Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 7295
  • Автор: janar
  • Дата: 14-01-2011, 20:34
  • 0
14-01-2011, 20:34

SMS хаттар

Категория: Аралас » SMS хаттар

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Тереңнен теңге, есігіңнен евро кіріп, жыл бойы үйің долларға тола берсін! Басыңнан бақыт, ойыңнан шабыт кетпесін!

************

Дос!

Түнгі ұйқының тәттісін,

Ертеңгі күннің сәттісін,

Атқан таңның шапағатын,

Адал жанның махаббатын тілеймін!

**************

Қайырлы таң!

Күнің көңілді,

Жұмысың өнімді,

Машинаң жүрісті,

Сатып алған лотереяң ұтысты болсын!

*************

Қайырлы түн!

Жұлдыздай жарқыраған әсем түнде,

Тілеймін қайырлы түн бір өзіңе.

Тәтті түстер көргейсің періштедей,

Алла берсін жалғасын өңіңде де.

****************

Қайырлы түн!

Ай-жұлдызы жарқыраған бұл бір түнде,

Қайырлы түн тілеймін тек өзіңе.

Таңғажайып өмірдің періштесі,

Кірсін жаным түсіңе жиі-жиі.

Жайлы жатып, жақсы тұр!

***************

Бүгін саған үш кісі барады.

Тек ашуланба, адресіңді мен бердім. Олар өмір бойы сенің қасыңда қалатын болсын: Денсаулық, Сәттілік, Махаббат!

***************

SMS – ҒАШЫҚТЫҚ  ХАТТАР

 

Шапақты нұрын төгіп атар таңымсың,

Басыма біткен бағымсың,

Бұлақтан мөлдір тамшы боп аққан ағынсың,

Сен – менің ғана жанымсың!

***********

Жаныма жаныңның көктемі,

Шуағын төккелі,

Санамнан бір үміт, бір күдік

Ұйықтасам түсімнен,

Оянсам есімнен кетпеді.

Бақыттың кілті тек өзіңде көрініп

Тулайды сезім де,

Қолыңнан келсе егер

Бақытты ет мені!

**************

Сен жалғыз емессің!

Көкте нұрын шашқан күн,

Жерде жұпар шашқан гүл,

Жүректе жалын атқан өлең,

Өзіңді күні-түні ойлап жүрген МЕН бармын!

**************
Информация к новости
  • Просмотров: 5922
  • Автор: janar
  • Дата: 14-01-2011, 20:29
  • 0
14-01-2011, 20:29

Кемел Кеніш Шығармашыл адамға

Категория: Түрлі тойларға » Қызметке байланысты

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  АДАМЫНА  ТІЛЕК

 

Жайшылықта дарынды ерді білмейсіз,

Кейде көзге ілеміз де, ілмейміз.

Өмір өтіп, ел ескеріп жатса егер,

Сонда ғана қасымызда жүр дейміз.

 

Жүрегінде симфония ойнаған,

Ал миында мың мәселе қайнаған –

Саған бүгін келіп отыр қаумалап,

Информация к новости
  • Просмотров: 3360
  • Автор: janar
  • Дата: 14-01-2011, 20:27
14-01-2011, 20:27

Кемел Кеніш Жарға тілек

Категория: Туыстарға » Жарыма

«Керегенің басында оймақ тұрар,

Кедейшілік жігітке қой бақтырар.

Алған жары жігіттің жақсы болса,

Атын байлап алдында ойнап тұрар» -

 

Деп жырлайды бұл қазақ өлеңі,

Қара өлеңі – ақсақал көрегені.

Жарға теңеп жатады үйдің отын,

Жарға теңер төсек пен керегені.

 

Жарқыратып жүретін арман-арай,

Жырлар жазған жар жайлы толғап Абай!

Жары жақсы жігітке бақ қараған,

Шаруасы дөңгелеп алға қарай.

