Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
21-09-2011, 14:30

Ұстаздар қауымын құттықтау

Категория: Мұғалімдер күні, Соңғы қосылған дүниелер

Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз.

*********

"Нұр Отан" ХДП Астана қалалық филиалының құтықтауы /2011жыл/:

Құрметтi, елордалық ұстаздар! Сiздер Астананың төрiнде отырып, бас қаланың балаларын оқытуда талмай еңбек етiп, бiлiммен сусындатып, елiмiздiң дамуына атсалысып келесiздер. Соңғы онжылдықта елордалық бiлiм жүйесiнiң қарқынды да нәтижелi дамуы бүкiл елiмiздiң бiлiм ошақтарына үлгi боларлықтай болды. Мұның барлығы, мына отырған сiздердiң арқаларыңыз. Баршаңызды бүгiнгi мерейлi мерекелерiңiзбен құттықтаймыз!

******

Бибігүл Төлегенованың құттықтауы:

Құрметті ұстаздар!

Тамаша мереке - Мұғалімдер күні қарсаңында өзіміздің сүйікті ұстаздарымызды осы бір айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймын.

Біз білім ордасы  - мектеп табалдырығын аттап, онда қазықты да терең білім алып, тылсым дүниені таныдық. Ұстаздаорымыз бізді білім тұңғиығынан нәр алдырып, қажырлылыққа, ізгілік пен адамгершіліккке баулыды, табандылықпен еңбек етіп, алдымызға биік мақсаттар қоюды үйретті.

"Ұстаз, сенің алдыңда бас июге рұқсат ет!" - деген көпке танымал өлең жолдарында осы бір жанкешті абзал жандарға деген ұланғайыр алғыс көрініс тапқан.

Құрметті Ұстаздар, бүгін сіздердің мерекелеріңіз! Мына гүл шоқтары сіздерге! 

Сіздерге денсаулық, бақ-береке тілеймін. Шәкірттеріңіз биік шыңдардан көрініп, еңбектеріңіз ақтала берсін!

**********

Ұстаз,ұстаз!!!
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық.
Әль фараби, Ыбырай мен, Ақаңды
Осы сөз ғой қойған бізге ұлығып.

Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылмемен емдейтін,
Болса дағы малға кедей өмірде.
Бар байлығым шәкірттеррім сен дейтін!

Құрметті ұстаздар сіздерді шын жүректен мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Ұзақ өмір, қажымас қайрат, таусылмас бақыт, ұзақ өмір, зор денсаулық, талмас қанат тілейміз!!! /http://kaznmu.kz

*****

білім саласы қызметкерлерін төл мерекелері - Мұғалімдер күнімен құттықтаймыз!
Сіздердің мамандықтарыңыз елдегі ең қадірлі, ең мерейлі әрі аса жауапты мереке. Себебі, Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда. Баланың болашағы, оқуда қандай жетістікке жететіні, өмірде қаншалықты табысты, іскер болатыны тікелей тәлімгерге байланысты. 
Елбасының айрықша көңіл бөлуі нәтижесінде білім мекемелерін көбейту және олардың материалдық-техникалық базасын замануи қондырғылармен жабдықтау арқылы білім саласын дамытуға барлық жағдай жасалып келеді. Оның барлығы білім сапасын арттыруға, кәсіби шеберлікті нығайтуға, мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесін жоғарылатуға ықпал ететіні сөзсіз.
Бұл сіздердің Қазақстан азаматтарын өз елінің патриоты және тәрбиелі әрі жауапты адам етіп тәрбиелеп шығатындарыңызға сенімдіміз.
Құрметі ұстаздар мен білім саласының ардагерлері! Сіздерді мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, мықты денсаулық, шығармашылық табыстар, ізгі махаббат пен мейірім тілейміз!

