» » » Тойға арналған өлеңдер
Информация к новости
  • Просмотров: 43720
  • Автор: janar
  • Дата: 16-05-2013, 01:55
  • 0
16-05-2013, 01:55

Тойға арналған өлеңдер

Категория: Қыз ұзату , Үйлену тойы , Соңғы қосылған дүниелер

ЖМИ НИЖЕ ССЫЛКУ, ЧТОБ УВИДЕТЬ ВЕСЬ ТЕКСТ ПОЗДРАВЛЕНИЙ!

Сәлеметсіз бе,Жанар! Хатыма жауап беріп,ілтипат танытқаныңызға рахмет! Менің аты-жөнім-Ғабиден Қожахмет,Қызылорда қаласының тұрғынымын,мамандығым-филолог,жергілікті оқу орнын қазақ филологиясы мамандығы бойынша тәмамдап шыққам.Сіздердің сайттарыңызды көріп,той тақырыбына арналып жазылған өз өлеңдерім де,бәлкім,біреулердің кәдесіне жарап,қызығушылығын оятар деген ниетпен "Гүл атты бүгін қыз-ғұмыр" және "Бақыттың тойы басталды" деген екі өлеңімді жолдап отырмын.Сіздерге алдын ала рахмет! Оқырман көбейсін!
С/н:Ғабиден

Гүл атты бүгiн қыз-ғұмыр.

Бақ күткен екеу бүгiн де дағы кеше де,
Махаббат көлiн қос ғашық болып жүздi бiр.
Ата мен ана бала ғой әлi десе де,
Гүл атты бүгiн қыз-ғұмыр.
Жүзiне дағы қарайды бiрi бiрiнiң,
Болашақ атты бақытқа ендi ой кетiп.
Балдырған қыз ең,кеңейiп-дағы ұғымың,
Қалдың ба сен де бойжетiп?
Еркелiк көрiп сезгенмен қамкор алақан,
Барiбiр қызға бұйырар бақыт қиядан.
Өзiңдi санап жүргенде әлi балапан,
Ұшар күн кептi-ау ұядан.
Болашағыңның кеңiтер кеуде сарайын,
Айтыла берер әрдайым саған ақ тiлек.
Өзiңе ендi ата-ана,бауыр,ағайын,
Қалады бүгiн бақ тiлеп.
Кеткенмен ұшып,көңiлдерi барiбiр бiр сенде,
Тiлейдi сенiң тiршiлiгiңнiң бүтiнiн.
Ұмытпа ендi жарыңмен қайда жүрсең де,
Туған үйiңнiң түтiнiн.
Өйткенi сенi осында бесiк тербеткен,
Келгенсiң мұнда өмiрге болып наресте.
Қуанған,күлген,жылаған кезiң-ержеткен,
Тұрады екен барi есте.
Мiнеки ендi қалыңдық сен де атандың,
Тәлiмiң менен тәрбиең-барi еркiңде.
Өзiңдi өсiрген осынау киелi Отанның,
Атына кiрдi келтiрме.
Бойжетiп қапсың,осылай уақыт,өтер күн,
Жарыңды сыйла,артады сонда бағаң мың.
Ғибрат берген тәлiмiн ұмытпай Әкеңнiң,
Ақ сүтiн ақта Анаңның.
Көрiнбей жүрсiн жасаған iстiң бiрi мiн,
Батасын берер сол кезде әже,аталар.
Балапан-даурен,кеуделердегi гүл-ұғым,
Күн келдi келiн атанар.
Алдағы ғұмыр күндерiң бiр боп өтетiн,
Жарыңмен бiрге бақыттың гүлiн ұста тең.
Туған үйiнiң түтiнiн қимай кететiн,
Қыз-дәурен солай қысқа ма ең?!

Бақыттың тойы басталды

Келеді бүгін көгімнен тағы атып күн,
Шырқайтын сәті бақ тілеп жасқа уақыттың.
Қос аққу болып жұбайлық өмір басталып,
Көтерілді туы бақыттың.
Отауға енді сәулесі бақтың жамырап,
Ақжолтай болып есіктен енді тағы бақ.
Әулеттің әнін баянды қылып шырқайтын,
Көтерілді тағы шаңырақ.
Мөлдіреп бүгін тілекші көзден жас тамар,
Жұбайлық жолда сүйеніш болар асқақ ар.
Болашақ атты бақыттың баспалдақтары,
Осынау сәттен басталар.
Кеуделерге кеп орнықты бүгін ізгі нұр,
Тербетті әуен той жыры болып бізді бір.
Ару-дәуірдің қалыңдық-ғұмыры басталып,
Артында қалды қыз-ғұмыр.
Көңіл-кеудені ізгі сезімге жайлаттық,
Той сәні қылып ортаны тағы жайнаттық.
Тағы бір ұлдың аяғына тұсау оралып,
Артында қалды бойдақтық.
Аяма енді ата-ана,туыс барыңды,
Өз ұлың бүгін бақыттан тұмар тағынды.
Серігі болар қолына қонып жан-жары,
Жас отау нұрға малынды.
Ақ сәуле болып шымылдық пенен перделер,
Оранды гүлге той-думан күткен бөлмелер.
Ата мен ана,көңілі хош боп қайнаға,
Сабылды бүгін жеңгелер.
Өйткені олар абысын тағы атанды,
Олар да кеше үлкеннен сыйлы бата алды.
Жымыңдай күліп ақылды тентек қайнылар,
Қорғаштап жүр-ау отауды.
Әзілдер олар құдаша жаққа астарлы,
Шараппен сыйлап базына қылған дос-жарды.
Қуанышқа бөлеп әулеттің барлық адамын,
Бақыттың тойы басталды.
Жан еді елі бір кезде-дағы ардақтар,
Жан еді олар сөзінде жатқан салмақ бар.
Жер басып жүрген қандастарын жебеп рухымен,
Бір аунап түсті әруақтар.
Өзгеше болып келеді тағы атып күн,
Өтсінші тоймен бәрі де мынау уақыттың.
Адам-ғұмырдың көңілде қалар белесі,
Үйлену тойы,үй болу тойы басы ғой енді бақыттың!

Ғабиден Қожахмет,Қызылорда қаласы

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Для зарегистрированных пользователей реклама отключена.
<
Тойға тілек

22 марта 2017 04:18

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Армандар мен мұраттарға қатар жүріп жетіңдер


Ғашық болып бір-біріңе көрсеткенде шат қылық,
Алғы күннен осы той боп оянатын тәтті үміт.
Енді, міне, сендер үшін орындалып сол арман,
Шаңырақ пен босағадан кірді бүгін бақ күліп.

Бабалардың ақ үмітін тек осылай жалғаңдар,
Жүректегі ақ сезімді еш сөндіріп алмаңдар.
Келешегің нұрлы болып екеуіңе келсін де,
Орындала берсін дәйім көңілдегі армандар.

Үміттерің тойға ұласып, міне, өмірде болған шын,
Тек алдағы әрбір күнің шаттық болып жалғансын!
Әр ойлаған ойларыңа ілессін де ізгі нұр,
Тілегіңді, арманыңды Тәңір солай оңғарсын!

Тек шын сүйген жандарда әр кез болмайды ешбір, жоқ күдік,
Сондықтан да қос жүректе осы той боп жатты үміт,
Қарады да екеуіңе босағадан бақ күліп,
Енді, міне, бақыт таңы сендер үшін атты нық.

Сынақтардан қол ұстасып бірге жүріп өтіңдер,
Сол үшін де қыз-көңіл мен сертке лайық бекінді ер.
Махаббаттың сол шырағын еш сөндіріп алмастан,
Армандар мен мұраттарға қатар жүріп жетіңдер.


авторы:
Ғабиден Қожахмет
<
Мерекеде құттықтап қайт анаңды

22 марта 2017 04:09

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Мерекеде құттықтап қайт анаңды


Сен өмірге келген сонау шақтарда,
Сәби сәуле ұласқанда ақ таңға.
Мына әлемнің падишасы секілді
Жөргегіңде сен нұрланып жатқанда,
Саған мейірім арнаған жан кім еді?

Тек сен үшін күн оянып аспанда,
Бір сен үшін жұлдыз сәуле шашқанда.
Сәби шағың келешекке ұмтылып,
Апыл-тапыл сен жүгіріп басқанда,
Қарсы алдыңнан құшақ жайған кім еді?

Әр тәлімі білім болып сіңгенде,
Сол тәліммен айналаны білгенде.
Арман қуып жастық, балаң көңілің,
Үйден шығып, сан жолдарда жүргенде,
Бір сен үшін алаң болған кім еді?

Мейлі, жылдар түсе берсін араға,
Уақыт жылжып өтсін, мейлі, санада.
Есейгенде, ержеткенде ендігі
Соның бәрін ұмытуға бола ма?

Міне, өзің де азамат боп қалдың шын,
Жүрегіңде тағы да бір ән күлсін.
Мерекеде құттықтап қайт анаңды,
Бөбек күнің қайтадан бір жаңғырсын.

Сәби шағың бір орында тұра ма,
Жүрегіңмен алдың оны ұға ала.
Сені есейтіп, саған өмір сыйлаған,
Ол – осы бір ұлы ана.

Құттықтап қайт, күлімдесін бірге Күн,
Еске түссін қайта бөбек күндерің.
Қандай сыйлық жасаймын деп қамықпа,
Ең үлкен сый – сенің есен жүргенің.


авторы:
Ғабиден Қожахмет
<
Той тілегі

25 декабря 2016 10:35

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Той тілегі


Дүние-думан әлемді сан айналып,
Жеткендей дүбірлі той тағы айналып.
Жұбайлардың көңіліне шуақ шашты,
Басталды бақыт тойы арайланып.

Той десе, думанды күй табылады,
Естілер қуаныштың тағы да әні.
Жаңадан бой көтерді жас отау боп,
Мінеки, екі жастың шаңырағы.

Бақыт құс осы отауға келіп қонсын,
Қос ғашыққа сезімі серік болсын.
Отау құрған бүгінгі жұбайлардың,
Мәңгілік махаббаты берік болсын.

