Ақсүйек
Алтыбақан
Қыз қуу
Күміс ілу
Ағаш аяқ
Жаяу көкпар
Категория: Той-думан » Ойын-сайыстар
Ақсүйек
Алтыбақан
Қыз қуу
Күміс ілу
Ағаш аяқ
Жаяу көкпар
Категория: Ойын-сайыстар, Соңғы қосылған дүниелер
Қазақтың ұлттық ойындары Халқымыздың мәдени асыл мұрасы
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады.
Этнограф – ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біздің қоғамыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады.
Категория: Әдет-ғұрыптар, Ойын-сайыстар, Соңғы қосылған дүниелер
Бұл қысты күндері үй ішінде отырып жасалатын ойын-сауыққа да, ұлт дәстүріне де жататын қызықты кеш. «Асаукөк» әсіресе, құрметті қонақ келгенде, құда күткенде үлкен-кішілердің бас қосуымен жасалатын бұл кеште ән, жыр, жұмбақ, жаңылпаштар айту, қолтұзақ, асық ойыны болады. Үлкендер әңгіме, өлең тыңдап, жастар өнер салыстырып, әзіл-қалжыңдар, күлкі шақырып, жиналған ел адамдары көңіл көтеріп, бір сергіп қалады.
Мұнда өнерлілер өз талантын танытып, үлкендер бата беріп, оларға ақ жол тілейді. Осындай ауылдың «асаукөктен» басталатын өнер жолында талапкерлер танылып, кейін олар белгілі мәдениет қайраткерлері ретінде танылған.
********
Категория: Ойын-сайыстар, Соңғы қосылған дүниелер
қосқан Ботагөз Сайфуллинқызы Сәдібек
«СИҚЫРЛЫ ТАЯҚ» - қазақтың ұлттық ойыны.
Ойыншылар қол ұстасып, шеңбер бойына дөңгелене тұрады. Қолына таяқ ұстаған ойын жүргізуші шеңбер ортасына шығып, ойыншыларды нөмірлеп шығады да, ойын шартын жариялайды. Содан кейін кез келген бір ойыншының нөмірін атайды да, жерге тіреп тұрған таяқты жібере салады. Нөмірі аталған ойыншы таяқты жерге құлатпай алса, өз орнына барады, ал таяқты құлатып алса, айыбын тартады, ойыншылардың ұйғаруымен ортаға шығып, өнер көрсетеді. Ойын шарты бойынша, әр ойыншы ең аз дегенде, бір реттен ортаға шығарылады.
Категория: Ойын-сайыстар, Соңғы қосылған дүниелер
қосқан Ботагөз Сәдібек
«ҚЫЗ ҚАЛА» - қазақтың ұлттық ойыны.
Атастырылған «күйеу» мен «қалыңдықты» жақындастыру мақсатында ойналады. Жастар қол ұстаса шеңбер жасап, ішіне «қалыңдықты» сыртына «күйеу жолдасты» қалдырады да, қыз қашып, жігіт қуады. Шеңбер жасаушылар не қызға, не жігітке «жанашырлық» көрсетіп, не шеңберден өткізіп, не ұстап қалу арқылы ойынды қыздыра түседі. Егер «күйеу жолдас» «қалыңдықты» ұстаса, оны «күйеуге» апарып береді.
Категория: Ойын-сайыстар, Соңғы қосылған дүниелер
қосқан Ботагөз Сәдібек
"Кімді қалайсың?" - қазақтың ұлттық ойыны.
Алдымен ойын бастаушы мен "жазалыға" үкім шығарушы хан тағайындалады. Қыз-жігіттерді жұптастырып отырғызады да, көршілері бір-бірінен "Кімді қалайсың?" деп сұрайды. Сонда ол ұнатқан кісінің рет санын дәл тауып, оны қасына алады, не жаңылысса "жаза" тартады. Жаза түрі ән, би, көркем сөз оқу т.б. болуы мүмкін. Бұл ойынды той-жиында қызықты етіп өткізген дұрыс. Кей жерлерде бұл ойын "қассың ба, доссың ба?" деп те аталады.