*****

Ұлт ұстазы, қазақтың өткені ғасырдағы руханиятының көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлы: "Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі Һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім"- депті. Арада бір ғасыр өтсе де, Алаш арысының бұл сөзі әлі күн тәртінен түскен жоқ. Отанымыздағы миллиондаған балаға білім үйретіп, тәрбие тағылымын дарытып келе жатқан мыңдаған мұғалім қауымын төл мерекесімен құттықтаймыз! Өзінің ісімен, өзінің сөзімен егемен еліміздің болашағын ойлайтын, тәуелсіздігін қорғайтын білімді ұрпақтың тәлімгері сіздерсіздер!
Ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан мұғалімдердің ата-анадан кейінгі атқарар рөлі ерекше, Тәуелсіз мемлекетіміздің басты құндылығы - білімді адам. Тек өз Отанымыздағы білім үрдісімен шектеліп қалмай, әлемдік білім кеңістігіне шығу жолындағы қадамдарыңыдың өзі бәсекелестіктің бағын ашады. 
********
Әл Фараби бабамыздың тәрбиесіз берген білімнің нәтижесіз болатынын көрегендікпен айтқан, тәрбие мен білім беру ісін таразының басындай тең ұстауды ұмытпаңыздар!
****
"Алты алаштың абласы бас қосқанда, қадірлі орын - мұғалімдікі" /Мағжан Жұмабаев/
****

Информация к новости
7-09-2011, 07:44

Мұғалімдер күніне арналған шәкірттер құттықтау тілектері

Категория: Кәсіби мерекелерге » Мұғалімдер күні

Барша шәкірттеріңіздің атынан Сізді  мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздің еңбек жолыңыз сан қырлы. Еңбекке ерте араласып, ұлағатты өмір мектебінен өттіңіз. Шәкірт тәрбиелей жүріп, ұстаздығыңызды шығармашылық жұмыспен ұштастыра білдіңіз. Сізді мерейтойыңызбен құттықтай отырып, Өзіңізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жаңа шығармашылық табыстар, отбасыңызға амандық тілеймін!

 

Ұстаздықтың ауыр жүгін көтеріп,

Оңашада ойға баттың, ой өріп.

Информация к новости
22-06-2011, 14:10

Ұстаздарға әркім басын ию керек

Категория: Мұғалімдер күні, Соңғы қосылған дүниелер

Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,

Ол болмаса, кім береді парасатты.

Асылын беріп шәкірт бойларына,

Ағартқан сол үшін де қара шашты.

 

Ұстазға әркім басын ию керек,

Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.

Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,

Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.

 

Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,

Ойлайды, олар сонымен ұшталғанын.

Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,

Шәкіртінің биікке шыққандарын.

Мырзаханның Ақылбайы

Семей қаласы Мұқыр ауылы

Информация к новости
16-05-2011, 15:57

Ұстаздарға мың алғыс!

Категория: Мұғалімдер күні, Соңғы қосылған дүниелер

               "Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға" - дегендей, әр шаңырақтың үміт күткен ұл-қыздары сіздердің білімдеріңіз бен біліктеріңізге жүгініп, сеніп келеді. Ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда сіздердің үлестеріңіз орасан мол.

******

Өзіңді мәңгі үлгі тұтамыз!

Б.Әбдіораз


Тұла бойың тұнған сабыр,

Кешірім,

Айқара аштың бізге білім есігін.

Өр тұлғаңды балап шыңға,

Ұстазым,

Мен өзіңе тәнті болсам, несі мін?!

 

Бала елдің болашағы болғанда,

Зор пайданы тигізесің қоғамға.

Мамандығың - кәсіптердің абзалы,

Адамдығың қымбат бізге одан да.

 

Ашық болсын нұрға толы көгіміз,

Аман болсын еліміз бен жеріміз.

Аманаттап тапсырамыз тағдырды -

Анамыз деп қабылдадық сені біз!

 

Әр таң сайын жаңа арман құшамыз,

Ұстазымыз - үлгі бізге ісі аңыз.

Жақсылықты, тәтті үмітті танытқан

Өзіңізді мәңгі үлгі тұтамыз!