 

Жары жақсы жігіттің – аспаны ашық,

Әр күн оқыр қызықты дастан ашып!

Жақсы жары – жігіттің берекесі,

Күннен күнге көбейер достары асып.

 

Ана атын жүргендер жасап ұран,

Бұл сөзіме келтірмес аса күмән!

Бағы ашылған жігітке құдай берген,

Бағы ашылу – жігіттің қосағынан!

 

Жарың – жаның,

Жолдасың – алқаласың,

Тойлап жатыр сол бүгін орта жасын.

Жақсы жары – жігіттің алтын тәжі,

Басыңдағы базарың тарқалмасын!

***********
Информация к новости
  • Просмотров: 10346
  • Автор: janar
  • Дата: 14-01-2011, 20:26
14-01-2011, 20:26

Кемел кеніш Ұстазға тілек

Категория: Кәсіби мерекелерге » Мұғалімдер күні

Нұр құйды ма сәби – гүл - әлди елі,

Жүрегіңде қасиет бар киелі...

Шәкірттерге ұстаздар дәріс берсе,

Сіз ұстазға үйреттің тәрбиені.

 

Ұзақ жылдар мектептің басшысы боп,

Тәрбиені үйреттің басқышы көп...

Өнегелі еліне еңбек еттің,

Сәлем берер сондықтан дос кісі көп.

 

Азаматқа жүретін балап елім,

Сондай жұртқа қадірлі адам едің!

Ұл-қыздарың қондырған ұясына,

Мен де Сізді бір тауға санап едім.

************

«Талпынған бақытына болады кез,

Арналы дарындардан қалады сөз» -

Деп құйған құлағына шәкірттердің,

Адамсыз –

Дана ойлы,

Бал мінез!

*************
Информация к новости
  • Просмотров: 8038
  • Автор: janar
  • Дата: 14-01-2011, 20:24
14-01-2011, 20:24

Кемел Кеніш Әпкеге тілек

Категория: Туыстарға » Аға-апайларға

Көрсетіп жанашырлық жиып көшін,

Бауырлық сезімімді иіткенсің...

інімнің мәртебесін биіктеттің,

Сіздің де мәртебеңіз биіктесін!

 

Даланың сияқтанған дара дүзі,

Жақсының бұл өмірде қалады ізі...

Есімің жүреді іні ізетінде,

Қазақтың қарапайым қара қызы!

 

Ардақты әпке!

Қуанышыңыз құтты болсын! мықты денсаулық, ұзақ өмір, мол бақыт тілеймін.

*************

Айтқанда туған жерді дір етпес кім,

Жаралған топырақ – бір, жүректесің:

.................... өңірінің төлі ғой деп,

Әрдайым сыртыңыздан тілектеспін.

 

Жаның сұлу үйлескен – тылсым делік,

Жемісіңді еліңе жүрсің беріп.

Қазағымның бақ қонған қызы едің,

Мақтанамын киелі бір шың көріп!

*************

Төбемізден төге бермес шуақты,

Тағдыр шіркін қатыгездеу болса да.

Жаны жайсаң асыл әпкем сияқты,

Жақсы адамдар тіршілікте қаншама!

**********
Информация к новости
  • Просмотров: 10545
  • Автор: janar
  • Дата: 14-01-2011, 20:23
14-01-2011, 20:23

Кемел Кеніш Нағашыға-жиенге тілек

Категория: Туыстарға » Нағашы-жиен-бөлеге

О, Нағашым,

Бәйтерегім, жемісім,

Құрған өмір кілемінде желімің!

Ортақ болған шаттығым мен қайғыма,

Өзің қамқор, батагөйсің мен үшін!

 

Сауап, ізет нұрландырып санасын,

Әлпештеген апасын да, анасын,

Құтты болсын жасап жатқан тойыңыз,

Дана орнына дана болған нағашым!