Бұл тойға арнап бүгін жыр еткені,
Жақындардың сөзі еді жүректегі.
Бас қосқан екі жасқа арнап айтқан,
Қабыл болсын барлық жұрт тілектері!


авторы:
Ғабиден Қожахмет
<
Азаттық - 25 жыл

26 ноября 2016 04:18

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Ғасырлар тоғысындағы аналар


XX ғасырдың анасы сөзін жалғайды:

XXI ғасырдың Аналары! Сөзімді енді сендерге арнаймын.

Біз өз әлемімізге лайықты өмір сүре алдық. Біздің ұл-қыздарымыз да өз заманына лайықты өмір сүре алды. Ерліктің де, батырлықтың да, білімнің де, ақылдың да үзілмес алтын арқауын сақтап қалу - енді сендерге аманат!

XXI ғасырдың анасы сөз алады:

Уа, XX ғасырдың Аналары!

Сіздер алдыңғы толқын Аналардың ұлтымызға тән айрықша қасиеттерін бойға сақтап қала алған Анасыздар! Соған лайықты өмір сүре алдыңыздар. Сіздердің өздеріңіз де кешегі 1941 - 45-жылдардың арасындағы соғыста ұлдарыңызды жоғалттыңыздар. Бұл соғыста Сіздердің қыздарыңыз да болды. Олар өз ұлтына тән жауынгерлерше шайқасты. Сол ұл-қыздар Сіздердің құрсақтарыңызды жарып шыққан перзенттеріңіз еді. Біз Сіздерге бас иеміз, Ана!

Сіздер өмірге екі ғасырдың тоғысына әкеліп қасиетті Азаттықты ұштастырған ұл-қыздарды алып келдіңіздер. Біз сіздермен мақтанамыз!

XXI ғасыр қазақ Аналарына бұрынғыдан да жауапты, бұрынғыдан да сергек, бұрынғыдан да батылдау болуды жүктеп отыр. Себебі біз өсіріп жатырған перзенттер ақпарат майданының ортасында өмір сүруде. Бұл майданның жебесі тәнге емес, санаға бағытталады. Осы жолда біздер, қазақ аналары, өзіміздің ұл-қыздарымызды ұлтына лайықты перзент етіп тәрбиелеу жолындағы бағытта үнемі Сіздер қалдырған бай тәжірибені бойымызға серік етіп келеміз. Оларды заманына сай ғылым-біліммен қаруландыра отырып, олардың бойларында ұлттық құндылықтардың сақталуына олардың анасы ретінде сіздер қалдырған қасиеттердің биігінен мән бермекпіз.

Біздің Отанымыз - әлем таныған Тәуелсіз Қазақстан. Біздің перзенттеріміз оны үнемі мақтаныш етеді. Олар өзінің қасиетті көк Туын асқақтата береді. Олар Азаттықты тұғырлы ету жолындағы күреске өз білімімен үлесін қоса алады. Осы жолдағы білім жарыстарының "жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлары" - біздің өсірген ұл-қыздарымыз. Біз олардың ұстаздарымен бірге анасы ретінде мұны да мақтаныш етеміз.

Қазақ Арулары қашанда өз ұлтына лайықты өмір сүре алған. Бүгінгі Арулар - ертеңгі Ана. Олар да асыл аналар салған алтын ізді жалғастыра береді.

Болашақ сөйлейді:

Келешегі келеді өсіп күнбе-күн,
Іргелі іспен артқа тастады күндерін.
Дәл осындай Аналары бар кезде,
Мен де үнемі осы жұртпен біргемін.
Тек осындай Арулары бар сәтте,
Осы елмен бірге өтпекші күндерім!


авторы:
Ғабиден Қожахмет
<
Азаттық - 25 жыл

26 ноября 2016 04:08

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Ғасырлар тоғысындағы аналар


XX ғасырдың анасы өткен ғасыр Аналарына қарата сөйлейді:

Уа, Ана!

Сендер өз ұлттарыңның мақтанышына айнала алған ұл-қыздарды дүниеге әкелдіңдер. Оларды бесік әлдиімен өсірдіңдер. Түн ұйқыларыңды солар үшін төрт бөлдіңдер.
Қазақ ұлты өткен ғасырында аласапыран шайқастарды басынан өткерді. Сонда сендер дүниеге әкелген ұлдар өз ұлтының Азаттығы мен Тәуелсіздігі үшін жан аямай күресті. Сендер үшін көздің қарашығындай болып көрінетін ұлдарыңның денесіне жаудың өткір жебесі келіп қадалды, улы найзасы түйрелді. Бірақ сендер ел қорғар оғлан ұлдарды өсірген едіңдер. Оларға үнемі бесігінен батырлық пен ерлік туралы жырларды айттыңдар. Олардың жаны мен жүрегі ана әлдиімен бесігінде-ақ шыңдалған еді. Сонан соң оларға әкелері қылыш ұстауды үйретті. Осы себептен де сендер өсірген ұлдардың рухы әманда үстем тұрды. Олардың ерліктері жау әскерінің құтын қашырды, мысын басты. Сендердің өсірген ұлдарың өз халқының Азаттығын сан мәрте қорғап қалды. Сондықтан да ұлттың рухы кейінгіге сақталып жетсе, осы жолда сендер өсірген батыр ұлдармен бірге, олардың Аналары - сендердің де үлестерің басым, Ана!

Тарих сөйлейді:

Бәрі де рас, Аналары батыр болар ұл тапты,
"Беріл", - деді жау әскері, менменсумен үн қатты.
Ана өсірген оғландар сонда мынау Далаға
Өшпейтұғын ерлігімен өлмес әнді шырқатты.

Асқақ әннен Даланың да жанарында шық тұрды,
Батыр ұлдар сонда оларға кім екенін ұқтырды.
Пұшайман боп жау батыры сонда мысы құрыған,
Аудара алмай тұлпарынан тақымдары мықты ұлды.

Мен тарихпын, соның бәрін көкірегіммен ұғамын,
Азаттығын жаулаймын деп салғанда жау лаңын,
Батыр ұлдар қорғап қалған денесімен қалқан боп,
Сол істердің, сол ерліктің бәріне де куәмін.

XX ғасырдың анасы сөзін жалғайды:

Уа, өткен ғасырдың Аналары!

Сендер Азаттық үшін болған шайқастарда ұлдарыңды жоғалттыңдар. Бірақ сендер үнемі асқақ тұрдыңдар. Өйткені сендердің ұлдарың батырлық пен ерліктің үлгісін көрсетіп, елі үшін құрбан болды. Сендер осындай ұл өсіргендеріңді мақтаныш еттіңдер. Бұл сендер үшін жарасымды мақтаныш еді, Ана!

Сендердің бойларыңдағы қасиетті біз, XX ғасырдың Аналары, өзімізге қабылдап алдық. Біз де анамыз. Сендер қалдырған қасиеттерге лайықты өмір сүре алдық. Кешегі Желтоқсандағы алаңда тұрған ұл-қыздарды өмірге біз алып келіп едік, Ана! Біз де олардың қасиетті Азаттыққа жол салушы ұл-қыздар болғандығына олардың анасы ретінде мақтанамыз.

Тарих сөйлейді:

Бәрі де рас, өз санаңда бағамда,
Ерлік туды мұз құрсанған алаңда.
Сонда олардың ұлдары мен қыздары
Ұқсағысы келді баба оғланға.

Міне, аналар тағы батыр ұл тапты,
Елеместен олар суық, бұрқақты,
Сол алаңда тұрып сонда ұл мен қыз
Тағы да асқақ ерлік жырын шырқатты.


авторы:
Ғабиден Қожахмет
<
Азаттық - 25 жыл

15 ноября 2016 04:00

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Желтоқсан


Батушы еді жанға аяздай бір жоғы,
Шындық сұрап көтерілді ұл қолы.
Серіппе еді жылдар бойы жиырылған,
Қатты серіпті, аянбады бұл жолы.

Ол қатаң режимнің алдында мұндай болуы мүмкін емес деген нәрсені мүмкін етті. Ол режимді сонысымен шошындырды.

Оның аты - Желтоқсан.

Ол үрейлендіріп жіберді. Коммунистік ұлт саясаты желеуімен өз саясатын жүргізіп жатқандарды. Бойларында әлі ояу рухтың қаны бар екен деп.

Ол ызаландырды. Шовинистік пиғылда ойлайтын жандардың ызасын тудырды. Теңдік сұрағысы келеді деп.

Ол үміт отынан басталған еді. Жүйе бізбен санасады деп. Бізді тыңдайды деп.

Ол біріктіріп тұрды. Оның аты - алаң.

Ол шамдандырды. Сол кездегі әміршіл-әкімшіл жүйені. Күш қолдануға мәжбүрміз деп.

Ол көңілдерге жарықшақ түсірді. Сол қоғамға өздері де сенетін жас ұрпақтың сенімін таптады. Не үшін бұлай етеді деп. Біз де осы қоғамның тең құқықты мүшесі емеспіз бе деп.

Ол ширықтырды. Биікте тұрған жандардың өздерімен санаспағандығы үшін. Сөздерін тыңдамағандығы үшін.

Ол ашындырды. Тұщы етіне ащы таяқ келіп тигенде.

Сонан соң қарсылығын туғызды. Режимнің шынайы бет-бейнесін көргенде. Енді аянып қалар ештеңе жоқ деп.

Оның аты - Желтоқсан.

Желтоқсан көз жеткіздірді. Ұлт жолындағы қандай да бір күрестің қиын да күрделі жолдан өтетіндігіне.

Маңызын қалдырды. Бұл сол кезде қиын болса да, олар "біз де бір елміз" деп бір алаңда, бір дауыспен ұлттық мүддесін сұрап тұра алған еді.

Олар міндетін өтеді. Өз дәуірінде, өз кезеңінде.

Оларды шегіндірді. Бірақ жеңілген жоқ. Өйткені олар әділдік сұраған еді.

Ол тарихи маңызды сипатқа ие болды. Алдыңғы дәуірдегі күрестермен үндесіп жатқандығы үшін.

