Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 71504
  • Автор: janar
  • Дата: 26-12-2011, 04:24
  • 0
26-12-2011, 04:24

Соңғы қоңырау сценарийі

Категория: сценарийлер » Түрлі шаралар

Соңғы қонырау әзірлемесі. copy.yandex.net сайтынан

 

(Барлық оқушы сапқа тұрған)

Фанфары.

1-жүргізуші: Тындаңыздар! Тындаңыздар!

2-жүргізуші:

Армысыздар жиналған ата-ана, ұстаз

Той жиынсыз өмірдің мәні болмас

Арамыздан талпынып қақты қанат

11 жылда оң солын таныған жас

1-жүргізуші:

Бастайтын жолға сан тарап

Басталсын көне салтанат


Информация к новости
  • Просмотров: 60099
  • Автор: janar
  • Дата: 26-12-2011, 03:56
  • 0
26-12-2011, 03:56

11 сынып оқушыларына арналған соңғы қоңырау сценарийі

Категория: сценарийлер » Түрлі шаралар

www.zox.kz сайтына Аслан қосқан сценарий

 

11 сыныптарға арналған «Соңғы қоңырау» салтанатты жиынының сценарийі. 2008 жыл.

-----Фанфары 
-----Жүргізушілер шығады: Медетов М.О. және Құдайбергенова Шұғыла. 
Мият: -Армысыздар, ұстаздар, оқушылар! «Қош бол, алтын ұя мектебім!» атты салатанатты жиынға жиналған қауым.

Шұғыла:- Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің 32 түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.

Мият:--Бұл күн – мектеп тарихында , мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.

Шұғыла:--Жас жүректің өмірлік құштары –гүл, 
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл. 
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан 
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

Мият:- Бітіруші түлектерді құрметпен ортаға 

Информация к новости
  • Просмотров: 4064
  • Автор: janar
  • Дата: 26-12-2011, 01:13
  • 0
26-12-2011, 01:13

Қаржыгерлерге арналған құттықтаулар

Категория: Кәсіби мерекелерге » Қаржыгерлерге

Қымбатты достар, құрметті әріптестер!

Бүгін. 15 қарашада, экономиканың қаржы секторының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесі – Қаржыгерлер күнін тойлау үстінде. Осы күнді таңдау кездейсоқ емес және бұл күн өзіміздің ұлттық валютамыз - теңгенің 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға енуімен байланысты.

Адамзат кез-келген жұмыстың, әр мамандықтың абыройлы екендігін және де адамның өз жұмысына қаншалықты жауапкершілікпен қарап, қаншалықты ынта-жігермен жұмыс істейтініне байланысты болатынын әрқашан мойындап отырған. Барлық кәсіп өздігінше ерекше және маңызды. Әр кәсіптің өзінің жұмыс айрықшылығы, өзінің қайталанбас тарихы, өз құндылығы және өз батырлары бар. Әрине, дерлік әр кәсіптің өзінің ерекше аталып өтетін мерекелі күні- өзінің кәсіби мерекесі де бар!

Біздің кәсіби мерекеміз - Қаржыгерлер күні және ұлттық валюта күні ең ыстық құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Сіздерге жұмыстарыңыздың келешекте де Қазақстан экономик асының қаржы әлеуетін дамытуға және күшейтуге, және де кәсіпкерлік секторының қаржы жағынан ырысты-берекелі болуына мүмкіндік туғызуға бағытталуына тілектеспіз .

Дендеріңіздің сау, еңбектеріңіздің жемісті болып, қаржылық қызметте тұрақтылық пен жаңа белестерге жетулеріңізге жүрекжарды тілегімізді білдіреміз!

*******

Информация к новости
  • Просмотров: 32349
  • Автор: janar
  • Дата: 26-12-2011, 00:49
  • 0
26-12-2011, 00:49

1 қазан - қарттар күніне арналған құттықтау тілек

Категория: Мерекелік күнтізбе » Түрлі құттықтаулар

Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың облыстың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.