 

Қоныстанып қаласын да, даласын,

Жетілдірген тоғыз ұл-қыз баласын,

Құтты болсын бүгінгі алтын тойыңыз,

Аға орнына аға болған нағашым!

Оңнан туып Күніңіз бен Айыңыз,

Тұлпар болды сіз баптаған тайыңыз.

Бар тілегі – біздей ақын жиеннің,

Құтты болсын бүгінгі нұр тойыңыз!

*************

ЖИЕНДЕРІМ,

Тойыңа арнап мен келдім,

Қыз дегенің – жат жұрттық,

адамы деп өзге елдің.

Армысыңдар, жиналған жұрттары апамның,

Қалып кеткен көздері менің асыл жездемнің.

 

Ата дәстүр бойынша сатпайды қыз сүйгенін,

Апам үшін мақтанам – жақсы болды  жиенім!

Құтты болсын тойларың .......... әулеті,

Барлығыңды кеудеме басып, қысып сүйемін.

 

Сендерсіңдер тірліктің желкілдеген құрағы,

Апам, жездем арманын өздеріңе ұлады!

Тойға ұлыссын тойларың – ту қадаңдар биікке,

Жақсы туған жігітке жат жұрт келіп тұрады.

***********
Информация к новости
  • Просмотров: 4124
  • Автор: janar
  • Дата: 14-01-2011, 20:20
  • 0
14-01-2011, 20:20

Кемел Кеніш Көршіге тілек

Категория: Аралас » Көршіме

Біз екеуміз құдай қосқан көршіміз,

Екі әулетті біріктірген елшіміз!

Туысқандай болып кеттік бұл күнң,

Еш бір қылық көрсетпедік ерсі біз.

 

Кездескенде нұр құятын санаға,

інім – сенсің,

Менмін саған – жан-аға!

Көршілікке ...............жыл боп қапты,

Бірге ұшырдық қанша шаттық-шағала.

 

Өмір барда егес те бар, ұрыс бар –

Жақсы жігіт айналасын дұрыстар.

Барыс, келіс үзілмейтін – тілегім,

Көрші тату болған жерде ырыс бар!

 

Көршім, сені қанша жылдан білемін,

Онда әлі бозбала едің, гүл едің.

Мына тойлар болсын тойлар бастауы,

Немере сүй, шөбере сүй – тілегім!

***********
Информация к новости
  • Просмотров: 6283
  • Автор: janar
  • Дата: 14-01-2011, 20:19
  • 0
14-01-2011, 20:19

досымның үйлену тойына тілек

Категория: Дәстүрлі тойларға » Үйлену тойы

Бұл күні тойың боп жатыр,

Ей, асыл досым елдегі.

Мені де ортақ деп білгін,

Шаттыққа осы сендегі.

 

«Тілегім айтар –

Болғай да

Келіннің құтты аяғы», -

деп жатқан ұлы тойыңда

Жан досыңмын ғой баяғы!

***********

Айтар біздік тілек – сол:

Тойың тойға жалғассын!

Ойың ойға жалғассын!

Заңғар ұл-қыз отау тіксін,

Ұрпақ көрсін – жалғассын!

Тотыдайын таранған бұл ханымның,

Аппақ қардай әже болып,

Етегіне немерелер, шөберелер жармассын!

Бұл тілектер орындалып жатқанда,

Өзің де, құрдас-досым жерде қалмассың!

**********

Информация к новости
  • Просмотров: 3291
  • Автор: janar
  • Дата: 14-01-2011, 11:47
  • 0
14-01-2011, 11:47

М. Аяпұлы құрастырған баталар кітабынан

Категория: Бата-тілектер » Жас жұбайларға бата

ЖАС  ЖҰБАЙЛАРҒА  БАТА.

 Шаңырақтарың биік болсын,

Босағаларың берік болсын.

Бау-бақшаларың өрік болсын.

Басыңда дәйім,

Құлпырған құндыз бөрік болсын.

