Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 47309
  • Автор: admin
  • Дата: 5-12-2010, 23:57
  • 0
5-12-2010, 23:57

Қонақжай

Категория: ---

Қонақжай ережесі:
Толтырылуы міндетті өрістер: есімі, e-mail, хабарлама мәтіні және тексеру коды.

*Сайт әкімшілігі сіз қалдырған хабарламаны жалпының назарына шығару-шығармау мәселесін өзі шешеді.

Информация к новости
  • Просмотров: 8729
  • Автор: janar
  • Дата: 5-12-2010, 18:35
5-12-2010, 18:35

мұғалімдер күніне

Категория: Кәсіби мерекелерге » Мұғалімдер күні

Ғажайып дүние сырын ұқтырып, білім берген, үлкен өмірге ақ жол тілеп аттандырған Ұстаздарымызға мәңгі тағзым.

 **********

Ұстаздар – тыншымайтын еңбеккерлер,

Жемісті жерге екпеген, елге еккендер,

Адамзат ұрпақтарын тәрбиелеп,

Зердесін болашақтың зерлі еткендер.

З. Әбдуәлиев

 **********

Құтты болсын мерейтой, ұстазымыз,

Орындалсын ойға алған арманыңыз.

Болашаққа білім мен жол сілтеген

Еңбегіңе біз мәңгі қарыздармыз.

Басыңызға бақ ұялап, бақыт қонсын,

Береке-ынтымақпен орта толсын.

 

Информация к новости
  • Просмотров: 17133
  • Автор: janar
  • Дата: 5-12-2010, 18:32
  • 0
5-12-2010, 18:32

60 жылдық тойға шақыру

Категория: Дәстүрлі тойларға » Тойға шақыру

 

Оу, ағайын!

Келді менің Алпысым,

Өмірімнің бел белесі – талтүсім.

Кең дастархан жаяйын деп отырмын,

Шақырамын ағайынның барлығын.

 

Аз ба, көп пе, бұл ғұмырдың жазғаны,

Жүрегімде талай арман маздады.

Жәй өтті дей алмаймын, ағайын,

Өмірімнің Көктемі мен Жаздары.

 

Сол үшін де

Бас қосайық, келіңдер,

Шарықтасын, шалқысын шат көңілдер.

О, Жаратқан,

Ел-жұртыммен сыйласып

Жүретұғын маған ұзақ

Мағыналы өмір бер!

*********************************

Ата-ана мерейтойына шақыру

 

Ыстық қой ата-ана алақаны

Аялап көп атсыншы дала таңы.

Ортақ боп, қуанышқа келіңіздер,

Жайылды мерейтойдың дастарханы


Информация к новости
  • Просмотров: 7482
  • Автор: janar
  • Дата: 5-12-2010, 18:31
  • 0
5-12-2010, 18:31

той иесінің сөзі

Категория: Дәстүрлі тойларға » Той иесінің сөзі

Құрметті ханымдар мен мырзалар, мына жиналған туған-туысқан, дос-жаран! Сіздерге айтарым, тойымызға келгендеріңізге көп рахмет. Тойда жақсы, көңілді отырдыңыздар. Соның арқасында тойымыз жақсы өтті деп ойлаймыз. Осы қуанышымызбен ортақтасып, ыстық лебіздеріңізді білдіріп, қаншама тамаша тілектер айттыңыздар. Бәрі де қабыл болсын және өздеріңізге жұғысты болсын, Сіздерге де игі тілектер тілейміз. Алда әлі той көп. Басымыз үнемі тойда қосылып жүрсін. Рахмет.

 

********************************

Информация к новости
  • Просмотров: 7103
  • Автор: janar
  • Дата: 5-12-2010, 18:22
  • 0
5-12-2010, 18:22

әзіл тілек

Категория: Дәстүрлі тойларға » Үйлену тойы

Той үстінде жас жұбайлардың біріне арналып айтылады:

Құрметті...........!  Тойдың болғанынан боладысы қызық демекші, өзім тойға дайындалып, шашты күзеп, бойды түзеп,

Информация к новости
  • Просмотров: 8478
  • Автор: janar
  • Дата: 5-12-2010, 18:16
5-12-2010, 18:16

басшыларға

Категория: Аралас » Бастыққа

Туған күніңіз құтты болсын!

