілмесе сүріншек болады екен. Тұсау кесу үшін не себепті ала жіп дайындалған? Тұсауды немен кескен? Баланың тұсауын кімге кестірген жөн? Бұл жайлы айдарымыздың тұрақты кейіпкері Зейнеп апай былай дейді… АЛА ЖІПТІҢ СЫРЫ Тұсаукесердің

Информация к новости
  • Просмотров: 13156
  • Автор: janar
  • Дата: 17-04-2011, 23:03
17-04-2011, 23:03

Тұсаукесер жыры

Категория: Тұсау кесу, Соңғы қосылған дүниелер

Темірхан Медетбек

Қаз-қаз тұрған сәбиді

Рухымен бабаның

Бата беріп жебеп ал!

Сонан кейін апарып

Бесігі деп түркінің

Алтай тауға бөлеп ал!

 

Бөлеп ал да, шешіп ал!

Жөңкіп көшкен көктегі

Қара менен ақ бұлттың

Түбітінен иіріп

Ала тұсау есіп ал!

 

Жамандықтың беті аулақ!

Сонда-дағы адамға

Жүру үшін күш керек.

Туған жердей қуатты

Ештеңе жоқ өмірде -

Сарыарқаға жеті аунат.

 

Бұл тіршілік толқын ғой.

Сол толқыннан өткенде

Берсінші деп жолын бір, -

Атыраудың ақ жалды

Толқынына шомылдыр.

 

Тұсау кесер алдында

Керегіңді сайлап ал:

Бір пышағын қайшының

Қаратауға қайрап ал;

Бір пышағын қайшының

Алатауға қайрап ал!

 

Қандай қиын белде де,

Қандай қиын жерде де

Түспесінші қабағың.

Туған жердің төсінде

Жығылмастан, сүрінбей

Алшайып жүр, қарағым!

Информация к новости
  • Просмотров: 7905
  • Автор: janar
  • Дата: 16-12-2010, 16:51
16-12-2010, 16:51

тұсау кесу

Категория: Салт-дәстүрлер » Балаға қатысты салт-дәстүрлер » Тұсау кесу

 

/ортаға аяғын тәй-тәй басқан  баланы әкеліп, беліне кішкентай қалта байлайды, оның ішіне тәттілер салып тұрып/:

 

Беліңе қалта байладым,

Дәулетіңді асырсын,

Ішіне тәтті сайладым,

Қиындықты қашырсын!

 

/осыдан кейін жиналған жұртқа көрсетіп, баланың аяғына мыналарды байлайды/:

 

Ішекпен байлағаным – малды болсын, тоқ болсын деген ниетім,

Көк шөппен байлағаным – жершіл болсын, көпшіл болсын, өсіп-өнсін дегенім,

Ала жіппен байлағаным – адал болсын, ақ болсын дегенім.

 

/тұсауын кеседі, тұсау кескен баланы бір-екі аттам жерге дейін сүйемелдеп барып, еркін жібереді/

 

Тәй, тәй, тәй, тәй!

Қаз, қаз, балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам!

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін!

Жүгіре қойшы, құлыным,

Желбіресін тұлымың,

Елгезек бол, ерінбе,

Ілгері бас, шегінбе!

 ******

Беліндегі қалтаны шешіп, тәттілерді елге шашумен таратады

 

Тойға шашу шашылсын!

Халқымның нұры тасысын!

 

**********************шашу**************

 

Информация к новости
  • Просмотров: 9170
  • Автор: janar
  • Дата: 5-12-2010, 15:10
5-12-2010, 15:10

тұсау кесу салты

Категория: Салт-дәстүрлер » Балаға қатысты салт-дәстүрлер » Тұсау кесу

Жолың болсын деселік,

Жолыңа нұр төсейік.

Жарылқасын алдыңнан.

Тұсауыңды кесейік!

Тұсауыңды кесейік!

Күрмеуіңді шешейік.

 

Баланың тұсауын кескенде:
- Күрмеуіңді шешейік;
Тұсауыңды кесейік.
Ала жіпті алайық,
Әжеңе алып барайық.
Ер жетті деп айтайық,
Шашуын жеп қайтайық.
Қаз-қаз балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Тағы-тағы баса ғой,
Тақымыңды жаз, балам,
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың!

 

 

Бала алғаш отырғанда:

- Отырсын балам, отырсын,
Құшағын гүлге толтырсын.

 

Бала алғаш жүргенде:


- Тәй-тәй балам, тәй балам,
Жүре қойшы жәй балам.
Қарыс сүйем қаз бастың,
Қадамыңнан айналдым.

********************

^
 

yeezytrainer superstar shoes yeezy nmd yeezy 350 boost for sale yeezy boost shoes yeezytrainer superstar shoes yeezy nmd yeezy 350 boost for sale yeezy boost shoes yeezytrainer superstar shoes yeezy nmd yeezy 350 boost for sale yeezy boost shoes yeezytrainer superstar shoes yeezy nmd yeezy 350 boost for sale yeezy boost shoes