Ақ жүзіңде жарыңның,

Ақ кимешек көрік болсын.

Құдай қаласа,

Көп ұзамай жерік болсын.

Торсық шекелі ұл тауып,

Ол өзіңе серік болсын.

                                Әумин

**********

Жас келіннің батасы,

Жастардың көп қатасы.

Жек көрмейді баласын,

Анасы мен атасы,

Балалар, көтер қолыңды,

Қайырлы құтты жолыңды,

Ием берсін мал мен бас,

Толтырсын ол мен солыңды.

Мен берейін батамды,

Кішіпейіл болып келінжан,

Сыйла енең мен атаңды.

Кекшіл болма, қарағым,

Кешірер әркім қатаңды.

Бола берсін ойын-той,

Қызықтап тойлау – құрмет қой.

Ақыл, естен айрылмай,

Жастарым, еске алып қой,

Қайырлы болсын тойыңыз,

Құдалар кеуде соқтырып,

Құйрық, бауырға тойыңыз.

                             Әумин

**********

Қос аққудай көлдегі,

Қызғалдақтай белдегі,

Жас жұбайлар екенсің,

Бата берем кел бері.

Дәулетті, малды болыңдар,

Жұқармас жалды болыңдар,

Ел-жұртың мақтан тұтатын,

Жастардың алды болыңдар.

Тұтатқан шырақтарыңды,

Басталған мұраттарыңды,

Бір Алла қолдап әрдайым,

Жайқалтсын құрақтарыңды.

Отауларың орда болсын,

Аттарың жорға болсын.

Қымызың қымызық татып,

Местерің қорда болсын.

                                    Әумин

**********

Сыртыңнан дұшпан жүрмесін,

Көңіліңе үрей кірмесін.

Көре алмаған күншілдер,

Күшіктей шулап үрмесін.

Сыйлы етіп Алла басыңды,

Ғұмырлы қылсын жасыңды.

Аруақ қолдап өр, шыңға,

Домалатсын тасыңды.

Қадірін білгін анаңның,

Қызығын көргін балаңның.

Күнің мен ісің түспесін,

Қолына топас сараңның.

Асқақ болып арманың,

Арайлап атсын таңдарың.

Мақсатыңа жете бер,

Аман болып мал-жаның.

                                       Әумин

**********

Жетегің бұйда болсын,

Арқаның шуда болсын.

Беретін асың болсын,

Көретін жасың болсын.

Бесігің алдыңнан түспесін,

Басыңнан жақсылық кетпесін,

Жамандық саған жетпесін.

                                       Әумин

**********

Жас келіннің қонған жері

Құтты қоныс, тұғыр болсын.

Біреуі шал, бірі кемпір –

Қоса ағарған ғұмыр болсын.

Балапанмен, балақанмен

Бесік іші жыбыр болсын.

Құлын тайдың асырымен

Оттың басы дүбір болсын.

Сүйіспендік махаббатпен

Тәтті күлкі, сыбыр болсын.

Кәрі күтіп, бала бағып,

Мол қызықтан ығыр болсын.

Кәрілерге мейірімді,

Келіндерге әдеп болсын.

Ата күту, ана бағу,

Ата жолы әдет болсын!

                         Әумин

**********

Еліңе елеулі бол,

Халқыңа қалаулы бол,

Ата-енеңе жағымды бол,

Қайынаға, қайныңа қайырымды бол.

Ауылыңа айбарлы бол,

Күйеуіңе жайдарлы бол.

                                Әумин

**********
Информация к новости
  • Просмотров: 1763
  • Автор: janar
  • Дата: 14-01-2011, 11:45
14-01-2011, 11:45

М. Аяпұлы құрастырған баталар кітабынан

Категория: Бата-тілектер » Балаларға баталар

ЖАСТАРҒА, ЕР АЗАМАТТАРҒА БАТА.