 

Қарттың жауап сөзі:

Сіз қыруар жұмысқа қарамастан, үлкендерді сыйлау мен құрметтеуге әрдайым уақыт тауып жатасыз. Ол үшін өз атымнан, ақсақалдар атынан мың алғыс. Сізді өз басым жүрегі үлкен, парасат-пайымы кең азамат ретінде өте құрметтеймін. Жеке басыма қиындық түскен сәтте, қолтығымнан көтеріп, демеу болдыңыз. Інілік ізеттілігіңізді таныттыңыз. Ол үшін айтар алғысым шексіз. Еңбегіңізге табыс тілеймін. Еліміздің мәртебесі биіктеп, ел-жұртымыздың береке-бірлігі таси берсін

Информация к новости
  • Просмотров: 21375
  • Автор: janar
  • Дата: 26-12-2011, 00:15
  • 0
26-12-2011, 00:15

Жаңа жылмен құттықтау

Категория: Ресми мерекелерге » Жаңа жыл

www.massaget.kz сайтынан

Жаңа жылға арналған құттықтау сөздер мен тілектер

1

 Жылыстаған жылдармен жылжып есен-сау жүре берейік! Көңілге қуаныш, жүрекке шаттық сыйлаған Жаңа Жыл құтты болсын. Бауырымыз бүтін болсын, жақындарымыз аман жүрсін! 2012 жыл ырыс пен ынтымақтың, береке мен байлықтың, бейбітшілік пен бақыттың жылы болғай! Аялы арманымыз орындалып, жүректер жылудан айрылмасын! 

2

Жаңа жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн тіршіліктің барлық иелеріне жаңа үміт, қуаныш, ерекше махаббат сыйлайды.Сол махаббат, қуаныш пен үміт жыл бойы шаңырақта болсын! Мерекелік кештің қуанышқа толы көңілді сәттері жыл бойына әрбір шаңырақта сақталсын! Ескі жыл есіркеп, Жаңа жыл жарылқасын!

 

Бүлдіршінге:

 

3

Отбасымыздың ең кішкентай мүшесі- бүлдіршінім, сенің де жаңа жылың құтты болсын! Аппақ қардай көңілі пәк балапаныма келер жыл тек жақсылықтарын сыйласын. Жайнаған жүзінен күлкі кетпей, балдай тәтті қылықтарына қанбай жүре берейік!

4

Осы мерекені қатты күткен балапаным! Қыран болып самғап, алыстарды көздеп, биіктерді бағындыратын  үлкен азамат бол! Өмір жолы сені ешқашан адастырмай, әр басқан қадамыңа Алланың нұры жаусын. Көрер жаңа жылдарың көп болсын, жүзіңнен тек қана нұрлы күлкіні көрейік.

5

 Жаңа жыл бүлдіршіндер үшін ерекше мереке. Олардың кіршіксіз көңілдері бұл күні ғажайыптың боларына сенеді. Періштелердің тілегі қашан да орындалады. Сондықтан, жаңа жыл есік қақпастан бұрын, балапаным, сенің амандығыңның тілекшісімін! Қасқырдың қайратын, арыстанның айбатын, жылқының сақтығын, бүркіттің қырағылығын тілеймін. Тау суындай таусылмас қайратқа да, сыр суындай сарқылмас жігерге де, гүлдей жайқалған ғұмыр мен самал желдей тербелген өмірге балам, сен лайықсың!

6

Балдырғандар аналарына шуақ, әкелеріне қуат болсын! Сиқырлы мерекеде әкелер сиқыры таусылмай, өздері сенетін ертегі ғұмырды көруге жазсын! Жаңа жыл сәбилер күлкісінен айырмасын, дендері сау, балалықтың бақытына тоймай жүре берсін!

  

 Ата-анаға:

 

7

 Тамырын тереңге жайған бәйтеректей бәрімізге сая бола білген ата-анамызды жаңа жылмен құттықтай отырып, оларға зор денсаулық, бақытты ғұмыр тілейміз. Өмірдің шапағаты мен шуағына кенеліп, арамызда аман-сау жүре беріңіздер!

8

 Құрметті Әкем мен Анашым! Келіп жеткен 2012 жыл сіздерді қуантудан жалықпасын. Мәуелі бәйтеректей көз алдымызда жайқалып жүре беріңіздер. Ана, сіздің аялы алақаныңызға, Әке, сіздің жүрегіңіздің шексіз мейіріміне тең келер ештеңе жоқ. Сіздердің амандықтарыңызды тілеп, осы жаңа жылды бірге қарсы алу сәтіне жеткізген Аллаһқа разылық білдіремін!  Талай жылды бірге қарсы алу бақыты бұйырсын деймін! Жаңа жыл құтты жыл болсын!

