Жете бер аңсап күткен тілегіңе,
Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе.
Отанның, ел-жұртыңның мақтаны бол,
Алды бол қатарыңның бұл өмірде.
Себездеп алтын ара жан-жағыңнан
Категория: Туған күнге тілектер, Балама, Баталар, Соңғы қосылған дүниелер
Жете бер аңсап күткен тілегіңе,
Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе.
Отанның, ел-жұртыңның мақтаны бол,
Алды бол қатарыңның бұл өмірде.
Себездеп алтын ара жан-жағыңнан
Ана тілегі
Күні кеше бесігіңді тербегем,
Қыранымсың көкке құлаш сермеген.
Өмір жасың ұзақ болсын, құлыным,
Қырсығынан сақта, құдай, көлденең.
Категория: Балама, Соңғы қосылған дүниелер
Бәсеке өмір дегенің,
Алды бол сол бір жарыстың.
Мәреден сені көрейін,
Туын тік, балам, намыстың.
Жақсыға көңіл марқайған,
Жұлдызға қолың соз, балам.
Суырыла озғын ортаңнан,
Сөнбес отың маздаған.
Көгере берсін көсегең,
Жабысқын арман жалына.
Құлының жақсы десе мен,
Биіктей түсем тағы да.
Үмітім сенсің ертеңгі,
Сенімнің жықпа жалауын.
Өмірдің өзі өлшеулі,
Байқап біл бәрін, қарағым.
Марқайсын ата-анаң да,
Мақтансын жолдас-жораң да.
Пайдаңды тигіз адамға,
Пайдаңды тигіз қоғамға.
Көктегі жасын тәрізді,
Жарқ ете білгін, ұқтың ба?
Тәлкекке салып әлсізді,
Бас иген өмір мықты ұлға.
Туғанда қуантқан ұлым мынау,
Бір мүшелді өткізген құлыным-ау,
Әкеңде арман бар ма, көрсе егер
Келешекте көрсетер қызығыңды-ау!
Сабағыңды жақсы оқып, оқуға түс,
Келешекте бір маманның иесі бол.
Еңбекті сүй, күшіңді бағалай біл,
Дүниеден алатын сыбағаң мол.
***********
Тілерім енді менің жалғызыма,
Сәлем бермей өсірген хан қызына.
Немеремді иіскеп кетсем, шіркін,
Арманым жоқ дүние базарында.
************
Категория: Балама, Бата-тілектер, Балаларға баталар, Соңғы қосылған дүниелер
Ұрпағымның жалғасы,
Шөпшегімнің төл басы,
Абылай туып қуандым,
Болар ма екен ел басы.
Әке - шеше жасыңнан,
Табылып әркез қасыңнан,
Даналықты үйретсін,
Құс ұшырмай басыңнан.
Сендерсіңдер тірегім,
Адал соққан жүрегім.
Тату - тәтті өсіңдер,
Осы менің тілегім.
******
Барыс - келіс көп болсын, дұшпандарың жоқ болсын,
Қыдыр дарып, бақ қонып, дастарқаның мол болсын!
******
Немерелер - мақтаным, ашық болсын аспаның,
Осылайша, балалар, жырдан шашу шашқаным.
Бірталай жұмыс тапсырдым, біліміңді арттырғын,
Әкең менен шешеңе жемісіңді таттырғын.
*******
Мырзаханның Ақылбайы
Семей қаласы Мұқыр ауылы
Алда барын ұмытпағын, жарығым,
Дос пейілін қабағынан танығын.
Ата-анасын сыйламаған – ақымақ,
Ешкімге де жасай алмай қайырым.
Ар аттама,
Иманыңды кірлетпе,
Жексұрын боп жеті атаңды тілдетпе.
Ары таза, арманы асқақ азамат,
Бөленеді қошемет пен құрметке.
Ұқ, мәнін,
Ақиқаттың ақ жолын шықпағанын.
Аруақтарды шығармасаң жадыңнан,
Онда, қалқам, кісілікті ұнатқаның.
Балаларымыздың тұңғышы, суымыздың тұнығы Марат деген баламыз бүгін міне 45 жасқа келіп отыр. Әулетіміздің асқар таудай айбаты, ағайын-туғанға қамқор, қорған, сүйенеріміз. Маржан келініміз алтын асықтай ұл, қырмызы қыз өсіріп, бір отбасының береке-бірлігін кіргізіп отырған ана, ер азаматының абыройына абырой қосып отырған асыл жар. «Тілеуі көптің аты бәйгеден келеді» демеуші ме деді, ендеше тілеуқор ата-анаң мен бауырларыңның ақ тілегін қабыл алғайсың. Екеуіңнің бір-біріңе деген сыйластықтарың таусылмасын, қалған ғұмырларыңда табандарың тасқа тимей, бір жастықта қартаюды жазсын.
**************
Жалғызымды сағынғанда
Еске түсіп істеген барлық қылық
Ұлым-ау әкең ойлап жүр сағынып
Түске кірсең шын көргендей қуанамын
Құлыныма менсіз үйде кім жүр тиісіп.
***********