Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
7-01-2011, 19:41

Біздер үшін Сіз отырған төр қызық

Категория: Туыстарға » Аға-апайларға

Біздер үшін Сіз отырған төр қызық,

Соңыңыздан бәрімізді ергізіп.

Жүзден асып, жасай бер деп тілейміз,

Немерелер, шөберелер өргізіп.

************

Информация к новости
3-01-2011, 12:55

Ағаларға тілектер

Категория: Туыстарға » Аға-апайларға

Несібе үзіп әр күннің үлесінен,

Шыға білдің әр істің үдесінен.

................... ............. ұлы деген,

Жұртымызға әйгілі бір есім ең!

 

Мінезіне бос еткен сабыр - ойды,

Бұл өмірде жігітсіз абыройлы.

Тойлап жатыр тойыңды ағайынның,

Бұл көрініс босатар тағы бойды.

***********

Бала шақтан кеудеңде таласты үміт,

Қаныңда жоқ әу бастан оғаш қылық.

Өз күшіңмен келесің асыл аға,

Бақытыңды сәтімен қаластырып.

 

Той тойлаған жақсы ғой жанұямен,

Құда жекжат, нағашы, қариямен.

Жүзге дейін талмастан, қажымастан,

Жүзе бергін ұлы Өмір-дариямен!...

********

Қазақтың кең даласы жүректі,

Барша жанға аппақ, таза тілекті.

Бір атаның би ағасы бұл ағам,

Жер бетіне қаншама әсем гүл екті.

 

Қайырымды қолын созған сан досқа,

Бұл адамға жыр жазбадым мен босқа.

Бұл ағама арналатын сөз басқа,

Бұл ағама айтылатын ән басқа!

 

Сізге біткен ой құнарлы, тіл нұрлы,

Өнегесін жас ұрпаққа білдірді.

Жібергендер қолтығынан Сіз демеп,

Алатауға ту қадап та үлгерді.

 

Әлдекімдер жоғалтса ұят, қиса арын,

Жолға салдың, түзеп мінін, қиқарын.

Тасқан жанның тас қамалын талқандап,

Мұңды жанның маңдайынан сипадың.

********

Информация к новости
26-12-2010, 13:32

Жан апайыма

Категория: Туыстарға » Аға-апайларға

Туған күнді тойлаған,

Шаттанады тойда жан.

Жасына жасты жаматып,

Қосады екен жылда адам.

 

Жылдардан өткен із қалды,

Самайды қырау боз шалды.

Өмірді өткен барласаң,

Көңілге түрлі ой салды.

 

Кешегі бұла кез қайда,

Ойнақы күлім көз қайда?

Талдырмаш бойлы, ай мүсін

Келісті, сұлу қыз қайда?

 

Бәрі де болған... өтті жаз,

Сыбызғы үнді кетті саз.

Аққу ма мынау кешегі,

Балпаңдаған мама қаз?

 

Жүректе сызат-әжімдер

Тағдыр салған “әзілдер”.

Мына өмірде кім-кімді

“Тақсырға лайық - тәжім”, – дер.

 

Осылай толғап кеткенде,

Есеп беріп өткенге.

Шарлап мына дүниені,

Шүкір дейсің біткенге.

 

Ортайма дейсің көңілім,

Қызық көргей өмірім.

Әділеттен нәр алып,

Марқайар талай көңілің!

 

Көңілге бүгін нұр толар,

Құшаққа тойда гүл толар.

Әр кездің өз қызығы -

Өмірдің әрі сол болар! 

Информация к новости
5-12-2010, 17:53

апайыма

Категория: Туыстарға » Аға-апайларға

Аяулы әпкемізді 60 жасқа толған мерейтойымен құттықтаймыз!

Сіз осынау саналы ғұмырыңызда жездемізге адал жар, ұл-қыздарыңызға аяулы ана, немерелеріңізге сүйікті әже бола білдіңіз.

Ата – бабамыздан қалған  қара шаңыраққа Қаратаудай қорғансыз.

Інілеріңіз бен сіңлілеріңізге Алатаудай қамқорсыз.

Қадірлі әпке! Алдыңыздағы алпыстың асуындай шаршап-шалдықпаңыз!

Жетпісті желіп, сексенді секіріп, тоқсанға тоқтамай, жүзге жетіңіз!

Ағайын-туыстарыңыз бен бауырларыңыздың құрметіне бөленіп, отбасыңыздың ортасында толған айдай жарқырап отыра беріңіз!

Сол үшін де Сізге Аллаһ тағаламыз зор денсаулық бергей!

 

************************************

Информация к новости
5-12-2010, 17:40

ағамызға

Категория: Туыстарға » Аға-апайларға

Досқа адал, отбасының қорғаны,

Шын бақытты бағалаған қолдағы.

Бір өзіңді мақтан етіп жүреміз,

Шаттық тілеп әр күніңе алдағы.

 

******************

 

 

                                Қуанышты еселі етсін Тәңірім,

                                   Қызықты тек өте берсін өмірің.

Шаңырағың толы болып шаттыққа,

Өсіп-өнсін ұрпақтарың-тамырың.

 

Тілек еттім  алғы күннің ажарын,

Сарқылмасын Өмір-өзен, базарың.

Абыройың арта түсіп үнемі,

Хақ-тәңірі көрсетпесін азабын.

 

Қызық-шаттық жақсылықты көре бер,

Жұртшылықтың алғысын тек тере бер.

Беделің де артсын ылғи ортада,

Еңбегіңмен алда өсіп-өне бер.

 

Құтты болсын мерейтойың, белесің,

Барлық жаннан мақтау алып келесің.

Аман болып, жасыңа жас қосылсын,

Алла жазса, талай тойды көресің!

 

*******************************

Тілеймін бақытты өмір ашық аспан,

Жалғанда тілек бар ма одан асқан.

Аман боп жанұяң мен бауырларың,

Жалғассын ақ таңдарың нұрын шашқан!


****************************

Назад Вперед
^