Ол болашаққа жол салды. Одан кейін келген Азаттықтың сүрлеу-соқпағының бір тарамы Желтоқсанның да еншісінде жатыр. Ұлт жолындағы барлық қасиетті күрестердің тірелер соқпағы - Азаттық.

Ол сананы жаңғырықтырды. Қоғамды басқаша ойлауға мәжбүр етті. Олар осылай етуге итермелеген өз қоғамының алғашқы қарлығаштары еді. Олар - тек ұлттық мүдде ғана емес, демократиялық үдерістердің де соқпағын салушылар.

Ол ұлттық санаға серпіліс әкелді. Әр тарапта өмір сүретін жандар олардың қасіретіне көзі жеткенде бірдей жылады. Олардың сол кездегі алаңға тамған көз жасының қайғысын бірдей сезінді. Бір кезде алаңда тек албырт жастар ғана тұрса, енді өз санасында олармен бірге тұтас ұлт тұрды. Желтоқсан ұлт санасын тұтастандырып жіберді. Ол осыған қызмет етті.

Желтоқсан кейінгі ұрпаққа тағылым болып келді.

Құрбандарға тағзым.

Желтоқсан оқиғасына - 30 жыл.

Болса да көп өмірде жол айналма,
Тұра алды олар сонда ашық майданда.
Тағдырымен, тарихымен бір ұлттың,
Болмайды екен ғұмыр бойы ойнауға.


авторы:
Ғабиден Қожахмет
<
Азаттық - 25 жыл

2 ноября 2016 07:58

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Азаттық


Тағылымды сөзімен ұрпағына ұлағат бере білген, ұлылықтың ауылына да ақ ордасын қондыра алған халықтың өз азаттығын, өз Тәуелсіздігін, еркіндігі мен егемендігін аңсаған күндері тарихтың еншісінде қалды. Әлем аясында өзін дербес ел ретінде айқындап, мойындатып, тәуелсіз ел ретінде өмір сүріп келе жатқанына да - 25 жыл.

Осы жылдардың ішінде бары мен жоғын түгендеген халықтың тамыры тереңге кеткен ұлы шежіресінің қайнарынан сусындаған тарихи санасы да қайта жаңғырықты. Оянған сананың көзімен қарады: азаттық дейтін қасиетті ұғымның тағдыры талай мәрте сынға түсіпті, қылыш жүзінде тұрыпты, нысанаға ілінген, көкірекке шер боп байланған, көз жасы боп төгілген. Бірақ бағзы бабалардан бастау алған азат рухтың туы біржола құламаған. Жалғасқан: ұжданды ұлдың ерлігімен, найза ұстаған білектің қуатымен, қастерлі халықтың киелі батасымен, өршіл өнерімен. Сынбаған. Біріне-бірі іштей үндесіп жататын қасиетті күрестер - соның куәсі.

Азаттық үшін болған үлкенді-кішілі ұлы күрестердің киесіз саналар бірі жоқ. Қан төгілген. Жанын құрбан еткен. Соның бәріне де Ұлы Дала куә.

Бүтін бір ұлт үшін бағзыдан арман болған, ұлы күрестерде ұлдары шәйіт болған халықтың ұлы мұраты Азаттық болып келді. Азаттық Ананың көзінен қуаныш жасы болып төгілді, қара көз қыздың жанарында қайсарлықтың рухы болып ойнады, бөбектің көкірегіне болашақтың гүлі болып егілді.

Жаңа ғасырдағы келешектің жолы салынды: киелі азаттықты тұғырлы ету мақсатында, тағылымды күрестердің иесі - халықты әлемге танытпақ үшін, өркенді ел болмаққа.

Ұлы мақсат жолына апара жатқан ұлы жолдағы халықтың тілегі - азаттықтың баяндылығы мен тыныштығы. Әлемге танылған өркенді елдердің тәжірибесінен үйренбек үшін, соны білімнің соқпағына ұл-қызын жетелеп апармақ үшін, қаласын да, даласын да құт мекенге айналдырмақ үшін бейбіт күннің жарық сәулесін тілек етеді.

Азаттық - 25 жыл. Ширек ғасырда атқарылған істердің тағы да бір сарапқа салынар тұсы, кеше мен бүгіннің, бүгін мен болашақтың Азаттық дейтін қасиетті іргетастың үстіне қаланған қабырғасының қайта бір толығар тұсы. Ұлы шайқастарда жанын берген боздақтар мен арыстардың аруақтарына мың тағзым!

Азаттық орнаған 25 жылдың ішінде бостан халықтың рухы күмбірлі күй болып шалқыды, жыр болып төгілді, сәулетті тұрмыс болып орнықты, балдырған жүректерге ән болып ұялады. Сандаған көңілден лебіз болып төгілді.

Болашақтың ұраны белгілі: тілі мен иманын жоғалтпаған ұлы халықты, ілімнің құндылығын санасына ұялатқан ірі халықты мәңгіліктің көшіне жеткізу.

Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде сандаған мемлекеттердің туының арасында Қазақ Елінің көк Туы да желбіреп тұр деседі.


авторы:
Ғабиден Қожахмет
<
Мұғалімдер күні

1 октября 2016 07:00

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Мұғалім


Даналықтың ұстаз боп жалғап ісін,
Еңбек еттің балауса арман үшін.
Сен - ертеңгі бәйтерек болашақтың
Бүгінгі күн тер төккен бағбанысың.

Таныдың да мінезін әр баланың,
Ұштай түстің ұл-қыздың арман әнін.
Шәкіртіңнің болашақ биігінің
Іргетасын алдымен сен қаладың.

Парыз жүктеп қыз бенен сенімі ұлдың,
Армандарын ақ қанат сен ұғындың.
Мұңайса да, қамықса бала жаны,
Шипагері екен деп сені білдім.

Болмысыңмен осындай дараландың,
Асқақтығын ұқтырып балаға ардың.
Сен өйткені осынау мамандықты
Жүрегіңмен әу баста қалап алдың.

Болса кейде сабақ пен дәптерде мін,
Кейде ақталмай жатса да төккен терің.
Кешіріммен қарадың шәкіртіңе,
Жөн сілтедің, бірақ та жек көрмедің.

Ұстаз деген ұлық ат - сендегі есім,
Балғындардың бәрін де тең көресің.
Балалықпен күн сайын жүздесесің,
Тазалықпен бетпе-бет сен келесің.

Сәулесіне шомылып жүрек нұрдың,
Талай мәрте таңы атты түлек күннің.
Шығарып сап сапарға, сен солардың
Жақсы азамат болғанын тілеп тұрдың.

Соларменен өмір боп жалғанасың,
Сүйетұғын анадай бар баласын.
Саналарға мейірім мен жақсылықтың
Дәнін себер алдымен сен ғанасың.

Берсең әділ беріп ең бағасын да,
Түскен сайын шәкірт боп бала сынға.
Жүректерге тәліммен із қалдырып,
Сен мыңдардың жүресің санасында.

Жүзіңде боп мейірімнің нұры басым,
Бала жанын байыппен ұғынасың.
Ізгілікті өмірдің ортасында
Қарапайым боп жүрген ұлы жансың.


авторы:
Ғабиден Қожахмет
<
Білім ордасында - Ұстаз мерекесі

28 сентября 2016 09:00

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Білім ордасында - Ұстаз мерекесі


Бүгінгі түлектер - кешегі шәкірттер. Ол күні кеше ғана өз мектебінің үздігі, өнерлісі, білім немесе басқа да саладағы жарыстар мен сайыстардың жеңімпаздары атанды. Ол осы сәттерде өз ата-анасының мәртебелі мақтанышы болды. Осының барлығында да оның жанында ұстаз жүрді. Осының бәрінде де ұстаздың қажыр-қайраты, білімі мен білігі, еңбегі мен шәкірт көкірегіне сенім мен жігер тудырушы күш-қуаты жатты. Шәкірт пен ұстаздың бірігіп мақсатты жолға жауапты дайындықтарының басталуы мен нақты нәтижелерге қол жетулерінің арасында ұзақ жол жатады. Бұл жол шәкірттің ұстазға деген сенімі мен ұстаздың өлшеусіз еңбегінен құралады.

"Сіз маған жақсылық туралы айтып едіңіз, ұстаз". Егер есейген шәкірт өзіне осылай десе, ұстаз мұның ұстаздық ғұмырының дәл қай жылы, қай сағатында айтылғандығын жадына ала алмауы мүмкін. Бірақ мағына басқада - ұстаздың сыныпта тұрып айтқан жақсылыққа толы мазмұннан тұратын жалғыз ауыз сөзі шәкірт санасында сақталып, көкірегінде қалып қойғандығымен құнды. Ал ұстаз алдынан ұстаздық ғұмырында нақ осындай қаншама шәкірттер өтетіндігін ескерсек, ұстаз еңбегінің өлшеусіз ұғымға толы екендігін көруге болар еді. Ізгілік мазмұны шәкірт санасында неге қайта-қайта жаңғырықты, мұның себебі сынып сыртындағы бейтарап жанға қарағанда шәкірт алдындағы ұстаз аузынан шыққан бір ауыз сөздің анағұрлым қуатты, анағұрлым сенімді, анағұрлым болашаққа жол сілтеуші болып естілетіндігінде. Себебі ұстаз - өз кәсібінің шебері.

Кеше. Бүгін. Ертең. Ұстаздың жан-дүниесі мен табиғатында осы бір ұғымдар қаншалықты айырмашылық тудыра алады. Еш уақытта өзгермейтін бір ұғымдар бар. Ол ұстаздың өз шәкірттеріне деген ұстаздық жүректен туатын сүйіспеншілігі, олардың ісіне баға берудегі әділеттілігі, оқушысының бойындағы біліміне деген құрметі. Шынайы шәкірт бойында да еш уақытта өзгермейтін бір қасиет бар. Ол өзінің ұстазына деген адалдығы. Білім берудің технологиясы жаңғырығуы, оқытудың әдіс-тәсілдері жетілдірілуі мүмкін. Бірақ кешеге де, бүгінге де, болашаққа да тән ортақ нәрсе сол - ұстаздың осы бір ұстаздық болмыстың аясынан табыла беретіндігі. Ұстаз - Ұлтқа қызмет етуші. Салиқалы шәкірт тәрбиелеуші. Тағылымды еңбек тудырушы. Азат ойдың иесі. Ол - өз қоғамының Зиялы жаны. Бүгінгінің де, болашақтың да ұстазының жан-дүниесінде осы бір болмыс жата беретіндігі ақиқат.