 

Сөзімнің жоқ дүр қатасы,

Ғұмырлы бол, ботасы.

Қабыл болар әлеумет,

Ердің біздей батасы.

                              Әумин

**********

Ата сөзі дарып мол,

Ақ уызға жарып бол!

Абылайдай алып бол,

Шоқан сынды жарық бол,

Атың шықсын алашқа – ай!

Абайға ұқсап милы бол,

Құрманғазыдай күйлі бол.

Қамын ойлап халқының,

Сұлтанмахмұттай сыйлы бол!

Шөжедейін жыршы бол,

Біржан салдай әнші бол.

Қажымұқандай елдің ері бол,

Ақандайын  сері бол.

Әлекеңдей заңғар бол,

Ақаңдайын абзал бол.

Міржақыптай сырбаз бол,

Мағжандайын маңғаз бол.

Сәкең сынды сұңқар бол,

Тұтат тектес тұлпар бол.

Жамбылдайын дүлдүл бол,

Күләштайын бұлбұл бол,

Қанышқа ұқсап кемел бол.

Бауыржандай батыр бол,

Рақымжандай батыл бол.

Марғұландай шежіре,

Қасымдайын ақын бол.

Бағың жанып, әрдәйым

Жақсыларға жақын бол!

                                 Әумин

**********

Фарабидің басын берсін,

Жамбылдың жасын берсін.

Абылайдың жүрегін берсін,

Әзірет Әлінің білегін берсін.

Иассауидың тілегін берсін,

Жүзің нұрлы болсын,

Жүрегің сырлы болсын.

Тілің жырлы болсын,

Жігіттің сырттаны атанып,

Өнерің сегіз қырлы болсын.

                                         Әумин

**********

Атың тұлпар болсын,

Құсың сұңқар болсын.

Желің биелі болсын,

Көшің түйелі болсын.

Ісің жүйелі болсын,

Басың киелі болсын.

Қызың қияға қонсын,

Ұлың ұяға қонсын.

Сапарың сәтті болсын,

Жегенің тәтті болсын.

Баянды болып,

Бақ дәулет қонып,

Көңілің толсын!

                       Әумин

**********

Жағың түспей жамандық көрме, балам,

Қисық төре кісіге берме, балам.

Екі дүниенің қызығын бірдей берсін,

Қолыңды адалдыққа серме, балам.

Бағың жоғары өрлесін, балам,

Дұшпаның шеніңе келмесін балам.

Абыройың таймасын, балам,
басыңа дәулет құсы орнасын балам!

                                                      Әумин

**********

ЖАС  БАЛАҒА  БАТА.

 

 

Дәрежесі бейне хан,

Ер болып өссін бала.

Ат қой десең балаға,

Есімі болсын – Иманжан.

 

Жігіт болсын өнерлі,

Ел-жұртына беделді.

Қамқоры болсын халқының,

Ақылға дархан кемелді.

                            Әумин

**********

Асан Қайғы бабадай саналы бол,

Ғаріпте әз Жәнібектей паналы бол.

Керейде Дәстем салдай бағалы бол,

Атақты Келден бидей саналы бол.

 

Ер Дәулендей халқыңның батыры бол,

Махамбеттей жұртыңның ақыны бол.

Дау-жанжал болдырмасқа ат салысқан

Қараменде шешендей мақұлды бол.

 

Маралдай көпке тисін шарапатың,

Шөңкедей арта берсін салтанатың.

Жетім-жесір жарлыға пана болған,

Жоландай елге тисін шапағатың.

 

Тобықты Әнет бидей баталы бол,

Кіші жүз Әйтекедей аталы бол.

Бекердей қамқа киген оқалатып,

Еменәлі Жабадай опалы бол.

 

Балтада Итікедей қарулы бол,

Қанжығалы Жантайдай азулы бол,

Кіші арғын Жәнібектей ер атанып,

Өлеңде, дастанда да жазулы бол.

