Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
27-12-2011, 23:52

көлік және байланыс қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтау

Категория: Кәсіби мерекелерге » Өзге кәсіби мерекелерге

Бүгінгі таңда қазақстанның көлік саласы елді әлеуметтік-экономикалық дамыту, экономиканы және өнеркәсіптік өндірісті модернизациялау бойынша мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыруда өте маңызды роль атқарады.

Кәсіпорындардың үздіксіз жұмысын, республиканың елді мекендерінің тіршілігін, азаматтардың іскерлік және мәдени байланыстарын қамтамасыз ете отырып, көлік және байланыс саласының қызметкерлері ел тұрғындарының әлеуметтік ахуалын жақсартуға еселі үлес қосып келеді.

Сіздердің тәжірибелеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңіз, өз істеріңізге деген адалдық күнделікті міндеттерді орындап қана қоймай, сонымен бірге қазіргі экономикалық жағдайда сала жұмысын жетілдірудің жаңа тетіктерін табуға көмектес еседі. Сіздерге және жақын туыстарыңызға мықты денсаулық, бақ-береке тілейміз. Қазақстан Республикасын гүлдендіру жолындағы еңбектеріңде жетістіктер мол болсын!

Информация к новости
27-12-2011, 23:32

Жаңа жылмен құттықтау

Категория: Ресми мерекелерге » Жаңа жыл

Жаңа 2012 жылмен ең ізгі құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Келер жыл Сіздерге қуаныш, жаңа ұмытылмас әсерлер мен үкілі үміттер сыйласын!
Ұлы жылы ұшқыр арман-қиялдарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалатын
жарқын да көңілді, табысты әрі мақсатты жыл болуын тілеймін!
Сәтсіздіктер өткеннің еншісінде қалып,
Өкпе-реніштер ұмытылып, достық пен сүйіспеншілік дәуіріне жол ашылғай.
Барлық бастамалардың бағы жанып, сүйікті ісіңіз қанағат әкелсін, жаңа білімдерге, жаңаша тәжірибеге, биік кәсіптік белестер мен асқар асуларға жетелесін!
Алдағы жыл әр адамның жұлдызы жоғарылап, абыройы артуына мол мүмкіндіктер туғызып, өмірімізді мәнді оқиғаларға, татулық пен жасампаздыққа толтырғай!
Баршамыздың тасымыз өрге домалап, отбасылық бақытқа кенелейк, жан жылылығына бөленейік!
Жаңа 2012 жыл құтты болсын! Мейірім сәулесі мен шапағат шуағы молынан болғай!

*****

/Шығыс Қазақстан әкіміің құттықтауы/Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа жыл өткен жылдың қорытындысын жасап, атқарылған істі саралайтын кезең екендігі белгілі. Халқымызда “Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп” деген даналық сөз бар. Біз қашанда өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күткен халықпыз. 2011 жыл біз үшін берекелі де жемісті болды.
Біздің көпұлтты өңірімізде татулық пен достықтың, ынтымақтастық пен бірліктің бұзылмас қамалы қалыптасты. Осы ымырашылдық бізге кезкелген қиындықты жеңуге септігін тигізуде.
Келер жыл толағай табыстар әкеліп, халқымыз игілікке, мемлекетіміз молшылыққа, әр шаңырақ береке,бақыт пен шаттыққа кенеле берсін!
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін.
Жаңа жылдарыңызбен, ардақты ағайын!

Метки к статье: жаңа жылмен құттықтау, жаңа жылға арналған құттықтау тілектер

Информация к новости
27-12-2011, 22:46

Рамазан айына тілек

Категория: Ресми мерекелерге » Ораза айт / Құрбан айт

Жыл бойына сағына күткен қасиетті Рамазан айына жеткеніміз үшін жаратқан Иемізге сансыз шүкірлік етеміз.
Ұлы Жаратушының пенделеріне тартқан теңдессіз сыйы - қасиеті рамаза - сансыз құлшылық пен дұға-тілекке толы, сауабы мол ізгі амалдар үздіксіз жалғасқан, күн мен түн де тұтастай Жасаған Иеміздің рақымы мен мейіріміне тұнған ай. Кез келген басқа мерзіммен салыстырғанда, жақсылықтар мен сауаптардың сансыз еселеніп жазылар айы - Рамазан. Ораза адам жанын тазартып, жама іс-қылықтардан сақтайды. Оразаның мақсаты - мұсылманды рухани тазартып, жанды көркем мінезге тәрбиелеу, нәпсіні тізгіндеу. Ендеше, тұтқан Оразаларың қабыл болсын!

