Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 21514
  • Автор: janar
  • Дата: 25-12-2010, 19:08
  • 0
25-12-2010, 19:08

Жаңа жылға арналған тілектер

Категория: Ресми мерекелерге » Жаңа жыл

.....................*......................
...................*.*.....................
..................*.*.*..................
.................*.*.*.*...............
...............*.*.*.*.*..............
.............*.*.*.*.*.*.............
...........*.*.*.*.*.*.*............
.........*.*.*.*.*.*.*.*..........
......**kele jatkan**........
.....*.*.*.*.*.*.*.*.*.**.....
...*jana jilinmen*...
..* * * * * * * * * * * *..

         

Жаңа жыл!    Жаңа күн!  Жаңа өмір!

           Бұл күн болмыстағы бояудың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылып, әр шаңыраққа шуақ болып тарайды. Қай-қайсымыз болсақ та осы мерекелік кештен келесі Жаңа жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп  отырады. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!

***********

              Ескі жылдың қайғы-мұңын,өкпе – наздың барлығын артқа тастап, кіріп келе жатқан Жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күймен,  таза, тың ойлармен қарсы алу керек. Әрбір кірген жаңа жылдың  өзінің дайындап отырған қуанышы, бақыты, сыйы болады.

            Достар, біз де өкпе-назымызды, өкініш-мұңымызды, қиындық сезінген сәттерімізді бір сәт естен шығарып, ескі жылға қалдырып, Жаңа жыл табалдырығын махаббатпен, мейіріммен аттайық,  бізді алда тек қана қуаныш пен бақыт күтіп тұр деп сенейік. Жаңа жылда үйлеріңіз нұрға, құшақтарыңыз  гүлге толсын!

******

       Достар, мен мына қолдарыңдағы жүзім шарабы құйылған бокалды біз тағатсыздана күтіп отырған, есік қағып кіргелі тұрған Жаңа жыл үшін көтерулеріңізді сұраймын.  Лайым Жаңа жыл барлығыңа тек қана  жаңа қуаныш, жаңа бақыт, жаңа табыс алып келсін!

        Ортамыз ойсырамай, Алла тағала жылдан жылға аман – есен жеткізе берсін!  Бәріңе мықты денсаулық, берекелі байлық тілеп, жаңа бастаған істерің оңынан шешіліп, соңынан тойлап жүре беріңдер демекпін!

         Жаңа жыл құтты болсын!     

*******

Жаңа жыл Сіздер үшін зор жетістіктерге қол жететін,

ой-мақсаттар жүзеге асатын,

арман-үміттер ақталатын жыл болсын.

Сіздерге зор денсаулық, молшылық пен бақыт тілеймін.

 

Келді, міне, Жаңа жыл ортамызға,
Құт-береке әкелсін баршаңызға.
Аңсаған арманыңыз орындалып,
Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға.

*************

Жаңа жыл құтты болсын! Бақ-береке, мол ырыс-дәулет әкелсін! Ертегіге елітер осы ғажайып кезеңде барлық асыл армандарыңыз орындалсын! Жаңа жыл түні өзінің сиқырлы әсерімен Сізді қуанышқа бөлеп, алдағы жылыңызға шат-шадыман сәттер, жаңа мүмкіндіктер сыйласын! 
*******************
 Жаңа жыл тың шығармашылық ойлар, биік кәсіби жетістіктер, керемет оң өзгерістер, жарқын кездесулер мен қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар мен оң шешімдер жылы болсын!
Информация к новости
  • Просмотров: 12098
  • Автор: janar
  • Дата: 25-12-2010, 11:12
  • 0
25-12-2010, 11:12

Жаңа жылдық тілектер

Категория: Ресми мерекелерге » Жаңа жыл

Жаңа жыл тілектері

Жаңа жыл – жаңа үміттер мен жаңа жоспарлар. Сіздерге жаңа жетістіктер мен кәсіби табыстар тілеймін. Бұл жыл жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, бақытты оқиғаларға толы болсын. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, тыныштық және мол жақсылықтар әкелсін.

*****************

 Жаңа жыл құтты болсын!