*******

 

Информация к новости
16-05-2011, 07:55

Ұстаздар күнімен құттықтау

Категория: Мұғалімдер күні, Соңғы қосылған дүниелер

Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіпті. Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әліп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя – мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады.
Аса көрнекті қазақ геологы, ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясының ұйымдастырушысы және тұңғыш президенті, академигі Қаныш Сәтбаевтың айтуынша “...1 қыркүйекте не салтанатты шеру, не салюттер болмайды. Бірақ бұл күн ешқандай мерекемен тең келмейтін, білімнің асқар шыңына жетелейтін, қайталанбайтын күн. Бұдан асқан ұлы мереке жоқ”- деп толғаған.
Олай болса, мұғалім бақыты – шәкірт құрметі.
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Метки к статье: ұстаздар күнімен құттықтау, мұғалімдер күнімен құттықтау, мұғалімдерге арналған тілек, ұстаздарға арналған тілек

Информация к новости
13-05-2011, 08:54

Ұстаз Ф.Оңғарсынова

Категория: Мұғалімдер күні, Өлең - сөздің патшасы, Соңғы қосылған дүниелер

Зауытта болсаң, күнбе-күн

көрінер еді табысың.

Дәрігер болсаң түрлі емің -

шипалы жанның бағы шын.

 

Ал сенің еңбек жемісің

өзгеше тіпті басқадан:

ол - өзін арнап 

Информация к новости
17-04-2011, 23:32

Ұстаздарға тілек

Категория: Мұғалімдер күні, Соңғы қосылған дүниелер

           Ұстаздар күні - бұл дәстүрлі әрі бүкілхалықтық мереке десек артық айтқандық болмас. Ұлы ғұламалардың да ұстазы болған, сондықтан болар осы абыройлы міндетті атқарып жүргендерді халқымыз әрқашан ерекше құрмет тұтқан. Ұстаздың әр адамның жүрегінен алатын орны айрықша, қолына қалам ұстатып, алғаш әліппені үйреткен мұғалімін жылылықпен еске алмайтындар кемде кем болар.

           "Ұстаз" сөзінің өзі "Отан", "Ар", "Адамгершілік" сияқты қасиетті ұғымдардың қатарынан орын тебуінің өзінде үлкен мән жатыр.

           Қазақстанның алдында бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан көріну міндеті тұр. Бұл өз кезегінде ұстаздардың мойнына екі есе жауапкершілік жүктейді. Себебі, ертеңгі күннің қоғамдық-саяси, экономикалық мәселелерін шеше білетін білімді де білікті ұрпақты тәрбиелеу сіздердің қолдарыңызда, құрметті ұстаздар! Білім берудің күрделі міндеттерін рухани бай, педагогикалық дарыны бар, шығармашылық, кәсіби тәсілдерді жетік меңгерген және жаңалыққа құштар жан-жақты тұлға ғана шеше алады. Сіздердің осы бағыттағы еңбектеріңіз жана берсін! "Ұстаз бақыты - озып туған шәкірті" десе, аттарыңызды Ай-әлемге паш ететін талантты да білімді шәкірттеріңіз көбейе берсін!

*********

         Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы деген сөз тегіннен-тегін айтылмаса керек. Ата-анадан кейінгі балаға білім беріп, тәрбие үйрететін сол ұстаз.

********

                  Ел игілігі үшін еңбекпен етене араласып, жарқын болашаққа қарымды қадам жасаған ұлағатты ұстаздың өмірі қиындық пен қуанышқа толы.

*********

         Мұғалім – мамандық, ұстаздық – қасиет. Яғни, ұстаз болу – адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Ендеше, осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған, ұстаздарға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артықтық етпейді.

*******

         Ұстаз деген ұғым бар, мына дүниеде. Ілмейтінді ілдіретін, білмейтінді білдіретін. Санаға ақыл ұялататын, арманды алдан қиялататын. Өмірді ұғынуыңа себеп болатын, тірлікке кіруіңе көмек болатын. Әр кезде аялайтын, дәрісті аямайтын. Бықсытпайтын, жандыратын. Тұлғалық табиғатын мәңгілік қалдыратын. Ұғымы ұшар биікпен пара-пар ұстаздың бірінен біздер де тәлім алдық.

*******

         Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір ұстаздар!

*******

Информация к новости
14-01-2011, 20:26

Кемел кеніш Ұстазға тілек

Категория: Кәсіби мерекелерге » Мұғалімдер күні

Нұр құйды ма сәби – гүл - әлди елі,

Жүрегіңде қасиет бар киелі...