Қоңырау соғылды. Жас балдырған мектепке асықты. Білім ордасын жағымды жаңалықтар қуантты. Мұғалім мерейлі кәсібіне қайта кірісті. Тағы да Ұстаз мерекесі есік қақты.

Ендеше, мерекеңіз құтты болсын, Ұстаз!


авторы:
Ғабиден Қожахмет
<
Мұғалімдер күні бүгін

26 сентября 2016 04:31

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Қай маман да тапса өмірден тұрағын,
Бәрінің де Ұстазы - Сіз, Мұғалім!


Мұғалімдер күні бүгін


Мұғалімдер күні бүгін, күні ұстаздың шаттанған,
Шәкіртіне дем бергізген, жеткізеді деп баққа арман.
Ұстаздардың күні бүгін, бар тілегі өмірде
Сол шәкірттің өрге жүзген еңбегімен ақталған.

Мұғалімдер күні бүгін шаттық күйге кенелген,
Ұстаз жүрек сырлас әр кез білім атты өнермен.
Олар шәкірт кеуделерге сол білімнен нәр құйып,
Өмір жолда ізгілікті еңбегімен еленген.

Тойланатын әр жыл сайын - қазан айы туғанда,
Ұстаздардың мейрамы осы толы ән мен жырларға.
Төрдегі орын Сізге, Ұстаз, төр Сіздікі, Мұғалім,
Барлық жан да соны қалар, ұстаз көңіл тұрғанда!

Мұғалімдер күні бүгін көңілге бар сыйлары,
Шәкірттері оларға гүл, ән де, жыр да сыйлады.
Тек ұстаздың мерекесі емес бүгін, шынында,
Сол Ұстаздан тәлім көрген барлық жанның мейрамы!


авторы:
Ғабиден Қожахмет
<
Мектеп туралы

25 сентября 2016 09:23

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Ұстаздарын ұлықтаған, әр түлегін ұмытпаған білім ордасы


№25 мектеп өзінің тарихындағы талай-талай тамаша ұстаздарымен мақтана алады. Сондай алдыңғы буын ұстаздардың біршамасының үлгісін көріп, күні кеше ғана №25 мектепте аға буын мұғалімдердің қатарын құрап жүрген бір топ ұстаздардың өздері де бұл күнде ардагер ұстаздардың сапын толықтырған еді. Бұл ұстаздардың қатарынан ең алғашқы болып сол кезде аға буын ұстаздардың алдында жүрген математика пәнінің мұғалімі Амангелді Есетовтің есімі аталады. Осы буын әрі қарай мына ұстаздармен жалғасқан еді:

Мектеп басшысы болып істеп, құрметті демалысқа шыққан, тарих пәнінің мұғалімі Темірбаев Алмас, мектептің тәрбие жұмыстарының меңгерушісі болған, математика пәнінің мұғалімі Байназаров Досбол, биология пәнінің мұғалімі Махамашев Тілек, математика пәнінің мұғалімі Жұмағамбетова Райхан, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Өтешова Күлән, шет тілі пәнінің мұғалімі Кәдірова Қуаныш, орыс тілі пәнінің мұғалімі Сахиев Қуантқан, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Қуатбаев Мұрат.

Ғылым докторлары Бегалы Әйтпембетов, Тоқболат Еңсегеновтер осы №25 мектептің бір кездегі түлеп ұшқан түлектері еді. Бұдан өзге де ғылым жолындағы бір кезгі мектеп түлектері болып ұшқан бір шоғыр ер-азаматтар қатары аз емес. Енді осы бір ер-азаматтар қалыптастырған үрдіс нәзік жандылармен жалғасын тапты. Тағылымды еңбектерімен көрініп жүрген автор, ұлағатты ұстаз, өнер иесі, педагогика ғылымдарының кандаидаты Сараш Сахиқызы Қоңырбаева осы мектептің 32-түлегі еді.

Жазушылар одағының мүшелері Сейіл Боранбаев, Әнес Нарымбетов, Мешітбай Құттықов секілді талантты ақындар осы мектептің қабырғасынан қанат қақты. Бұдан кейін де қаламгерлік жолды жалғастырған есімдері көпке танымал болған ер-азаматтар қатары аз емес. Осы ағалар жолын назік жанды қыз балалар жалғастыра бастады. Бірнеше жыр мүшәйраларының жеңімпазы, жүлдегері, жас ақын Дина Бөкебай осы мектептің биылғы 68-түлектерінің қатарында арман көгіне самғамақ.

Осыдан 37 жыл бұрын мектептің қос бірдей ұлы қатарынан мектепті үздік тәмамдап, алтын медальмен бітіріп шыққан еді. Бұлар өздерінен бұрынғы түлектер, мектептің алғашқы медаль иегерлері - мектепті күміс медальмен бітіріп шыққан Әби Дәулеткерімов, мектепті алтын медальмен бітіріп шыққан Алпысбай Қарамолдаев бастаған бір шоғыр шәкірт ұлдардың заңды жалғасы еді. Шәкірт ұлдар қалыптастырған осы бір үрдіс бұдан кейінгі жылдарда тек қана мектепті үздік бітіруші қыз балалардың үлесіне ғана тиіп келген болса, мектепті 2016 жылы мектептің 67-түлегі Елтай Абылайхан "Алтын белгіге" бітіріп шықты.

Орта мектеп ретінде іргетасы қаланғанына 2017-2018 оқу жылында 70 жыл толғалы тұрған мектеп 2019 жылы өзінің 70-түлектерін қанат қақтырмақ.


авторы:
Ғабиден Қожахмет
<
Мектеп және ұстаз

25 сентября 2016 02:14

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Нұра жақтан балалығы гүл терген

(Қожабақы мектебінің түлектеріне арналған)


Отыз дейтін шамшырағы тұр өрде,
Дегендей-ақ осы жолды түгенде.
Кеше олар іні болып еді баршаға,
Өздері енді аға боп жүр біреуге.

Аға боп жүр кешегі ерке ұл бүгін,
Жары ашып ақ боз үйдің түндігін.
Арман қуып ұшқан қызы кешегі
Кішілерге жеңге болып жүр бүгін.

Өзі бата алған кеше үлкеннен
Аға болып орын апты ұл төрден.
Кеше олардың туған жердің төсінде
Нұра жақтан балалығы гүл терген.

Армандары шақырғандай жырақтан,
Жандарында сосын жастық гүлі атқан.
Кеше олардың сезімдерін сыр етіп
Көше әндері албырт жанын жұбатқан.

Сол әнменен талай кешін өткерген,
Әнге ұйыған қара көзден от көрген.
Әндер еді әуендері әдемі,
Ал сөздері қарапайым боп келген.

Оның сөзін әлі жұрттар біледі,
Гитарада айтылатын үнемі.
Сол әнменен шаттанатын ару жүз,
Жастықпенен албырайтын ұл өңі.

Бет желпіген кешкі самал ескенде,
Айтылатын талай-талай кештерде.
Сол гитара ару қыздың жігітін
Шығарып сап тұрды сосын әскерге.

Мақсаттары қолын бұлғап көш белден,
Әуенменен жастық арман көшке ерген.
Сол гитара сол арудың жігітін
Күтіп алып тұрды сосын әскерден.

Есейді сосын, жылдар жылжып өтпек-ті,
Артқа тастады балалықты, мектепті.
Ал сонан соң бір кездегі балаң ұл
Ұл мен қызға өздері әке боп кетті.

Ергенменен жылдар дейтін ағынға,
Балалығы жүрді ұя сап жанында.
Сосын келіп бір-біріне хат жазды:
"Жиналыңдаршы тағы да бір ауылға!"

Тағы да бір ашылсын сыр сандығы,
Мектеп жақта балалықтың қалды үні.
Сабақ берген ұстаздардың кешегі
Бірі ортада, өмірде жоқ ал бірі.

Жастық шақта ештеңе жоқ бөгердей,
Қалмап еді сезімдері еленбей.
Елеңдейді кей жігіттің жүрегі
Кешегі қыз қандай бопты дегендей.

Елең қақсын, әке болған ұл күлсін,
Хат жазды ма уағында, кім білсін.
Кластастар дейтін жұрттар оларды -
Қалжың айтып бірін-бірі күлдірсін.

Құрдас, дейді, деме уақыт тапшы ғой,
Жиналып алып, айтайықшы жақсы ой.
Жасайық, дейді, қарт ұстазға құрмет,
Той болғаны, ой болғаны жақсы ғой.


авторы:
Ғабиден Қожахмет
<
Ана тілі

22 сентября 2016 08:40

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Ана тілі


Жылы екенін сезгем осы үннің мен,
Сенің үнің, ана, мейірім білдірген.
Тербеткенде әлди айтып сол үнмен,
Бесігімде-ақ, ана, сонда күн күлген.


Оған әлемдегі бірде-бір тіл таныс емес еді. Тіпті ести қойса да, бөбек оған селт ете қоймайтын. Өйткені оған солардың бәрінен де жақын, бәрінен де ыстық, бәрінен де күшті бір тіл болды. Бөбек бұл тілдің өзінің ана тілі деп аталатынын білген жоқ. Тек бұл тілде өзінің анасы сөйлейтін еді - бөбекке бұл тіл сондықтан қуатты болды, сондықтан ыстық еді, сондықтан жақын болды. Осы тілде бір тұнып тұрған мейір бар еді. Бұл тілде барлық нәрсе түсінікті еді, түсініксіз ештеңе де болмайтын. Сондықтан бөбек ұйқысынан ояна салып, алдымен осы тілді іздейді. Оған әлемде бұдан артық тіл болуы да мүмкін емес.