Адам баласы жаңа жылдан көп жақсылық күтеді, жаңа жылға көп үміт артады. Армандарыңыз бен тілектеріңізге қосылып, біз Сізге алдағы жылда денсаулығыңыз мықты, бақытыңыз үстем болып, күш-қуатыңыз таусылмасын, қанатыңыз талмасын деп тілейміз. Өткенге риза болып, жаңа жылға бәріміз таза ниетпен, нық қадаммен аттайық. Жаңа жылға елмен бірге жаңа табыстарға жете берейік!

*********************

Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға аманшылық пен бақ-дәулет, еңбектеріңіз жемісті, өмір жолдарыңыз сәттіліктер мен табыстарға толы болсын.

 Қағып тұр Жаңа жыл кеп есігіңді,

Болмайды той-думанның кеші мұңды.

Жаратқан түгел қылып берсін сенің

Бақыт пен ырысыңды, несібіңді!

 

Ашылып ғасырдың бір ақ парағы,

Өзіңе Қыдыр дарып, бақ қарады.

Жаңа жыл берекелі жыл боп кірсін,

Табысқа бастап сені асқаралы!

*******************

 Сізді келе жатқан Жаңа 2007 жылмен кіршіксіз көңіл, ыстық ықыласпен  құттықтаймын.

Жаңа жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен  аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мерекеміз. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды. Келер жылда отбасыңызға құт-береке, қызметіңізге өрлеу тілеймін. Денсаулығыңыз күйлі-қуатты, бақытыңыз баянды, көңіл-күйіңіз тамаша болсын. Алдағы жыл Сізді тек оң өзгерістерімен, ұмытылмас сәттерімен, қызықты кездесулерімен қуантсын.

Ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша қазақстандықтарымызға бейбіт өмір, тыныштық, мол жақсылық тілеймін.

*****************************

Бұл жыл Сіздің жақсы тілектесіңіз болып, үлкен жетістіктерге жетелесін, барлық бастамаларыңызға табыс әкелсін.

******************

 

Сізге және Сіздің ұжымыңызға зор денсаулық, шығармашылық табыстар, бақыт және бақ-береке тілеймін.

Сіз үшін ......... жыл – барлық тілек пен үміттер орындалатын қуатты жыл болсын.

*************

Жаңа жыл баршаңызға бақытты болашаққа үміт, жаңа мүмкіндіктерге сенім ұялатып, жемісті бастамаларға жарқын келешек сыйлайды. Осы жаңа жыл күткенімізді ақтап, барлығымызға бейбітшілік, амандық және өркендік әкелсін.

Сізге және Сіздің жақындарыңызға мықты денсаулық, таусылмас қуат, шығармашылық табыстар мен сәттілік тілеуге рұқсат етіңіз.

***********

Шаңырақтарыңызда ырыс-береке, мемлекетімізде бейбітшілік пен келісім болсын. Сіздерге шын ниетпен зор денсаулық, жарқын болашаққа сенімділік тілейміз. Үміттеріңіз бен тілектеріңіз орындалып, барлық бастауларыңыз сәтті нәтижелер берсін!

***************

Алдағы жыл тек игі жақсылықтарымен, ырыс-берекесімен, мол қуаныштарымен төрімізден орын алсын!

***************

Жылымыз барыс –

Көбейсін табыс.

Келер жыл қоян –

Ұлғайсын жанұяң.


Информация к новости
  • Просмотров: 5616
  • Автор: janar
  • Дата: 29-12-2011, 21:41
  • 0
29-12-2011, 21:41

Жаңа жыл құтты болсын!

Категория: Ресми мерекелерге » Жаңа жыл

 

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,

Келіп, міне, жатырмыз,  қауқылдасып...

 

Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,

Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-

Ғасырдың он екінші жылы келді,

Құстай ұшып,  қырау шалған қанаттары!

 

Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,

Құтқа орансын кең байтақ дархан елім. 

Қазақтың пейіліне тарту етсін,

Табиғат ашық аспан, таң шапағын!

