Категория: Өсиет, Соңғы қосылған дүниелер
Кедейлік пен Байлық бір кісіге келіп:
- Екеуміздің қайсымыз тартымдымыз,-деп сұрапты.
Бұл сұрақтан әлгі кісі абыржып ойға қалыпты: «Кедейлікті тартымдырақ десем, Байлық ашуланып маған қолын бір-ақ сілтейді», ал Байлықты тартымды дейін десем, Кедейлікті ренжітіп алам, ол сосын менің зықымды шығарады ғой».
Аз-кем ойланып, былай депті:
Категория: Өсиет, Соңғы қосылған дүниелер
Байлық пен кедейлік туралы тәмсіл
Бірде ауқатты отбасының отағасы кішкентай ұлын ауылға, малшылардың ортасына ала барыпты. Адамдардың тұрмысының қаншалықты кедей екендігін өз көзімен көрсін деген ойы болған. Олар өте кедей тұратын отбасында бір күн және бір түн болыпты. Үйіне оралғасын әке баласына мынадай сұрақ қойыпты:
- Қалай, саған сапарымыз ұнады ма?
- Әке, бұл бір ғажап болды!
- Адамдардың қаншалықты кедей болатынын өз көзіңмен көрдің бе? – деп сұрапты әкесі.
Категория: Өсиет, Соңғы қосылған дүниелер
Ой салатын тәмсіл
Мен мынадай тәмсіл айтып бергім келіп отыр:
Бір әкеден туған, мінез-құлықтары мүлде үйлеспейтін екі ұл болыпты. Олар өсіп, мектепті тамамдап, кәсіп таңдайтын жасқа да жетіпті. Балалар ақыл сұрап, әкесінің алдына келеді.
- Әке, менің бай болғым келеді. Бірақ маған мұғалімім сен сараңсың деген еді,
сараң адам ешқашан бай болмайды екен, ендеше мен де ешқашан бай болмайтын шығармын.
Категория: Өсиет, Соңғы қосылған дүниелер
Бұл болған оқиға деседі. Ағайынды екі жігіт болыпты. Ағасы үйлі-баранды, көп балалы болса, ал інісі әлі үйленбепті. Олар екеуіне ортақ жерге бидай егеді екен.
Категория: Өсиет, Соңғы қосылған дүниелер
Бір патшаның ақылды уәзірі болыпты. Патша оны жоғары бағалап, қайда барса да қасынан екі елі қалдырмайды екен. Патшаға бір қолайсыздық жағымсыз жағдайлар болса, ол әрдайым «Бұның да бір қайыры бар шығар» деп көңілін аулайды екен. Бірде патша .........
Категория: Өсиет, Соңғы қосылған дүниелер
/namys.kz сайтынан/
Құрамалы, қорғанды үйің болады,
Айнымалы, төкпелі биің болады.
Халыққа бір тиын пайдасы жоқ
Ай сайын бас қосқан жиын болады.
Ішіне шынтақ айналмайтын
Ежірей деген ұлың болады.
Ақыл айтсаң ауырып қалатың
Бедірей деген қызың болады.
Категория: Бата-тілектер, Жас жұбайларға бата, Өсиет, Баталар, Соңғы қосылған дүниелер
Ақыл айттым, ұл – қызым, ұрпағыма арнадым,
Берекеге шақырам, байқарсың сөздің салмағын.
Туысқанмен ақылдас, бос қайтпасын қармағың,
«Ене көрген – тон пішер» деген сөзді жалғадым.
Жақсы ойланып, жастарым, мұның да байқа салмағын,
Біреулер мақтап жағынар, көре алмай біреу тарылар.
Ойдағыны айтты деп, біреулер мені сағынар,
Түсінетін сөз мәнін жақсы адамдар табылар.
Ағайын – туыс, құрбылар білгенін мақтап, жыр қылар,
Кейбіреуі жамандап, жегеніңді құм қылар
Ауыз бірлік сақтаған, берекені жақтаған
Ал туысқан ағайын, қайсыбірін жазайын -
Көре алмаған адамдар, өзі тартсын сазайын.
Жастарыма – аманат, тыңдасаңдар жамағат,
Жастарыма бұл сөздің қалғандары аманат.
Берекемен басқарып, біріңді – бірің қамдаңдар,
Білім менен өнерде тағы да артта қалмаңдар.
Жастар деп соққан жүрегім, туысты жақсы білемін,
Бақытты жастар болыңдар, қабыл болсын тілегім.
Семей қаласы
Мұқыр ауылы
Категория: Өсиет, Соңғы қосылған дүниелер
«Ертеректе жасы тоқсанға келген бір хан елінің аса көрікті жас қызына көңілі ауып, сол қызды жар етпек оймен құда түсуге адамын жіберіпті. Қыздың әке-шешесі жаушыдан хабарды естіп, не деп жауап беруге сөз таба алмапты. Сонда қыз хан жаушыларына жұмбақтап былай деген екен:
- Менің құным – он қозы, жиырма бөрі, отыз нар, қырық ардагер, тоқсан дорба.