Қашанда қызығы мен қиындығы қатар жүретін бұл өмірдің бұлтарысы көп, бұралаң ұзақ жолында таңдаған мамандығыңыздың қыры мен сырын шебер меңгеріп, бүгінде Астананың ірі кәсіпорын басшысы лауазымында қалтқысыз қызмет атқарып келесіз. Өзіңіз басқарып отырған кәсіпорын ұжымы Сізді үлкенге ілтипатты іні, кішіге қамқор аға, қатарластарына адал дос бола білген ізгі жүректі азамат, еңбекте беделді маман, абыройлы жетекші, қаталдығы мен әділдігі жарасқан білікті басшы ретінде үлгі тұтады. 

Өзіңізге қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырағыңызға шаттықтың орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз! Әрқашан осы жігерлі, қуатты қалпыңыздан таймай,

әлі де талай асулардан аса беріңіз!

 

********************

Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Күн санап көркейіп, ғаламдық өркениетке құлаш ұрған

Елордамыз – Астананың қазіргі заманғы талабына

кәсіптік деңгейіңіз де, мамандық шеберлігіңіз де сай болғандықтан,

ірі мекемені абыроймен басқарып келесіз.

Тынымсыз еңбек етіп, нақты істер атқарып жүрген өзіңіздей білікті мамандарымыздың қатары көбейе берсін дей отырып,

осы айтулы сәтте Сізге ақ көңілден ақтарылған ізгі ниетімізді жолдаймыз. Таусылмас төзім мен сарқылмас сезімді серік етіп,

мықты денсаулықтың арқасында отбасыңыз ортасында

баянды да бақытты ғұмыр кешуді тілейміз.

 

***********************************

 Сізді 45-жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіз көп жылдан бері ..................... саласында тынымсыз еңбек етіп, осы жолда көп белес-биіктерден өткен жігерлі азаматсыз. Бойыңыздағы еңбекке адал, мақсатқа берік  қасиеттеріңіздің арқасында Сіз бүгінде кең байтақ еліміздің бас қаласы – Астананың ірі кәсіпорындарының бірін шебер басқарып келесіз. Әріптестеріңіз Сізді ақылман басшы, іскер ұйымдастырушы, жарқын бастамалардың қолдаушысы ретінде ерекше бағалап, құрмет тұтады.  Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге ақ ниетпен мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат, ортаймас  несібе-дәулет тілейміз. Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіз, абырой-беделіңіз бен табыс-тартуларыңыз арта берсін. Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!

 ****************************

 

Информация к новости
  • Просмотров: 21320
  • Автор: janar
  • Дата: 5-12-2010, 18:14
5-12-2010, 18:14

әріптес-қызметтестерге

Категория: Аралас » Әріптесіме

Жыл сайын қуанышқа бөленіңіз,

Бақытқа отбасылық кенеліңіз!

Жұмыста еңбегіңіз бағаланып,

Медальмен, орденменен  еленіңіз!

 *************************

 Туған күніңізбен шын жүректен құттықтай отырып,

шынайы көңілден шыққан ізгі тілегімді жолдаймын!

Кең байтақ еліміздің жүрегі – Астанада көп жылдан бері

................ саласының жұмысын жандандырып еселі еңбек етіп

жүрген жігерлі де жауапты азаматтарымыздың бірісіз.

Өз ісіңізге берілгендігіңіз бен кәсіби шеберлігіңіз,

әділдігіңіз бен адамгершілігіңіз үшін әріптестеріңіз Сізді

білікті маман, ақжүрек азамат ретінде құрмет тұтып сыйлайды.

 Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге еңбекте толағай табыстарға,

мақсатта биік шыңдарға жете беруіңізді тілеймін.

Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын,

мерейіңіз үстем болсын!