Информация к новости
  • Просмотров: 9186
  • Автор: janar
  • Дата: 27-12-2011, 23:32
  • 0
27-12-2011, 23:32

Жаңа жылмен құттықтау

Категория: Ресми мерекелерге » Жаңа жыл

Жаңа 2012 жылмен ең ізгі құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Келер жыл Сіздерге қуаныш, жаңа ұмытылмас әсерлер мен үкілі үміттер сыйласын!
Ұлы жылы ұшқыр арман-қиялдарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалатын
жарқын да көңілді, табысты әрі мақсатты жыл болуын тілеймін!
Сәтсіздіктер өткеннің еншісінде қалып,
Өкпе-реніштер ұмытылып, достық пен сүйіспеншілік дәуіріне жол ашылғай.
Барлық бастамалардың бағы жанып, сүйікті ісіңіз қанағат әкелсін, жаңа білімдерге, жаңаша тәжірибеге, биік кәсіптік белестер мен асқар асуларға жетелесін!
Алдағы жыл әр адамның жұлдызы жоғарылап, абыройы артуына мол мүмкіндіктер туғызып, өмірімізді мәнді оқиғаларға, татулық пен жасампаздыққа толтырғай!
Баршамыздың тасымыз өрге домалап, отбасылық бақытқа кенелейк, жан жылылығына бөленейік!
Жаңа 2012 жыл құтты болсын! Мейірім сәулесі мен шапағат шуағы молынан болғай!

*****

/Шығыс Қазақстан әкіміің құттықтауы/Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа жыл өткен жылдың қорытындысын жасап, атқарылған істі саралайтын кезең екендігі белгілі. Халқымызда “Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп” деген даналық сөз бар. Біз қашанда өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күткен халықпыз. 2011 жыл біз үшін берекелі де жемісті болды.
Біздің көпұлтты өңірімізде татулық пен достықтың, ынтымақтастық пен бірліктің бұзылмас қамалы қалыптасты. Осы ымырашылдық бізге кезкелген қиындықты жеңуге септігін тигізуде.
Келер жыл толағай табыстар әкеліп, халқымыз игілікке, мемлекетіміз молшылыққа, әр шаңырақ береке,бақыт пен шаттыққа кенеле берсін!
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін.
Жаңа жылдарыңызбен, ардақты ағайын!

Метки к статье: жаңа жылмен құттықтау, жаңа жылға арналған құттықтау тілектер

Информация к новости
  • Просмотров: 21531
  • Автор: janar
  • Дата: 26-12-2011, 00:15
  • 0
26-12-2011, 00:15

Жаңа жылмен құттықтау

Категория: Ресми мерекелерге » Жаңа жыл

www.massaget.kz сайтынан

Жаңа жылға арналған құттықтау сөздер мен тілектер

1

 Жылыстаған жылдармен жылжып есен-сау жүре берейік! Көңілге қуаныш, жүрекке шаттық сыйлаған Жаңа Жыл құтты болсын. Бауырымыз бүтін болсын, жақындарымыз аман жүрсін! 2012 жыл ырыс пен ынтымақтың, береке мен байлықтың, бейбітшілік пен бақыттың жылы болғай! Аялы арманымыз орындалып, жүректер жылудан айрылмасын! 

2

Жаңа жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн тіршіліктің барлық иелеріне жаңа үміт, қуаныш, ерекше махаббат сыйлайды.Сол махаббат, қуаныш пен үміт жыл бойы шаңырақта болсын! Мерекелік кештің қуанышқа толы көңілді сәттері жыл бойына әрбір шаңырақта сақталсын! Ескі жыл есіркеп, Жаңа жыл жарылқасын!

 

Бүлдіршінге:

 

3

Отбасымыздың ең кішкентай мүшесі- бүлдіршінім, сенің де жаңа жылың құтты болсын! Аппақ қардай көңілі пәк балапаныма келер жыл тек жақсылықтарын сыйласын. Жайнаған жүзінен күлкі кетпей, балдай тәтті қылықтарына қанбай жүре берейік!

4

Осы мерекені қатты күткен балапаным! Қыран болып самғап, алыстарды көздеп, биіктерді бағындыратын  үлкен азамат бол! Өмір жолы сені ешқашан адастырмай, әр басқан қадамыңа Алланың нұры жаусын. Көрер жаңа жылдарың көп болсын, жүзіңнен тек қана нұрлы күлкіні көрейік.

5

 Жаңа жыл бүлдіршіндер үшін ерекше мереке. Олардың кіршіксіз көңілдері бұл күні ғажайыптың боларына сенеді. Періштелердің тілегі қашан да орындалады. Сондықтан, жаңа жыл есік қақпастан бұрын, балапаным, сенің амандығыңның тілекшісімін! Қасқырдың қайратын, арыстанның айбатын, жылқының сақтығын, бүркіттің қырағылығын тілеймін. Тау суындай таусылмас қайратқа да, сыр суындай сарқылмас жігерге де, гүлдей жайқалған ғұмыр мен самал желдей тербелген өмірге балам, сен лайықсың!