Бұл тілдің бөбектің ана тілі екендігін анасы білетін. Анасы бұл тілдің киелі бабалардан жеткен тіл екендігін біледі. Әйел затына тән қасиетпен ант-су ішер. Бұл тілді бөбегіне бұзбай жеткізу - борышы. Өйткені бабалар бөбектің бабалары ғой. Оның бабалары күшті болған. Оны бөбектің өзі де сезеді. Егер олар күшті болмаса, осындай әуезді тілді мұраға қалдырып кетер ме еді.

Кеш бата бөбек ұйқыға жатады. Бірақ ол елегізіп әлденені іздейтін. Осы кезде қараша үйден ана әлдиі естіледі. Бұл бір ғажайып музыка еді. Бүкіл өн бойында Даланың үні жататын. Сол Даланың бояуын бар иіріміне, бар бойына сіңіріп алған саз еді. Ол күшті саз. Оның бойында бабалардың қуаты жатыр. Осы әуез бөбектің тіліндегі қасиетті сөздерді бөбектің құлағына жеткізеді. Ал қасиетті сөзде қасиетті кие бар. Ол бөбектің ана тілінде айтылатын сөздер.

Қараша үйдің сыртында - аспанда жұлдыз жымың қағады. Сұлу ай күлімдейді.

Қараша үйде гауһар жоқ еді. Бірақ онда ана әлдиі бар ғой. Онда бөбек ұйықтап жатыр. Мүмкін оның болашағы зор бөбек шығар.

Бөбек өсті. Енді оның жан-дүниесі білім іздеді. Айналада бөбекке таныс емес нәрселер көп еді. Ол жаратылыстың жұмбағын шешкісі келетін. Осы кезде оған ана тілі көмекке келді. Бөбек осының барлығын өзінің ана тілінде де ала алатындығына қуанды. Өйткені бұл тіл оған бесігінен таныс еді ғой. Бөбек осы тілде барлығын оңай ұғынатын, оңай қабылдайтын, оңай түсінетін. Бұл тіл оған ең жақын тіл еді. Ол осыған қуаныпты.

"Сен неткен қастерлі тіл едің! - деді бөбек енді өзінің ана тіліне. - Әлемде маған сенен асқан тіл жоқ! Сен бәрінен де күштісің!"


авторы:
Ғабиден Қожахмет
<
Аруларға тілек

20 сентября 2016 03:00

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Өмір мәні десіп жұрттар біледі -
Бұл ғасырдың жаңалығын құп алу.
Содан ба екен, күні-түні - үнемі
Интернетте отыратын бір ару.

Соны қалап тұрушы еді жүрегі,
Бар деректі ол осыдан таба алды.
Сондықтан ба қол босаса үнемі
Көп қоятын интернетке сауалды.

Соған ғана ілесіп ап ой-сана,
Дейтін ару ғаламторға: "Жарадың!"
Өйткені қыз қандай сауал қойса да,
Тауып бере қоятұғын жауабын.

Бар керегін тауып берді интернет,
Алақанға салып берді интернет.
Сауалының жауабын көз алдына
Дөңгелентіп алып келді интернет.

Ертеңімде, - дейтін ару, - атақ, бақ,
Тастамады ғасыры оны шеткері.
Мәз болды қыз алақанын шапаттап:
"Интернеттің білмейтіні жоқ" деді.

Түсті де еске бірде арман-ой дерегі,
Отырды да ару жанын күй тербеп:
"Мен бақытты боламын ба?" деп еді,
Бірақ жауап бере алмады интернет.

Бағалайтын өз заманын, уақытын,
Қыз еді ол да ғасырының көктемі.
Әйтсе де оның болжауға қыз-бақытын
Ғаламтордың мүмкіндігі жетпеді.


Аруларға тілек


Сендер жайлы тек ән салсын уақыт-күн,
Жүздеріңде нұры ойнасын бақыттың.
Бақыт деген - қыздың қамсыз күлкісі,
Алмастыра алмас оны жақұт мың.

Отау етіп көтеретін іргені,
Болсам дейді ару да ел іргелі.
Бақыт дейтін алаңсыз қыз шаттығы,
Сүйіктімен бірге өткізген күндері.

Қыз-көңілде мысқалдай мұң тұрмасын,
Жүректерің шықтай тілек тыңдасын.
Қыз-қиялың көктен жұлдыз ілдіріп,
Қыз-сезімнің әнін өмір жырласын.

Қыз-арманың биік ұшсын - самғасын,
Сүрінбеңдер, кездессе де жолда сын.
Ай сәулесі тәтті түс боп тербетіп,
Ару-түннің алаң күні болмасын.

Сонда өзің де гүлдей болып жайнарсың,
Айналаңа әсемдік шын жайғансың.
Қамсыз күнің ертеңіңе ұласып,
Армандарың бақ күніне айналсын.


авторы:
Ғабиден Қожахмет
<
Шәкірт құттықтауы

18 сентября 2016 10:03

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Шәкірттің ұстазын құттықтауы


Дейді солай әкеміз:
"Ұстазыңды ұлықта!"
Дейді солай анамыз:
"Сыйлауды әр кез ұмытпа!"

Берген білім бұлағын,
Оятқан әр күніңді.
Мерекеңіз, мұғалім,
Құтты болсын бүгінгі!

Жүздік нұрлы кемеде,
Білім жолдың бәрі - күн.
Сізден алдық өнеге,
Сізден алдық тағылым.

Ізгіліктің қандайын,
Осы жолдан тапқаным.
Дейсіз бізге әрдайым:
"Әр шәкіртім - мақтаным!"

Көріп соның жемісін,
Жаныңыз да нұрланған.
Еткен еңбек ел үшін
Қол бұлғасын шыңдардан!

Ұялайсыз зейінге,
Тілекшіміз бәріміз.
Шәкіртке әр кез сүйін де,
Тек құрмет көріңіз!

Дейді солай әкем де:
"Ұстаз күнін ұлықта!"
Дейді солай анам да:
"Құттықтауды ұмытпа!"

Дейді солай бәрі де
Ұстаз берер тағылым.
Адамдардың бәріне
Сіңірген деп тәлімін.

Үлгі тұтқан білімді,
Тербеп жанның құштарын.
Мерекеңіз бүгінгі
Құтты болсын, ұстазым!


Сынып жетекші ұстазға


Шәкірт әр кез бағамдар,
Ұлағатын ұғып мың.
Ата-анаңдай алаңдар
Жетекшісі сыныптың.

Ақылымен қыр астым,
Еңбегі анық білінді.
Намысы үшін кластың
Бізбен бірге жүгірді.

Соны бойға мұра ғып,
Тәрбиеге иландық.
Сізбен бірге қуанып,
Сәтсіздікке қиналдық.

Қиындыққа бол дайын,
Дейсіз жолға қосар да.
Еңбегіңіз әрдайым
Жана берсін қашанда!


авторы:
Ғабиден Қожахмет
<
Мектеп жайлы өлең

17 сентября 2016 02:25

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Қожабақы мектебі


Бөле-жармай бірін де шетке дара,
Бердің бе екен қашанда көпке баға.
Қай қиырда жүрсе де шәкірттерің,
Сен оларға ортақсың, Мектеп-Ана.

Санада ұл жаңғыртып бала кезін,
Сені ұмытпай жүр ме екен қара көзің.
Мейлі, жүзге толса да қартаймайтын
Түлек үшін мейірімді Ана - өзің!



Мектеп жайлы айта алдық па біз ұға,
Шәкіртіне қарайтын ел қызыға.
"25-тен едім" дейтін ұлы да,
"25-тен едім" дейтін қызы да.

Мектебінің білім атты гүл бағы
Дайындап еді, берді өмірге тұлғаны.
"25-те оқығам" дейді сондықтан
Әр шәкірті - қыздары мен ұлдары.

Әр түлектің еңбегі еткен бағалы
Мектебінің есінде әр кез қалады.
Талай білім сынағында еңкеймей
25-тің биік тұрған жалауы.

Талай шәкірт өткеніне қараған
Шығармайды өз мектебін санадан.
Жиырма бес те спортта, өнер, білімде
Мықтылардың алдын талай ораған.

Ұстаз аты, ғажап едің сен неткен,
Табыс жолы алынбайды еш ертектен.
Бұл жерде де талай ұстаз бала үшін
Еңбек еткен, тыншымастан тер төккен.

Қожабақы - киелі ол да ел еді,
Артқы толқын алдыңғыға ереді.
Сол дәстүрмен болашаққа ұмтылып
XXI-дің жас ұрпағы келеді.

Күтсін дейді ел жас ұрпақты таң күліп,
Жетелейді болашақ деп алға үміт.
Алда - асулар, ал санада мектептің
Тарихы да тұра береді жаңғырып.


авторы:
Ғабиден Қожахмет
<
Мектеп туралы

17 сентября 2016 01:07

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Төсінен ұшқан түлектің арманы биік болған жер


Елдің бір салты қашаннан -
Өнермен бағы жанған жер.
Төсінен ұшқан түлектің
Арманы биік болған жер.
Ұлағаттың үлгісін
Мектебі жиып алған жер.
Сарқылмас білім байлығы -
Тәлім мен таным қонған жер.
***
Мектептің даңғыл жолы бар
Аумаған бейне дастаннан.
Қожабай, Аяп, Молдабай,
Іскендір, Амангелділер
Бір кезде-дағы басқарған.
Сұраса білсең әрқайсысын,
Мінезін айтып қоштар жан.
Мектептің жолы басталар
Осындай-дағы асқардан.

Осылай-дағы толқытып,
Ұстазға берсек бағаны -
Дербісалы, Әлімжан
Ел есінде қалады.
Қуаныш пенен Жарболат
Өрлеткен шәкірт талабын.
Жұмамұрат, Ақберген -
Ұмытпас шәкірт саналы.

Мектеппен бірге жасасқан
Жәниет пенен Нұғыман.
Тәжімбеттей ұстазың
Орыс тілін таныған.
Шәпеш, Айнаш, Балжандар
Балаға келген бағынан.
Ұстаздар бар осындай
Табылған білім жанынан.

Жақсы ұстаз қашанда
Мектебінің кемері.
Жанділданы ел білер
Әзіл сөздің шебері.
Сәбит пенен Есіркеп
Балаға бар-ды берері.
Ақниет пенен Жанұзақ,
Айтатын ұстаз көп еді.