Метки к статье: рамазан, ораза айтпен құттықтау, рамазан айына тілек

Информация к новости
27-12-2011, 22:23

Атақ алуымен құттықтау

Категория: Түрлі тойларға » Қызметке байланысты

Мекеме тарихында өзінің еңбек жолын осында бастап, қызметін осында абыроймен аяқтаған ардагер аға-апайларымыз онша көп емес. Бір ұжымда табан аудармай 35 жыл жұмыс істеген, сөйтіп бас басылымнан құрметпен зейнетке шыққан олардың саны саусақпен санарлық десе де болады. Солардың бірі - ................ . Таяуда осы әріптес ағамыздың өмірінде қуанышты оқиға болды. Ол ............ күні қарсаңында Елбасы Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағының берілуі дер едік. Марапатыңыз құтты болсын, аға буын өкілі! Шығармашылық шабыттан таймай, Отанымыздың игілігі жолында  ізгі ниетпен еңбек ете беріңіз.

Информация к новости
27-12-2011, 22:11

Әкенің 80 жасына арналған құттықтау тілектер

Категория: Туыстарға » Әкеме

... өңірінің қадірлі ақсақалы, еңбек ардагері, аяулы әкеміз .... 80 жасқа толуымен құттықтаймыз!

 

Асу-асу бел десем, айтқан сөзім жетер ме?!

Айдын-шалқар көл десем, айтқан сөзім жетер ме?!
Аспанды алты айналсам, Жерді жеті айналсам,

Информация к новости
27-12-2011, 22:07

Туған күнге тілек

Категория: Аға-апайларға, Жезде-балдыздарға, Жеңге-қайындарға, Бажа-абысындарға, Құда-жекжаттарға, Қайын жұртқа, Нағашы-жиен-бөлеге, Досыма, Көршіме

Ашып өмір есігін нұрланды күн,

Шашу шаштық сол үшін жырдан бүгін.

Өзіңе де, өзгеге шуақ сыйлар,

Құтты болсын, ..., туғанкүнің!

 

Бақытты отбасының кеш ғұмырын,

Өмір өзі жазады отты жырын.

... дәм-тұзың құп жарасып,

Ақ сүтіңді ақтасын құлындарың.

Информация к новости
27-12-2011, 21:58

Тілашар тойында айтылатын тілектер

Категория: Дәстүрлі тойларға » Тілашар тойы

Таудай болсын арқалаған талабың, 

сезін өмір құпиясын, ғажабын!

Айнұрдайын періштеге тілек сол - 

Құтты болсын, мектеп аттар қадамың!

Информация к новости
27-12-2011, 21:24

ЖАРАМАЗАН

Категория: Ораза айт / Құрбан айт, Соңғы қосылған дүниелер

ЖАРАМАЗАН
Меккеде бір ағаш бар басын иген,
Жайқалып жапырағы жерге тиген.
Осы үйде бір ағам бар Құдай сүйген,
Қайыры ол кісінің жұртқа тиген.

Метки к статье: жарапазан, ораза айт, рамазан, жарамазан

Информация к новости
27-12-2011, 20:54

Үйлену тойына құттықтау

Категория: Үйлену тойы , Соңғы қосылған дүниелер

Әріптесіміз .... шаңырақ көтеріп, отау құрып жатқан мерейлі күнімен шын жүректен құттықтай отырып, төмендегі жыр жолдарын арнаймыз!
Жақсыға төрден орын табылады,
Қолдайды ата-баба аруағы.
Бірге соққан аяулы қос жүректің,
Биік болсын көтерген шаңырағы.

Тепсе темір үзетін отағасы,
Гүл-гүл жайнап, құлпырып отанасы.
.... мен .... дей екі жастың
Берік болсын мәңгілік босағасы.

Метки к статье: үйлену тойына құттықтау

^