 **********************************

 Кемелді келешекке қарышты қадам басқан

Отанымыздың бас қаласы – Астананың жоғары талаптары

әр азаматқа ауқымды да аса жауапты міндеттер жүктейді.

Осы ретте халыққа қызмет көрсетудің ең қажетті де

қашанда өзекті саласы – /саланың атауы/

дамыту мен жетілдіру ісіне көп жылдар бойы

аянбай еңбек етіп келген Сіздің тұлғаңыз

алдыңғы қатардан орын алады.

Сіз байыптылығыңыз бен іскерлігіңіз,

кәсіби шеберлігіңіз бен жоғары біліктілігіңіз

әлдеқашан танымал болған білгір де тәжірибелі мамансыз.

Осы қуанышты күнде шын көңілден шыққан ізгі-ниет,

ақ тілектерімді қабыл алғайсыз.

Бойыңызға мұқалмас жігер, қайтпас қажыр,

еңбегіңізге таусылмас табыстар,

отбасыңызға ортаймас бақ-ырыс тілеймін!

Мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!

 *********************

 Сіздің бүгінгі қуанышты сәтіңіз - туған күніңіз  құтты болсын!

Көлік қызметкерлері қашанда халыққа барынша сапалы,

жоғары деңгейдегі қызмет көрсетуді мақсат ететіні анық.

Бұл салада Сіз өз білімділігіңізбен, тәжірибелілігіңізбен,

адал еңбегіңізбен ерекшеленіп келесіз.

Сізге таза көңілімнен шыққан ізгі ниетімді білдіре отырып, бақытты да баянды ғұмыр, жемісті де жеңісті күндер, қажымас қажыр-қайрат,

талмас талап-жігер тілеймін.

Әрқашанда деніңіз сау, көңіліңіз жайдары,

отбасыңыз берекелі болсын!

 ***********************

 Біліктілігіңіз бен іскерлігіңізді орайлы ұштастыра отырып,

білім беру ісіне сүбелі үлесіңізді аянбай қосып келесіз.

Сізге ақ ниетпен қартаймас жайдары көңіл,

мәнді де мағыналы өмір, жемісті еңбек пен сарқылмас қуат тілеймін. Көңіліңіз шаттық пен қуанышқа, жанұяңыз бақ пен берекеге толсын.

 *********************

............. жасқа толған мерейлі тойыңызбен

шын жүректен құттықтай отырып,

жүрек жарды жылы лебіздерімізді жолдаймыз!

Сіз денсаулық саласында көп жылдар бойы өнегелі еңбек етіп,  тындырымды істер атқарып келесіз. Әріптестеріңізге осы бір маңызды саланың қыр-сырын үйретуден жалыққан емессіз. Бүгінде ұжымымыз Сізді үлкен абырой-беделге ие болған тәжірибелі, үздік маман ретінде құрмет тұтып сыйлайды.

Денсаулығыңыз мықты, жүзіңіз жарқын, ғұмырыңыз ұзақ та мағыналы болсын деген ізгі ниетпен Сізге бақыттың баяндысын, дәулет-ырыстың Сыр суындай сарқылмасын, табыс-тартулардың тау суындай таусылмасын тілейміз.

Әрқашан мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!

 ********************

 Сізге осы қуанышты сәтте өмірде бақытты,  ұжымда беделді,

дос-жолдастарыңызға қадірлі де сыйлы болуды тілейміз!

Әрдайым жүзіңіз нұрға, өміріңіз жырға толып, алға қойған

үлкен мақсаттарыңызға сүрінбей жете беруіңізге тілектеспіз.

Аспаныңыз ашық, жүзіңіз жарқын, шаттық-қуанышыңыз мол болсын!

 ************************

 Бүгінде Сіз көлік саласының тәжірибесі мол,

біліктілігі жоғары,  беделі зор мамандарының бірісіз.

Сапалы қызметіңіз бен ұтымды істеріңіз,

аса қарапайым мінезіңіз бен байыптылығыңыз, 

азаматтық бітім-болмысыңыз да үлгі тұтарлық. 

Сізге жүрер жолыңыздың ұзақ, асар асуларыңыздың биік,

көрер қызықтарыңыздың мол болуын тілейміз!