Мақтаулы ұстаз көп еді
Ісіменен нандырар.
Ел айтса соның барлығын,
Айтушың таңды таңға ұрар.
Біліміне шөліркеп,
Қашаннан-ақ жан құмар
Шәкірттер шықты алдынан
Айызыңды қандырар.

Айнұр менен Тоқболат,
Алданияз, Шапайдың
ғылымда болды талабы,
Бегалыдай ғалымдар -
медицина маманы.
Дәленовтер отбасын
ғылым-білім жолында
үлгі етіп шәкірт қарады.
Алпысбай, Әби, Алмастар
мектепті алтын, күміске
алғашқы болып бітірген
түлектер еді саналы.
Нұрперзент пен Сексенбай,
Жетіскендей ақындар
баспасөз атты майданда
қолынан түспеді қаламы.
Сейіл, Әнес, Мешітбай
жырдағы шыққан жүйріктер,
мүшесі еді Одақтың,
өлеңде болған даралы.
Көкірегі толы көмбеге,
тарихшы ұстаз әрі ақын,
құрмет тұтты ортасы
Ақанжан сынды ағаны.
Асыл сөздің сырынан
шәкіртке тәлім үйреткен
Файзолладай ақындар -
болмысы болған бағалы.
Осындай алғы буынның
ізімен талай түлектер
тарихында мектептің
жазылып әлі-ақ қалады.

Айта білсек осыны,
Шәкіртке бар әлі сын.
Мектебінің өткенін,
Тарихын біліп, танысын.
Мақтаулы шықсын шәкірттер
Өмірдің көріп жарысын.
Көтере берсін әр жерде
Мектебінің намысын.


авторы:
Ғабиден Қожахмет
<
Қастерлі тұлға - Мұғалім

16 сентября 2016 03:43

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Қастерлі тұлға - Мұғалім


Білімнің ғана тиегі,
Мектебін жаны сүйеді.
Қарапайым мамандық -
Ұстаздық атты киелі.

Бойына жиған нұр ағын,
Білімнің жаққан шырағын.
Шәкіртімен көркейер
Қастерлі тұлға - Мұғалім!

Шәкіртке шуақ төгетін,
Жанына мейір егетін.
Еңбекпенен жалықпай
Білімнің нәрін себетін.

Бойына жиған нұр ағын,
Білімнің жаққан шырағын.
Шәкіртімен көркейер
Қастерлі тұлға - Мұғалім!

Кешегі балаң түлегі,
Есінде мәңгі жүреді.
Кетсе де алыс өзінен,
Ұстаз боп қалар үнемі.


авторы:
Ғабиден Қожахмет
<
Мұғалімдер

16 сентября 2016 03:25

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Мұғалімдер


Мұғалімдер - ұстаз атты аңсар ән,
Жандар солар білім үшін жар салған,
Жандар солар қыркүйегінде көш түзеп,
Төл мейрамын қуанышпен қарсы алған!

Мұғалімдер, тәлім, таным сөздері,
Сол арқылы келешекті көздеді.
Мамандығы мәртебелі болса да,
Кішіктікпен өмір сүрген өздері.

Мұғалімдер - шәкірттегі отты арман,
Сонысымен кеуделерде жатталған.
Үздіктерін ұлы жолға шығарып,
Ал өздері қарапайым боп қалған.

Мұғалімдер білімге асқақ кенелген,
Шәкірт кеуде сол арқылы еленген.
Би билесе, ән салса олар - өнерпаз,
Тұлабойын кенде етпеген өнерден.

Мұғалімдер еңбекпен күн өткерген,
Сырлас жаны күзі, қысы, көктеммен.
Мына өмірде Ару деуге лайық -
Көпшілігі нәзік жандар боп келген.

Мұғалімдер дақ түсірмес сенімге,
Ұстаз болып қалар мәңгі көңілде.
Жандар олар шәкірті озық болсын деп,
Өз тірлігін ұмытатын өмірде.

Мұғалімдер, жас шыбыққа сенген шын,
Солар үшін мына өмірге келгенсің.
Сондықтан да жаңа ғасыр, Отанның
Тірегі де, тілегі де - сендерсің!


авторы:
Ғабиден Қожахмет
<
Үйлену тойына тілек

31 августа 2016 09:22

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Үйлену тойына тілек
(Жас жұбайларға жақындарының тілегі)


Өмірдің сыры махаббатпенен астасып,
Қосылды жастар, бойдақ күн қалды қоштасып.
Осынау күнге куә боп отыр ағайын,
Мінеки, бүгін бақытын тапты қос ғашық!

Үйлену тойы, өмірде әлі сының бар,
Осынау жолда біріңді-бірің ұғыңдар.
Қиындық сәттен сендерді алып шығатын
Жарыңды жар боп түсіну деген ұғым бар.

Тағдырларыңда болмасыншы енді сағым күн,
Қуандың бүгін, шаттықтың гүлін тағындың.
Бақытым ұзақ болсыншы десең, жұбайлар,
Жүрегін ұқ та, көңіліне қара жарыңның.

Куәміз бүгін, махаббат таңы атыпты,
Ағайын, дос боп күткенбіз осы уақытты.
Сезім көгінде жүрегі бірге қос ғашық
Осынау жолда болсыншы енді бақытты!


авторы:
Ғабиден Қожахмет
<
Бесіктегі сәби

31 августа 2016 04:00

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Бесігінде сәби жатыр бұлқынып


Болу үшін күні ертең де ұлты нық
Тани білсін бесігінен жұрты ұғып.
Ана әуенге қосып бірге уілін
Тал бесікте сәби жатыр бұлқынып.
"Көз тимесін, көркемін-ай, көркемін!"
Дейді-дағы еркелетіп тентегін.
Ана жүрек баурап оны әнімен,
Арман етер өз ұлының ертеңін:
"Істерімен тым алысқа баратын,
Әр ісінде жұлдыз болып жанатын.
Дидары мен сымбатына көрген жұрт
Аһ ұрысып, таңдай қағып қалатын.
Ерлігімен қыз жүрегін өртеткен,
Серт берсе егер, семсердей боп серт еткен.
Мына әлемнің ханзадасы секілді
Түсе қалған сияқты аңыз, ертектен.
Ана-әлдимен тербетілген бесікте
Дәл осындай ұл жатпасын кім білген!
Халқын сүйер ұлан етіп жаратқан,
Кенде етпеген елін ас пен тамақтан.
Бай-бағланды көзіне бір ілмеген
Назымдайын қызды өзіне қаратқан.
Бар тілегі елі жайлы ойланған,
Қанжығасы тек сол үшін майланған.
Аш болса елі, жігіт-жүрек уайымдап,
Тоқ болса елі, көңілі сонда жайланған.
Ана-әлдимен нұрланған бұл бесікте
Қамбар сынды ұл жатпасын кім білген!
Кек кернесе, найзағай боп сермелген,
Әр қимылы қандай ғана ерден кем?!
Қамшыдай қаһары бар қарудың
Алуан сырын ат үстінде меңгерген.
Ақ пейілін аша білген досқа сан,
Лайық деп қоста соны, қостасаң.
Күштілерді өз орнына қойғызып,
Әлсіздерді басынбаған ешқашан.
Намыстары өр боп көкке самғаған,
Екі сөйлеу қанында ешбір болмаған.
Ірілігі мінезінен танылып,
Бүлінгеннен бүлдіргі ешбір алмаған.
Сар даланы күңірентіп ән салған,
Әндеріне тыңдаушысы тамсанған.
Өнерде де озық туған жігітті
Алақанға салып елі қарсы алған.
Ондай ұлдар күнде туа бере ме,
Мәди сынды, Иманжүсіп секілді
Бұл бесікте ұл жатпасын кім білген!
Сол кезде-ақ жұрт ұлт көсемі санаған,
Ұлтқа лайық елдік құру қалаған.
Халқы үшін қызметті өзіне
Ғұмырлық бір парызым деп санаған.
Армандары ел-жұртым деп көктеген,
Мұң теңізін өз басы үшін шекпеген.
Алашының оқығаны саналы
"Әлеке" деп, алдын кесіп өтпеген.
Көкірегі білімменен нұрланған,
Мұңданса да, ұлт қамы үшін мұңданған.
Тірлігінде қылған әрбір ісінен
Ұрпағына аңыз болып, сыр қалған.
Туатұғын өз ұлтының бағына,
Асығатын ұлтпен бірге таңына.
"Әй, қап!" десіп жүретұғын жұртының
Жалау болар күні ертең-ақ жанына.
Ана-әлдимен нұрланған бұл бесікте
Әлихандай ұл жатпасын кім білген!"
Бесігінде-ақ бала - үміт, бала - бақ,
Ана-арман жүр ой теңізін жағалап.
Сақтау үшін жат көздердің сұғынан
Мұндай ұлан, ана, сізге аманат!
Қылығымен болашаққа ұмтылып,
Күтетұғын ертеңінен ұлты үміт.
Анасының арманынан қуат ап:
"Алпамыстай ағамша тез өссем!.." деп,
Соны арман ғып, сәби жатыр бұлқынып.


авторы:
Ғабиден Қожахмет
<
ҰЛ

30 августа 2016 08:14

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Ұл


Қуантты да тағы да сан жүректі,
Тағы қайта көңілдерді түлетті.
Отау үйдің түңлігінен нұр шашып,
Тағы бір Ұл шаттық үнмен шыр етті!
Сол дауыстан тебіренді Даласы,
Сол дауысқа еміренді анасы.
Бұл шыр еткен сенің ұлың бүгінгі,
Дейтін сендер:
"Атасының баласы!"
Дейтін сендер:
"Әжесінің баласы!"
Шырылдасын, баба арманын өтесін,
Қидырған ғой ата-анасы ақ некесін.
Кеше сен де шыр еткен ең осылай,
Енді бүгін сенің өзің әкесің.
Шаттық ән мен тойларың жоқ тарқаған,
Өйткені әлі дәстүр аман, салт аман.
Сенің ұлың келді, міне, өмірге,
Әкең жайлы көбіректеу айт оған,
Бабаң жайлы көбіректеу айт оған.
Білсін мұны жас кезінен ұғына,
Әкең жайлы жүрсін ұлың жыр ұға.
Сонда ол да күні ертең-ақ сен жайлы
Көбіректеу айтады өз ұлына.
Бабалардан жеткен өмір шындығы,
Ұғынуға тиісті әр кез ұл мұны.
Дәстүр деген эстафета секілді,
Үзілмесін ұлттың алтын шынжыры!