6

Балдырғандар аналарына шуақ, әкелеріне қуат болсын! Сиқырлы мерекеде әкелер сиқыры таусылмай, өздері сенетін ертегі ғұмырды көруге жазсын! Жаңа жыл сәбилер күлкісінен айырмасын, дендері сау, балалықтың бақытына тоймай жүре берсін!

  

 Ата-анаға:

 

7

 Тамырын тереңге жайған бәйтеректей бәрімізге сая бола білген ата-анамызды жаңа жылмен құттықтай отырып, оларға зор денсаулық, бақытты ғұмыр тілейміз. Өмірдің шапағаты мен шуағына кенеліп, арамызда аман-сау жүре беріңіздер!

8

 Құрметті Әкем мен Анашым! Келіп жеткен 2012 жыл сіздерді қуантудан жалықпасын. Мәуелі бәйтеректей көз алдымызда жайқалып жүре беріңіздер. Ана, сіздің аялы алақаныңызға, Әке, сіздің жүрегіңіздің шексіз мейіріміне тең келер ештеңе жоқ. Сіздердің амандықтарыңызды тілеп, осы жаңа жылды бірге қарсы алу сәтіне жеткізген Аллаһқа разылық білдіремін!  Талай жылды бірге қарсы алу бақыты бұйырсын деймін! Жаңа жыл құтты жыл болсын!

9

 Әкешім! Өмірдің соқпағына қарамастан бізді өрге тартып келе жатқан, суыққа бір тоңдырмай мәпелеген, бар ыстық махаббатын бізге төккен Сіз, бірінші құттықтауға лайықсыз. Жаңа жыл тек жақсылықтарымен қуантсын! Деніңіз сау, жарқын жүзіңізді мұң шалмай, балаларыңыздың қуанышына марқайып отыра беріңіз!

10

Анашым! Жүрегімді жарып шыққан бар ізгі тілектерім өмірдегі ең қымбатты да ардақты жан – ана, өзіңе арналады. Бізді өмірге әкеліп, ақ сүт беріп, аялап өсіріп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, осы күнге жеткізгенің үшін алдыңда мәңгі қарыздармыз. Әр жаңа жыл кеші тек өзіңмен ғана көңілді. Анашым, жүзіңізден шуақ кетпей, біздің ортамызда күліп-ойнап, шаттыққа кенеліп, бақытқа бөленіп жүре беріңіз. Жаңа жыл бар тілектеріңізді орындасын!

11

Әкем, анам! Аяулы асылдарым! Сүйенсем, тірегім, құласам, сүйеуім сендерсіңдер. Сіздерді Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Дастарханымыз әрдайым осындай мол, шаңырағымыз берекелі болсын! Сіздердің жанымызда болғандарыңыз біз үшін үлкен бақыт! Ұзағынан болғай!

 Досқа:


12

Тіреуім досым! Қуанышым мен қайғымның куәсі, өмірімнің бөлшегі болған аяулы жан. Жаңа жылда сені құттықтап, қуантуға асығудың өзі қандай бақыт! Жыл бойы кірпігіңді мұң шалмасын, жасыма, тек қуанып, жадырап, аман-есен жүре бер.

13

Достар! Жастық шақ - өсіп тұрған гүл емес пе, Сол гүлдің нағыз өзі – біз емес пе!- дегендей жан-жағыма көз салсам, жаңа жылды қарсы алу кешіне әсем де сұлу, көркіне көз тоярдай қыздар мен жігіттер жиналып отыр екен. Жүздеріңе қарасам, мезгілдің қыс екенін ұмытып, қып- қызыл қызғалдағы жайқалған көктемнің сұлулығын, жаздың жылулығын көремін. Ендеше достар, лайым осылай құлпырып жүре беріңдер. Жаңа жыл әрқайсысыңа бақыт пен шаттық сыйласын! Жылдар бойы жалғасып келе жатқан достығымыз бұл жылы да әдемі жалғасын тапсын!