 *********************

 Сізді туған күніңізбен  шын жүректен құттықтай отырып,

әріптестеріңіздің ізгі көңілінен шыққан ақ тілектерін жолдаймыз!

Ұжымыңыз Сізді білікті де білгір, тәжірибелі де озық, сыйлы да беделді маман ретінде құрмет тұтып сыйлайды.

Осы қуанышты сәтте Сізге ұзақ өмір, зор денсаулық, баянды бақыт тілейміз. Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғы-мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз. Отбасыңыздан береке-бірлік, басыңыздан бақ-дәулет таймай, аңсаған армандарыңыздың асуына жете беруіңізге тілектеспіз!

 ******************

 Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтай отырып,

кіршіксіз көңілден шыққан ізгі тілектерімізді жолдаймыз!

Ұжымда адал еңбеккер, ортасына сыйлы әріптес, отбасында мейірманды ана, асыл жар бола білген өзіңіздей абзал жанға  осындай қуанышты күні ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуанышыңыз молынан болсын деп тілейміз. Жүзіңіз күндей күлімдеп, жүрегіңіз жаздай жайнасын, жанарыңыздан әрдайым нұр себелеп, жаныңыз шаттыққа кенелсін демекпіз. Шаңырағыңызға шаттық ұялап, босағаңыздан қызық-қуаныш арылмасын!

*************************

Туған күніңізге орай әріптестеріңіздің ақ көңілінен шыққан құттықтаулары мен жылы лебіз-тілектерін қабыл алыңыз.

Жас та болсаңыз, өзіңіздің еңбек етіп жүрген салаңызда білікті де білгір маман ретінде танылып үлгердіңіз.

Осы айтулы сәтте Сізге  келешекте мамандығыңыздың үздік шебері атанып, алға қойған үлкен мақсаттарыңызға сүрінбей жете беруіңізге тілектеспіз. Өмірде бақытты, ұжымда беделді, дос-жолдастарыңа қадірле де сыйлы боп  тек биіктерден көріне бер!

 ***********************

 Жеміс берсін тер төккен еңбегіңіз,

Бақыт болсын әрдайым көргеніңіз!

Дәулет пен мерейіңіз таси берсін,

Арта берсін абырой-беделіңіз!

 **********************

 Тізгіні өзіңізге сеніп тапсырылған .......................... бөлімінің жұмысын сапалы да ұтымды жүргізу ісіндегі еңбегіңізді аса жоғары бағалаймыз. 

Салаңыздың білгірісіз – санаңыз ілгері болсын,

еңбектің озатысыз – ойыңыз озық болсын деп тілейміз.

 ************************************

 Өзіңізді іскерлігі мен ұйымдастырушылық қабілеті

жоғары қызметкер, болашағынан үлкен үміт күттіретін

білімді де білікті жас маман ретінде танимыз.

Қызыққа құштар, сұлулыққа іңкәр жастық шақтың

жалауын жықпай, жылуын мәңгі жоғалтпай,

ақ махаббат пен таза достықтың адалдығына сүйеніп,

еңбектің жемісі мен жеңісіне кенеліп,

мақсат-мұратыңызға мүдірмей, армандарыңызға

адаспай жетуіңізді тілейміз.

Көңіліңіз көктем гүліндей кіршіксіз,

өміріңіз өлең жолдарындай мінсіз болсын!

 *****************************

 Ұжымда Сізді жаныңыздың тазалығы мен көңіліңіздің адалдығы,

қарапайым мінезіңіз және еңбектегі білгірлігіңіз үшін

үлгі тұтып сыйлайтынын білдіргіміз келеді.

Ортаңызға сыйлы, еңбекте абыройлы қалпыңызда әлі де талай жылдар қатар қызмет етуді жазсын.

 ************************

Сіз өнегелі еңбегіңізбен, тындырымды ісіңізбен және қарапайым да парасатты мінезіңізбен үлкен абырой-беделге ие болған ұжымымыздың тәжірибелі, үздік маманысыз. Туған күніңіз құтты болсын! Әрдайым еңбегіңіз жана берсін, жаңа биік жетістік шыңдарына көтеріле беріңіз деп тілейміз.