авторы:
Ғабиден Қожахмет
<
ҰЛ

30 августа 2016 08:00

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Ұл


Студентсің, санаң да, ойың өскен-ді,
Сені әр кез жолдастарың ескерді.
Жүргізетін болып апсың тәп-тәуір
Жастық жалын отырыс пен кештерді.
Бәрі саған бөлді-дағы көңілді,
Жайнатасың жастыққа тән өмірді.
Сөйлеп кетсең, сөзге-дағы шешенсің,
Аузыңды ашсаң, әдемі әзіл төгілді.
Өзгенің де өнеріне тамсанып,
Арасында өзің де алдың ән салып.
Осы ортаға жастық көңіл бір ұққыз,
Саған қазір сүйсінеді қырық қыз.
Қырық қыздың ұрлама тек уақытын,
Бірі шығар, бәлкім, сенің бақытың.
***
Шуағынан нәр алғандай көктемнің,
Міне, саған шешім айтар жеткен күн.
Алакүлік емес еді көңілің,
Осы аруға үйленуге серт бердің.
Тек осы ару көрінеді гүлдей шын,
Оған, бәлкім, сен де таң мен күндейсің.
Несі ерекше өзге арудан бұл қыздың,
Оны ешқашан, ойланарсың, білмейсің.
Қос жүректің бірге соқты ырғағы,
Бар болмысың жүрегіңді тыңдады.
Біле алмассың, несі ерекше бұл қыздың,
Өйткені ол - махаббаттың жұмбағы.
Ортақ шығар осы сезім жасқа сан,
Дейді ұл да сүйгеніммен бас қосам.
Шын махаббат, шын сезімі жігітке
Есеп, амал ойлатпайды ешқашан.
***
Келін түсті, есік алдан ашылды,
"Құтты болсын!" деді, жұрттар тасынды.
Оң аяқпен аттап келін кірді үйге,
Қуаныштан шашу кәде шашылды.
Кеше ұл ең алған анаң құндақтап,
Әкең жүрді келешекке ұл баптап.
Енді, міне, сен сүйген қыз үйіңнің
Босағасын оң аяқпен тұрды аттап.
Енді оның босағасы өзінің,
Арнаған соң саған ыстық сезімін.
Қиындығын бірге өмірдің бөлісер,
Жар да болар сарықпайтын төзімін.
Анаң бүгін қуаныштан толқыды,
Көптен күткен жан еді ғой ол мұны.
Әкең бүгін тебіренді шаттықтан,
Қайталады өмір жолда ұл мұны.
Оның бүгін шаңырағы жалғасты,
Отау кілті ұрпағына алмасты.
Көз алдында ұлы жүрсе аман боп,
Баба ұрпағы жалғанусыз қалмас-ты.
Шаңырақта қайта тұрды бақ түлеп,
Күн де шуақ сендер үшін төкті кеп.
Қалыңдығың жаныңда отыр үлбіреп,
Сендер үшін жауып жатты ақ тілек!


авторы:
Ғабиден Қожахмет
<
ҰЛ

30 августа 2016 02:02

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Ұл


Мейірімінен нәр алдың да жүректің,
Ата-анаңды қайта өмірде түлеттің.
Өйткені сен жақыныңның барлығын
Қуанттың да, мына өмірде шыр еттің.
Сен туды деп, мерейлерін өсірді,
Талай көңіл қуаныштан көсілді.
Ұрпақ жалғар ұл туды деп - қуанды,
Ұл келді деп, кіндігің де кесілді.
Емес еді ешбір тілек жасанды,
Сен туды деп, шілдехана жасалды.
Көпшілікке сен осылай елендің,
Тал бесікке ана әлдимен бөлендің.
Жаттың тыңдап осынау бір ұлы әнді,
Сол әуенмен мына өмірге сен ендің.
***
Сен үшін де туа берер жарқын күн,
Сен тұрғанда, бағасы кем алтынның.
Еңбектедің, сосын мына өмірде
Қаз тұруға бірте-бірте талпындың.
Соның бәрі жұрт көңілін өсірді,
Сосын барып жасады да шешімді.
Ел жиналып, дәстүрге сай жолменен
Ала жіппен тұсауың да кесілді.
Жүгірерсің, әлі желдей есерсің,
Өмір теңіз толқынын да кешерсің.
Тұсауыңды кескен-ді бір азамат,
Енді өзің де азамат боп өсерсің.
***
Дәстүрің де болар саған ұнамды,
Дініңнің де жолын халқың ұға алды.
Сондықтан да сен мұсылман ұлы деп,
Сүндет тойын жасады, елің қуанды.
Болғандай-ақ сен де жігіт тұлғалы,
Шәкірт шақтың жақындапты-ау жылдары.
Жыламайсың балалықпен сен енді,
Жыламайды мұсылманның ұлдары.
***
Міне, осылай бір шаттықпен жетпек күн,
Балалық кез бір-ақ сәтте өтпек тым.
Сен де енді тәлім алар шәкірт боп,
Қоңырауын қағып тұрсың мектептің.
Ата-анаң да қуаныштан тасынар,
Тілектес боп, жақындар да қосылар.
Енді саған алтын ұяң арқылы
Білім жолдың тылсым сыры ашылар.
***
Жақсы оқысаң, саған көңіл бөлінбек,
Тәлім көрдің, өз еліңді елім деп.
Кеше бала ең, енді бопсың бозбала,
Мұртың қапты кәдімгідей тебіндеп.
Дәмін татып бұл шәкірттік жылдардың,
Жолыменен келе жатсың ұлдардың.
Содан ба екен, сезім жанып, сол қызға
Жүрек тулап, ту сыртынан ұрландың.
Ғашықтық па, келеді екен оқыс тым,
Сол қыз үшін өзге ұлмен де шекістің.
Шекістің де, қайта-дағы бекістің.
Тынышыңды алардай-ақ мұздап іш,
Басталды ма қыз үшін де қызғаныш.
***
Кейде өмірдей көрінетін сағымды,
Барлық жан да шәкірт күнін сағынды.
Мектебіңнің саған да енді соңғы рет
Қош айтысып, қоңырауы қағылды.
Сені де әр кез ұстаздарың ұға алды,
Анаң бүгін тым айрықша қуанды.
Енді қалып балалық күн - бұрынғың,
Әкеңді де сен ерлерше ұғындың.
Болады деп мына өмірдің сан қыры,
Тілек, ақыл айтты саған барлығы.
Үздік деген аттестатың қолыңда,
Күтер сені өмір жолдың даңғылы.


авторы:
Ғабиден Қожахмет
<
Тәуелсіздік - 25 жыл

30 августа 2016 01:30

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Елі қымбат ұланға


Қойып бірде сұрағын,
Әлде іштей сынады.
Балалардан мұғалім:
"Не қымбат?" деп сұрады.

Қымбат деді балалар
Ізгіліктер еліме.
Жақсы іс боп саналар
Істің қымбат бәрі де.

Қымбат деді Далам да,
Қымбат деді бабам да.
Қымбат деді көлім де,
Қымбат деді жерім де.

Қымбат деді өткенім,
Болмас онсыз ұшпағың.
Қымбат деді мектебім,
Қымбат деді ұстазым.

Қымбат дәстүр-салтымның
Тәлімдері салмақты.
Қымбат ұлтым, халқымның
Ән мен күйі ардақты.

Болмас онсыз бағаң да,
Қымбат уақыт, ғасырың.
Қымбат әкем, анам да,
Қымбат тілім - асылым.

Қымбат нарқы сенімнің -
Жүректегі иманым.
Қымбат деді елімнің
Қазынасы - жиғаным.

Сауал қойған бәріне,
Жауабы да көп бүгін.
Қымбат деді бәрі де
Көк байрағым - Көк Туым.

Қымбат деді жұртым да,
Қымбат деді бар адам.
Қымбат деді ұлтым да,
Қымбат деді шекарам.

Ұстазының сұрағы
Ортақ ой боп өрбіген.
Осы ойлардан туады
Елдік мүдде алдымен.

Ашылды ойдың сандығы,
Қалмас пікір елеусіз.
Қымбат деді барлығы
Еркін елім, тәуелсіз.

Болды өздері сенімді,
Көтерілді еңселер.
Қорғаймын деді елімді,
Қорғау керек болса егер.


авторы:
Ғабиден Қожахмет
<
Анаға тілек

28 августа 2016 05:03

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Перзенттерінің аналарына тілегі


Өсіп-жетілдік сенім бағында,
Сенімнің бағы - ана мейірімі.
Күндерді осы сенің барыңда
Санаймыз, ана, өмір сыйлығы.

Әрбір күніміз сен барда ыстық,
Сенің болғаның бізге бағалы.
Сенімен бірге бақытты құштық,
Ана мейірімі күліп қарады.

Ортасында өзің болып көп істің,
Мақсаттарға да бұрған сен, ана.
Өмірде жеткен әрбір жеңістің
Бастауында да тұрған сен, ана.

Білінбейді екен еленіп уақыт,
Сен барда, ана, қамсыз балапан.
Оған да ертең келеді бақыт,
Өйткені сенен жылу тараған.

Ертең де болар оның шат жаны,
Есіміңді оқып өлең-дастаннан.
Тіршілік жолдың әрбір соқпағы
Өйткені, ана, сенен басталған.

Шаттаншы бізбен қосылып, ана,
Болсын деп ұзақ осы күн, ана.
Бақыт күндердің бастауы болған
Өзіңнің әр кез есімің, ана.

Әрбір күніміз бізге бүгін құт,
Сен барсың бірге, ана, өйткені.
Адалдық жолын сенен ұғындық
Осынау жол деп өмір мектебі.

