Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 14434
  • Автор: janar
  • Дата: 22-01-2011, 18:06
22-01-2011, 18:06

Наурыз баталары

Категория: Бата-тілектер » Наурыз батасы

Наурыз келіп қар кетті,

Ақ қар, көк мұз жұтатқан

Шаруа елінен зар кетті.

Наурыз келіп жаз кірді,

Жаз періште «Әз» кірді

Күнеске тосып арқасын,

Жан біткенге наз кірді.

Арық-тұрақ төрт түлік,

Көк жеп жапа-тармағай

Қабырға жаппай қалмағай.

Көтеремнің төрт бұты,

Ербегей де сербегей

Енді шығын бермегей.

Бізге келген бәлекет –

Қармен бірге қаңғырып,

Таудан ары өрлегей,

Мұсылман бетін көрмегей.

 

Жарапазан батасы

Қонақтасын берекет,

Қаша берсін пәлекет.

Қиын дейді қиямет,

Жақын дейді ақырет.

Ақыретке барғанда,

Қыл көпірден аман өт!

 

Міне, бата, ақ ниет,

Бола берсін берекет.

Қиын дейді қиямет,

Жақын дейді ақырет,

Құлшылық қыл Аллаға,

Қыл көпірден таймай өт.

Кірсін дәулет,

Шықсын бейнет.

Алла атымен бейнет ет.

Жоқ-жітікке рақым ет.

Тәңір сені қолдасын,

Уайым-қайғы болмасын.

Қабыл болсын оразаң,

Әулетіңді оңдасын!

 

*****                                                Мұзафар Әлімбаев

Қарық қып құтты Наурыз,

Қазанға толсын сары уыз.

Қайнасын Наурыз көже де,

Толтырып ішкей кезеңе.

Ұлыстың ұлы күнінде,

Көппенен бірге күлімде.

Көбейсін жаңа достарың,

Молайсын елге қосқаның.

Жарасып көңіл хоштығы,

Бекісін халық достығы.

Ішінде жүрсе азғана,

Шайылсын өкпе, наз-нала.

Алдыға сыймай сәбилер,

Құшағын жайсын жаңа үйлер.

Жастардың самсап отауы,

Мейірім төксін Отаны.

Әспеттеп ата дәстүрін,

Әсем боп өссін жас буын.

Кірбің тартпасын кәрілер,

Барыңның дәмді нәрін бер!

Дүрлеген Қазақстанға

Таңғалсын дос та, дұшпан да!

******

                                                              Асанәлі Әшімов

Ұлыс күні құтты болсын,

Ақ кетпесін таңдайдан!

Ел іргесі мықты болсын,

Бақ кетпесін маңдайдан!

Аллаһу акпар!

******

                                                               Оразақын Асқар

Ниеттерің ақ болсын,

Наурыздың ақша қарындай.

Бастарыңа бақ қонсын,

Шашыңның барлық талындай.

Санасы өсіп адамның,

Көңілде кір қалмасын.

Құты қашып жаманның,

Жақсы тапсын жалғасын.                                                            

Тыныш болсын даламыз,

Түгел болсын нуымыз.

Таза болсын ауамыз,

Тұнық болсын суымыз.

Қатыгездік жоқ болсын,

Оралмасын кез өгей.

Кірісіміз көп болсын,

Бүгінгі Наурыз көжедей.

Аллаһу акпар!

*****

Ұлыс күні қазан толса,

Ол жылы ақ мол болар.

Ұлы кісіден бата алса,

Сонда олжалы жыл болар.

*****

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын.

Қайда барса жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәлі-жала жерге енсін!

******

Жаңа жыл бақыт жылы болсын,

Малың тоқ,

Уайым-қайғы жоқ болсын.

Көген толы қозы,

Желі толы құлын болсын.

Малың базарлы,

Ұлың назарлы,

Қызың ажарлы болсын!

******

Әуелі, құдай оңдай көр,

Оң жолына бастай көр,

Адасса жолға сала көр,

Сүрінсе қолдан ала көр!

Кездессе шайтан қаға көр!

Жұлдыздармен жалғастыр,

Жақсылармен жанастыр,

Жамандардан адастыр!

*****

Бай қылсын,

Төрт түлік сай қылсын,

Кетпес дәулет берсін,

Отауыңа сәулет берсін.

Бастарыңа бақыт қонсын,

Қастарыңа нөкер толсын.

Дұшпандарың жоқ болсын.

Көре алмаған қаскөйдің,

Іші күйіп шоқ болсын.

Ризық, нәсібің тасып,

Көңілдерің тоқ болсын.

Туған балаларың ер жетіп,

Өсіп үлкен ел болсын,

Бақталасың кем болсын.

Дәулетің шалқып, сел болсын,

Дастарқаның кең болсын!

*******

Информация к новости
  • Просмотров: 21251
  • Автор: janar
  • Дата: 5-12-2010, 13:45
  • 0
5-12-2010, 13:45

дастарханға-шаңыраққа бата

Категория: Бата-тілектер » Дастархан бата

 

Бата берерде әркім «иә, құдайым», «иә, Алла», «иә, Тәңірім», «иә, жаратқан»

секілді бағыштау сөздерін әр батаның алдынан қосып айтуға ерікті.

********************

Уа, жаратқан ием құдірет

Тілегімді қабыл ет!

Иманымды кәміл ет!

................................

Информация к новости
  • Просмотров: 3847
  • Автор: aisa71
  • Дата: 24-04-2014, 16:15
  • 0
24-04-2014, 16:15

Разбек қажы батасы

Категория: Бата-тілектер » Жас жұбайларға бата

сайтқа қосқан  aisa71
Дүниеде кем болмайды баталы құл,
Шашайын батаменен жемісті гүл.
Қосылған теңін тауып екі жастың,
Әуелі жасын ұзақ бақытты қыл.