Шәкірттерге ұстаздар дәріс берсе,

Сіз ұстазға үйреттің тәрбиені.

 

Ұзақ жылдар мектептің басшысы боп,

Тәрбиені үйреттің басқышы көп...

Өнегелі еліне еңбек еттің,

Сәлем берер сондықтан дос кісі көп.

 

Азаматқа жүретін балап елім,

Сондай жұртқа қадірлі адам едің!

Ұл-қыздарың қондырған ұясына,

Мен де Сізді бір тауға санап едім.

************

«Талпынған бақытына болады кез,

Арналы дарындардан қалады сөз» -

Деп құйған құлағына шәкірттердің,

Адамсыз –

Дана ойлы,

Бал мінез!

*************
Информация к новости
7-01-2011, 19:48

Ұстазымның 60 жылдығына

Категория: Кәсіби мерекелерге » Мұғалімдер күні

   Құрметті, Ұстазым! Сізді бәріміздің қамқоршымыз, шәкірттеріңіздің жылы жүректі ұстазы болғаныңызды мақтан етеміз!

   Көп жылдар бойы ақырын жүріп, анық басқан ұстаз болуыңызбен бірге, бізді сабырлы мінезбен, салиқалы салмақты ақылыңызбен тәрбиеледіңіз,  әрқайсымыздың өмірді өз орнымызды табуымыз үшін берген ақыл-кеңестеріңізге, бізді ел қатарына қосқаныңызға мың да бір рахмет айтып, шәкірттік ықыласымызды білдіргіміз келеді. Үлкен биікке қол жеткізуімізге, кісілікке, адамгершілікке тәрбиелегеніңіз үшін біз сізге әрқашан қарыздармыз.

   Қоғамның әрбір жаңалығын жылы қабылдап шәкірттердің бойына жеткізе білгеніңізбен қатар, бойыңыздағы бар жинап-терген біліміңізді оқушылардың санасына сапалы етіп сіңіре білдіңіз, балаларыңыздың білімді, парасатты болып шығуын мақсат еттіңіз. Ол арманыңыз өзіңіздің ерен еңбегіңіздің арқасында орындалды. Біз соған шын жүректен қуанамыз. Сізге әлі де шығармашылық жұмыстың жемісін жеп, біздің қызығымызға кенеле берсін деп тілейміз.

**********

Информация к новости
28-12-2010, 17:09

Ұстазымның 60 жылдығына

Категория: Кәсіби мерекелерге » Мұғалімдер күні

 

Алпыстың асқарына аяқ басқалы тұрған біздің сүйікті де аяулы анамызды туған күнімен құттықтаймыз!

   Құрметті, Ана! Сізді адал жар, бауырларыңыздың жанашыры, балаларыңыздың қамқоршысы, шәкірттеріңіздің жылы жүректі ұстазы, немерелеріңіздің асыл әжесі болғаныңызды мақтан етеміз!

   Көп жылдар бойы ақырын жүріп, анық басқан ұстаз болуыңызбен бірге, бізді сабырлы мінезбен, салиқалы салмақты ақылыңызбен тәрбиеледіңіз,  әрқайсымыздың өмірді өз орнымызды табуымыз үшін берген ақыл-кеңестеріңізге, бізді ел қатарына қосқаныңызға мың да бір рахмет айтып, балалық ықыласымызды білдіргіміз келеді. Үлкен биікке қол жеткізуімізге, кісілікке, адамгершілікке тәрбиелегеніңіз үшін біз сізге әрқашан қарыздармыз.

   Қоғамның әрбір жаңалығын жылы қабылдап шәкірттердің бойына жеткізе білгеніңізбен қатар, бойыңыздағы бар жинап-терген біліміңізді оқушылардың санасына сапалы етіп сіңіре білдіңіз, балаларыңыздың білімді, парасатты болып шығуын мақсат еттіңіз. Ол арманыңыз өзіңіздің ерен еңбегіңіздің арқасында орындалды. Біз соған шын жүректен қуанамыз. Сізге әлі де шығармашылық жұмыстың жемісін жеп, біздің қызығымызға кенеле берсін деп тілейміз.

****************

^