Мейірім атты бейнеден тұрған
Жүзіңді тәңір жасапты керім.
Сол жүзде әр кез салтанат құрған
Тұрады өшпей тәубешіл сенім.

Арналған кеше біз үшін уақыт
Күнің мен түнің қаншама, ана.
Перзент боп бүгін тіледік бақыт,
Болмасын мұңың, шаршама, ана.

Сәбиге иіп шыр еткен, ана,
Сол жүзден енді шаттық кетпесін,
Жазылған атың жүректе дара
Перзенттер үшін ең бір текті есім.


авторы:
Ғабиден Қожахмет
<
Тәуелсіздік - 25 жыл

27 августа 2016 04:18

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Алаштың асылдары


Шайқалды сан мәрте
Елімнің тұнығы.
Қазағым, асылым -
Көк түрік сынығы.
Торлап ап тұрғанда
Ұлтымды азап-мұң,
Оятпақ болыпты
Ұлдары қазақтың.

Әлихан, Мұстафа,
Ахмет, Міржақып
Орнатпақ болыпты
Халқына нұр бақыт.
Күресті атсын деп елінің ақ таңы.
Алаштың айбынды
Асылдай ұлдары,
Зиялы, жүректі,
Қорғаны тұлғалы
Сын жерде елінің намысын сатпады.

Бақытқа жетсін деп
Келешек ғасырлар.
Елінің ертеңін
Ойлады асылдар.
Еске алса ұрпағы,
Кеудеге өрт толды.
Алаштың ұлдары
Ақ жолда мерт болды.

Әлихан, Мұстафа,
Ахмет, Міржақып
Орнатпақ болыпты
Халқына нұр бақыт.
Күресті атсын деп елінің ақ таңы.
Алаштың айбынды
Асылдай ұлдары,
Зиялы, жүректі,
Қорғаны тұлғалы
Сын жерде елінің намысын сатпады.

Күн туды күлімдеп
Асылдар аңсаған.
Ұрпағы бүгін кеп
Ақ таңын қарсы алған.
Қыранды көк байрақ
Биікке көтерді.
Елтаңба - қос пырақ,
Алысқа жет енді!

Әлихан, Мұстафа,
Ахмет, Міржақып
Орнатпақ болыпты
Халқына нұр бақыт.
Күресті атсын деп елінің ақ таңы.
Алаштың айбынды
Асылдай ұлдары,
Зиялы, жүректі,
Қорғаны тұлғалы
Сын жерде елінің намысын сатпады.


авторы:
Ғабиден Қожахмет
<
Тәуелсіздік - 25 жыл

27 августа 2016 04:05

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Бұл - біздің көк туымыз желбіреген


Көнбестен бодандықтың тұсауына,
Айналған азаттықтың нышанына.
Танытқан өрлігің мен елдігіңді,
Сыйғызып тыныштықты құшағыңа.
Күллі әлем содан білер сені танып,
Баланған еркіндіктің мысалына.
Жиһанға еңсе тіктеп көз салғызған
Бұл - біздің көк туымыз желбіреген!

Өзгеге үстемдігін танытпаған,
Дегендей жерім де - кең, алып - далам.
Алтын күн аясында нұрға оранып,
Қыран құс биікте ұшып қалықтаған.
Көзіңе оттай ыстық басылатын,
Қараудан ұл мен қызы жалықпаған.
Қараған жанда әсері тұнып тұрған
Бұл - біздің көк туымыз желбіреген!

Танытқан жігер күшті ертеңіңнен,
Ол барда, өзгемен ел тең көрінген.
Күмбезді аспан түстес тұтастығы
Ұлтыңның оюымен көмкерілген.
Беретін жас балаға шалқар шабыт,
Сол ұрпақ ән ғып айтқан өр көңілден.
Тәлімін көп сіңірген сәбиіне
Бұл - біздің көк туымыз желбіреген!

Келісім әр кез жанжал бастатпаған,
Әскері құрмет етіп қас қақпаған.
Барғанда өз ел басшың шет сапарға
Сол елдің аспанында асқақтаған.
Сені еркін мемлекет деп мойындатқан,
Жүзіңді төмендетіп, жасқантпаған.
Бүтін бір ел атынан сөйлеп тұрған
Бұл - біздің көк туымыз желбіреген!

Күткізбей саңлағыңнан бекер үміт,
Ұл-қызың сыннан талай өте біліп.
Тұрғанда жеңіс-шыңның тұғырында,
Аспандап бара жатқан көтеріліп.
Асқақ үн әнұранның егізіндей,
Көрген жан болмысыңдай кетер ұғып.
Сондағы қуанышыңмен толқынданған
Бұл - біздің көк туымыз желбіреген!

Бойында ұлт мінезі өрілетін,
Ел десе, жүректен жас төгілетін
Әр жанға алуан Тудың арасынан
Биіктеп ерекше, ыстық көрінетін.
Байқалған Даламыздың белгісіндей,
Таққызбас өзгелерден еліңе сын.
Тарихтан талай мысал түйіндеткен
Бұл - біздің көк туымыз желбіреген!

Ұрпақтың қастер болып ұғымында,
Айналып әр бөлігі ұлы ұғымға.
Көк туың елдігіңнің көрінісіндей,
Желбірей берсін асқақ тұғырында!
Қастерлі Тәуелсіздік жаршысындай
Мақтаныш болсын қыз бен бүгін ұлға.
Сан жүрек ұлықтаған ұлы байрақ
Бұл - біздің көк туымыз желбіреген!


авторы:
Ғабиден Қожахмет
<
Ағаға тілек

27 августа 2016 03:10

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Қырық деп соқты ағаның асыл жүрегі
(кейінгі буын іні-қарындастардың ағаға тілек-лебізі)


Ұл менен қызы құдірет, күшке балаған
Адамның бәрі туады асыл анадан.
Анаңыз бір кез сізге де тірлік сыйлатып,
Қырыққа кепсіз, мінеки, сіз де, ағажан.

Оятты осы ой думанды топтың ынтасын,
Қырық деп, аға, ортаңыз әнді шырқасын.
Отыздан соң да қырықта қамал алсам деп,
Осынау жастың шолып та тұрсыз қырқасын.

Алғансыз, аға, жақсысын талай жүлденің,
Өмірдің өзі біресе шатттық, бірде мұң.
Еске алып енді отырсыз ба оймен парақтап,
Отыздың отты, жиырманың жалын күндерін.

Сіз жақта бүгін, ағажан, үлкен кенен той,
Тойменен бірге кеудеде тағы еленді ой.
Отызды отты, жиырманы жалын десек те,
Халқыңыз оймен қырықты қылыш деген ғой.

Өткен шақ, аға, думанға толы елес пе,
Халқыңыз солай қырықты қылыш демес пе.
Елуге бір күн ұмсынып сіз де енерсіз,
Елудің өзі ердің де жасы емес пе.

Қырыққа кепсіз, айтыңыз бізге ұлағат,
Толмаса көңіл, мінезді осал сынап ап.
Кешегі күннің үлгісін күй ғып шертерсіз,
Жастықтың көші қалмасын дерсіз тұралап.

Жүйрікке бүгін сіз мінген, аға, мінгенбіз,
Жастыққа тән бір қызумен өмір сүргенбіз.
Шаңыраққа барсақ, ағаның үйі ақ жайлау,
Сізде де жайнап келеді өсіп ұл мен қыз.

Жаз жанын көріп, шаттандық үйде жеңгенің,
Ұмытар кім бар пейілмен асын бергенін.
Сенеміз, аға, айтқансыз бізге жеңгені
Қыздардың бір кез аруы еді деп те ең керім.

Аман бол, аға, жүз жас деп өмір сүріңіз,
Жайқалып тұр ғой ұл-қыз боп артта бүгін із.
Асқар тау болып іні мен қарындастарға
Өмірде мынау ақылшы болып жүріңіз.

Жайдары жаннан жаз көңіл бүгін көргесін,
Бәрі де солай құрмет тұтар жеңгесін.
Жеңгеймен бірге думанға талай куә боп,
Атыңыз қосқан бәйгенің алдын бермесін!

Шаттыққа толы болсыншы әр кез жүзіңіз,
Сіз барда, аға, демейміз көптің біріміз.
Құлын-тайдай боп соңыңызға ерген ізіңіз -
Аман-сау жүрсін ұлыңыз бенен қызыңыз!

Осынау тойды ағайын, жұрттар біледі,
Қырық деп соқты ағаның асыл жүрегі.
Осы еді сізге қарлығаш қарындастар мен
Арналған бүгін ізетті інілер тілегі.


авторы:
Ғабиден Қожахмет
<
Достарға тілек

27 августа 2016 02:10

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Достарға тілек


Тек осылай шын қуаныш тасқындар,
Қалауы осы - сендер үшін достың бар.
Құтты болсын шаттық туған күндерің,
Жастарыңа тағы бір жас қостыңдар.

Тілек осы айтылатын жүректен,
Айта жатар өзгелер де ретпен.
Дәл осыдан қаншама жыл... дүниеге
Бұл қос перзент анасынан "шыр" еткен.

Отбасына егілді деп бақ-шыбық,
Ата-анасы көрсетпеді тапшылық.
Туған күннің иелері, сендерге
Мына өмірде келсін барлық жақсылық!

Ата-анаға ұрпақ болып жалғандың,
Бақыт болып туа берсін алдан күн!
Мақсаттарың орындалып өмірде,
Бағынсыншы биік шыңы арманның!

Осы күннің қуанышын тапқандар,
Күте берсін сендерді алдан ақ таңдар!
Алдағы өмір жетіңдер де мұратқа,
Ата-ананың ақ үмітін ақтаңдар!

Әрдайым да ашық болсын аспаның!
Тек тілекші болып тұрсын достарың!
Туған күнің туған күнге жалғасып,
Жастарыңа қосылсыншы жастарың!


авторы:
Ғабиден Қожахмет
Назад Вперед

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Вопрос:
Қазақстанның астанасы -
Ответ:*
Введите два слова, показанных на изображении: *
^