Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 6698
  • Автор: janar
  • Дата: 16-12-2010, 17:18
  • 0
16-12-2010, 17:18

Қалың қамыс

Категория: Той-думан » Жұмбақтар

Қалың қамыс, қалың қамыс,

Астында қия қамыс,

Пысылдауық, пысылдауық,

Астында сақылдауық.


Информация к новости
  • Просмотров: 13174
  • Автор: janar
  • Дата: 16-12-2010, 17:16
  • 0
16-12-2010, 17:16

таңертең төрт аяқты

Категория: Той-думан » Жұмбақтар

 

Таңертең төрт аяқты,  

күндіз екі аяқты,  

кешке үш аяқты.

****
Информация к новости
  • Просмотров: 11204
  • Автор: janar
  • Дата: 16-12-2010, 17:13
  • 0
16-12-2010, 17:13

Мал бөлу

Категория: Той-думан » Жұмбақтар

Ертеде бір адам үш баласын шақырып алып: «Жасарымды жасадым, ендігі қалған малымды бөліп алыңдар. Малымның екіден бір бөлігін, үлкен ұлым, сен ал, үштен бір бөлігін ортаншы ұлым алсын, алтыдан бір бөлігі кенжеме қалсын» деп, о дүниеге аттанып кетіпті. Әкелерін қойып, жетісін, қырқын берген соң, ұлдары малды бөліп алайын десе, қойдың саны – 17 екен. Ол екіге де, үшке де, алтыға бөлінбейтін екен. Не істерлерін білмейді. Осы кезде жандарынан бір қойын жетектеген шаруа өтіп бара жатады. Оны тоқтатып алып, жігіттер жәрдем сұрайды. Шаруа көп ойланбай-ақ, малды үшеуіне әкелері айтқандай бөліп беріпті.

Шаруа бұл есепті қалай шешті?

*********
Информация к новости
  • Просмотров: 12482
  • Автор: janar
  • Дата: 16-12-2010, 17:08
  • 0
16-12-2010, 17:08

жұмбақтар

Категория: Той-думан » Жұмбақтар

  Ертеде бір жолаушы келе жатып, бәйгеге жиналған бір топ салт атты мен осы қызықты тамашалауға келген ауыл жұртын көреді. Жиналғандарына біраз уақыт болғанмен, бәйгешілердің бірі орнынан қозғалар емес. Жолаушы мұның мән-жайын сұраса, байдың қызы «аты бәйгеде ең соңында келген жігітке шығамын» деп шарт қойыпты. Сонда жолаушы қыздан үміті бар жігіттердің жанына келіп, әлденені айтқан екен. Сол-ақ екен жігіттер орындарынан шаба жөнеліпті.

Жолаушы жігіттерге қандай кеңес берді?

 

Информация к новости
  • Просмотров: 7782
  • Автор: janar
  • Дата: 16-12-2010, 16:51
16-12-2010, 16:51

тұсау кесу

Категория: Салт-дәстүрлер » Балаға қатысты салт-дәстүрлер » Тұсау кесу

 

/ортаға аяғын тәй-тәй басқан  баланы әкеліп, беліне кішкентай қалта байлайды, оның ішіне тәттілер салып тұрып/:

 

Беліңе қалта байладым,

Дәулетіңді асырсын,

Ішіне тәтті сайладым,

Қиындықты қашырсын!

 

/осыдан кейін жиналған жұртқа көрсетіп, баланың аяғына мыналарды байлайды/:

 

Ішекпен байлағаным – малды болсын, тоқ болсын деген ниетім,

Көк шөппен байлағаным – жершіл болсын, көпшіл болсын, өсіп-өнсін дегенім,

Ала жіппен байлағаным – адал болсын, ақ болсын дегенім.

 

/тұсауын кеседі, тұсау кескен баланы бір-екі аттам жерге дейін сүйемелдеп барып, еркін жібереді/

 

Тәй, тәй, тәй, тәй!

Қаз, қаз, балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам!

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін!

Жүгіре қойшы, құлыным,

Желбіресін тұлымың,

Елгезек бол, ерінбе,

Ілгері бас, шегінбе!

 ******

Беліндегі қалтаны шешіп, тәттілерді елге шашумен таратады

 

Тойға шашу шашылсын!

Халқымның нұры тасысын!

 

**********************шашу**************

 

Информация к новости
  • Просмотров: 22703
  • Автор: janar
  • Дата: 16-12-2010, 16:47
16-12-2010, 16:47

балаларға арналған Наурыз тойының сценарийі

Категория: сценарийлер » Наурыз сценарийі

Наурыз сценарийі

Дайындаған Жанар Аманғалиева

Балалардың қатысуымен өткен НАУРЫЗНАМА-2010

 

Жүргізуші бала:

         Армысыздар, үлкен-кіші ағайын!

         Бүгін – Самарқанның көк тасы еріген күн.

         Бүгін – Жаңғыру мейрамы!

         Бүгін – Жыл басы, Жаңа жыл!

 

****** Сахна сыртынан шу естіледі***************

 

Жүргізуші бала:

Бұл не шу?

Бұлар кімдер?

Ә, көріп тұрмын, танып тұрмын.

Анау тұрған Қар екен,

Мынау тұрған Күн екен!

Ендеше, достар, біз қазір бүгінде ұмытыңқырап бара жатқан, жиі айтыла бермейтін, Ақ пен Қараның, Зұлымдық пен Залымдықтың, Жамандық пен Жақсылықтың тартысын суреттейтін Қыс пен Жаздың айтысына куә боламыз.

 

/Қар мен Күн болып киінген балалар шығады/

 

^