Қыздың бұл жұмбағын құда түсуге барғандар ханға айтып келеді. Бұны хан да, нөкерлері де шеше алмапты. Кейін сол елдің бір ділмар шешені былайша шешкен екен:
- Он қозы дегені – адам он жасында секірген қозыдай болады. Жиырма жасында қайтпас қасқырдай, отызда толысып, нардай болады дегені, ал қырықта елге қадірі артады, елуде елде арқыраған айғырдай боласың, алпыс жаста ат тайса, жетпісте ноқталы малдай, сексенде шідерлі аттай тұсаласың. Тоқсан дорба дегені тоқсанға келгенде ілініп қалған қу сүйекке теңелесің дегендерді меңзеген.
Бұл шешуді естіген хан өз уақытының өткенін, кәріліктің жеңгенін мойындағандай аһ ұрып төсегіне құлаған екен».
********
Тапқырлық
Ел аралап жүрген жақсылар қой баққан балаға кезігіп:
- Анау көрінген қай ауыл? – дейді.
- «Мезгіл», - депті қой бағушы бала.
- Одан әрі қай ауыл бар?
- Оның ар жағында «Қайда-қайда» ауылы, одан әрі «Әттеген-ай» ауылдары бір-біріне жапсарлас қонған.
- Балам әкең үйіңе кісі қондыра ма? Қонақасы бере ме?
- Е, неге қондырмасын, қондырады, қонағасын береді. Бар болса, біреу, жоқ болса, екеу немесе үш қой сояды.
...Қойшы баланың сөзіне мән бермеген олар ілгері жүріп кетеді. Әлгінде батқан күн байып, бағанағы айтқан ауылдарды таба алмай адасып, кері оралған бұлар алғашқы «Мезгіл» деген ауылға келіп амалсыз шеттегі үйге түседі. Ет піскенде қолына су құйған баланы таныған ішіндегі бір би:
- Бағана сен жол көрсеткенде дұрыс айтпай, бізді адастырып, азапқа салғаның не? – депті.
- Менің айтқанымның төркінін түсінбеген кінә өздеріңізде. «Мезгіл» дегенім күн батты, енді ілгері жүрмей қонатын уақыт болды дегенім еді. Алдарыңда «Қайда-қайда» ауылы бар дегенім, түн болған соң адасатындарыңызды ескерткенім еді. Одан әрі «Әттеген-ай» ауылы барын айтқаным, өкінішпен азаптанып, адасып, кері оралатындарыңызды біліп едім.
Әкем қондырса, сіздерге болса біреу, болмаса екі немесе үш қой сояды дегенім, қонағына сойған жалғыз буаз қойының ішінен егіз лақ шықты. Сіздер мені баласынып, сөзімді шаласынып жөндеріңізге кеттіңіздер ғой, - депті.
Балам, атың кім? – дейді сонда би.
- Досбол! – депті бала.
*******
Қу мен момын
Бір қумен момын тамыр болады. Қу соғымға момынның екі жылғы ту биесін алып сояды. Момын баларға ермек болсын деп қудың бір лақты ешкісін алады. Ақыры екеуі айтысып, айырылысып кетеді. Қу момынның жылқысын қайырмайды. Момын малын даулап, ханға жүгінеді. Хан екеуін тергегенде, алдымен қу сөйлейді:
- Рас, мұның байталы ту еді,
Бірақ құландамайтын қу еді.
Менің ешкім егіз табатын
Іші маңыраған лақ еді.
Сүті ағып тұрған бал еді.
Мүйізі қамшыға сап еді,
Еті тамағыма бап еді.
Терісі борбайыма қап еді, - дейді.
- Олай болса мұның ешкісі сенің байталыңмен барабар екен, - деп хан екеуін бітістірген екен.
********
Категория: Өсиет, Соңғы қосылған дүниелер
Таудан биiк секiлденiп талғамың,
Ардан биiк секiлденiп арманың,
Пенделiкпен ұмытасың тәубеңдi,
Сынағына шыдай алмай Алланың!
Ай мен күнге өптiргiң кеп шекеңдi,
Көрмедiм деп өкпелейсiң шет елдi,
Тәубеңе кел, шетел түгiл зағиптар,
Көре алмайды өзi туған мекендi!
Қошеметтi көрмесеңiз несi бар,
Бар жағдайды ақиқатпен шешiп ал,
Жылы сөздi естiмеген кезiңде,
Керең болып туғандарды есiңе ал!
Тәубеңе кел, пенде болсаң есi бар,
Сабырсыздар қадiрсiз боп тосылар,
Дуниеге қолың жетпей қалғанда,
Қос қолы жоқ пенделердi есiңе ал!
Бақыт мәңгi тұрсын десең басыңда,
Қанағат қыл ашуланба, тасынба,
Көлiгiм жоқ деп ренжуiң бекерлiк,
Аяғы жоқ адамдардың қасында!
Топ алдында төрге озғың кеп төтеден,
Тым болмаса айтпадым деп екi өлең,
Ақын болып тумадым деп налисың,
Мылқау болып туғаныңда нетер ең?!
Құлақ түрiп әркiм айтқан пiкiрге,
Бей-берекет бой ұрасың күпiрге,
Тау мен тасқа соға бермей басыңды,
Аман-есен жүргенiңе шүкiр де!
yeezytrainer superstar shoes yeezy nmd yeezy 350 boost for sale yeezy boost shoes yeezytrainer superstar shoes yeezy nmd yeezy 350 boost for sale yeezy boost shoes yeezytrainer superstar shoes yeezy nmd yeezy 350 boost for sale yeezy boost shoes yeezytrainer superstar shoes yeezy nmd yeezy 350 boost for sale yeezy boost shoes