9

 Әкешім! Өмірдің соқпағына қарамастан бізді өрге тартып келе жатқан, суыққа бір тоңдырмай мәпелеген, бар ыстық махаббатын бізге төккен Сіз, бірінші құттықтауға лайықсыз. Жаңа жыл тек жақсылықтарымен қуантсын! Деніңіз сау, жарқын жүзіңізді мұң шалмай, балаларыңыздың қуанышына марқайып отыра беріңіз!

10

Анашым! Жүрегімді жарып шыққан бар ізгі тілектерім өмірдегі ең қымбатты да ардақты жан – ана, өзіңе арналады. Бізді өмірге әкеліп, ақ сүт беріп, аялап өсіріп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, осы күнге жеткізгенің үшін алдыңда мәңгі қарыздармыз. Әр жаңа жыл кеші тек өзіңмен ғана көңілді. Анашым, жүзіңізден шуақ кетпей, біздің ортамызда күліп-ойнап, шаттыққа кенеліп, бақытқа бөленіп жүре беріңіз. Жаңа жыл бар тілектеріңізді орындасын!

11

Әкем, анам! Аяулы асылдарым! Сүйенсем, тірегім, құласам, сүйеуім сендерсіңдер. Сіздерді Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Дастарханымыз әрдайым осындай мол, шаңырағымыз берекелі болсын! Сіздердің жанымызда болғандарыңыз біз үшін үлкен бақыт! Ұзағынан болғай!

 Досқа:


12

Тіреуім досым! Қуанышым мен қайғымның куәсі, өмірімнің бөлшегі болған аяулы жан. Жаңа жылда сені құттықтап, қуантуға асығудың өзі қандай бақыт! Жыл бойы кірпігіңді мұң шалмасын, жасыма, тек қуанып, жадырап, аман-есен жүре бер.

13

Достар! Жастық шақ - өсіп тұрған гүл емес пе, Сол гүлдің нағыз өзі – біз емес пе!- дегендей жан-жағыма көз салсам, жаңа жылды қарсы алу кешіне әсем де сұлу, көркіне көз тоярдай қыздар мен жігіттер жиналып отыр екен. Жүздеріңе қарасам, мезгілдің қыс екенін ұмытып, қып- қызыл қызғалдағы жайқалған көктемнің сұлулығын, жаздың жылулығын көремін. Ендеше достар, лайым осылай құлпырып жүре беріңдер. Жаңа жыл әрқайсысыңа бақыт пен шаттық сыйласын! Жылдар бойы жалғасып келе жатқан достығымыз бұл жылы да әдемі жалғасын тапсын!

14

Жаңажылдық дастархан қандай тәтті болса, сен барда менің өмірім сондай тәтті. Нұрлы жүзіңнен тек қана күлкі көріп, қуанышымды өзіңмен бөлісе жүрейін. Бақытты бол, құрбым!

15

Аяулы дос! Санаулы сағаттардан соң кіретін жаңа жыл саған бар жақсылығын төксін! Жаңа жылда жаңа табыс, денсаулық, сәттіліктер тілеймін! Жылдан- жылға аманшылықпен, зор қуанышпен жете бер!

16

Әніміз де, сәніміз де жарасқан, тілегіміз де, жүрегіміз де бір болған асыл дос! Өзіңді жаңа жылмен құттықтауға асықпын! Бар қиындықтар мен өкпе-наздар ескі жылмен есіркеп кетсін! Жаңа жылда жаңа белестерді бағындырып, жаңа табыстарға жете бер! Жаңа жыл құтты болсын!

17

Айналамды өздеріңдей керемет жандар қоршаған мен ең бақытты жанмын! Жаңа жылдың жылтыраған ойыншықтарындай жүздері жайнаған достарым мәңгі жанымда болсын! Достар, мереке құтты болсын! Дастарханымыз мол болсын! Көңіліміз даладағы аппақ қардай таза болсын! 

 

Информация к новости
  • Просмотров: 14003
  • Автор: janar
  • Дата: 26-12-2011, 00:12
  • 0
26-12-2011, 00:12

Жаңа жылға смс тілектер

Категория: Ресми мерекелерге » Жаңа жыл

www.massaget.kz сайтынан

 

Достық құттықтаулар:

Саған тілер басты тілегім — армандарың орындалсын! Өйткені адам арманына жетсе ғана,  бақытты! Жаңа жылыңмен!

***

Жаңа Жыл жомарттығын жасасын! Бақытын саған себелесін, жұлдызыңды жарық етіп, бар армандарыңды орындасын!

