» » » қазақтың ұлттық ойындары
Информация к новости
  • Просмотров: 11395
  • Автор: janar
  • Дата: 25-01-2011, 18:24
25-01-2011, 18:24

қазақтың ұлттық ойындары

Категория: Той-думан » Ойын-сайыстар

ЖМИ НИЖЕ ССЫЛКУ, ЧТОБ УВИДЕТЬ ВЕСЬ ТЕКСТ ПОЗДРАВЛЕНИЙ!

Ақсүйек

 Ең алдымен, ойнаушылар өзара келісіп, жеңген топ үшін жүлде тағайындайды да, екі топқа бөлінеді. Топ басқарушылар ақсүйекті қайсысының лақтыратының шешіп алу үшін кезектесіп таяқ ұстайды, таяқтың басына кімнің қолы бұрын шықса, сол ақсүйекті құлашы жеткенше лақтырады. Ақсүйек жерге түскеннен кейін ғана ойыншылар іздеуге шығады. Көмбеде топ басқарушылардан басқа  ешкім қалмайды. Ақсүйекті тапқан ойыншы ешкімге білдірмей, көмбеге қашуға әрекет жасайды да, ал қарсыластары біліп қалса, қолма-қол тартып алуға тырысады.   Сондықтан ақсүйекті алдымен тауып алған топтың ойыншылары бір-біріне лақтырып, көмбеге қай топтың адамы бұрын жеткізсе, сол топ ұтқан болады да, жүлдегер атанады. Келесі жолы ақсүйекті екінші топ лақтырады, сөйтіп ойын кезектесіп отырады.                              

 

Алтыбақан.

 

Алтыбақан  - қазақтың ұлттық ойыны.

Алтыбақанды сырықтың екі үш – үштен қосақтап (мосы ағаш сияқтандырып) байлайды. Бақаның аша тармағы сырыққа кигізіліп тұруға тиіс. Алтыбақанды құрастырып болғаннан кейін, оның екі басынан  үш қатар арқан байлайды. Арқанның екеуі бір деңгейде, үшіншісі олардан 40-50см төмен тұрады. Бір деңгейде байланған екі арқанға екі адам қарама қарсы отырады да, төменірек байланған арқанға аяқтарын тірейді.Бұларды бір адам тербетеді. Алтыбақан тербеліп Отырған екі адам ән салуға тиіс. Алтыбақанды ертедегі ауыл өмірінде жастар кешкілікте     бас қосып, халық аспаптарының сүйемдеуімен ән салатын, айтысатын, әзіл оспақ, назды күлкісімен көпшілік болып көңіл көтеретін ойын – сауығы болған. Алтыбақанның дене шынықтыруға  да пайдасы мол. Ол – ауылдық жерде әлі де қызықты ойындардың бірі.

 

Қыз қуу.

Ойын үшін жігіттер мен қыздар іріктеліп, ұшқыр жүйрік атқа мініп шығады. Қашықтығы 300 , ал ені 30 – 40 метрлік тегіс, топырағы жұмсақ , ашық алаң таңдалып алынады. Жарыстың басталатын жері – аланың  бір маңдайында қатынасушылар орағытып өту үшін  қарақшы қойылады. Бұған көбінесе қызыл жалау қағылады. Жарыс жекелей де өтеді. Егер екі топқа бөлінсе, онда қыздар мен жігіттердің  саны тең болуы қажет. Төрешінің бірінші белгісі бойынша қыз жігіттен он метрдей алда тұрып, шаба жөнеледі Жігіт қызды бұрылысқа дейін қуып жетіп, жең ұшына ілінген орамалды ілгері алып қашуы керек. Егер жігіт сол бетімен – қарақшыдан сөреге дейін қуғыншыға жеткізбесе,онда – жеңгені. Ал егер қыз қуып жетсе, жігіттің атын, әйтпесе өзін қамшының астына алады. Мұнда қыз жеңді деп есептелінеді. Жарысқа қатынасушыға бір-бірінің атын тоқтатуға, алаңнан сыртқа шығуға, қарақшыға жетпей сөреге оралуға рұқсат етілмейді.

 

Күміс ілу

«Күміс ілу» - ептілікті, атқа жақсы отыруға керек ететін ұлттық ойын. Келін түсіру, қыз ұзату салтанатында қалыңдық орамалға түйіп, өзінің күміс шолпысын, әйтпесе жүзігін тастайды. Сондықтан да кей жерлерде бұл ойын «жүзік ілу» деп аталады. Қатты шауып келе жатқан шабандоз жігіт ат екпінін бәсеңдетпестен, әлгі орамалды іліп алып кетуі

керек. Сонда ол беташар айтуға ерік алады.

 

 Ағаш аяқ

Ағаш аяққа мініп үйренбеген адам алғашқыда дұрыс жүре алмай, жұртты қыран-топан күлкіге батырады. Ал жақсы үйренген адам тез әрі шалт жүре алады. Әрі сол сырық үстінде  тұрып түрлі сайқымазақ сөздер айтып, қимылдар жасайды, ән айтады, екеуара айтыса да алады. Қазақ халқының атақты әншісі Әміре Қашаубаев айтуымен кең тараған «Ағаш аяқ» осы ойынның атымен аталған.

 

 Жаяу көкпар

    Ойын күні бұрын белгіленген жерде өткізіледі. Ойынға қатысушылардың санына шек қоймайды.

    Ойнаушылар көмбеде бір сызықтың бойында қатарға тұрады. Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша, көмбеден 10 адымдай жерде жатқан көкпарды екі жүз, төрт жүз, әрі кеткенде бір шақырымдай жердегі екінші көмбеге бұрын әкелсе, сол ұтқан болады. Егерде екінші бір ойыншы жол ортада қуып жетіп басып озатындай шамасы болса, көкпарды қарсыласының қолынан алып кете береді. Ал көкпарды алып келе жатқан ойыншының мұндай жағдайда қарсыласуына болмайды.

 

Тепе-теңдік

    Жұмыр ағаштың үстіне тақтай қойылады. Ойын жүргізуші екі қолына екі тостаған алады. Біріне құм салынған, екіншісі бос. Тақтайдың үстіне шығып. Салмағын тепе-теңдік жағдайда келтірген соң, оң қолындағы тостағанға шашыратпай құю керек. Бұл тапсырманы мүлтіксіз орындаған ойыншы жүлдеге ие болады.    

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Для зарегистрированных пользователей реклама отключена.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Вопрос:
Қазақстанның астанасы -
Ответ:*
Введите два слова, показанных на изображении: *
^