14

Жаңажылдық дастархан қандай тәтті болса, сен барда менің өмірім сондай тәтті. Нұрлы жүзіңнен тек қана күлкі көріп, қуанышымды өзіңмен бөлісе жүрейін. Бақытты бол, құрбым!

15

Аяулы дос! Санаулы сағаттардан соң кіретін жаңа жыл саған бар жақсылығын төксін! Жаңа жылда жаңа табыс, денсаулық, сәттіліктер тілеймін! Жылдан- жылға аманшылықпен, зор қуанышпен жете бер!

16

Әніміз де, сәніміз де жарасқан, тілегіміз де, жүрегіміз де бір болған асыл дос! Өзіңді жаңа жылмен құттықтауға асықпын! Бар қиындықтар мен өкпе-наздар ескі жылмен есіркеп кетсін! Жаңа жылда жаңа белестерді бағындырып, жаңа табыстарға жете бер! Жаңа жыл құтты болсын!

17

Айналамды өздеріңдей керемет жандар қоршаған мен ең бақытты жанмын! Жаңа жылдың жылтыраған ойыншықтарындай жүздері жайнаған достарым мәңгі жанымда болсын! Достар, мереке құтты болсын! Дастарханымыз мол болсын! Көңіліміз даладағы аппақ қардай таза болсын! 

 

Информация к новости
  • Просмотров: 14141
  • Автор: janar
  • Дата: 26-12-2011, 00:12
  • 0
26-12-2011, 00:12

Жаңа жылға смс тілектер

Категория: Ресми мерекелерге » Жаңа жыл

www.massaget.kz сайтынан

 

Достық құттықтаулар:

Саған тілер басты тілегім — армандарың орындалсын! Өйткені адам арманына жетсе ғана,  бақытты! Жаңа жылыңмен!

***

Жаңа Жыл жомарттығын жасасын! Бақытын саған себелесін, жұлдызыңды жарық етіп, бар армандарыңды орындасын!

****

Осы қалпыңнан танба, достарыңа адал бол! Қыстың қарлы күнінде де, жаныңа шуақ шашып, көктем күлсін.

***

Бүгін саған 3 кісі барады.Тек ашуланба, мекен-жайды мен бердім. Олар өмір бойы сенің касыңда қалатын болсын: Денсаулық, Сәттілік, Махаббат!

***

Аппақ қардың ұлпалары саған бақыт болып төгілсін. Кірпіктерің де ақ қарға көміліп, көздерің тек аппақ армандарыңның орындалғанын көрсін! Бақыт пен үміттің, махаббат пен татулықтың жылы құтты болсын!

***

Жаңа жылда саған тілерім: 12 ай ауруды сезбей, 53 апта тек жақсылықтарды көріп, 365 күн бақытқа кенеліп, 8760 сағатты сәттілікпен өткізіп, 525600 минут махаббатқа мас болып, 31536000 секундты  қуанышты сәттермен өткіз! Жаңа Жыл жарылқасын!

***

Келер жыл сені азап пен ауыртпалықтардан, ұрыс пен берекетсіздіктен сақтасын! Жылан жылы айналаңдағы жандарға, маған және саған да, үміті мен махаббатын, бақыты мен байлығын сыйласын!

***

Ардақ тұтқан жайсаң жанның бірі едің,

Біреуге сыр, ал біреуге жыр едің,

Шынарына өрле биік бақыттың,

Осы менің саған айтар тілегім!

***

Құшағында тәтті үміттің

Өтсін алтын күндерің,

Жаңа жылда жақсылықтың,

Шамшырағын үрлегін!

 

Сүйіктілерге:

Аппақ қар үлпілдей жауып тұр. Баспалдаққа түссе, еріп кетеді. Кенеттен қарға айналып, алыста жүрген сенің қолыңа түсіп, еріп кетер ме едім! Сағынышым менің, жаңа жылыңмен!

***

Өзің де бір ардақты жан екенсің,

Армандарың алып шыңға көтерсін!

Дақ түспесін жүрегіңе ақ қардай,

Жаңа жылың жаңа бақыт әкелсін!

****

Бақытың лағыл тастай  төбеңде мәңгі сөнбесін! Сүйікті де қымбатты жандарың қасыңнан  бір сәтке кетпесін!

***

Аман болсын отбасың,

Жамандықтан сақтасын.

Жаңа жылдың түнінде,

Бақыт ашсын қақпасын!