***********************

еңбегіңіздің зейнетін көріп, жемісін тере беріңіз!

 **********************

 Сіз талантты, өз мамандығын жете меңгерген, қызметтестері алдында ерекше беделге ие болған жансыз. Жинаған тәжірибеңізді тәлімгер және ақылшы ретінде кейінгі жастарға жеткізуден жалықпайсыз.

Игі істеріңіздің қашанда оңға басуына, әр қадамыңыздың қарымды болуына, ел-қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне тілектестік білдіреміз.

**********************

Информация к новости
  • Просмотров: 3477
  • Автор: janar
  • Дата: 5-12-2010, 18:07
5-12-2010, 18:07

балама

Категория: Туыстарға » Балама

Балаларымыздың тұңғышы, суымыздың тұнығы Марат деген баламыз бүгін міне 45 жасқа келіп отыр. Әулетіміздің асқар таудай айбаты, ағайын-туғанға қамқор, қорған, сүйенеріміз.  Маржан келініміз алтын асықтай ұл, қырмызы қыз өсіріп, бір отбасының береке-бірлігін кіргізіп отырған ана, ер азаматының абыройына абырой қосып отырған асыл жар. «Тілеуі көптің аты бәйгеден келеді» демеуші ме деді, ендеше тілеуқор ата-анаң мен бауырларыңның ақ тілегін қабыл алғайсың. Екеуіңнің бір-біріңе деген сыйластықтарың таусылмасын, қалған ғұмырларыңда табандарың тасқа тимей, бір жастықта қартаюды жазсын.

**************

Информация к новости
  • Просмотров: 14966
  • Автор: janar
  • Дата: 5-12-2010, 18:01
5-12-2010, 18:01

немереге

Категория: Туыстарға » Немерелерге

«Балам – балым, немере – жаным» деген қазақпыз ғой, әулетіміздің жалғасы – өсіп келе жатқан кішкене балапанымыз елінің арқа сүйер үлкен азаматы болсын.

********************************

 Бұл дүниенің ең қызығы немере

Қанат жайып өсе берсін кереге

Шаңыраққа уық болып шаншылып

Келе берсін немере мен шөбере

 

Оның иісі елден ерек тамаша

Жүрегіңнің соғуы да жаңаша

Шайға салған қант секілді ерисің


Информация к новости
  • Просмотров: 4712
  • Автор: janar
  • Дата: 5-12-2010, 17:59
5-12-2010, 17:59

жеңешеме

Категория: Туыстарға » Жеңге-қайындарға

Нәзіктік   бойыңызға жарасқандай,

Бикештер өзіңізбен таласқандай.

Келбет пен жан сұлулық қатар келіп,

Тәңірім барын сала қарасқандай.

 

Жанары  төгетұғын ерекше нұр,

Жеңгейге арналады  бөлекше жыр.

Бүгінгі туған күнің  құтты болсын!

Құлпырып шыға келші белеске бір!

 

Жыл сайын қуанышқа бөленіңіз,

Бақытқа отбасылық кенеліңіз!

Жұмыста еңбегіңіз бағаланып,

Шаттықта, қуанышқа кенеліңіз!

 

**********************

Қадірлі жеңгей!

 

Сізді адам өмірінің айтулы белесі 60 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер өз замандарыңызда елге, халыққа қызмет еткен, ұрпақ өсірген буынсыздар. Енді соның жемісін –бейнеттің зейнетін көрер кез келді. Бұл әркімнің-ақ қызығар тойы. Үлкені бар үйдің құты бар. Біздің қадірменді Жеңгеміз ретінде Өзіңізді ортамыздың құты, ағайынның ырысы, бала-шағаның берекесі деп білеміз. Үлкені бар елдің қазынасы бар деп бекер айтылмаған. Сізге әрқашанда зор денсаулық, ұзақ жас, өмірдің, ұрпақтың қызығын көре беруді тілейміз.

 

*****************

Назад Вперед
^