» » » Әкенің 80 жасына арналған құттықтау тілектер
Информация к новости
  • Просмотров: 14387
  • Автор: janar
  • Дата: 27-12-2011, 22:11
  • 0
27-12-2011, 22:11

Әкенің 80 жасына арналған құттықтау тілектер

Категория: Туыстарға » Әкеме

ЖМИ НИЖЕ ССЫЛКУ, ЧТОБ УВИДЕТЬ ВЕСЬ ТЕКСТ ПОЗДРАВЛЕНИЙ!

... өңірінің қадірлі ақсақалы, еңбек ардагері, аяулы әкеміз .... 80 жасқа толуымен құттықтаймыз!

 

Асу-асу бел десем, айтқан сөзім жетер ме?!

Айдын-шалқар көл десем, айтқан сөзім жетер ме?!
Аспанды алты айналсам, Жерді жеті айналсам,

Теңеу таба алам ба, теңдесі жоқ әкеме!

 

Жалғыз едің, ұрпағың орман болды, жан әке!

Бақ ұялап іргеңе, арман қонды, жан әке!

Еркелеттің, тербеттің, қиындықсыз ер жеттік,

Өнеге ғып бір өзің салған жолды, жан әке!

 

Ұшырғанда демеген асқар тауым, жан әке!

Қысылғанда жебеген басты арқауым, жан әке!

Кемелдік пен тереңдік, даналықтың мезгілі –

Сексен атты сеңгірден асқан шағың, жан әке!

 

Жоқтатпадың ешқашан анамызды, жан әке!

Сендей әке жалғанда табамыз ба, жан әке!

Баршамызға ақылшы, Әке, Ата боп әрдайым

Аман-есен жүре бер арамызда, жан әке!

******

Аса құрметті әкеміз!
Сіздің жетпістің асуына еселі еңбегіңізбен, қажырлы қайратыңызбен, ел-жұртқа сыйлы абырой-беделіңізбен ат басын тіреген шағыңыз алтын тоймен тұспа-тұс келуде. Қос мерекеңізбен шын жүректен құттықтап, мына өлең жолдарын өзіңе тарту етемін:

Жетпісің жетіпті, әке, желкен керіп,
Тірлігің күннен күнге көркемделіп.
Бұл күнде бір әулеттің айбынысыз,
Тұрасыз парасатқа өлшем болып.

Сіз өскен .... – көркі жердің,
Сындарлы саңлағысыз еркін елдің.
... ұл-қыз бүгінде азамат боп,
Оқытып, әрқайсына енші бердің.

Көкірегіңе мейірім толып нұрлы,
Жаныңызды жақсылық қоныс қылды.
Кеңпейіл, ашық жарқын мінезіңіз,
Кейінгі жас өренге болыпты үлгі.

Жүгін арттың иыққа жыл көшінің,
Мақтан боп ел аузында жүрді есімің.
Анамыз айнымайтын серігің боп.
Отауың орда болды іргесі күн.

Ассаң да тіршіліктің сан асуын,
Таусылмас арманы адам баласының.
Бүгінгі алтын тойың тұр айғақтап,
Жүрек пен жүректердің жарасымын.

Жүресің қалжыңмен елдің басып мысын,
Ұрпаққа кеудеңдегі жақұтты ұсын!
Аман-сау жүзге жеткін, асыл әке,
Басыңнан арылмасын бақыт құсың!

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Для зарегистрированных пользователей реклама отключена.
<
жан

6 сентября 2012 00:04

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
рахмет! рахмет! рахмет!
<
janar

24 июня 2012 09:45

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Махаббаты әкемнің /Жұмабаева Ақсана қосқан

Кішкентайдан тәрбиелеп
Мәпелеп мені өсірген.
Қанаттың бірі болмаса,
Сүре алмаймын өмір мен.
Бір қанатым анашым,
Екіншісі әкем деп
Мақтаныш етіп келемін
Өмір бойы күлімдеп.
Деуші едім әрқашан
Қанатым сау болғанда
Кішкентайдан айырылдым
Кең пейілді әкемнен.
Көре алмаспын қайтадан
Көре де жүзін алмадым.
Сезе алмаспын қайтадан
Сезе де мен алмадым
Жанашыр әкемнің махаббатын.
<
janar

27 декабря 2011 22:34

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Аса құрметті әкеміз!
Сіздің жетпістің асуына еселі еңбегіңізбен, қажырлы қайратыңызбен, ел-жұртқа сыйлы абырой-беделіңізбен ат басын тіреген шағыңыз алтын тоймен тұспа-тұс келуде. Қос мерекеңізбен шын жүректен құттықтап, мына өлең жолдарын өзіңе тарту етемін:

Жетпісің жетіпті, әке, желкен керіп,
Тірлігің күннен күнге көркемделіп.
Бұл күнде бір әулеттің айбынысыз,
Тұрасыз парасатқа өлшем болып.

Сіз өскен .... – көркі жердің,
Сындарлы саңлағысыз еркін елдің.
... ұл-қыз бүгінде азамат боп,
Оқытып, әрқайсына енші бердің.

Көкірегіңе мейірім толып нұрлы,
Жаныңызды жақсылық қоныс қылды.
Кеңпейіл, ашық жарқын мінезіңіз,
Кейінгі жас өренге болыпты үлгі.

Жүгін арттың иыққа жыл көшінің,
Мақтан боп ел аузында жүрді есімің.
Анамыз айнымайтын серігің боп.
Отауың орда болды іргесі күн.

Ассаң да тіршіліктің сан асуын,
Таусылмас арманы адам баласының.
Бүгінгі алтын тойың тұр айғақтап,
Жүрек пен жүректердің жарасымын.

Жүресің қалжыңмен елдің басып мысын,
Ұрпаққа кеудеңдегі жақұтты ұсын!
Аман-сау жүзге жеткін, асыл әке,
Басыңнан арылмасын бақыт құсың!

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Вопрос:
Қазақстанның астанасы -
Ответ:*
Введите два слова, показанных на изображении: *
^