***

Кең аспаннан қар жауады жапалақтап. Қар аппақ, сенің ақ көңіліңдей, сүйіктім! Қар алақанға келіп, жылулықтан ериді — бұл менің сені құшағыма алуым! Ерінге түскен қар, ыстық демнен балқиды — бұл менің саған деген ыстық сезімім! Жаңа жылыңмен, Жаным!

***

Жаңа жылға ірі жұлдыздары төгілген көкжиекті сыйлаймын саған, алтыным! Сол жұлдыздармен бірге күн кешіп, ертегі әлеміндегідей таңғажайыпты бірге тамашалайық, менің ең жарық жұлдызым!

***

Сені жылдардың ішіндегі Жаңа 2012 жылыңмен құттықтаймын! Жаңа Жыл саған жаңа қуат, жаңа бақыт, жаңа табыс әкеліп, жағымды жаңалықтарымен таң қалдырсын!

***

Әзіл смс-тер:

Аяз Атаның хайуанаттар бағынан үш маймылы қашып кеткенге ұқсайды: біреуін қазір ғана жаңа жылдық шыршаның астынан тауып алыпты, екіншісі табылмай жатыр, үшінші маймыл осы СМС-ті оқып күліп отыр екен!

***

Дәрігерлердің пайымдауынша, 5 рөмке шарап, Жаңа Жылды ойдағыдай қарсы алуға кедергі келтіреді. Шарапсыз, ойдағыдай қарсы ал! Құтты болсын, бауырым!

***

 Әлемде жеті керемет бар дейді, сегізінші керемет — Жаңа Жыл! Армандар орындалып, Жаңа Жыл кереметін сыйласын!

***

Жаңа жылда,

Жаңа жылдың әр күні,

Жақсы хабарларға,

Жағымды жаңалықтарға,

Күтпеген қызықтарға,

Қуаныш сыйлайтын sms-терге толы болсын!!!


Информация к новости
  • Просмотров: 15422
  • Автор: janar
  • Дата: 16-02-2011, 11:18
  • 0
16-02-2011, 11:18

Жаңа жыл мерекесіне арналған құттықтаулар

Категория: Ресми мерекелерге » Жаңа жыл

/Тамада кітабынан/

Аппақ қар,

Аппақ дүние,

Аппақ ғалам,

Қойғандай сұлулығын сақтап маған.

Атайық ақ шампанды ырым жасап,

Щалқысын көңіліміз асқақтаған.

 

Жаңа жыл – жаңа ниет, жаңа күнсің,

Ғаламға ғашық болған жанарымсың.

Қалсыншы ескі жылда бар қиындық,

Шаттықтың шарайнасы бола білгін!

********

Жаңа жылға тілек Сайт оқырманы АКСАНА қосқан

Мезгілдері жаңарған,

 Ескіргенін елейтін,

 Алдағы жыл – ақ арман,

 Ассалаумағалейкум!

 

 Басталарда жаңа әлем,

 Құйылады жаңа нұр.

 Жүрекке арман бөлеген,

 Қош келіпсіз, жаңа жыл!

 

 Жаңа жылым – әсемсің,

 Гүл өндірер түзге де.

 Әр сәті Бақ әкелсің,

 Достар, достар бізге де!

**********

Ақайдар Ысымұлы:

Жаңа Жыл көркейіп-көбею, өсіп-өну, мақсат-мұраттарға жету жылы болсын!

****

Балаларға арналған Жаңа жылдық тақпақ

Сәнді шырша

Айым Мәженова

Мәз болып, жиналып көп бала,

Бір-бірін құшақтап топтала,

Ойыншық іліп жүр шыршаға,

Неткен көп ойыншық мұншама.

Дайын тұр тақпақ пен әніміз,

Әрдайым құлпырсын сәніміз!

********

Нарболат Мұрсәлімбаев Семейден

Қайырлы күн, барша туған- туыстарым,

Құтты болсын бұл келген жаңа жылың!

Қоян жылы кенеліп шын бақытқа,

Өсе берсін бұл жылда табыстарың.

 

Бола берсін бұл жылда қызықтарың.

Тойлай бер қырық, елу, алпыстарың.

Құтты болсын алатын қоныстарың,

Қуанышпен тойла, өмір  парақтарын.

*************


^