 

Қазыбектей халқыңның данасы бол,

Қарабастай жұртыңның баласы бол.

Елің қорғап, дұшпанға соққы берген,

Үш жүздің Бөгенбайдай панасы бол.

 

Қазақта әз Тәукедей тақытты бол,

Керейде Есенейдей бақытты бол.

Топ болсақ қобыз тартып, өлең айтып,

Ән шырқап Салқарадай шабытты бол.

 

Үш жүздің Абылайдай тілегі бол,

Марабайдай ақыны – жүрегі бол,

Төре, биге тізгінін бермей өткен,

Найманда Барлыбайдай салмақты бол.

 

Сүйіндік Олжабайдай келбетті бол,

Тәттіқара жыраудай зейнетті бол,

Сыбан Шондай елінің сен ұйшысы,

Тәттімбеттей халқыңның күйшісі бол.

 

Белгібай, Күлекейдей білекті бол,

Беріште Исатайдай жүректі бол.

Халқының қамын жеген ертелі-кеш,

Қарауыл Қанай бидей тілекті бол.

 

Тоқсан бидей көп жаса жүзге келші,

Зілқарадай мал-басың өсіп-өніп,

Кетпес байлық, таусылмас қаржылы етер,

Түсіңде көнек берсін қыдыр келіп.

 

Жыраудың Бұқар сынды өрені бол.

Алды-артын ойлап келіп, пішетұғын

Адамның Қарабидей зерегі бол.

 

Көшебеде Тәбейдей беделді бол,

Сүйіндікте Көшетай өнерлі бол.

Кіші Арғында Жанақтай жауырынды,

Үмбетедей жырға бай, кемелді бол.

 

Нашандай қан-майданда айбатты бол,

Ер Асхаттай шайқаста қайратты бол.

Қабанбайдай жігіттің берені бол,

Сардардың Ер Тарғындай Ерені бол.

 

Ер Сары мен Баяндай әулетті бол,

Едіге би бабандай сәулетті бол.

Ғаскері ат, түйемен жабдықталған,

Керейде Тұрыпбердідей дәулетті бол.

 

Орынбайдай еліңнің шешені бол,

Ер Сырымдай халқыңның көсемі бол.

Көшебе Майлы бидей тым көреген,

Даулы істе сөзге ұста, көшелі бол.

Кіші Арғын Шоқай бидей алымды бол,

Атығай Шал ақындай шалымды бол.

Шектіде Арыстандай биязы бол,

Таузарда Жанкісідей дарынды бол.

 

Құрсары Әлдибектей шешімді бол,

Ашамайлы Тілешідей кесімді бол.

Құйса толмай, толғанда аспайтұғын,

Жаңбыршы Малдыбайдай есімді бол.

 

Көрсеткен бұқараға  үлгілі жол,

Толыбай сыншыдайын жолбасшы бол.

Жауларға қарсы шығып, бастайтын қол,

Керейде Ақпанбеттей қолбасшы бол.

 

Ұлы жүз Төлебидей айлалы бол,

Кіші Арғын Бөгенбайдай пайдалы бол.

Қиын, қыстау кезеңде қоршау бұзған,

Тарақты Байқозыдай айбарлы бол.

 

Керейде Тұрлыбектей табанды бол,

Шәукерде Байдалыдай амалды бол.

Қиналғанда ерлерге қайрат берген,

Малайсары батырдай жайдарлы бол.

 

Төле би бабаңдай зейнетті бол,

Тамада ер Есеттей келбетті бол.

Бикеде Манақадай аяулы бол,

Мәуелі бәйтеректей саялы бол.

 

Тіліне ғазәзілдің ермейтін бол,

Дұшпанға тізгініңді бермейтін бол.

Өнерге өсе келе құштарланып,

Қияға құлашыңды сермейтін бол.

                                                   Әумин

**********

Назад Вперед
^