****

Осы қалпыңнан танба, достарыңа адал бол! Қыстың қарлы күнінде де, жаныңа шуақ шашып, көктем күлсін.

***

Бүгін саған 3 кісі барады.Тек ашуланба, мекен-жайды мен бердім. Олар өмір бойы сенің касыңда қалатын болсын: Денсаулық, Сәттілік, Махаббат!

***

Аппақ қардың ұлпалары саған бақыт болып төгілсін. Кірпіктерің де ақ қарға көміліп, көздерің тек аппақ армандарыңның орындалғанын көрсін! Бақыт пен үміттің, махаббат пен татулықтың жылы құтты болсын!

***

Жаңа жылда саған тілерім: 12 ай ауруды сезбей, 53 апта тек жақсылықтарды көріп, 365 күн бақытқа кенеліп, 8760 сағатты сәттілікпен өткізіп, 525600 минут махаббатқа мас болып, 31536000 секундты  қуанышты сәттермен өткіз! Жаңа Жыл жарылқасын!

***

Келер жыл сені азап пен ауыртпалықтардан, ұрыс пен берекетсіздіктен сақтасын! Жылан жылы айналаңдағы жандарға, маған және саған да, үміті мен махаббатын, бақыты мен байлығын сыйласын!

***

Ардақ тұтқан жайсаң жанның бірі едің,

Біреуге сыр, ал біреуге жыр едің,

Шынарына өрле биік бақыттың,

Осы менің саған айтар тілегім!

***

Құшағында тәтті үміттің

Өтсін алтын күндерің,

Жаңа жылда жақсылықтың,

Шамшырағын үрлегін!

 

Сүйіктілерге:

Аппақ қар үлпілдей жауып тұр. Баспалдаққа түссе, еріп кетеді. Кенеттен қарға айналып, алыста жүрген сенің қолыңа түсіп, еріп кетер ме едім! Сағынышым менің, жаңа жылыңмен!

***

Өзің де бір ардақты жан екенсің,

Армандарың алып шыңға көтерсін!

Дақ түспесін жүрегіңе ақ қардай,

Жаңа жылың жаңа бақыт әкелсін!

****

Бақытың лағыл тастай  төбеңде мәңгі сөнбесін! Сүйікті де қымбатты жандарың қасыңнан  бір сәтке кетпесін!

***

Аман болсын отбасың,

Жамандықтан сақтасын.

Жаңа жылдың түнінде,

Бақыт ашсын қақпасын!

***

Кең аспаннан қар жауады жапалақтап. Қар аппақ, сенің ақ көңіліңдей, сүйіктім! Қар алақанға келіп, жылулықтан ериді — бұл менің сені құшағыма алуым! Ерінге түскен қар, ыстық демнен балқиды — бұл менің саған деген ыстық сезімім! Жаңа жылыңмен, Жаным!

***

Жаңа жылға ірі жұлдыздары төгілген көкжиекті сыйлаймын саған, алтыным! Сол жұлдыздармен бірге күн кешіп, ертегі әлеміндегідей таңғажайыпты бірге тамашалайық, менің ең жарық жұлдызым!

***

Сені жылдардың ішіндегі Жаңа 2012 жылыңмен құттықтаймын! Жаңа Жыл саған жаңа қуат, жаңа бақыт, жаңа табыс әкеліп, жағымды жаңалықтарымен таң қалдырсын!

***

Әзіл смс-тер:

Аяз Атаның хайуанаттар бағынан үш маймылы қашып кеткенге ұқсайды: біреуін қазір ғана жаңа жылдық шыршаның астынан тауып алыпты, екіншісі табылмай жатыр, үшінші маймыл осы СМС-ті оқып күліп отыр екен!

***

Дәрігерлердің пайымдауынша, 5 рөмке шарап, Жаңа Жылды ойдағыдай қарсы алуға кедергі келтіреді. Шарапсыз, ойдағыдай қарсы ал! Құтты болсын, бауырым!

***

 Әлемде жеті керемет бар дейді, сегізінші керемет — Жаңа Жыл! Армандар орындалып, Жаңа Жыл кереметін сыйласын!

***

Жаңа жылда,

Жаңа жылдың әр күні,

Жақсы хабарларға,

Жағымды жаңалықтарға,

Күтпеген қызықтарға,

Қуаныш сыйлайтын sms-терге толы болсын!!!


^