Қаптаған қара ормандай шоғырлы қыл,
Әр іске асықпайтын сабырлы қыл.
Алдында үлкендердің абыройлы,
Өзінен кейінгіге қадірлі қыл.

Сөйлесе айтқан сөзін жүйелі қыл,
Қалдырмай қатарынан киелі қыл.
Тілеуін екі жастың қабыл етіп,
Ат мініп жүгін артар түйелі қыл.
Әумин....
Информация к новости
  • Просмотров: 3849
  • Автор: janar
  • Дата: 12-12-2013, 18:11
  • 0
12-12-2013, 18:11

Адам Ата мен Хауа Ана /тағлым

Категория: 8 наурыз, Өсиет

Адам Ата мен Хауа Ана
Ежелгі заманда Құдай он Адам атаны жасапты. Күндердің бір күнінде 
Информация к новости
  • Просмотров: 9107
  • Автор: janar
  • Дата: 17-07-2012, 03:55
  • 0
17-07-2012, 03:55

Қайсысы тартымды? тағы да Байлық пен Кедейлік туралы/ аударған Амангелді Маукенов

Категория: Өсиет, Соңғы қосылған дүниелер

Кедейлік пен Байлық бір кісіге келіп:

-       Екеуміздің қайсымыз тартымдымыз,-деп сұрапты.

Бұл сұрақтан әлгі кісі абыржып ойға қалыпты: «Кедейлікті тартымдырақ десем, Байлық ашуланып маған қолын бір-ақ сілтейді», ал Байлықты тартымды дейін десем, Кедейлікті ренжітіп алам, ол сосын менің зықымды шығарады ғой».

            Аз-кем ойланып,  былай депті:

Информация к новости
  • Просмотров: 10465
  • Автор: janar
  • Дата: 17-07-2012, 03:52
  • 0
17-07-2012, 03:52

Байлық пен кедейлік туралы тәмсіл /аударған Амангелді Маукенов/

Категория: Өсиет, Соңғы қосылған дүниелер

Байлық пен кедейлік туралы тәмсіл

Бірде ауқатты отбасының отағасы кішкентай ұлын ауылға, малшылардың ортасына ала барыпты. Адамдардың тұрмысының қаншалықты кедей екендігін өз көзімен көрсін деген ойы болған.  Олар өте кедей тұратын отбасында бір күн және бір түн болыпты. Үйіне оралғасын әке баласына мынадай сұрақ қойыпты:

- Қалай, саған сапарымыз ұнады ма?

- Әке, бұл бір ғажап болды!

- Адамдардың қаншалықты кедей болатынын өз көзіңмен көрдің бе? – деп сұрапты әкесі.

Информация к новости
  • Просмотров: 5376
  • Автор: janar
  • Дата: 17-07-2012, 03:50
  • 0
17-07-2012, 03:50

Бала тәрбиесі /аударған Амангелді Маукенов

Категория: Өсиет, Соңғы қосылған дүниелер

Ой салатын тәмсіл

Мен мынадай тәмсіл айтып бергім келіп отыр:

Бір әкеден туған, мінез-құлықтары мүлде үйлеспейтін екі ұл болыпты. Олар өсіп, мектепті тамамдап, кәсіп таңдайтын жасқа да жетіпті. Балалар ақыл сұрап, әкесінің алдына келеді.

-       Әке, менің бай болғым келеді. Бірақ маған мұғалімім сен сараңсың деген еді,

сараң адам ешқашан бай болмайды екен, ендеше мен де ешқашан  бай болмайтын шығармын.

Информация к новости
  • Просмотров: 6299
  • Автор: janar
  • Дата: 17-07-2012, 03:47
  • 0
17-07-2012, 03:47

Ағайынды екі жігіт туралы/аударған Амангелді Маукенов/

Категория: Өсиет, Соңғы қосылған дүниелер

Бұл  болған оқиға деседі. Ағайынды екі жігіт болыпты. Ағасы үйлі-баранды, көп балалы болса, ал інісі әлі үйленбепті. Олар екеуіне ортақ  жерге бидай егеді екен. 

Информация к новости
  • Просмотров: 6590
  • Автор: janar
  • Дата: 4-06-2012, 03:15
  • 0
4-06-2012, 03:15

Болған істің бір қайыры болады /жіберген Амангелді Маукенов/

Категория: Өсиет, Соңғы қосылған дүниелер

Болған істің бір қайыры болады

Бір патшаның ақылды уәзірі болыпты. Патша оны жоғары бағалап, қайда барса да қасынан екі елі қалдырмайды екен. Патшаға бір қолайсыздық жағымсыз жағдайлар болса, ол әрдайым «Бұның да бір қайыры бар шығар» деп көңілін аулайды екен. Бірде патша  .........

Информация к новости
  • Просмотров: 4830
  • Автор: aigul0388
  • Дата: 9-04-2012, 23:17
  • 0
9-04-2012, 23:17

Кетермін, артымда сөз, әнім қалар

Категория: Түйіндер, Соңғы қосылған дүниелер

Кетермін, артымда сөз, әнім қалар   /aigul0388 қосқан

Шәкәрім

Кетермін, артымда сөз, әнім қалар,
Кейінгі жастар оқып ортаға алар.
Бірі - жөн, бірі - теріс айтыпты деп,
Таласып өздерінше сынға салар.

Метки к статье: Кетермін, артымда сөз, әнім қалар

Назад Вперед
^