» » » "Қыз - әуен", "Келін түсті" /Ғабиден Қожахмет
Информация к новости
  • Просмотров: 3971
  • Автор: janar
  • Дата: 11-11-2014, 00:59
  • 0
11-11-2014, 00:59

"Қыз - әуен", "Келін түсті" /Ғабиден Қожахмет

Категория: Іні-қарындастарға, Үйлену тойы , 8 наурыз

ЖМИ НИЖЕ ССЫЛКУ, ЧТОБ УВИДЕТЬ ВЕСЬ ТЕКСТ ПОЗДРАВЛЕНИЙ!
Қыз-әуен

Әсемдіктің бағында жаралғандар,
Нәзік-болмыс,гүл-үміт,ақ армандар.
Жігіттердің бақытын жырлай жүріп,
Өз бақытын сол әннен таба алғандар.
Сұлу да біз,ару да біз дегендер,
Арманынан мақсатын іздегендер.
Ілінсе де кірпікке мұң тамшысы,
Сезімінен үмітін үзбегендер.
Әдемiлік ауылын қалағандар,
Сұлулықты дегендей бағалаңдар.
Арман жолда алдымен махаббатты
Бәрінен де биік деп санағандар.
Өмір кейде есейтіп балғын гүлін,
Мұңнын жүгін аруға қалдырды мың.
Соқпағы да жіңішке мына әлемге
Көтеруге келгендей ардың жүгін.
Болса-дағы жүректе тамшы басым,
Қайратыңның рухын қамшыларсың.
Сазға ғашық жүрекке гүл егіңдер,
Сендер жайлы айтылар ән шығарсын.
Қадірлесін әр кезде біріңді мың,
Кешегімен жалғасып бүгінгі ұғым.
Бұл өмірге еркелеп жүрсең-дағы,
Ойлайсың ба бақыттың шымылдығын.
Бар тілегі жататын талғамында,
Арман болып сезімі жанған ұлға.
Қос әуенді қашанда үйлестіру-
Мына өмірде сендердің қолдарыңда.
Үміт,сенім жанынан табылады,
Қандай баққа белгісіз жолығары.
Жалғыз салған әндері мұңлылау,
Қос дауыста шырқалсын өмір әні.

      Келін түсті

Шаттық болса-көңілдер тұрар көкте,
Ойлама ұлға жарды тек сыңар деп те.
Дос-жаранды сүйінтіп,міне,ағайын,
Келін түсті тағы да бір әулетке.
Жақсы күнді тағы сап ел есіне,
Ару мінді бақыттың кемесіне.
Келін болған кеше оның анасы да,
Келін болып түсіп еді енесі де.
Бақ күнімен осылай ұғысқаны,
Ақ сезіммен пәк көңіл тыныстады.
Енді оған жарының жақындары
Боп келеді етене туыс-бәрі.
Тек осымен өмір от жағыларын,
Біледі ару содан бақ табыларын.
Қадірлейді сондықтан босағасын,
Қастерлейді өзі енген шаңырағын.
Бағалайды үлкеннің бата-нұрын,
Өзі де елдің сүйіп еді баталы ұлын.
Әлем қанша кең болсын,қадір тұтар
Қасиетін кішкене өз Отанының.
Ақ отаудың сол еді көркі,міне,
Түндігі де ашылсын кең түріле.
Келін түсті тағы да бір әулетке,
Балалығын қалдырып төркініне.
Тілектестік білініп жанарынан,
Келін түсті деп елдің бәрі ағылған.
Елдік мүдде,тағы да ұлт мүддесі
Осы арудың басталар қадамынан.
Қарсы алады дос-жақын,жұртты күліп,
Демесін де өзге елден жұқты қылық.
Келін түсті елдіктің нышанындай,
Қойсын тәңір қадамын құтты қылып!

Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Для зарегистрированных пользователей реклама отключена.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Вопрос:
Адам болсаң "қазақ" деп жауап жаз!
Ответ:*
Введите два слова, показанных на изображении: *
^