» » » Екі жасқа тілектер /Ғабиден Қожахмет
Информация к новости
  • Просмотров: 3481
  • Автор: janar
  • Дата: 12-09-2014, 04:12
  • 0
12-09-2014, 04:12

Екі жасқа тілектер /Ғабиден Қожахмет

Категория: Дәстүрлі тойларға » Үйлену тойы

ЖМИ НИЖЕ ССЫЛКУ, ЧТОБ УВИДЕТЬ ВЕСЬ ТЕКСТ ПОЗДРАВЛЕНИЙ!
         ЕКІ ЖАСҚА ТІЛЕК

(сайт бетіндегі өтініш-тілектерге байланысты жазылған өлең-шумақтар)

Жалғастырып кеше мен бүгінгіні,
Еске сап ата дәстүр-бұрынғыны.
Міне,тағы бас қосты ортамызда
Екі жас ұнатқан соң бірін-бірі.

***

Бақыт қонып ақ отау түндігіне,
Тағы да сезім нұры күлді,міне.
Қол ұстасты жұбайлар салтанатпен
Жарастығы сай келіп бір-біріне.

***

Бергеннен соң қос жүрек сенімге ерік,
Той жасады тағы да елің болып.
Түсіп жатыр,мінеки,біздің елге
Іргелі елдің бір қызы келін болып.

***

Ақ жол болсын үлкеннен бата алғаның,
Құтты болсын шаңырақ-отандарың!
Жайнай берсін қашанда гүлге оранып
Бүгінгі сендер тіккен отауларың!

***

Ұрпақ ерсін ізетті іздеріңнен,
Бақ күлкісі кетпесін жүздеріңнен!
Өмірлерің болашақ арылтпасын
Әрдайым бақытты осы кездеріңнен!

***

Тілеймін ырысты отау қаланғанын,
Қос жүрек сезім отын жаға алғанын.
Қол ұстасқан жұбайлар,құтты болсын
Жасаған болашаққа қадамдарың!

***

Үлкендер көрсін ізет ойлы жастан,
Сендерге нұрын төксін айлы аспан!
Үнемі тек осындай шаттықпенен
Көрейік тойларыңды тойға ұласқан!

*** ****

Жар сүйіп,болуға отау қам қылыпсың,
Қолыңа бақыт құсын қондырыпсың.
Осылай дос-жаранды шаттандырып,
Думанмен айналаны ән қылыпсың.
Ақ неке қиылған соң жұбайыңмен,
Біріңе бірің үшін мәңгіліксің!

***

Жақсы жар жаннан әр кез табылады,
Кетсе алыс бірін-бірі сағынады.
Бүгінгі көтерілген отауыңның
Әр кезде биік болсын шаңырағы!

***

Отаудың іргетасы босамасын,
Берік қып қойсын тәңір босағасын!
Жарыңмен қалап алған қол ұстасып,
Ел мен ел,дос пен достың қос арасын.

***

Тілеймін татулықтың сезілгенін,
Таусылмай қиындықта төзімдерің.
Біріңді-бірің сүйген жүректегі
Сөнбесін,лауласын ақ сезімдерің!

***

Үйреніп жақсылықтың жастан бәрін,
Тойларға жайылсын тек дастарқаның!
Ағайын,міне,тағы ортамызда
Көрдіңіз қуаныштың басталғанын.

***

Бәрі де тоймен өтіп жыл,айлардың,
Көбейсін қуанышы мұңайғанның.
Жақсылық алып келіп болашағы,
Бағы ассын ақ некелі жұбайлардың!

***

Сөнбесін сенім-сәуле жүректегі,
Болады әр нәрсенің бір өткелі.
Бүгінгі тойда айтылған ел мен жұрттың
Қабыл боп қалсын бата-тілектері!

Ғабиден ҚОЖАХМЕТ
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Для зарегистрированных пользователей реклама отключена.
<
Nursultan Markhabaev

15 мая 2016 13:49

Информация к комментарию
  • Группа: Гости
  • ICQ:
  • Регистрация: --
  • Статус:
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 0
Керемет жазылған дүние.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Вопрос:
Адам болсаң "қазақ" деп жауап жаз!
Ответ:*
Введите два слова, показанных на изображении: *
^