Категория: Ойын-сайыстар, Соңғы қосылған дүниелер
қосқан Ботагөз Сайфуллинқызы Сәдібек
«Инем тап» - ұлттық ойын.
Үй ішінде жастар ойнайды. Жүргізуші сайланады. Ол ойын ережесін қатысушыларға түсіндіріп, дұрыс өтуін қадағалайды. Жүргізуші екі ойыншыны таңдап, біреуін тысқа шығарады да, екіншісінің бойына немесе киіміне ине жасырады. Жүргізуші сырттағыны шақырып, инені іздеттіреді. Ине іздеуші кез келген музыка аспабымен жәрдем беріп отырады. Егер іздеуші ине жасырған ойыншыдан алыстап кетсе, музыка бәсеңдеп, егер жақындаса, үдеп отырады. Іздеуші инені тапса, онда оны жасырған ойыншы айып ретінде ән салады, не би билейді немесе әңгіме т.б. айтып береді. Ал ине табылмаса, іздеуші «айыбын» өтейді.
Категория: Ойын-сайыстар, Соңғы қосылған дүниелер
Сұрақ-жауап
Ойынның шарты өте оңай. Ойыншылар санына шек қойылмайды. Қыздар мен жігіттер аралас отырса, қызығырақ өтеді. Сұрақтар мен жауаптар көлемдері бірдей кәртішкелерге (қатты қағаз болса тіпті жақсы) жазылады. Үстел үстіне, не екі қорапқа сұрақтар бір бөлек, жауаптар бір бөлек қойылады. Бірінші ойыншы сұрақтары бар кәртішкенің біреуін алып, сұрақты көршісіне оқиды. Көршісі жауаптары бар кәртішкенің біреуін алып қойылған сұраққа жауап оқиды. Одан кейін жауап берген адам келесі адамға сұрақ қояды. Осылайша ойын жалғаса береді. Ойын қызығы мынада: мысалы, жігіт: «Адал термен тапқан ақшаңызды оңды-солды шашасыз ба?» – деген кәртішкені оқыса, қызға: «Бұл менің сүйікті ісім» - деп жауап беруге тура келуі мүмкін.
Сұрақтар:
Егерде сүйікті адамыңыз көзіңізге шөп салса не істер едіңіз?
Сіз үнемі осындай дөрекісіз бе?
Әйелдерді (ерлерді) сыйлайсыз ба?
Үнемі жақсылық ойлайсыз ба?
*******
«Шындық әуе шарлары»
Бұл ойын үшін екі жиынтық кәртішкелер дайындаңыз: біреуі сұрақтары бар, ал екіншісі жауаптармен. Жауаптар жазылған кәртішкелер әуе шарларының ішіне салынады. Сұрақтар жазылған кәртішкелер қорабшаның ішінде араластырылады. Той иесі сұрақ жазылған кәртішкені алып оқиды да, бір әуе шарын жарып оның ішіндегі кәртішкеден жаңағы сұраққа жауап оқиды.
Жауаптар кез келген сұраққа сәйкес келетін болу керек, сұрақтар мен жауаптар саны бір-біріне сәйкес болу керек.
Сұрақтар:
Сүйетін адамыңыздың қызғаншақ мінезі сізді қинай ма?
Өзіңіз қаламағанмен күлуге тура келген кездеріңіз болды ма?
Бастығыңызға мақтау сөздер айтасыз ба?
Категория: Ойын-сайыстар, Соңғы қосылған дүниелер
Қызық күйде
Қарындаш
Боксерлік матч
Қимылдың дұрыстығын тексеру
Киіндіру
Категория: Той-думан » Ойын-сайыстар
Почта
Бұл ойында ромбик тәрізді қағазға нөмірлер жазып, келген жұртқа үлестіреді. Бір адам хат тасушы болады. Адамдар бір-біріне нөмір арқылы хат жазысады. Ойынның мақсаты – көпшілікті зеріктірмеу, бір-бірімен таныстыру. Бұл ойын тойдың басынын аяғына дейін жүреді.