» » » Әпке тілегі /қосқан Ғабиден Қожахмет Қызылордадан/
Информация к новости
31-07-2013, 17:02

Әпке тілегі /қосқан Ғабиден Қожахмет Қызылордадан/

Категория: Қыз ұзату , Үйлену тойы , Соңғы қосылған дүниелер

ЖМИ НИЖЕ ССЫЛКУ, ЧТОБ УВИДЕТЬ ВЕСЬ ТЕКСТ ПОЗДРАВЛЕНИЙ!

Әпке тілегі
(өтініш бойынша жазылған)

Жетсінші дер ем бауырды мен де баққа мың,
Тағдырың саған атқызсын әр кез ақ таңын.
Еркелей күлген елігі едің бір үйдің,
Сіңілім,сен де босаға бүгін аттадың.
Жаныңда енді өмірлік жолдас-қосағың,
Үмітпен күттің осынау күннің тосарын.
Босаға аттау-артады қызға көп міндет,
Сіңілім,соған жауапты қадам жасадың.
Бақыттың шоғын сезімдер енді үрлемек,
Береке,ырыс есікті қақсын күнде кеп.
Бауырлар үшін інінің жөні бір басқа,
Алысқа ұзар сіңілдің жөні бір бөлек.
Дер едім мен де отауың болсын еңселі,
Жұбайлық жолдың сыйластық қана өлшемі.
Қыз бала сол ғой-алыстан іздер бақытын,
Туған үйінің құп-құйттай ғана бөлшегі.
Ұмтылдың баққа,сол жолда тілек-бата алдың,
Киесі бар ғой шаңырақ деген отаудың.
Құсымыз едің еркелеп жүрген,бір күнде,
Ұштың да кеттің,мінеки келін атандың.
Шыққызсын тауға қадамың осы жасаған,
Бауырың бүтін,болсыншы әр кез дос аман.
Шаңырағыңның уығы берік шаншылып,
Керегең кең боп,бақытқа толсын босағаң!
Естілсін содан тек қана сыңғыр тәтті үн,
Болашағыңа жайқалтсын тағдыр бақ гүлін.
Жұбайлық жолда ұсынып өмір күлкісін,
Жарыңмен бірге сезінші соның шаттығын!
Жақсылықтарын сыйлатып өмір тәңірдің,
Мінеки,сен де жар болдың,сыйлы ат тағындың.
Сол жолда осы-апайың тілер ақ тілек,
Сол жолда осы-тілегі барлық бауырдың.
Атану келін-сіңіру бойға ар-қылық,
Ақ отау жақтан атсыншы әр кез таң күліп.
Жұбайлық өмір бақыттың әні екен ғой,
Ендеше сол ән үзілмей тұрсын мәңгілік!

авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Для зарегистрированных пользователей реклама отключена.
<

29 июля 2015 07:14

Информация к комментарию
Саламатсыз ба? Оте керемет олен жолдары. Коп рахмет.
<

13 июля 2014 14:07

Информация к комментарию
үлкен рахмет коптен таба алмай жүр едим өте керемет өлеңжолдары
<
Ғабиден

19 июня 2014 14:07

Информация к комментарию
Рахмет,жақсы тілегіңіз үшін.
<

18 июня 2014 10:51

Информация к комментарию
Өте керемет жазылған өлең, Шабытыңыз шарықтай берсін!
<
Kura75

10 мая 2014 17:48

Информация к комментарию
Kuralaj.asaubaeva@mail.ru менің эл.почтам.Хабарласып,хат жазыныз.
<
Ғабиден

9 мая 2014 16:27

Информация к комментарию
Құралай,рахмет! Өзіңе де мереке құтты болсын! Электронды почтаңды жазып жіберсең өлеңге байланысты.
<
Kura75

9 мая 2014 13:50

Информация к комментарию
Ғабеке,мумкин болса,тұрмыска шыкпаган,жасы 50-ге толып жаткан татемизге арнап куттыктау жазып берши.Бар бауырларына камкор болган,ози Алматыда турады, мугалим боп жумыс жасайды.
<
Kura75

9 мая 2014 13:45

Информация к комментарию
Сәлем,Ғабеке!Мереке кутты болсын!Өлеңдеріңді оқып турамын сайттан,өте тамаша.Қожабақыдан Құралай қарындасың.
<
jani-02

30 октября 2013 18:00

Информация к комментарию
өте әдемі жазылған тілек

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Вопрос:
Адам болсаң "қазақ" деп жауап жаз!
Ответ:*
Введите два слова, показанных на изображении: *
^